Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған орта да



бет39/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған орта да әсер етеді-адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар.
Қоршаған орта макро және микро болып бөлінеді.
Макро-орта дегеніміз-адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары).
Микро-орталық дегеніміз-баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол-адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз-өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар,
балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекетердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері.
Жеке тұлғаның дамуын түсіндіретін осындай (биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.) өз
кездерінде-ақ адамдардың қоғамдық міндеттерін олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдің пікірінше, туылған сәтінен бастап-ақ кейбір адамдар бағыну үшін, ал кейбіреулері билік ету үшін жаралған.
XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша — қайта кұру. өзгерту) деген философиялық бағыт төмендегідей ойды ұстанған: адамның ұрығында-ақ болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің маңызы жоққа шығарылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет