Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90


Лекцияның тақырыбы. Статистика – тарихи дерек



бет7/10
Дата23.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
#3584
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Лекцияның тақырыбы. Статистика – тарихи дерек.


Жоспар:

1.Статистиканың ғылым ретіндегі рөлі.

2.Кеңес дәуірінің демографиялық статистикасы.
Лекцияның мәтіні.

1.«Статистика» ұғымы ХУІІІ ғасырдың екінші жартысында пайда болып, алғаш рет Германия университетінде пән ретінде қолданылды.Ол кездерде статистика мемлекеттің жетістіктерін, ерекшеліктерін көрсететін таным ретінде бағаланған еді.Жылпы «статистика» ұғымы латын тілінің «Status» деген сөзінен шығып, белгілі бір заттардың жағдайы, күйі дегенді білдіреді.

Қазіргі ғылымда оған мынадай анықтама берілген: Статистика дегеніміз – қоғамдық өзгермелі құбылыстардың сандық жағын ( сапасымен байланыстыра орырып) арнайы тәсілдерді қолдану арқылы зерттеп, олардың сандық жағын бейнелейтін, сандық жағындағы заңдылықтарды ашатын ғылым саласы.

Келтіріліп отырған анықтамадан статистиканы қарапайым және күрделі мағыналарда түсінуге болады.Қарапайым немесе тар мағынада статистика – қоғамға кең таралған қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейтін таным түрі.Ал күрделі немесе кең мағынада статистика – кез келген салаға жататын қоғамдық құбылыстарды бір жиынтыққа жатқызып, арнайы бергіленген әдістерді қолдана отырып, олардың сандық заңдылықтарын ашатын таным немесе ғылым саласы.

2.Халықтың саны, оның өсуі мен қарқыны тарихи демография ғылымының ең алғашқы және негізгі ғылыми бағыты.Қазіргі кезде 1897-1990 ж.ж. арасындағы санақтар нәтижесінде бір ғасырдан аса уақыт ішінде Қазақстан халқының саны, оның өсіп-өну жолдары мен қарқыны жан-жақты және жаңа зерттелді, - деп айтуға толық болады.Соның ішінде бірнеше мәселелерді ерекше көрсеткен жөн.Көпке дейін Қазақстан халқының қазіргі мекен-жайында – территориясында қанша және қандай ерекшеліктері (ұлт, жыныс, білім деңгейі т.б.) болғаны арнайы зерттелмей келді.Бұл мәселекні алғаш көтерген Б.Сүлейменов еді, ол өз еңбегінде алты облыстың шекарасында 1897 ж. санақ нәтижесінде Қазақстан халқы 5,2 млн деп көрсетіп, бірақ бұл мәселені нақтылаған жоқ.Ал, Н.Е.Бекмаханова, Н.В.Алексеенколар Қазақстан халқын жалпылай қарап, қазіргі территорияға сәйкес көрсетуге ұмтылған да жоқ еді.Қазақстан халқының саны (қазіргі территорияға сай – Ақмола облысы – Омбы қаласы мен Омбы уезінсіз; Амудария бөлімінсіз; Жетісу облысы Пішпек және Пржевальск уездерінсіз; Бөкей ордасы мен Маңғыстау уезін қоса есептегенде алғаш рет 1987 ж, 4,147 млн деп көрсетілсе, кейін бұл сан М.Х.Асылбеков пен Ә.Б.Ғалиевтің монографиясында қайталанып, М.Х.Асылбеков пен А.М.Жаркенованың еңбегінденақтылана түсті.Соның нәтижесінде, Қазақстан халқының құрамын (ұлты, жасы, жынысы, білім деңгейі және т.б) кейінгі санақтармен салыстырып, ХХ ғ. Соңына дейін демографиялық, әлеуметтік талдауға мүмкіндік ашылды.1897 ж. Қазақстан халқының 81,7% қазақ, 10,9% - орыс, 1,9% - украин, 1,3% - татар, 1,3% - ұйғыр, 0,7% - өзбек болды деп, кейінгі өзгерістердің бағытын анықтауға жол ашылды.Қазақтардың білім деңгейі (сауаттылары) 2,7% деп анықталды,1897 ж. санақ бойынша патша өкіметі мен христиан діни басшыларының іс-әрекеті нәтижесінде 660 қазақтың шоқынғаны, жалпы 1911 ж. дейін бұлардың саны 2659-ға жеткені көрсетілді.


Бақылау сұрақтары:

1.Статистиканың ғылым ретіндегі рөлі.

2.Экономика – статистикалық жүргізу.

3.Статистиканы ұйымдастыру.

4.Земск статистігі Ф.А.Щербиннің Қазақ шаруашылықтарының бюджеттік статистикасы.

5.Мемлекеттік статистика мен Земск статистикасының айырмашылығы.

6.Кеңес дәуірінің демографиялық статистикасы.

7.Халық санау статистикасы.

8.Халық санау статистикасының мақсаты және әдістері.

9.Статистика мен жұмыс істеу әдістері.

10.Статистиканы зерттеуде математикалық әдістерді қолдану.
13-14лекция.

Лекцияның тақырыбы: Мерзімді басылым – тарихи дерек.



Жоспар:

1.Революцияға дейінгі кезеңдегі мерзімді басылымның тарихи дамуы.

2.Әр түрлі тарихи дәуірдегі мерзімді басылымдар.
Лекцияның мәтіні.

1. Кеңес өкіметі кезінде де біршама тарих басылымдардың шығарылып тұрғаны рас.Бірақ, олар негізінен орыс тілінде және арнаулы мақсатпн шыққандықтан, қазақ тіліндегі деректер назардан тыс қалды.Қазақ хақының объективті тарихын зерттеу ісіне үлкен нұқсан келтірілді.Дегенмен, оларда Қазақстан тарихына қатысты көптеген деректердің кездесетіндігін ескеріп, деректанулық сыннан өткізу арқылы, оларды ғылыми мақсатта пайдалануға болады.

Жалпы Қазан төңкерісі қарсаңында Ресейде 35-40-қа жуық тарихи журналдар шығып тұрған.Олардың бетінде Қазақстан тарихына байланысты көптеген тарихи деректер, туралы зерттеу жұмыстары басылып тұрды.Оның біразы ғылыми айналымға түссе, көпшілік бөлігі өзінің зерттеушісін күтуде.

Журналдар мен газеттер барлық уақытта белгілі бір қоғамдық топтардың идеологиясы мен іс-тәжірибесінің, олардың өзара қарым-қатынастарының және пікірталастарының құралы болып келді.

Таптық және саяси күрестердің сипаты мен мән-мазмұны, қоғамдық-идеологияның қарама-қайшылықтары мерзімі басылымның өмір сүруінің нақты тарихи жағдайы т.б. айналып келгенде баспасөз тағдырына шешуші әсерін тигізеді.Өркениет жолымен дамыған қоғамдарда кез келген баспа органдарының өзіндік, белгілі бір қоғамдық-идеялық бағытқа тән саяси бет-бейнесі болады.

Заңсыз мерзімді басылымдар, басылымға деректемелік сын – тарихи дерек.Кеңестік мерзімді басылымдарды бағыттайтын және мазмұнын ашатын факторлар.Мерзімді басылымдарға басылатын материалдардың мазмұны, құрамы және анализі.Республикалық және облыстық газет журналдар.Мерзімді басылымдарды зерттеу ерекшелігі.Цензура тарихы.

2.Газеттер мен журналдарды талдаудың ерекшеліктері олардың жазба деректердің түрі ретіндегі күрделілігі мен өзіндік орнынан туындайды.Біріншіден, мерзімді басылым әр алуан жазба деректердің түрлерінен, екіншіден, әлеуметтік функциясы, формасы және мазмұны жағынан тегі бір деректердің өзіндік түрлерінен тұрады.

Тарихи талдаудың нақты объектісі ретінде белгілі бір басылымды тұтас, оның жарыққа шығу хронологиясын қатаң сақтай отырып алуға болады, не сол басылымда жарияланған нақты бір мәтінді дерек ретінде алуға болады.Осыдан келіп, мерзімді басылымды зерттеудің екі жолы шығады:



  1. Белгілі бір баспа органын тұтас дерек көзі ретінде жан-жақты зерттеу.

  2. Зерттеу тақырыбына сай, сол басылымнан нақты деректі іздеп тауып, соны талдау.

Дегенмен, бұл жолдардың едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олар бір-бірімен тығыз байланысты және екеуі де белгілі принциптер мен ережелерді сақтауды, мерзімді басылымдардың сипатын және бағытын ескеруді талап етеді.

Журналдар мен газеттер барлық уақытта белгілі бір қоғамдық топтардың идеологиясы мен іс тәжірибесінің, олардың өзара қарым-қатынастарының және пікірталастарының құралы болып келеді.

Таптық және саяси күрестердің сипаты мен мән-мазмұны, қоғамдық-идеологиялық қарама-қайшылықтары мерзімді басылымның өмір сүруінің нақты тарихи жағдайы т.б. айналып келгенде баспасөз тағдырына шешуші әсерін тигізеді.Өркениет жолымен дамыған қоғамдарда кез-келген баспа органдарының өзіндік, белгілі бір қоғамдық-идеялық бағытқа тән саяси бет-бейнесі болады.
Бақылау сұрақтары:

1.Революцияға дейінгі кезеңдегі мерзімді басылымның тарихи дамуы.

2.Мерзімді басылымның ішкі құрылымы мен жанры.

3.Басылымның идеялық – саяси бағытының құрылымының методикасы.

4.Әр түрлі тарихи дәуірдегі мерзімді басылымдарға цензуралық саясат.

5.Мемлекеттік басылымдар.

6.Буржуазиялық партиялардың басылымдары.

7.Жергілікті ұлттық демократиялық басылымдардың қалыптасуы.

8.”Қазақ” газеті, „Айқап” журналы – тарихи деректер.

9.Россия мерзімді басылымы Қазақстан жайында.

10.Мерзімді басылымда басылатын материалдар мазмұны.
15-16лекция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет