Лекция №1-3 Кіріспе. Мультимедиа және ақпараттық мәдениет ұғымдары. Интернеттегі білім беру платформалары. Білім берудің мультимедиа білім ресурстарына және оларды қолдану әдістемелері және әдіснамасы



бет1/16
Дата08.04.2023
өлшемі0.62 Mb.
#471957
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Лекция №1-3
Кіріспе. Мультимедиа және ақпараттық мәдениет ұғымдары. Интернеттегі білім беру платформалары. Білім берудің мультимедиа білім ресурстарына және оларды қолдану әдістемелері және әдіснамасы

Қазіргі кезеңдегі еліміздегі өзгерістер, экономиканы дамытудағы стратегиялық жаңа бағдар, жедел ақпараттану мен әлеуметтік даму қарқыны білім беру жүйесіне, мамандар даярлауға зор талап қояды. Қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың күшеюіне байланысты өз ісін жетік білетін және кәсіби біліктілігі биік мамандарды қажет етеді.


Дамыған елдерлің жоғары мектебі қоғам талабын қанағаттандырудың бірнеше үрдістерін қарастырады: жоғары білімді демократизациялау; ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау түрі ретінде ғылыми-оқу-өндірістік кешендер құру; оқытуды және студент еңбегін дараландыру, білім беруді ізгілендіру; жоғары білімді компьютерлендіру; мектеп мұғалімдерінің кәсіби даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында оқытушы кадрларды даярлау мен олардың кәсіби деңгейін көтеруде педагогика мен психологияның ролін көтеру және т.с.с.
Мұндай процесс әртүрлі елдерде өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайына, білім беру жүйесінің дәстүрлеріне қарай әртүрлі деңгейде көрініс тапқан. Біздің елімізді дамытудың қазіргі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлары және жоғары дамыған елдердің прогресшіл тәжірибесі білім берудің мазмұнын жаңарту және мамандар даярлаудың сапасын жетілдіру қажеттілігін тудырады. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жоғары оқу орнында және жоғары оқу орнынан кейін де білім беру саласында жоғары білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылады. Жаңа тұрпатты мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады. Осы тұрғыдан келгенде заманауи білім берудің, яғни адамды жан-жақты дамытудың негізгі құраушылары оқыту, тәрбиелеу біртұтас болуы тиіс. Мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетінде бұл процестердің бөлінбейтіндігінің, олардың үйлесімді болуын қамтамасыз етудің кепілі болады және білім беру процесінің тиімділігін арттыруды көздейді. Ал білім берудің тиімділігі, табысты болуы, қоғам талаптарына сай нәтижелер алуы көбінесе оқытудың түрлерін, әдістерін және құралдарын жетілдіруге байланысты болады. Мұғалім өзінің пәнін ғана үйретіп қоймайды, ол өмірге бейімдейді, еңбекке, адамдарға қарым-қатынасқа үйретеді, адамның қоғамдағы өз орнын анықтауға – дүниеге көзқарасын тәрбиелейді.
Техниканың озық дамыған ғасырында білім саласында «ақпараттық мәдениет», «мультимедиа» ұғымдары жиі қолданылуда. Бұл «мультимедиа» сөзі ағылшынның «media» және «multiple» немесе «multy» сөздерінен шыққан. «Медиа» – латынша құрал, тәсіл деп аударылса, ал кейде орта (ағылшынша) болады. «Multy» – жинақталған бірнеше бөліктен тұратын (ағылшынша) немесе көп (латынша) деп аударылады. Қысқаша көптеген орталар дегенді білдіреді.
Мультимедиамен байланысқан көптеген салалар, пәндер бар. Мысалы: компьютерлік салада сайт құру, гипермәтіндік жүйелер, компьютерлік графика, компьютерлік анимация, т.б. Осы пәндердің бірі математика. Ал ақпарат алмасу құралдарында – журналистика, интернет – журналистика, сөздік және әлеуметтік коммуникация, т.б. Өнер саласында – желілік өнер, компьютерлік анимация, компьютерлік бейнемонтаж, дыбыс режиссурасы, т.б.жатады.
Интернет броузері кез келген ақпарат орналаса беретін универсал орта. Сондықтан онда мәтіндік, графикалық ақпараттармен қатар мультимедиалық ақпаратты да кірістіруге болады. Мультимедиалық ақпарат көбіне дыбыстық және анимациялық құбылыстар түрінде бейнеленеді.
HTML құжатқа дыбыс немес анимация құбылыстарын шығару үшін оларды ойнайтын программалық модульдің компьютерге алдын ала орнатылып қойылуы тиіс. Мұндай модульдерге MS MediaPayer, AppleQuickTime, RealPlayer G2 т.с.с. программалық өнімдер жатады.
HTML құжаты келесі типтегі мультимедиалық ақпаратты бейнелей алады:
.avi – дыбыс/бейне интерфейсі (Аudio/Video Interface). Windows жүйесінде дыбыспен және бейнеклиптермен жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұл форматтағы файлдар өте шағын болып келеді және желі бойынша ұзақ жүктелмейді. Сондықтан пайдаланушылар көп жағдайда .avi форматтағы файлдарды қолданады;
.mp3 – бұл формат негізінен дыбыстық және бейне файлдарды сығымдау үшін қолданылады. Файлдарды кодек әдісімен (сығымдау және қалпына келтіру әдістері) сығымдағанда олардың көлемі өте шағын болғанмен, сапасы жоғары күйінде қалатындықтан Internet желісінде бұл формат пайдаланушылар арасында кеңінен танымал;
.mpeg – стандартталған бейнеформат. Сонымен қатар ол өте тиімді және оның сығымдау техникасы жоғары деңгейде, т.с.с.
Дыбыс және бейне файлдардың Web-бетте орналасуы екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады: тәгін немесе тәгін қолдану.
Бұл тәсілдердің екеуі де мультимедиалық файлды іске қосу үшін сыртқы модуль-программаны қолданады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы бірінші тәсіл бойынша сыртқы модуль-программа бейнеклипті броузерден тыс орындайды да, екінші тәсіл бойынша бейнефильм пайдаланушы броузерінің ішінде орналасады.
Бейнефильмді бірінші тәсілді пайдаланып орнату үлгісі:
Бейнефильм
EMBED тәгінің бірнеше атрибуттары бар:
- heigt=”pixel/persent”. Бейнеклиптің орындалатын аумағының биіктігі;
- widch=”pixel/persent”. Бейнеклиптің орындалатын аумағының ені;
- autoplay=”true/false”. Егер атрибут мәні true болса, бейнеклип Web-бет іске қосылған мезетте бірден орындала бастайды, ал
мән false болса, бейнеклипті орындауға жіберу үшін модуль-программаның басқару панеліндегі іске қосу түймесіне шерту керек;
- controller=”true/false”. Пайдаланушыға броугерге басқару элементтерін кірістіруге мүмкіндік береді.;
- loop=”true/false”. Егер пайдаланушыға бейнеклиптің циклдік түрде айналып орындала беруі қажет болса, атрибутке true мәнін меншіктеу керек. Басқа жағдайда клип бір рет қана орындалады.
Бейнефильмді ойнатуда EMBED тәгін пайдалану мысалы:

Web-дизайнда қысқаша анимациялық файлдар қолданылады. Мұндай анимациялық файлдарды жасаудың Flash, Gif-анимация т.с.с. көптеген инструменталды программалары бар.
Мультимедиалық ресурстардың маңызды ерекшелігі оның құрылғыларының интерактивтілігі, яғни ресурстардың, программалардың, қызметтердің, мультимедиалық құрылғыны қолдану арқылы адамдардың өзара әрекеттестікте болуы, өзара әсерлесуі белсенді түрде өтетіндігі. Мультимедиалық құралдар үнемі даму үстінде және мәдениетке, өнерге олардың дамуына өзіндік үлесін қосуда. Осыдан келіп «медиа-мәдениет» ұғымы пайда бола бастады. Сондықтан мультимедианың табиғаты оны мәдени тұрғыдан қарауды, ой елегінен өткізуді талап етеді.
Компьютерді оқу процесінде қолданудан болашақ математика мұғалімінің ақпараттық мәдениеттілік талабы шығады. Ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу үшін болашақ математика мұғалімінің компьютерлік сауаттылығы мен компьютерлік білімдері, ақпараттық және медиа-сауаттылығы болуы шарт [12].
Ақпараттық мәдениет термині 1970 жылдардың басында шыға бастады. Бұл терминді қолданған алғашқы еңбектерге Б.М.Войханский, К.А.Смирнова (1974ж.), Э.Л.Шапироның (1975ж.) әртүрлі журналдардағы мақалаларын келтіруге болады. Кейін В.А.Кравец, В.Н.Кухаренконың «Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мәселелері» атты еңбегі жарыққа шықты.
Юнесконың 2006-2007жж. арналған бағдарламасының жүзеге асуының негізгі іс-әрекет бағыттарының бірі – жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеттілігі және оны дамыту болды. Ақпараттық мәдениеттілік критериіне бірнеше ғылым салаларынан білімдер қамтылды, олар: семиотика, кибернетика, информатика, философия, логика, мәдениеттану, лингвистика, т.б. Осыдан келіп, ақпараттық қоғам туралы айтыла бастады.
Қазіргі кезде ақпараттық мәдениеттілік ақпараттық қоғамдағы жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырылуда. Кең мағынада ұлттық және этникалық мәдениеттердің өзара байланысып дамуын қамтамасыз ететін қағидалар мен механизмдер. Болашақ математика мұғалімінің ақпараттық мәдениеттілігі – адамзаттың жалпы мәдениеттілігінің бір құраушысы ретінде қарастырылады. Ол ақпараттық технологияны қолдану арқылы жеке ақпараттық қажеттіліктерді қанағаттандыруды тиімді қамтамасыз ететін білімдер мен біліктіліктер жиынтығы, олардың жалпы адамзаттың ортақ тәжірибесіне біріктірілуі. Тар мағынада ақпараттық мәдениеттілік – ақпараттарды пайдалану мен оларды тұтынушыға теориялық және практикалық мәселелерді шешуге қолдануға ұсынудың тиімді тәсілдері; ақпараттарды өңдеуді, сақтауды және тасымалдауды жетілдіру механизмдері; адамды ақпараттық құралдар мен ақпараттардың өзін қолдануға даярлау, оқыту жүйелерін дамыту мәселелерін қамтиды.
Қазіргі кезде ақпараттық мәдениеттілікті дамыту жолдарын ақпараттық құзырлылыққа қойылатын талаптарға сай анықтайды:
– қазіргі білім беру жүйесіндегі ақпараттық кеңістік туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру (бүкіләлемдік ақпараттық ресурстарды қолдану, оларды жіктеу, ақпараттар ағынын бағдарлау; ақпараттарды іздеу алгоритмі мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдістерін меңгерту);
– ақпараттық (дербес жағдайда компьютерлік) сауаттылық: оқу әдістемелік, озық тәжірибелерді зерттеу, ғылыми зерттеу нәтижелерін түрлендіру мен технологияларды қолдану әдістерін меңгерту, қолданбалы программалық құралдарды меңгерту, жаңа программалық құралдарды меңгерту;
– өзіндік дамуға жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктері туралы білім, коммуникациялық қызметтерді пайдалану дағдысы, білім беру үдерісінің ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз іс-әрекетіне сәйкес бейімдеп пайдалану.
Елімізде білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады.
Олар:
– ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, дамыту үдерісін жоғары деңгейге жеткізу;
– телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікте интеграциялау;
– білім беруді дербестендіру, қашықтан оқытуды дамыту;
– ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейлі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету.
Медиасауаттылық дегеніміз жалпы ақпараттандыру желілеріне қарағанда, барлық бағыттар бойынша ақпараттар таратудың көпжақты негізгі тәсілі. Ол сөздерден, текстерден, суреттерден, аудио-видеолардан тұратын технологияларды және өзара әрекеттесуді біріктіретін әр түрлі іс-әрекеттердің бір түрі болып табылады.
Қазіргі кезде ақпараттық мәдениеттілік ақпараттық қоғамдағы жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырылуда. Кең мағынада ұлттық және этникалық мәдениеттердің өзара байланысып дамуын қамтамасыз ететін қағидалар мен механизмдер. Болашақ математика мұғалімінің ақпараттық мәдениеттілігі – адамзаттың жалпы мәдениеттілігінің бір құраушысы ретінде қарастырылады. Ол ақпараттық технологияны қолдану арқылы жеке ақпараттық қажеттіліктерді қанағаттандыруды тиімді қамтамасыз ететін білімдер мен біліктіліктер жиынтығы, олардың жалпы адамзаттың ортақ тәжірибесіне біріктірілуі. Тар мағынада ақпараттық мәдениеттілік – ақпараттарды пайдалану мен оларды тұтынушыға теориялық және практикалық мәселелерді шешуге қолдануға ұсынудың тиімді тәсілдері; ақпараттарды өңдеуді, сақтауды және тасымалдауды жетілдіру механизмдері; адамды ақпараттық құралдар мен ақпараттардың өзін қолдануға даярлау, оқыту жүйелерін дамыту мәселелерін қамтиды.
Қазіргі кезде ақпараттық мәдениеттілікті дамыту жолдарын ақпараттық құзырлылыққа қойылатын талаптарға сай анықтайды:
– қазіргі білім беру жүйесіндегі ақпараттық кеңістік туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру (бүкіләлемдік ақпараттық ресурстарды қолдану, оларды жіктеу, ақпараттар ағынын бағдарлау; ақпараттарды іздеу алгоритмі мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдістерін меңгерту);
– ақпараттық (дербес жағдайда компьютерлік) сауаттылық: оқу әдістемелік, озық тәжірибелерді зерттеу, ғылыми зерттеу нәтижелерін түрлендіру мен технологияларды қолдану әдістерін меңгерту, қолданбалы программалық құралдарды меңгерту, жаңа программалық құралдарды меңгерту;
өзіндік дамуға жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктері туралы білім, коммуникациялық қызметтерді пайдалану дағдысы, білім беру үдерісінің ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз іс-әрекетіне сәйкес бейімдеп пайдалану.
Қазіргі уақыттағы ғалымның әдіснамалық мәдениеті - оның интелектуалдық мәдениетінің бір бөлігі болуы тиіс.
Қашықтықтан оқыту-бұл оқытушы мен білім алушы ақпараттық технологиялардың көмегімен ара қашықтықта өзара әрекеттесетін білім алу түрі. Қашықтықтан оқыту кезінде білім алушы өз бетінше әзірленген бағдарлама бойынша айналысады, вебинарлардың жазбаларын қарайды, тапсырмаларды шешеді, оқытушыдан онлайн-чатта кеңес алады және өз жұмысын тексеруге белгіленген мезгілдерге сай ұсынып отырады [1].
Қашықтықтан білім беру технологиялары келесі түрлерді қамтиды: бейне-дәріс, онлайн-дәріс, мультимедиа-дәріс, телевизиялық дәріс; электрондық оқу басылымдары бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысы (электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту бағдарламалары, тренажерлер, ақпараттық-анықтамалық жүйелер), виртуалды зертханалық практикумы (имитациялық модельдер), компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар және электрондық пошта арқылы кеңес беру; өзге де телевизиялық, желілік және кейс-технологиялар, жобалау жұмысы [2].
Елде төтенше жағдай енгізілген жағдайда қашықтықтан сапалы оқытуды ұйымдастыру өте өзекті болып саналады. Еліміздің білім беру жүйесінің алдына үздіксіз білім беру үшін мүмкіндік жасау міндеті қойылған. Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде білім алушыларға арналған түрлі білім беру платформалары бар, мысалы: Bilimland, Daryn Online, Kundelik, Platonus, Univer, Edupage, BTS education, U-study, AGS. Бүгінгі күні "Zoom" стримингтік сервисі, "Coursera"ең ірі платформасы өз қызметтерін тегін ұсынды. Мұнан басқа Google Classroom, Hangouts, Kundelik, Moodle жүйелерін қолдануға болады. Bilimland өз контентінің 40 мың бірлігін тегін ұсынды.
Қазақстанның білім беру мекемелерінде негізінен бейнеконференция өткізу үшін келесі платформалар қолданылады: Zoom, Skype, Microsoft Teams, сондай-ақ WhatsApp және басқа да әлеуметтік желілерді оқушылармен жеке сабақтарда өзара іс-қимыл жасау үшін пайдалануға рұқсат етілген. "EL ARNA", "balapan" телеарналарында қазақ және орыс тілдерінде телекоммуникациялық желілер арқылы трансляция жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту кезінде қандай әдістерді қолдануға болады?


1) оқытушының және басқа да оқушылардың ең аз қатысуымен білім алушының білім беру ресурстарымен өзара іс-қимылы арқылы оқыту әдістері (өзін-өзі оқыту). Бұл әдістерді дамыту үшін әртүрлі құралдардың көмегімен білім беру ресурстары жасалатын мультимедиа тәсілі тән:
баспа, аудио -, бейнематериалдар және компьютерлік желілер арқылы жеткізілетін оқу материалдары, ол электронды университеттер үшін өте маңызды Бұл, ең алдымен,:
- интерактивті деректер базасы;
- электрондық журналдар;
- компьютерлік оқыту бағдарламалары (электронды оқулықтар).
2) Жеке оқыту және оқу әдістері, оларға бір білім алушының бір оқытушымен немесе бір білім алушының басқа білім алушылармен өзара қарым-қатынасы тән ("бірге бір" оқыту). Бұл әдістер қашықтықтан білім беруде негізінен телефон, смартфон, электрондық пошта, WhatsApp, Тelegram сияқты технологиялар арқылы жүзеге асырылады,
3) Білім алушыларға оқытушы немесе сарапшы оқу материалын ұсыну негізінде қолданылатын әдістер, онда білім алушылар коммуникацияда белсенді рөл атқармайды ("бір адам көпті"оқыту).
Дәстүрлі білім беру жүйесіне тән бұл әдістер заманауи ақпараттық технологиялар базасында дамудың жаңа қарқынын алады. Мәселен, радио немесе теледидар арқылы оқылатын аудио немесе видеокассетаға жазылған дәрістер заманауи қашықтықтан білім беру үдерісінде "электрондық дәрістер" деп аталатын, яғни компьютерлік желілер арқылы Интернет көмегімен таратылатын дәріс материалдарымен толықтырылады.
4) оқу үдерісінің барлық қатысушылары арасындағы белсенді өзара әрекеттесуі тән әдістер ("көпшілік көпшілікті" оқыту). Бұл әдістердің мәні және оларды пайдалану қарқындылығы оқыту телекоммуникациялық технологияларының дамуымен айтарлықтай артады. Басқаша айтқанда, оқытушы мен білім алушылар арасында ғана емес, білім алушылардың өздері арасындағы интерактивті қарым-қатынас білім алудың маңызды көзіне айналады.

Бұл әдістердің дамуы ұжымдық оқу дискуссиялары мен конферен-цияларын өткізумен байланысты. Аудио -, аудиографиялық және бейнекон-ференция технологиялары қашықтықтан білім беруде осындай әдістерді белсенді дамытуға мүмкіндік береді.


Қашықтықтан оқитын университеттердің оқу үдерісінде компьютерлік конференциялар ерекше рөл атқарады, олар пікірталасқа қатысушылардың барлығына синхронды, сондай-ақ асинхронды режимде жазбаша хабар-ламалармен алмасуға мүмкіндік береді, мұның үлкен дидактикалық құн-дылығы бар, бірақ оларға бейнеконференцияға тән қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері жетіспейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет