Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 10 Лабораториялық: обс¤Ж: СӨЖ: 95



бет10/11
Дата25.02.2016
өлшемі1.29 Mb.
#20419
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция маќсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Герман Федеративтік Республикасының дамуы туралы түсінік қалыптастыру

Лекция мєтіні
Германия Федеративтік Республикасы.

Орталық Европадағы мемлекет. Территориясы - 356,96 мың шаршы километр. Үкіметтің орналасқан жері - Бонн. 1991 жылы маусымда астана болып Берлин жарияланды. ФРГ әкімшілік-территориялық жағынан 16 жерден кұралады: Баден-Вюртеиберг, Баварня, Берлин, Бранденбург, Бремен, Гамург, Гессен, Мекленбург-Алдыңғы Померания, Төменгі Саксонин, Солт. РеЙн-Вестфалия, Рейнланд-Пфальц, Саар, Саксония, Саксония-Анхальт, Шлезвиг-Голыитенн және Тюрингия. Халқы - 81,1 млк. адам (1995ж. санак бойынша). Немістер халқының 94%-ы. Ресми тілі - нсміс, діні -христиандық. Ақшасы - марка. Ұлттық мерекесі - 3 қазан біріккен күні (ГДР-дін ФРГ-ға 1990 жылы біріккен күні). ФРГ- федеративті мемлекет, әр жердін өз коңституциясы, парламенті, үкіметі бар.


Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Германия территориясы соғыс қимылдарынан зардап шекпесе, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ел қирап жатты. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің үшіндей ғана болды. Шығыс Пруссия және Одер мен Нейседен 9 млн-нан астам немістер кешірілді, бүл онсыз да күрделі түрғын үй проблемасын қиындатты. Одақтастар репарация үшін өнеркөсіп қүрал-жабдықтарын әкетті. Өмір сүру қиындады. Ақша қүнсызданды. Мөлшермен бөлінетін азық-түліктің қуаты болмады. Оның үстіне Германия тәуелсіз мемлекет болудан қалды, ол оккупацияланды. Біраз территорияларынан айырылды. Сол кездің куәгері «аштық пен қорқыныштан үміт үзілді» деп сипаттаған елге айналды.

«Қырғи қабақ соғыс» соғыстан кейінгі Германия тағдырына қатты әсер етті. Үлы державалар арасындағы қарама-қайшылық Германия территориясының бөлшектенуіне әкеліп соқты. Сонымен қатар «Қырғи қабақ соғыс» батыс державалардың өздері оккупациялаған Германия роліне басқалай мән беруге мәжбүр етті. Бітіспес жаудан Германия одақтасқа немесе Батыстағы сенімді тірекке айналуға тиіс болды. Оның экономикасын барынша әлсіретуге мүдделілік жойылды, репарация алу тоқтатылды: Батыс Германия территориясынан өнеркәсіп қуаттылығының небәрі 5 пайызы ғана әкетілінді. Маршалл жоспары талқыланғанда американдықтар оған батыс зонаны да қосуды талап етті. Батыс елдері үшін Германияның жалпы экономикалық жағдайының сауығуы қажеттілікке айналды. Осы бағытта КСРО-ның қатысуымен шаралар жүргізу мүмкін болмағандықтан, олар өз зоналарывда ғана ақша реформасын жүргізді. Құнсызданған рейхсмарк неміс маркасымен ауыстырылды. Батыс зонаның әрбір түрғыны бүрынғы рейхсмарктың 60-сы орнына 60 жаңа марка берілді де, қалғандары 100-ге 6.5-нан келетіндей етіліп аустырылды. Бұрын тауар жетіспейтін болса, енді ақша жетпеуге айналды. Инфляция тоқтатылды, «черный» рынок жойылды. Экономикалық өмірді қалпына келтіру үшін жағдай жасалды. 1948 жылдың соңына қарай өнеркәсіп өндірісі жартысына дейін көтерілді, ал 1949 жылдың соңында соғысқа дейінгі деңгейі қалпына келтірілді.



Германияның бірігуі. Біріккен Германияның канцлері болу - Гельмут Кльге тағдырдың берген сыйы. 1989 жылы ГДР-де революция басталды. 80-жылдардың соңына қарай басталған демократия үшін қозғалыс жеңді. :мократия орнады. Алғашқы күндері-ақ 1961 жылдан «қырғи қабақ соғыс» н Германия бөлшектенуінің ең әйгілі символы - Берлин қабырғасы зылды. Бірігудің нақты жүзеге асатындығы бәріне де айқын болды. іенауэрдің көріпкелдігі дәлелденді: ол Шығыста түбегейлі өзгерістер нәтижесінде ғана мүмкін деген еді. ГФР конституциясы Германияның бірігуін ГДР-ді мемлекет ретінде жойып, Шығыс Германия жерлерінің ГФР-қосылу процесі ретінде қарады. ГДР басшылығы бірігуді екі мемлекеттің нфедеративтік одағы арқылы жүзеге асыруға тырысты. Алайда 1990 жылғы, йлауда христиан демократтар бастаған коммунистік емес оппозиция жеңді. № негізінде Германияның тез арада қосылуын әу бастан-ақ қолдады. 1 іусымнан ГДР-де батысгермандық марка енгізілді.

31 тамызда ГДР-дің алты жерінде жергілікті сайлау жүргізілді. Енді рманияның бірігуі туралы төрт державамен - АҚШ, КСРО, ¥лыбритания те Франциямен келісу керек еді. Бірігуге жалпы келіскен КСРО басында, 52 жылғы сияқты, Германияны бейтараптау жөнінде шарт қойды. Бүл лапты барлығы да орындамаған соң, КСРО оның сыртқы саясатын гертетін принципиальды маңызды жеңілдіктерге барды: ол біріккен рманияның НАТО-ға мүше болуына және кеңес әскерлерінің Шығыс рманиядан шығарылуына келісті. 12 қыркүйекте Германиямен қатынасты ттеудің аяқталғандығы жөніндегі Келісімге қол қойылды. 3 қазан 1990 жылы Шығыс Германия территориясында ГФР жалауы желбіреді.

Германияның бірігуі екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарихта іцызды оқиғалардың бірі болып саналады. Бірақ ол көптеген проблемалар і ычды. Бүрынғы ГДР-дің мемлекеттік жоспарлы экономикасын рыноктық опомикага айиалдыру қажет еді. Ондағы бірқатар кәсіпорындар бәсекеге суіс қабілстті болмады, көпшілігі жабылды. Осы себептерденжұмыс сыздық өсті. Әлеуметтік қиындықтар туды. Үкімст әлеуметтік ш һінлишш кобейтүге жөне шыгыс жеплеолін экономикпсып капиталмен

қамтамасыз етуге мәжбүр болды. Бұл салықтың көбеюінсіз мүмкін емес еді. Сондықтан Германияның қалған бөлігі осы шараларға өзіне лайықты орын іздеуде наразы болды.

Германияның бірігуі екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия тарихының бір белесін аяқтады. ГФР дүниежүзілік қауымдастықтың толық мүшесіне айналды. Батыс Европаның ең халқы көп (81 млн.) мемлекетіне айналып және ірі экономикалық держава позициясын сақтай отырып жаңа Германия

Баќылау с±раќтары:

1.Бонн Конституциясы

2. «Герман экономикалық кереметі», оның себептері

3.ГФР-дің 60-70жж экономикалық дамуы

4.Брандт пен Шмидтің ішкі саясаты

5.Германияның бірігуі



21- лекция. Таќырыбы: Польша

Жоспары:

  1. 1944 жылы халық- демократиялық Респбликасы.1944 ж тамыз айындағы матифест

  2. Потсдам конфернциясындағы Польшамәселесі

  3. 1956 жылғы Познань оқиғасы. Әлеуметтік экономикалық қайта құрлар.80- жылдардағы кәсіподақ ұйымдағы жаңа құрулар.

  4. Польша үкіметінің қазіргі кезеңдегі сыртықы саясаты.

  5. Польша Қазақстан қарымқатынасы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Актуальные проблемы новейшей истории .М. 1991

2. Хрестоматия по новейшей истории. Т3. М., 1960

3.Актуальные проблемы новейшей истории .М. 1991

4.Кредер А.А.Новейшая история ХХ век.М. 1977.

5.Сәуірбаева Г :Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990жж)


Лекция маќсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Польшаның дамуын қарастыру

Лекция мєтіні

60-70-жылдарлдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.Польшада социлолистік индустирияландыру үрдісі одан әрі жүргізілді, тас көмір және метал қорыту артты, өндірістің жаңа салалары-кеме жасау ,троктор,автомабиль және басқа өндімдерді шығару дамыды. Өнеркісіп еңбек өнімдігін арттыру арқылы емес экстенсивті әдістерді қолдану, яғни жақсы кәсіпорындар салу және жұмыс күшін саны көбейту арқылы жүзеге асырылады. Қала халқы тез өсті, тұрын үй құрлысын,қалалық көліктің, денсаулық сақтау және әлеуметтік- мәдени мекемелердің дамуы бұған ілесе алмады. Басқа социолистік елдерде әлеуметтік-экономикалық реформалары жүзеге асырылып жатқан шақта Поляк біріккен жұмысшы партиясы Орталық Комитеті мен Поляк Халық Респбликасы үкіметінің жоспарлау және бачсқару жүйесін оңтайлы өзгертуге ботылы бармады,60-жылдардың ортасында 1956 –жылдыңөзінде саналған ескі әдістерді қолдану үлгісі нығая бастады. 60-жылдардың аяғында экономиканың өсуі қарқыны баяулады,тоқырау кезеңі туды.Халқтың, тұрмыс дәрежесінің төмендеп кетуі әлеуметтік шиленіс туғызды.

Поляк бірікен жұмысшы партиясының басшылығы теріс үдерістердің даму себептерін ашып бере алмады. Үдей түскен қиыншылықтардан құтылу жолын қарастырған партия 1970- жылы желтоқсанда көпшілік қолды тұтын тауарлардың бағасын елеулі түрде арттырды. Бұған жауап ретінде Гданьскіде , Шецинде және Балтық жағалауының басқы қалаларында ереуілдер болды,оларды басып тастау үшін милициямен әскер пайдаланылды.

Поляк бірікен жұмысшы париясының жаңа басшылығы Балтық жағалауындағы оқиғаларды жұмысшы табының апртияның экономикалық саясатына көрсетіп отырған қарсылығы деп бағлады. Жаңа басшылық бағаның өсуін тоқтаты еңбекшілердің әллеуметттк мұқтаждықтарын қанағаттандыр бағытын жариялады. Жұмысшылырмен қызметшілердің едәуір жалақысы, көп балалы отбасылырға берілетін жәрдем, зейнетақы молайтылды, шаруалардың ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекетке міндетті түрде тапсырп отыруы жойылып. Бұл нәтижеге П ХР экономикасындағы резервтерді пайдалау, КСРО-ның және СЭВ-ке мүше басқа елдердің көмегі арқысанда қол жетті. Қол жеткендер асыра бағаланған Поляк бірікен жұмысшы партиясының басшылғы елде социолизімнің нгіздері құрылды деген негізсіз қорытынды жасады. Ал іс жүзінде ревизионистік теориялар ,ұлттық, антисовнттік көзқарстар кең етек жайды. Польшаның XVIII-XX ғасырлардағы тарихи дамуына тән болған ерекшеліктер халық бұқарысның шіркеуден шеттелмуіне әкеп соқтыррды. Краковтың архепископы Кароль Войтылының 1978- жылы Рим папасы болып сайланғаннан кейін католицизімнің саяси ролі арта түсті. Кароль Войтылы котолик шіркеуіндегі ең жоғары орынға сайланған алғашқ болатын, ол ІІ –ші Иоанн Павел атын алды.

1975-ж. Поляк біріккен жұмысшы паритясының басшылығы бұдан бұрынғы бірінше жыл ішінде қол жеткен табыстарды асры бағалай отырып,елдің дамыған социолистік құрлыс орнатып жатқан туралы мәлімдеді. Сонымен қатар,Польша капиталистік елдердегі тауар шығаратын болды деп есептеліп, батыс елдерден көптелген жабдық технологиясатып алды. Польшаға көп қаржыны несиге бере отырып,кредиторлар социолизм құрлысына көмектесуді ойламаған болатын. Батыс державалары мен банктер Поляк экономикасы тұрақсыздандыру,ПХР –ді Совнт Одағынан және СЭВ пен Варшава Шартына мүше басқа елдерден қол үздіруге бағытталған саясат жүргізілді.70- жылдардың ортысынан бастап Батыстың қолдануына сүйенген түрлі жартылай дария ұйымдар мен комиттер өздерінің антисоциолистік күштерді топтастыру жөніндегі қызметін өрістетті.



1980-1981 жылдардағы экономикалық және әлеуметтік-саяси дағдарыс. Экономикалық жағдайдың нашарлап кетуі және антисоветтік элементтердің ашықтығын ашық арандатушылық қызмет жағдайында 1980ж. Шілде- тамызда бүкіл елді ереуілдер толқыны шарпыды,олардың негізгі орталығы Балтық теңізі жағалаундағы Гданьск,Шецин және басқалар болды. Жағдайды қалпына келтіруге талпынған үкімет ереуіл жасаушылармен келіссөз жүргізілді. “ Социолизм –болсын,бұрмалау-болмасын !” деген ұранмен қозғалысқа қатысқандардың көптеген әлеуметтік талаптарының негізгі екенін ескерген ПХР басшылығы жаңа кәсіподақ құруу қажеттілігі жөніндегі талаппен келесі,өйткені,өмір сүрген кәсіподақ еңбекшілірдің әлеуметтік мүделерін қорғамады. Жаңа кәсіподақ ПХР Конституциямен негізінде жұмыс істеуге , Поляк біріккен жұмысшы партиясының басшылық рөлін мойындауға міндеттенді.бұл жөніндегі келісімдерге қол қойылды.

Алайда жағдай бірқалыпты бола қоймады. Құрылғн “ Ынтымақ” (“ Солидарность”) кәсіподақ ұйымында антислоциолистік күштердің жетекшілері басты ролге ие болды,олар “ cоциализмді сауықтыру” ,” кемшіліктерге қарсы күресу” ұрандарын желеу етіп,бірнеше милион жұмысшыларда және Поляк бірікен жұмысшы партиясының мүшелерін кәсіподақтар қатарына тартты.

Тез арада кәсіподақтан оппозициялық саяси партияға айналған “ Ынтымақ” “ Тұрмыс дәржесі дереу арттырылсын” деген ұранмен жаңа ереуілдер тасқынын ұймдастырды және Поляк бірікке жұмысшы партиясының кәсіпорындардан кетуіне күш жұмсалды.Ереуілдер экономикалық былыққа және еңбекшілер жағдайының нашарлап кетуіне әкеп соқтырды.Батыстың қаржылық және саяси көсмегімен сүйенген “ Солидарность” экстермист басшылары экономиканың тұрақсыздануы Поляк бірікен жұмысшы партиясының және үкіметтің поцициясын әлсіретеді,оларды бұқарадан оқшауладырды әрі өмір сүріп отырған қоғамның құлауына әкеп соқтырады деп есептеді.

Алайда контрреволюциялық күштер өз мақсаттарына жете алмады.Поляк біріккен жұмысшы партиясы дағдарысыты жеңіп шығып,өз қатарына нығайтты.

Елдегі жағдайды қалпына келтіру жөнінде оңтайлы бағдарлама ұсынылды, бұған ” Ынтымық”қарсы болды. Шын мәнінде контрреволюциялық
Баќылау с±раќтары:

1.Польша халқының фашистік басқыншыларға қарсы күресі

2.1968-70жж оқиғалар және олардың сипаты мен маңызы

3.1980жж Польшадағы саяси өмір



22- лекция. Таќырыбы:Румыния

Жоспары:

  1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси жағдайы.

  2. Румыния социалистік республикасының құрылуы .

  3. Әлеуметтік экономикалық даму .

  4. Н.Чаушеску режимінің орнауы және оның құлауы.

  5. Қазіргі кездегі Румынияның саяси экономикалық даму қайта құрулар.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. История Румынии. М.1978.

2. Политические кризисы и конфликты 50-60 годов в Восточной Европе М. 1993.

3.Актуальные проблемы новейшей истории .М. 1991

4. Хрестоматия по новейшей истории. Т3. М., 1960
Лекция маќсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Румынияның дамуын қарастыру

Лекция мєтіні :

Социализмнің каладағы және деревнядағы жеңісі. 60-жьшдардың ортасына қарай Румынияда социалистік өндірістік қатынастар толық жеңді. Халықгың әлеуметтік құрылымын екі тату таптың одағы — жұмысшы табы (40 пайыз) жөне кооперацияға біріккен шаруалар (38,5 пайыз) белгілеп отыр. Елдің өміріңдегі өзгерістер 1965 ж. тамызда қабыдданған конституцияда көрініс тапты. Ол елдің атын — Румыния Социааистік Республикасы (РСР) деп өзгертгі және Коммунистік партияның басшылық рөлін бекітгі. Елдегі бүкіл өкімет билігі халықтың қолында, ол осы билігін жергілікгі органдар — халық советтері және жоғары заң шығарушы орган —Ұлы халық жиналысы арқлы жүзеге асырып отырады. 1974 ж. РСР президентінің орны бекітідді, президент мемлекет басшысы, карулы күштердің бас қолбасшысы және Мемлекетгік советгің Төрағасы болып табылады. Румыния Коммунистік партиясы-ның (РКП) басшылықрөлін жүзеге асыру ісіндегі ерекшелігі — партиялықжәне мемлекеттік орындар қызметі қоса аткарылатыны, бұп партиялық және мемлекепік органдардың қызметін неғұрлым тығыз үйлестіру, бір жұмыстың қайталануын және жарыса істелуін болдырмау қажеттігінен туып отыр деп түсіндіріледі. РКП уездік комитеггерінің хатшылары халық советгері төрағасы қызметін қатар аткарады. Осындай кдтар аткдру баска сатыларда да жүзеге асырылады.

Әлеуметтік-экономикалық даму. 70-жылдардың басынан бері Румыния Социалистік Республикасы (РСР) Румыния Коммунистік партиясьшың өркендеген социалистік қоғам құру жөнінде белгілеген бағдарламасын іске асырып келеді. Румынияның экономикалық дамыған мемлекеттер дәрежесінен тарихи қалыптасып калған артта қалушылығын ескеріп, РКП бағдарламасы елді осы деңгейге жақындату міңдетін қойды. Экономиканың барлық салалары, оның ішінде ауыл шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіруі қажет болды. РСР-дің халық шаруашылық жоспарлары ұлттық табысты, өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісін тез қарқын-мен есіруді көздеді. РСР-де металлургиялық комбинаттар, мұнай өңдейтін және мұнай-химиялық зауыттары мен басқа да кәсіпорындар салынды. Бұл көп қаржыны талап етті. Жабдық пен технолотияның едәуір бөлігі капиталистік елдернен сатып алынды, бұл Батысқа қарыздар болуға, көптеген кәсіпорындар қызметінің шеттен әкелінетін шикізатқа төуелді болуына әкеп соқгырды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен жарақгандыруға көп каржы жүмсалды, бірақ ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмен болуы елдің осы сала өнімдері жөніндегі қажетін өтеуге мүмкіндік бермеді. Кдйсыбір тағам тұрлері нормамен берілетіы болды.

80-жылдардың басында РСР-дің халық шаруашылығында елеулі үйлесімсіздік орын алды: өнеркөсіп жедел қарқынмен өркендесе, ауыл шаруашылығы баяу дамыды. Румын халық шаруашылығында энергия мен материал ивдустриялы дамыған елдердің тиісті көрсеткіштеріне қарағанда 2-3 есе көп жұмсалды, бұл елдің экономикалық дамуын тежеді. Кездескен қиыншылықгарды қатаң үнем төртібін енгізу арқылы жою көзделді. Электр мен жылу энергиясын орынды жұмсау бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Экспорттың ұлғайтылуы жөне импорттың азайтылуы 80-жылдардың ортасында РСР-ге Батысқа бересілі қаржының жартысынан көбін өтеуге мүмкіндік берді. Капиталистік елдерден жөне банкілерден ендігі жерде қарыз және несие алмау туралы шешім қабылданды.

Халық шаруашьшығын интенсивтендіру қолда бар қуатты жаңғырту жөне оның техникалық деңгейін арттыру, жаңа кәсіпорындар салуды тежеу арқьшы ісқе асырылды. Еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеудің жаңа формалары енгізілді, олар еңбек табысын еңбек өнімділігіне тікелей тәуелді етеді. Еңбекшілерге қосқан еңбек үлесіне жөне жұмыс стажына қарай кесіпорынның табысьша қатысу кұқыны берілді. Мұның өзі қызметкерлерді өндіріс тиімділігін арттыруға ынталандырады. РСР-дің басшылығы халықаралық рыноіетармен байланысты ұлғайтуға үлкен мән беріп отыр. РСР СЭВ-ке муше елдердің интеграциялау үдерісіне қатысады. Совет Одағымен ынтымақтастық отын шикізат ресурстарының тапшылығын бәсеңсітті. КСРО-ның көмегімен кептеген маңызды экономикалық нысандар салынуда. РСР аумағында АКДІ, ФРГ, Франция және басқа капиталистік еддер капиталының қатысуымен аралас фирмалар жұмыс істейді.



Саяси жүйе. РКП-ның басшылығымен барлық бұқаралық қоғамдық ұйымдар Демократия мен социалистік бірлік майданына (ФДСЕ) біріккен. РСР азаматтары ФДСЕ арқылы еддің саяси өміріне қатысады. Майдан партиялық және мемлекеттік қүжатгарды талқьшауды ұйымдастырады, депутаттыққа кандидаттар ұсынады, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын жасауға қатысады. Оқта-текте "демократия трибунасы" — азаматгар жиналысы шақырылады, бұларда мемлекеттік жөне партия органдарының өкілдері сөйлейді.

Кәсіпорындарда ұжымдық басқару органдары — еңбекшілер советтері жөне еңбекшілердің жалпы жиналыстары жұмыс істейді, олар кәсіпорын қызметінің маңызды мәселе-лерін шешеді. Жұмысшы табының экономиканы басқарудағы рөлін арттыру үшін өнеркәсіп, құрылыс және транспорт еңбекшілері советтерінің съезі құрылды. Оның жұмысьша еңбекшілер советтерінің, партия, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады. Съезд бес жылда бір рет жиналады, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі мәселелерін талқынайды. Съездер аралығында Еңбекшілердің ұлттық советі жұмыс істейді, ол қабыдданған шешімдердің орындалуын кадағалайды, советтердің жөне еңбекшілердің жалпы жиналыстарының қызметіне басшылық етеді.



Баќылау с±раќтары:

1.Румынияның фашистік одақ құрамындағы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы

2.Кеңес әскерінің Румынияны фашизмнен азат етуі

3.1957ж Румыния Конституциясы

4.1976-1990жж Румынияның әлеуметтік экономикалық дамуындағы негізгі бағыттар
23- лекция. Таќырыбы: Венгрия

Жоспары:


  1. Габсбург монархиясының құлауы. Венгр буржуазиялық Республикасының құрылуы.

  2. Венгр Үкімтінің сыртқы саясаты.

  3. Хорти диктатурасы. 1924-1929 жылдардағы экономикалық дамуы

  4. Реакциялық күштердің бас көтеруі.

  5. Венгр үкіметінің сыртқы саясаты.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Актуальные проблемы новейшей истории .М. 1991

2. Хрестоматия по новейшей истории. Т3. М., 1960

3.Кредер А.А.Новейшая история ХХ век.М. 1977.

4.Сәуірбаева Г.Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990жж)

Лекция маќсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Венгрияның дамуын қарастыру

Лекция мєтіні :

Социалистік құрылыс. 60-жьшдары деревнядағы социалистік қайта құрулар аяқталысымен жаңа өндірістік қатынастар қаладағы сияқгы, деревнада да үстем бодды. Қол жеткен табыстарды бағалай отырьш, Венгр социалистік жүмыс-шы партиясы едде социализмнің негізі қаланды деген қоры-тындыға келді. Жаңа жағдайда өндірісті интенсивтендіру, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, халықаралық өн-дірістің тиімділігін мейлінше арттыру қажет болды. Осы мақсатпен бірнеше жьл бойғы езірліктен кейін 1968 жылдан бастап экономикалық реформа іске асырьша бастады, оның мөні мынада: басқарудың экономикалық едістерін қолдану арқылы орталықтаңдырылған жоспарлау мен тауар-ақша қатынасын үйлестіру, көсіпорындарға дербестілік беру.

Интенсивтендірудің алғашқы қадамы табысты болды, біарақ 70-жылдардың ортасынан бастап халықзралық рынокта ВХР-ге қолайсыз болған өзгерістердің орын алуына (өкелінетін штфаттың, отынның, материаддардың бағасы-ның өсуі және шетеддерге шығарылатын өнеркәсіп пен ауыл-шаруашылық енімдері бағасының кеміп кетуі), сондай-ақ, венгр экономикасына тен ішкі олқылықтарға байланысты (өнімнің елеулі бөлігінің сапасы айтарлықтай болмауы, да-мыған елдерге қарағанда, шикізат пен материалдардың көп жүмсалуы және еңбек өнімділігінің темен болуы) бүл үдеріс баяулады. ВХР өзінің импорт жөніндегі қажетін өтеу үшін Батыстан несие алуға мәжбүр болды.

80-жылдардың басында экономиканы басқарудың жаңа, неғүрлым тиімді әдістері енгізіле бастады. Кәсіпорындардың көпшілігінде жүмысшылар мен қызметшілер сайлайтын со-веттер қүрылды. Олардың қүрамына партия жөне комсомол үйымдарының хатшылары, кәсіподақгар комитетінің төра-ғасы кіреді. Совет кәсіпорын директорын сайлайды. Дирекция советпен бірге кәсіпорын қызметінің стратегиялық ба-ғытын белгіледі.

Халықтың көпшілік қодды түтыну тауарлары және қыз-мет көрсету саласындағы қажетін өтеу ісінде ірі өндіріспен қатар өнеркәсіптік кооперативтер (киім тігу, мебель жасау) маңызды рөл атқарады, бүл кооперативтер өнеркәсіптік өнімнің 7 пайызына жуығын өндіреді. Жеке адамдар үсақ сауда орывдарын және қоғамдық тамақгандыру кәсіпорын-дарын арендаға ала алады, бірақ олар мемлекеттік меншік болып қала береді.

ВХР ауыл шаруашылығын өркендетуде ірі табыстарға жетті. Ол халықгың жан басына шақкаңца астық (130 кг-нан астам) және ет (140 кг-нан астам) өндіру жөнінде Еуропада алғашқы орындардың бірін алады. Бүл табыстарға 70 — 80-жылдарда ВХР-дің ауыл шаруашылығында өндірістік өдістерге көшуіне байланысты қол жетті. Өндірістің белгілі бір түріне (мысалы, етті мал шаруашылығы) маманданды-рылған кооперативтер мен госхоздар индустриялы өндіріс-тік жүйеге бірігеді, мүнда жетекші кәсіпорынның техноло-гиясы серіктеріне тартылады, ғылыми-техникалық прогрестік жетістіктерін пайдалану жолывда көмек көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кооперативтер және гос-хоздармен шарттық қарым-катынасқа түсетін қосалқы және үй маңындағы шаруашылықгар маңызды рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы ендірісінің жоғары дәрежеде болуы бүл сала өнімдерін түрлі елдерге шығаруына (ВХР-дің барлық экс-портының 25 пайызы) мүмкіндік береді.

Венгр экономикасы белгілі бір табыстарға жетіп отырға-нына карамастан, ол 80-жылдардың соңында қиыншылық-тарды жеңе алмады. Өнеркәсіптің ескірген өндірістік қүры-лымы, оның шығаратын өнімдеріне энергия мен материал-дың көп жүмсалатыны бүл өнімдерді сыртқы рынокта өткізу ісінде қиыншылықгар туғызып отыр.Венгр социалистік жүмысшы партиясьшың (ВСЖП) кон-ференциясы (1988, мамыр) экономиканы түрақгандыру және сыртқы қарызды азайту шараларын белгіледі. Шетел фир-маларымен бірігіп көсіпорындар салуға ынталандыру, ше-телдік серіктестеріне с&тық төлеу жағынан жеңіддіктер беру, зиян шегіп отырған кәсіпорындарды жауып тастау, тауар-лардың сапасын арттыру, оның дүниежүзілік рынокқа шы-ғарылуын кеңейту жене сыртқы қарызды бірте-бірте жою мақсатын көздеді. Партия мен мемлекет басшылығына ана-ғүрлым жас адамдар келді. Ал, ВСЖП-ның жаңа басшы- лығы әлеуметтік және экономикалық тұрақгандыру бағыты қоғамдық-саяси өмірдегі демократиялавдыру саясатымен үштастырылып отыратын болады деп мәлімдеді.

Социалистік демократияның дамуы. Отандык, халық майданына біріккен қоғамдық ұйымдар, ВСЖП-ның идеялықсаяси басшылығымен өз бетінше қимыл-әрекет етеді. Венгр қоғамының барлық таптары мен топтарының жақын-дасу саясатын жария еткен ВСЖП "Сізге қарсы еместердің бәрі бізбен бірге!" деген ұран көтерді. Бұл — кім адал еңбек етсе, әлеуметтік тегіне, көзкарасына және бүрынғы қызметі-не қарамастан, социализм қүрып жатқан қоғамда өз орнын таба алады деген сөз. 60 — 70-жылдарда шіркеу мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас толық реттелді.

ВСЖП-ның мамыр (1988 ж.) конференциясының шешімдері негізінде елде саяси реформа жүзеге асырыла бастады. Оның мақсаты - халық өкіметінің демократиялықжүйесін кұру, қоғамдық ұйымдардың рөлі мен дербестігін арттыру, ресми көзқарастан өзгеше көзқараста болған отырған адамдармен пікірлесу. Енді жергілікті советгер мен Мемлекеттік жиналысты сайлағанда бір орынға бірнеше кандидат ұсынылады.


Баќылау с±раќтары:

1.Кеңес әскерінің Венгрияны фашистерден азат етуі

2.1989ж Венгриядағы конституциялық реформа

3.90жж Венгрияның саяси-экономикалық дамуы


24- лекция. Таќырыбы: Чехословакия

Жоспары:

  1. 1948 ж. Ақпан оқиғасы.

  2. Әлеуметтік экономикалық даму

  3. Социализм құрылысы. 1980ж Конситуция

  4. 1989жылғы «Барқыт» революциясы. Чех республикасын құру.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.История Чехословакии М. 1975г

2.Новейшая история стран Европы и Америки М, 1988г

3.Актуальные проблемы новеишей истории М. 1991г

4.Восточная Европа на историческом переломе М, 1991г

Лекция маќсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Чехословакияның дамуын қарастыру

Лекция мєтіні :

Жұмысшы табы Чехословакияда, күрестің әртүрлі формаларын пайдалана отырып, буржуазияның позицияларына шабуыл жасады. 1945ж. қазаңда президент Бонештің декреті бойынша ірі кәсіпорындарды, банктерді және неміс оккупанттары мен сатқыңдардың мүлкін национализациялау жүргізілді, бұл антифашистік, патриоттық акция болды. Ұлттық майдан үкіметіне енген буржуазиялық партиялар мұны жұмысшы табына ең соңғы береріміз және осымен революция аяқталды деп санады. Революцияның одан әрі дамуын көздеген Чехословакия Коммунистік партиясы 1946 ж. мамырда өткен заң шығарушы жиналыс сайлауында Ұлттық майдандағы барлық басқа партиялармен салыстырғанда анағұрлым көп дауыс алды (38 пайыз). Чехословакия Коммунистік партиясының басшысы Клемент Готвальд (1896 — 1953) жаңа үкіметті басқарды.

Үкіметтің бағдарламасы жөніндегі мәселе бойынша ЧКП мен оның серіктері арасында елеулі алауыздық туды. 1947ж. соңында ЧКП-ға қарсы бағытталған буржуазиялық партиялар блогы қалыптаса бастады. 1948 ж. 20-ақпанда осы партиялардың мүшесі болып отырған министрлер өздерінің үкіметтен шығатыны жөнінде мәлімдеме жасады. Бұған жауап ретінде коммунистер еңбекші бұқараны Ұлттық майданға опасыздық жасағандарға қарсы шығуға шақырды. 21-ақпанда Прагадағы Старомест алаңында болған көпшілік митингіге қатысқандар "Біз Клемент Готвальдтың реакционер-министрлерсіз үкіметін қалаймыз" деген қарар алды. Солшыл социалистер коммунистер жағына шықты. Буржуазиялық партиялардың қатардағы мүшелері өздерінің оңшыл лидерлерінің позициясын айыптады.

Коммунистердің бастамасымен көсіп орындарда Халық милициясы құрылып, олар кәсіпорындарға күзет орнатты.

Коммунистердің қарсылықтарымен ниеттес болған президент Бенеш үкімет дағдарысы шешілуін кешеуілдете берді, бірақ 25-ақпанда ұлттық майданды жақтайтын министрлермен толықтырылған үкіметтің қызметін жалғастыру туралы Готвальд жасаған ұсыныспен келісті. Мұның
өзі өкімет туралы мәселе бейбіт жолмен жұмысшы табының және оның одақтастарының пайдасына шешілді деген сөз еді. 1968 — 1969-жылдардағы дағдарыс. 60-жылдардын басында Чехословакияда социализмнің берік материалдық-техникалық базасы жасалды және ол экономикалық дамыған елдер қатарына қосылды. Чехословакия Коммунистік партиясы елде социализм негізі қаланды деген қорытынды жасады. Бұл 1960 ж. шілдеде қабылданған Конституцияда баянды етілді. Мемлекеттің аты өзгертіліп, Чехословак Советтік Социалистік Республикасы (ЧССР) аталды.

Социализмнің толық жеңісі туралы жасалған қорытындыға байланысты Чехословакия Коммунистік партиясы экономикасының жоғары қарқынмен дамуын белгіледі, ол елдің нақты мүмкіндігіне лайық келмеді. Өтпелі кезеңнің барлық міндеттері толық орындалды және халықтың моральдық-саяси бірлігіне қол жетті деген түсінік те негізсіз болатын. Кешегі күні ғана буржуазия мен ұсақ буржуазия топтары өмір сүріп, саяси белсенділік көрсеткен, халықтың бір бөлігі бұрынғысынша діни көзқараста болып отырған елде буржуазиялық идеялогияға, ұлтшылдық көріністерге қарсы дәйекті күрес жүргізілмеді. Буржуазиялық республика жылдарында чехтар мен словактар арасыңца тең құқықтылық болмаған елде ұлт мәселесі өзекті мәселе еді, бұл мәселе де толық шешімін таппады. Бұрын артта қалған Словакияның экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған саясатты жүргізе отырып, ЧССР басшылығы Словакияның индустрияландырылуы екі халықтың бірлігін өзінен-өзі нығайтады деп есептеді де, тең құқықтылыққа жету жолындағы саяси және мемлекеттік алғышарттарды жүзеге асырмады. 1960 жылғы Конституция бойынша словак мемлекеттік органдарының өкілдігі 1948 жылғы Конституцияға қарағанда ықшамдалды. Сонымен қатар 60-жылдардың басына дейін бұрын жазықсыз жазаланған Г.Гусак және басқа саяси қайраткерлер толық ақталмаған болатын.

60-жыддардың ортасында экономика саласында қиыншылық туды. Іске аспайтын міндеттердің белгіленуі жоспарлы тапсырмалардың орындалмай қалуына әкеп соқтырды, ұлттық табыс кеміп кетті. Бұл халық тұрмысы дәрежесінен көрініс тапты. Бұрынғы экстенсивті әдістермен, яғни жаңа кәсіпорындар салу және жұмыс күші-санын молайту арқылы экономиканы одан әрі өркеңдетудің мүмкін еместігі белгілі болды. Интенсивтендіруге көшу қажеттігі туды. Экономиканы дамыту жоспарларын іздестіру кезінде ЧССР басшылығы арасында алауыздық пайда болды. Осы тұста Чехословакия
Коммунистік партиясы қатарыңца ревизионистік бағьгг қалыптаса бастады, осы бағытты жақтаушылар ЧКП Орталық Комитетінің экономиканың жоспарлы баскарылуын жетілдіру принциптері туралы жасаған ұсыныстарын таласқа салды, орталықтандырылған жоспарлауды стихиялы әсер ететін рынок механизмімен ауыстыру және ЧССР-дің экономикасын Батысқа бағдарлау керектігі жөнінде ұсыныс түсірді. ЧССР басшылығының экономикалық саясатта ойластырылған концепциясының болмауы және ревизионистік көзқараспен күрес жүргізбеуі жағдайды асқындырып жіберді. Басшылықтың күрделі экономикалық, саяси және ұлттық мәселелерді шешуге қабілетсіз болуы партияда және елде наразылық туғызды. Ревизионистік бағытты жақтаушылардың көптеген идеологиялық мекемелерде жетекші позицияларды иемденіп алуларына негіз қаланды. 1967 жылдың орта
шенінде Чехословакия Коммунистік партиясы мен қоғамда дағдарыс пісіп-жетілді.

1969 ж. сәуірде ЧКП Орталық Комитетінің Пленумы партияның басшылығыңда және оның саясатыңда түбегейлі өзгерістер жасады. Партия басына Словак ұлттық көтерілісі басшыларынын бірі Густав Гусак келді (1913 жылы туған). ЧКП-ның басшылық рөлін қалпына келтіру, мемлекеттік органдарды және қоғамдық ұйымдарды нығайту шаралары іске асырылды. Партия өз қатарын оппортунистік элементтерден тазартты. 1970 ж. мамырда Совет Одағымен жасалған достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы жаңа шарт ЧССР мен КСРО арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды нығайтты. Партия мен қоғамдағы социалистік күштердің бірігуі нәтижесінде экономикалық жағдайды реттеуге және ЧССР-дің мемлекеттік-құқықтық құрылымының жаңа формасын іске қосуға мүмкіндік туды. ЧССР — құрамында екі тең құқылы социалистік республика: Чех және Словак республикалары бар федеративтік мемлекет. Жоғарғы өкімет органдары — Федералъды жиналыс, ол екі палатадан — Халық палатасынан, Ұлттар палатасынан және Федеральды үкіметтен тұрады. ЧКП-ның басшылығымен одақтас партиялар Федеральды жиналысқа уәкілдік етеді. Олар қоғамдық ұйымдармен бірге Ұлттық, майданға кіреді. ЧССР-ді президент басқарады.

1990 жылы маусымда біртұтас ел Чехия мен Словакияға бөлінді.



Баќылау с±раќтары:

1.Чех және словак халықтарының фашист басқыншыларына қарсы күресі

2.1950-60жж Чехословакияның саяси-экономикалық дамуы

3.Чехия мен Словакияның құрылуы



25- лекция. Таќырыбы: Герман Демократиялық Республикасы

Жоспары:

  1. Герман Демократиялық Республикасының құрылуы

  2. ГДР-дың саяси экономикалық дамуы

  3. 1968 ж Конституция. 1970-90 жылдардағы ГДР

  4. Екі Герман мемлекетінің бірігуі


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Новейшая история стран Европы и Америки М, 1988г

2.Актуальные проблемы новеишей истории М. 1991г

3.История Германии М, 2001г

4.Новейшая история стран Европы и Америки М, 2004г

5.Актуальные проблемы новеишей истории М. 1991г

6.Восточная Европа на историческом переломе М, 1991г

Лекция маќсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Герман демократиялық республикасының дамуын қарастыру

Лекция мєтіні

Германиядағы советтік әскери әкімшіліктің Шығыс Германияда демилитарландыру, денацификациялау және демократияландыру саясатын жүргізуі нәтижесіңде фашистік мемлекеттік аппарат жойылды, нацистік партия таратылды, нацистер мен әскери қылмыскерлер тиісті жазасын тартты. Германия Коммунистік партиясы, одан кейін Социал-демократиялық партия және Христиандық демократиялық одақ Либералдық-демократиялық партия секілді буржуазиялық-демократиялық партиялар өз қызметін қайтадан бастады. Бұл партиялар антифашистік демократиялық блок құрды. Германиядағы советтік әскери әкімшіліктің шұғыл қайта құру шараларын жүзеге асырғанда осыларға сүйенді. 1946 ж. сәуірде Германия Коммунистік партиясы мен Германияның Социал-демократиялық партиясы марксизм-ленинизм принциптері негізінде Германияның Социалистік біртұтас партиясы (ГСБП) болып бірікті, осыған орай жұмысшы табының позициялары бұрынғыдан да нығая түсті. Бірігу съезінде осы партиялардың басшылары — Вильгельм Пик (ГКП) пен Отто Гротевольдың қол алысуы немістің жұмысшы қозғалысындағы жікшілдіктің жойылғанының символы болды. Германия социалистік біртұтас партиясының құрылуы жұмысшы табының антифашистік және демократиялық реформаларды іске асыру жолында басшылық рөлін қамтамасыз етті.

Аграрлық реформа елдегі нағыз реакцияшыл күштердін бірі—юнкерлікті жойды. Юнкерлер жерінің бірқатары ауылшаруашылық жұмысшылары, жері аз шаруалар және Польшадан, Чехословакиядан және РСФСР-дің Калининград облысынан қоныс аударғандар арасында бөлінді. Конфискеленген жердің бір бөлігінде халық имениелері құрылды.

Монополистік бірлестіктер жойылып жатты. Германиядағы советтік әскери әкімшілік олардың мүлкін демократиялық өзін-өзі басқару органдарына берді. Нацистер мен әскери қылмыстылардың меншігі национализациялаңды, бұл денацификациялаудың кұрамды бөлігі еді. Осы шаралардың нәтижесінде өнеркәсіпте халықтық сектор пайда болды, ол өңдірістің барлық жетекші салаларын біріктірді.

Нацистік идеологияны жою және жас ұрпақты антифашистік рухта тәрбиелеу үшін білім беру жүйесі қайтадан құрылды. Реакцияшыл педагогтар мектепте жұмыс істеуден аластатылды, нацистер кезінде қуғынға ұшыраған педагогтар шақырып алынды. Көптеген жұмысшы коммунистер мұғалім және тәрбиеші болды. Жұмысшы мен шаруаларға жоғарғы оқу орындарының есігі ашылды.

Антифашистік-демократиялық қайта құруларды дәйекті жүргізген Германиядағы советтік әскери әкімшілік пен Германия социалистік партиясының саясаты шаруалар мен ұсақ буржуазия тарапынан қолдау тапты. 1948 ж. Германияның социалистік партиясы басқаратын партиялар блогына жаңадан құрылған екі—Демократияшыл шаруа және Ұлттық-демократиялық партиялар қосылды.

Бұл партиялар халықтың орташа тобын, сондай-ақ, өзінің өткендегісінен бас тартқан нацистік партияның бұрынғы қатардағы мүшелерін қамтыды.

Шығыс Германияда жүргізілген қайта құрулар антифашистік-демократиялық революция міндеттерінің жүзеге асырылуының көрінісі еді. 1949ж. 7-қазанда Берлинде Герман Демократиялық Республикасы жарияланды. ГДР-дің құрылуы неміс халқының тарихындағы бетбұрыс болды: Германияның тарихында алғашқы рет жұмысшылар мен шаруалардың бейбітшіл, демократияшыл мемлекеті пайда болды. Совет үкіметі Шығыс Германияны басқару ісін ГДР үкіметіне берді, оны Отто Гротеволь (1894 — 1964) басқарды. К.Либкнехтің және Р.Люксембургтің серігі Вильгельм Пик (1876 — 1960) ГДР-дің Президенті болып сайланды.

ГДР-дің халықаралық жағдайы. Ұзақ уақыт бойы ГДР-дегі социализм құрылысы ФРГ және Батыс Берлинмен шекараның күзетсіз болуы жағдайында жүргізілді: Осыған орай ГДР-ге қарсы түрлі арандатушылық әрекеттер істелді. Көптеген ғалымдар, инженерлер, мамандығын жете меңгерген жұмысшылар ФРГ-ге қоныс аударды, бұл ГДР-ге орасан көп зиян келтірді, 1961 ж. тамызда ГДР үкіметінің шешімі бойынша Батыс Берлинді айнала биік қабырға тұрғызылды, яғни "антифашистік қорғаныс шебі" жасалды, ФРГ-мен шекарада егемен мемлекеттерге тен әдеттегі қатаң бақылау орнатылды. КСРО-ның көмегіне сүйенген және өзінің сыртқы саясатын Варшава Шарты мемлекеттерімен үйлестіріп отырған ГДР, ұзақ мерзім бойы неміс социалистік мемлекеті өмір сүріп отырғанының тарихы шындық екенін мойындағысы келмеген ФРГ-ге және басқа капиталистік елдерге табандылықпен қарсы тұрды.

Ұлыбритания, КСРО, АКДІ және Франция арасында 1971 ж. жасалған төрт жақты келісім Батыс Берлинді ФРГ-нің бір бөлігі емес деп тауып, ГДР мен ФРГ арасындағы қарым-қатынас негіздері туралы шартта ФРГ барлық немістердің бірден-бір өкілі дегенді жоққа шығарды. ГДР ФРГ-мен қарым-қатынасын бейбіт қатар өмір сүру принципі негізінде құрады және өзара бейбіт ынтымақтастық калыптасуына күш салады.

ГДР өзінің сыртқы саясат қызметінде республиканың социалистік мемлекет ретіндегі өмірлік мүдделерінің КСРО және социалистік достық елдері мүдделерімен сәйкес келетінін басшылыққа алады. КСРО мен ГДР арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмекшартына 1975ж. 7-қазанда қол қойылды, бұл шарт екі социалистік мемлекеттің екі жаққа бірдей тиімділік негізінде саяси-экономикалық және ғылыми-техникалық салаларда ынтымақтасуына кең жол ашады, ГДР-дің егемендігін империализмнің қол сұғуынан берік қорғайды. 1990ж 3-қазанда ГДР мен ГФР бірігіп бір мемлекетке айналды.
Баќылау с±раќтары:

1.Потсдам конференциясының герман мәселесі бойынша шешімі

2.ГФР-дің құрылуы

3.ГДР-дің құрылуы

4.1970-1985жж ГДР-дің саяси-экономикалық жағдайы

5.Біртұтас Германияның құрылуы



26- лекция. Таќырыбы: ХХІ ғ басында жаңа өркениет жолындағы дүние жүзі

Жоспары:

1.Дүние жүзінің саяси картасы.Халқаралық істерде БҰҰ-ның орны мен атқаратын ролі

2.Дүниежүзілік экономикалық проблемалар

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. История мировой цивилизации.М.1990. Т .2

2.Актуальные проблемы новейшей истории .М. 1991

3. Хрестоматия по новейшей истории. Т3. М., 1960

4.Новейшая история 1939, 1975гг. М. 1977

7.Кредер А.А.Новейшая история ХХ век.М. 1977.

8.Сәуірбаева Г.Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990жж)

Лекция маќсаты: ХХІ ғ басында жаңа өркениет жолындағы дүние жүзінің дамуын қарастыру

Лекция мєтіні :

XX ғасыр — жаңа технологияның дамуы мен ғылыми-техникалық ілгерілеу және ақыл-ойдың салтанат құрған ғасыры болды. Егер XIX ғасырда тек Батыс елдері ғана қарқынды дамыса, XX ғасырда өзгерістер күллі Жер шарын қамтыды.

Қоғамның индустриалдық тұрғыда дамуы Солтүстік Америка, Еуропа елдерін, Жапонияны, бұрынғы КСРО-ны толық қамтыды. Қоғам мен мемлекеттің осылай өркен жаюы үшін әр түрлі техникаларды кеңінен қолдану есебінен жаппай халық тұтынатын тауарлар өндірісін дамытудың маңызы зор болмақ. Бүгінгі таңда бізді қоршаған заттардың 90%-ы XX ғасырда ойлап шығарылған.

Қазіргі кезде дамыған елдерде қоғамның әлеуметтік ұйымдарының постиндустриалдық түрі енді ғана пайда бола бастады. Постиндустриалдық қоғам—жоғары деңгейде дамыған қоғам. Мүнда ақпараттарды алуға, өңдеуге, сақтауға, түрлендіруге және пайдалануға бағыттаған еңбек—ең бастысы болмақ. Постиндустриалдык қоғам үшін іргелі ғылымдардың даму негізіндегі техниканың өзін белгілі бір мақсатқа орай жетілдіру сипатты болмақ.

Қазір тек постиндустриалдың өркениеттің негіздері ғана калыптасуда. Жана өркениеттің түпкілікті салтанат құруына әлі біраз уақыт керек. Постиндустриалдық коғам Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріндегі қайыршылықпен, аштықпен және артта калушылықпен қатар жүре алмайды.

Мемлекеттер санының ұлғаюы. БҮҮ-ның Қауіпсіздік Кеңесі. XX ғасырдың соңы өзінің бастапқы кезеңіне мүлдем ұқсамайды. Ғасырдың алғашқы онжылдықтарында Жер шарында онға жуық тәуелсіз мемлекеттер өмір сүрді. Олардың ірілері қалғандарын бағындыруға, өздерінің үстемдігін нығайтуға ұмтыла отырып, бітпейтін басқыншылық соғыстарын жүргізді. Дүние жүзіне үстемдік ету Германия, Жапония, Ресей, Ұлыбритания және Франция үкіметтерінің арманына айналды.

Қауіпсіздік Кеңесі — БҰҰ-ның тұрақты әрекет етуші ұйымы және осы ұйымға мүшелік — аталмыш бөлімнің мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің жоғары қызығушылығын туғызуда. «Вето» құқығына ие мемлекеттердің мүшелігі де ерекше қызықтырады.


Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің санын көбейту жөніндегі ұсыныстар БҰҰ-ның 60-мерекелік сессиясында қолдау таппады.

Қазіргі заман және жаһандану мәселелері. Жаһандану үдерісінің қайшылықтары. Жаһандану жағдайындағы мемлекеттің рөлі.

Бүгінгі күнде адамзат алдында тұрған мәселелердің көптігі соншалық, олар шешілмей ілгерілеушілік жолындағы қоғамның алға ұмтылуы мүмкін емес. Осы ұмтылыстардың толыққанды жүйесі жаһандық мәселелер деп аталады, өйткені олар адам өмірінің барлық саласына қозғау салып, ұжым болып шешуді талап етеді.

Қазіргі заманның негізгі жаһандык мәселелері мыналар:


  • жалпыға ортақ әлемді қамтамасыз ету;

  • экологиялық;

  • планетаның тұрғын халқын азық-түлікпен қамтамассыз ету;
    —демография мәселесі (азық-түлік өнімдерін ұлғайтумен салыстыру

бойынша тұрғын халықтың бақылаусыз өсу қарқынының артуы);

  • Африка, Азия құрлығы халықтарының артта қалушылығын жеңу;

  • ғарыш пен Әлемдік мұхитты игеру.

Жаһандану саяси бірлестіктің экономикалық Құрылымында мемлекет рөлінің белгілі бір дәрежеде әлсіреуімен қабаттаса жүреді. Бірак мемлекеттің үлттьщ түтастығы, оның негізгі канкасы екенін үмытпау ләзім.

Жаһандану мен ұлттық мемлекет толығымен сәйкес келетінін қазіргі заманғы күшті мемлекеттердің тәжірибесі айғақтап береді. Жаһандану ұлттық мемлекетті жоймайды, керісінше оны өзіне жүктелген міндеттердің оңтайлы келемі мен сапасы жөнінде ойлануға мәжбүр етеді.



Дүние жүзінің өзара тәуелсіздігі. XXI ғасырдың басындағы дүние жүзі. Қазіргі күнде халықтар мен мемлекеттердің өмірі бұрынғыдан да тығызырақ шырмалып жатыр. Бүгінге дейін экономика мен мәде-ниеттің бұрын-соңды болмаған өзара іс-қимылы, бір-бірімен тығыз байланыстары жүріп жатыр. Тауар ағымдары, ақша-қаражат, ғылыми-техникалық жаңалықтар бүкіл кедергіні жеңіп отыр. Жаһандану жер бетіндегі бүкіл қоғамдық іс-әрекеттерді интернационалдандырумен байланысты дамуда. Бүл дегеніміз, қазіргі заманғы бүкіл адамзаттың әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени және басқа қарым-қатынастар мен байланыстардың бірыңғай жүйесіне кіретінін білдіреді.

Соңғы жылдардағы әкономикалық және саяси үдерістер, XXI ғасырдың алғашқы онжылдығында әлдеқашаннан бері ескі аймақтарда ыкпалдастықты дәрежесі едәуір артқан деп ұйғарым жасауға мүмкіндік береді. Жаңа Еуразиялық (посткеңестік), сондай-ақ Африкальщ ықпалдастықтың ара-жігі айқындалып отыр.

XXI ғасырда ықпалдастық жақындасулар үдерісі — бүкіл дүние жүзілік сипатқа ие болмақ.
Баќылау с±раќтары:

1.ХХІ ғ басындағы дүниежүзінің саяси картасы

2.ХХІ ғ басындағы планетаның демографиялық көрінісі

3.Дүниежүзілік экономикалық проблемалар

4.ХХғ мәдениет

5.ХХғ ғылым



27- лекция. Таќырыбы: 1945-1990жж аралығындағы Кеңес мемлекеті

Жоспары:

  1. Соғыстан кейінгі КСРО -ның қоғамдық-саяси.

  2. 60-жылдардағы КСРО.

  3. Экономикалық тоқырау.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.История внешней политики СССР. М1982 г

2 Верт Н История Советского государства. 1990-1991 гг

Лекция маќсаты:

Лекция мєтіні

Соғыстан кейінгі КСРО -ның қоғамдық-саяси. Соғстан кейінгі кезеңнің басты міндеті - қирағат экономиканы қалпына келтіру болды.1946 жылы наурыз айында болып өткен КСРО Жоғары Кеңесінің сессиясы халық шаруашылығы дамуының 1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспарының негіздерін бекітті.

Экономиканы қалпына келтіру жолдарын таңдауда, басшылар ауыр өнеркәсіптің бірнеше базалық салаларыңығ басымдылықпен дамуына сүйенген индустрияланудың сталиндік жобасын алды. 8 сағаттық жұсыс күні, еңбекшілердің жыл сайынғы демалыстары қалпына келтіріліп, міндетті жоспардан тыс жұмыс күні жойылды. Ал 1947 жылы азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына енгізілген карточка жүйесі жойылып, ақша реформасы жүргізілді, тауарлардың бөлшектеп сату бағасы төрт мәрте төмендетілді. Соғыста қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына, соғыс мүгедектеріне Кеңес үуіметі әлеуметтік қолдау көрсетті. Қарт адамдар, асыраушысысан айрылғандар мен жалғыз басты аналар, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыз адамдар мемлекеттік жәрдемақы алды.

1948 жылға қарай өнеркәсіп өндірісінің даму қарқыны соғысқа дейінгә деңгейіне жетті. 1949 жылы Каспи теңізінде тұңғыш рет ашық теңіздегі мұнай ұңғымасы жұмыс істей бастады. Нақ осы жылы КСРО-да атом бомбасы жасалды. Жалпы алғанды, осы кезең ішінде ғылыми - техникалық жетістіктерді өндіріске енгізу - зымыранядыролық салаларында зор табсқа жеткен қорғаныс өнеркәсібіне шоғырланған еді. Соғыстан кейінгі бесжылдықтың небәрі бір жылында 6200 ірі өнеркәсіп кәсіпорындары және көптеген шаруашылық мәндегі басқа нысандар қалпына келтіріліп, жаңадан салынды.

Сонымен қатар елдің қоғамдық -саяси өмірінде де біршама жағымды, демократиялық өзгерістер болды. Мысалы, төтенше жағдайы жою, мемлекеттік қорғаныс комитетін қысқарту, барлық деңгейдегі кеңестерге сайлану өткізу. Бүкілордалық Комунстік партияны Кеңес Одағының Комунистік партиясы деп атын өзгерткен партияның ХІХ съезі. Бұл И.В.Сталин қатысқан партияныңсоңғыв съезі болды. 1953 жылы 5 наурызда И.В Сталин қайтыс болды.

СОКП ОК-інің бірінші хатшылығына сайланған Н.С.Хрущев 1894-1974 ж.ж экономиканың алеуметтік бағытталу, ауыл шаруашылығының "Б" тобының салаларына капиталдың ұлғайуымен байлансты күрес жүргізе бастады. Елдің ауыл шаруашылығы дамуына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан Батыс Сібір мен Қазақстанда тың және тығайған жерлердің игеру қолға алына бастады. Шығыста ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңа аудандағы құрылды. Сондай-ақ "зинетақы туралы " Заң, салықтарды азайту, орта мектеппен жоғаы оқу орнында оқу ақысын жою, ауыл шаруашылығында ең төменгі кепілдендірілген еңбек ақы енгізу еңбек ақы енгізу, жұмыс аптасын қысқарту, тұрғын халықтың тыныс - тіршілік деңгейін арттыру маңызды қадам жасалды. Мектептердің, техникомдардың, жоғары оқу орындарын құралған ғылыммен мәдениеттің дамуына, жаңа техникалық Ревалютцияны жүзеге асырға жағымды ықпал етіп, ғарышты игеруді қамтамасыз етті. Нақ осы жылдарда ядыролық және зымырандық әлеует жасалып, дүние жүзінде алғаш рет жасанды Жер серігі құрастырылды. Ал одан кейінгі ғарыш кемесі ұшырылып, тұңғыш рет ғарышқа адам сапар шекті.

60-жылдардағы КСРО. 1964жылы Н.С. Хрущевтің қызметінен босатыруына байланысты өкімет басына Л.С.Брежнев (1906-1982жж.) басқарған партиялық элитаның консервативтік қанаты келді.

Өзінің қызыметінің бастапқы кезеңінде Л.И. Брежневтің тобы, нарықтық механизмдерге суйенген радикалды арекеттерге ниет білдірді. Ұжымшарлар мен кеңшарлардың қарыздарын жойды, сатып алу бағасы жоғарлады, мемлекетте өнімдерді жоспардан тыс сату үшін үстеме баға белгіленді, жеке қосалқы шаруашылықтардың шектеулерін алып тастады, ұжымдарда еңбек етушілер ай сайын жалақы ала бастады. Өнеркәсіп саласында жарны өнімдердің жоспарлы көрсеткіштері сатылған өнімдердің көлемімен алмастырылып, жоспарлы көрсеткіштердің жалпы саны қысқарды, түскен кірістің үлкен үлесін бөлу есебінен кәсіпорындардың шаруашылық есебі нығайтылды. Алайда аталмыш үрдістер 60-жылдаржың бірінші жартысына қарай бәсеңдей бастады.



Экономикалық тоқырау. Кеңестік жүйенің баяу эволюциясы, мемлекеттік социализмнің консерваторлығы, қоғам өмірінен радикалды өзгерістерді шығарып тастау "тоқырау" мәнін құрады. 70-жылдардың басына қараай консервативтік ағымдар түбегелей жеңді.

Әскери-өнеркәсіп кешкенінің шамадан тыс дамуы - халық шаруашылығының азаматтық салаларының артта қалуына, орлардың техникалық дамуына, Дүниежүзілік нарыққа бәсекеге қабілеттілігіне әкеліп соқты.

Еркін сауда күнделікті тұтыну бұйымдарының болмауы айналымдағы сыбайлас жемқорлыққа, бағаның өсуіне әкеліп тіреді. Әрбір бесжылдықта негізгі экономикалық көрсеткіштер құлдырап отырды. Тауарлардың сапасы төмендеп, іс жүзінде тұрғын үй жағдайы жақсартылмады, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жылдан-жылға нашарлады. 70-жылдардың ортасына дейін тіршілік деңгейі баяу түрде жоғарылап, содан кейін жеткілікті жоғары деңгейде болды. Бұл жағдай шикізатты сыртқа шығарумен және дүнежүзілік нарыққа мұнай мен газға бағаның өсуімен түсіндірілді.

1977 жылы Конституция қабылданып, одан 1980 жылға қарай комунистік қоғам құрудың утопиялық идеясы алынып тасталды. Ресми идиялогияда "дамыған социализім" идеясы айналып, ол жаңа Конституцияға бекітілді. Аталмыш Коституция СОКП-ның басшылық рөлін заңдастырып береді. Осы жылдары партократия билігі күшейтіліп , Мемлекеттік және партиялық аппаратың тұтасу үдерісі жедел түрде жүреді.



Баќылау с±раќтары:

1.1945-1953жж КСРО, халық шаруашылығын қалпына келтіру

2.КОКП-ның ХХ сьезі, оның позитивті және негативті салдары

3.Л.И.Брежнев саясатының қайшылықтары

4.КСРО-ғы экономикалық және әлеуметтік-саяси дағдарыс

28- лекция. Таќырыбы: 1945-1990жж аралығындағы Кеңес мемлекеті

Жоспары:

1 Кеңес қоғамындағы тоталитарлық жүйе.

2Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енуі. Ауған соғысы.

3.80-жылдары кеңестік қоғамда болған өзгерістер

КСРО мен АҚШ-тың жақындасуы.


  1. М.С.Горбачевтің кеңес қоғамын қайта құру туралы идялогиялық күйреуі.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.История внешней политики СССР. М1982 г

2 Верт Н История Советского государства. 1990-1991 гг
Лекция маќсаты:

Лекция мєтіні :

Кеңес қоғамындағы тоталитарлық жүйе. "Тотолитаризм" ұғымы латынның "тотальді" деген сөзінен шыққан, ол саяси сөздікте тек ХХ ғасырдың ортасында пайда болған. Аталмыш ұғым саяси жүйені сипаттайды, онда:


  • билік ең жоғары шекте ортаталықтандырылған;

  • бір ғана ресми идиалагия үстемдік еткен;

  • мемлекет қоғам өмірінің барлық саласында толық бақылауды жүзеге асыратын саяси жуйені сипаттайды.

Тоталитарлық жүйені, ең алдымен, Л.И.Брежневтің айналасындағы адамдар қалыптастырды. Оладың көпшілігі Л.И.Брежнев Украйна, Молдавияның партия ұйымдарын басқарған кезде бірге қызмет істегендер -И.Тихонов, Н. Щелоков, К. Черненко М. Суслов, С. Трапезников және басқалар еді. Олар Л.И. Брежневтің сіңірген еңбегін асыра мақтаумен болды. 70 - жылдары Л.И. Брежневті ұлықтау науқаны күшйе түсті.

1965 - 1972 жылдары елде бұл режіммен келіспейтін бейресми қоғамдық - диссиденттік қозғалыс рәсімделді. Оның бастауында А. Гинзбург, А. Сахаров, В. Буковский, Л. Богараз, т.б. тұрды. Өкімет олардың қызметін тоқтату үшін батыл шаралар қабылдады. 70 - жылдары биліктің нақты механизмі партия - мемлекеттік аппараттың қолына бұрынғыдан да көп шоғырланды. Кеңестер екінші орынға ысырылды. Кеңестердің мәртебесінің құлауы көптеген қосалқы заң актілерімен ауыстырылып отырған заңның беделінің төмендеуіне алып келді.



Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енуі. Ауған соғысы. 70- жылдардың басына қарай КСРО мен АҚШ арасында әскери - стратегиялық тепе - теңдік орнады.Осы кезеңде КСРО -ның Батыс Еуропа елдерімен және АҚШ - пен өзара жақындасулары болды.

Ауғаныстанға кеңес әскерлерін енгізу туралы Кеңес Одағының шешімі басқа елдердің оған деген сенімін жоғалтты. Бұл ағат шешім халықтан құпия, Л.И. Брежнев басқарған КСРО - ның саяси басшылығының ат төбеліндей адамдармен ғана қабылданды.

1978 жылы 27 сәуірде Ауғанстандағы көтеріліс Барысында билік басына КСРО-ның қолдануына сүйенген үкімет келіп, Ауғанстан Демократиялық Республикасы (АДР) жарияланды. Сотциялизм ешқандай алғышарты жасалмаған елде "социялистік қайта құрулар" жасау әрекеті жаңа режімге жаппай қарсыласуды туғызды. АДР басшылығы республикаға әскери көмек көрсету жөнне КСРО-ға өтініш жасады. Сонымен 1979 жылы желтоқсанда Ауғаныстан аумағыны кеңес әскерлері енгізілді.

Ауғанстанға әскер кіргізу туралы КСРО саяси басшылығының шешімі, дүние жүзінде басқыншылық саясат ретінде қабылданды. БҰҰ Бас Ассамблеясының төтенше сессиясы толық құрамда КСРО - ның әрекетін айтады. Батыс еледері Ауған жеріне әскерлердің енгізілуіне кем көлемді экономика және саяси ықпал ету шаралары бойынша жауап берді. Ислам әлемінде ауған оқиғалары ислам діні ықпалы өсуіне әсер етті. 1988 жылы 14 сәуірде Ауған мәселесін реттеу жөніндегі Женева келісіміне қол қойылды. 1989 жылдың 15 ақпанына қарай КСРО-ның бүкіл әскерей бөлімшелері Ауғанстаннан толығымен шығарылды.



80-жылдары кеңестік қоғамда болған өзгерістер Л.И.Брежнев қайтыс болғанымен құлдырай топтай қойған жоқ. Жалпыұттық дағдарыс күнен күнге пісіп - жетіліп келе жатты. Л.И. Брежневтен кейін өкімет басына келген Ю.В.Андроповтың (1982-1984жж) оны тежеу әрекеттері әсерлі бола қоймады, К.У.Черненко кезінде (1984-1985жж) бұл үдерістер тіптен жеделдетілді.

80-жылдардың ортасына қарай кеңестік қоғамның ауқымды экономика, алеуметтік, саяси дағдарысы пісіп - жетілді. Ең алдымен, ол басқарушы партияның монопологияның жоғалтумен көрніс тапты. Іле - шала оның идиалогиясы оның идиалогиясы жалғыз дара әрі үстемдік идиалогиясы болудан қалды.

Қоғамды ана құрлым терең реформалардың басталуы, 1985 жылы наурызда комонистік партианың жаңа басшысы болған М.С Гарбачевтің есімімен байланысты. Бастапқыда алеуметтік дамуды жеделдетуге бағыт алынып, 1987 жылдан бастап қайта құру концентратциясы ұсынылды. Халық шаруашылығын басқару құрылымының өзгерту қысарту мерзім ішінде экономиканы көтеруге тоқыры құбылыстарының кеңес адамдардың материалдық жағдайдың елеулі түрде жақсарту көзделді. Біртіндеп шағын кәсіп орындар, аксианерлік қоғамдар бірлескен кәсіп орындар комертссиялық банк туралы заңдар,қабылданып комертссиялық құрлымдарды дамыту үшін негізі қалады.

Бір депутаттық орнына бір ғана кондинатпен "комунистер мен партияда жоқтар" сайлау блогі жойылды. Сайлау баламалы және бәсекелі өтетін болды. КСРО коституйиясына СОКП-ның жетекшілік рөлі туралы алты бап аланып тасталды, бірінғай СКОП жекеленген фракциларға бөлініп, СОКП қатарынан жаппай шыңу басталды.

80 жылдардың соңыны қарай елдер жаңа әлеуметтік құрлымы қалаптасты. Экономика саласында жеке меншіктің жеке және аралас түрлері пайда болып туып келе жаттқан нарықтық механизімдер арқылы мемлекеттік және коперативтиік - ұжымшарлық жеке меншікті қайта бөлу басталды.

КСРО мен АҚШ-тың жақындасуы. 80-90-жылдардың аралығында КСРО-ның сыртқы саяси бағытының өзгеруі жаңаша саяси ойлаумен байланысты болды. СОКП-ның съезінің адамзаттың өмір сүруі үшін ядролық қару мен жаппай қаруланудың өлім қауіптері, қазіргі әлемнің тұтастығы мен дара байланыстылығы, әлеуметтік-саяси сайлау бостандығы туралы жасаған қортындысы, оның қалыптасуының басқа мемлекеттердің ісіне араластырмауы, қарудың күшімен халықаралық мәселелерді шешуден бас тартуды білдірді. Қайта құру мен жаңаша саяси ойлаудың нәтижесінде, КСРО мен АҚШ-тың арасында қарама-қарсылықтан өзара түсіністікке бетбұрыс болды. "Қырғи қабақ соғысқа" нүкте қойлды. Бұл өзгерістер басшылардың кеңес-американ кездесулерін ұйымдастыруда көрніс тапты.

1989-1991 жылдары шығыс еуропалық елдердің ішкі саяси көзқарастардың оппозициялық күштері келді. Бұл үдерістер социялистік лагерь бірлігінің құлауы негіз дайындап берді.



М.С.Горбачевтің кеңес қоғамын қайта құру туралы идялогиялық күйреуі. М.С Горбачев тобының "жеделдету" және "қайта құруға" алған бағыты, алдымен экономика саласына, содан кейін КСРО-ның саяси қайта құрлымдағы өзгерістерге қатысты болды.

Биліктің ескі топтық- әкімшілік жүйесінің сақталуы кезінде реформаға горбачаевтік әрекет жасау сәтсіздікке ұшырады. Реформалар мұқият ұйымдастыру даярлығынсыз асығыс түрде өткізді. Мысалы, ХІХ Бүкілордалық партия кофенграциясының (1988ж.) шешеімдеріне сәйкес билікті СОКП-дан Кеңестергеберу үдерісі басталды. Алайда Кеңес қоғамындағы партианың ерекше ролі ескерілмеді СОКП көптеген онжылдықтағы ағымындағы, айналасында қоғамдық саяси және экономикалық өмір қалыптасқан қоғамның өзегі болды. Атылмыс жүйеде басқарудың мемлекеттік ұйымдары көпшілігінде жетілдірілмеді. Сондықтан СОКП-ның басшылықтан шектеліуі елді басқарудан айырылуға, көп партиялық жүйенің қалыптасуына, ұлттық қозғалыстарының дамуына әкеліп соқты. 1990 жылы маусымда РКФСР - дің мемлекеттік егемендігі жариаланды РКФСР-дың жариалануы КСРО-ны одан әрі әлсіретті РКСФР-дың үлгісін ала, орталықтың нұсқауынан құтылуға ұмтыла отырып, басқа одақтас Республикалар өз тәуелсіздігін жариалады. 1991 жылы КСРО тарихындағы бетбұрыс жылы болды. Наразылық білдірген адамдардың қалың бұхарасы көшеге шықты. Сансыз шерулер өткізген адамдар қайта құру барысында ашық наразылықтарын білдіріп, үкіметті қайта құру көсемі М.С.Гарбачевті сынға алды. СОКП-ның құралуы КСРО-ның ыдырауына негізі дариалап берді.



Баќылау с±раќтары:

1.1991ж 17 наурыздағы референдум және оның нәтижелері

2.1991ж КСРО-ғы оқиғалар және оған берілген баға

3.КСРО-ның жойылуы және ТМД-нің құрылуы



29- лекция.

Таќырыбы: 90жж Ресей Федерациясы

Жоспары:

  1. КСРО ның ыдырауы. Беловеж келісімі.

  2. 90-жылдардағы Ресей федерациясындағы реформалық кезеңнің басталуы. Реформалық кезендегі жүргізілген шаралар.

  3. 2000 жылғы президенттік сайлау. В В Путин.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.История внешней политики СССР. М1982 г

2 Верт Н История Советского государства. 1990-1991 гг

3 Миф о застое. М .,1970 гг

4 Хроника техуших событии. М 192 г

5 Сахаров А Д Мир прогресс против человека. Ь1990 г

6 В августе 1991 г Россия глазами очевидцев. М.С. П. 1990 г

7 Битов . А. Мы проснулись в незнакомой стране. А.1992 г

8 Новеишая история отечества. Т.1.2. М 1990 г

9 Новеишая история . А. 1997г.


Лекция маќсаты: ХХғ 90жж Ресей Федерациясының дамуы туралы түсінік қалыптастыру
Лекция мєтіні

КСРО басшылары 80-ші жылдардағы сыртқы саясаттағы және ішкі экономикалық дағдарыстарды әлі де айқын жеткілікті бағалай алмады.Л. Брежнев командиясының орнына келген ел басшылары М.Горбачв С. Лигачев, Н.Рыжнов-бұрынғыша ел проблемасыни ескі-әміршіл әдістермен шешуге болады деген сеніммен орылмады. Республикада бостандық пен тәуелсіздік беру туралы талаптар жергілікті жерлерде және Мооскваның өзінде естіліп келгенмен бұл бұрынғы жылдардағы сияқты жершілдік немесе ұлтшылдық, қарсыластардың әшеиін ойыны ретінде қабылдады. КСРО-ны жайлаған дағдарыстың терендігін түсінген зиялылардың азғантай тобы болды, олардың ішінен А.Д.Сохаровты, ж. т.б. айтуға болады.

Орасан зор ядролық арсенолы бар КСРО, үлкен армиясы бар болғанмен дәрменсіз еді. Төмен тұрмыс, экономикалық тоқырау ел наразылығын күшейте түсті.

1991 ж 1-июнді Прагада Варшавам шарты өз күшін жойды. Европаның шығысында үлкен саяси өзгерістер КСРО-ға да әсер тигізді.

1991 ж 19 тамыз оқиғасы М. Торбанов басқарған басшылыққа қарсы шықты. КПСС-ның беделі төмендеді.

Саяси партиялар құрыла бастады.Диалектиканың заның естен шығармауымыз керек. 1991 ж желтоқсан айы 1-2 РССР, Украйна , Беларусь басшылары Белапрус остинасы Минскіге жақын Беловеж орманында бас қосып 1922 ж 30 декабрдегі КСРО-ны құру туралы келісімді күшін жойды деп мәлімдеді. Олар тәуелсіз мем-р достастығын құруға қол қойды. Бұл кездесуге Қазақстан , Закавказье, Орта Азия республикалары президенттері шақырылмады. Халық арасында славян мемлекеттері өз пактісін құрып жатыр деген сөз тарай бастады. 1991 ж 13 желтоқсанда Орта Азия Рес-ры мен Қазақстан басшылары Ашкабадта бас қосты. 20 желтоқсанда Алматыдва 10 мем-т ел басшылары бас қосты. М. С. Тарбаев бұған шақырылған жоқ.. Сағат 17-де ТМД дүниеге келді.

Кейбір КСРОқұрамындағы елдер ТМД-ға кіруге бас тартты.(Молдава, Балтық, Грузия) басшылары кірді. Т М Д құру оңай болған жоқ. КСРО-ның мүлкін бөлісу, сомдық аймақ құру КСРО-ның ортақ керуен жолдарын бөлу қиындық әкелді.

Ресей саяси күштер арасында тұрақсыздықтар байқалды. 1992 ж Ресей мен Украина арасында Қара теңіз флоты үшін талас басталды. Ресей мен Қазақстан арасында Байқоңыр ғарыш аймағы проблема туғызды. Ресейде саяси дағдарыс терендей түсті ол президент Б. Н. Ельцин мен вице-президент генерал А. Рускай арасындағы алауыздық 1993 ж 3-4 қазандағы қан төгіске әкеліп соқты. Ресей през-і Б.Н.Ельцин мен Ресей жоғары кеші депутаттары арасындағы алауыэдық Ельциннің парламенті теретуммен жарлық берді. Жоғарғы кеңесі тараған Хосбритов бастаған деп-р Б. Н. Ельцинді жұмысынан босатып А. Туркаиды президент етіп тағайындады. Осындай алғыс карбалите конгрес ішкі істер минист т.б. министрлер тағайындалды. Мәскеуде жағдай асқына түсті. Қазанның 3-і күні парламент отырған Ақ үйді жақтаушылар Мәскеу қаласы әкімшілігі мен Остонино ғимаратына шабуыл жасады. Б. Н. Ельцинді жақтаушылар Ақ үйге шабуыл жасады. Бүліншілік басылды.

Чериомирдин, ресормилер жасала басталды. Көптеген мем-р кәсіпорындар жекешенді. Елде саяси партиялық дүниеге келді.

Ресейдегі саяси демократиялық жанару көп автономиялардың дербестігіне алып не ұмтылуына алып келді. 1994 ж орыс-шешен жанжалы басталды. Жохар Дудаев Шешеністан президенті болып сайланған соң елді Игкерен республикасы деп жариялап оны Ресей федератциясы құрамынын шығарды. Бұл соғыс орыс күшейтіп шешен жері аяусыз бомбылады. Ж.Дузаев қаза болды. Ел през-і немесе Асми Мосходов сайланды. 1999 ж тамызда шешен әскерлері Дағыстандағы Кере-мехи, гебон мохи ауылдарын басып алды. Бұл екінші орыс-шешен соғысына желеу болды. Парсы шығысы дерепспция Ресей Иракты қолдады. Балкан дағдарысында Ресей басшылығы Сербияны қолдап, оған өз әскерлерін кіргізді. Ресейді бірнеше рет үкімет дағдарысы болды. Елді губернияларға бөлді. Федероиикеңесін құрды. Б. Н. Ельцин күтпеген жерден В.В. Путинді президентке ұсынды.


Баќылау с±раќтары:

1.Кеңестер билігінің жүйесін жою

2. Путиннің президенттігі
30- лекция. Таќырыбы: 90жж Ресей Федерациясы
Жоспары:

1.Е.Гайдар үкіметі және оның 1992ж монетаризм саясаты

2.Шешендер мәселесі

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Верт Н История Советского государства. 1990-1991 гг

2 Миф о застое. М .,1970 гг

3. Хроника техуших событии. М 192 г

4.Сахаров А Д Мир прогресс против человека. Ь1990 г

5.В августе 1991 г Россия глазами очевидцев. М.С. П. 1990 г

6. Битов А. Мы проснулись в незнакомой стране. А.1992 г

7. Новейшая история отечества. Т.1.2. М 1990 г

8. Новейшая история . А. 1997г.
Лекция маќсаты: ХХғ 90жж Ресей Федерациясының дамуы туралы түсінік қалыптастыру
Лекция мєтіні

1992-1993 жылдарда жаңа Ресей экономикасын өзгерту шараларын қолға ала бастайды. Негізгі бағыт экономикалық өзгерістерді заңдастыру үшін конституциялық заңдарға өзгерсітер енгізді. Ресейдегі саяси құрылым өзгерістерін заңдастыру міндеттері қойылды. Экономикалық реформаның басты бағыты нарықтық капиталистік қоғамға өту, демонипозициялау, жекешелендіру, жеке кәсіпкерлік топтарын құрып, жаңа қоғамға өту болды.

1991 жылы қазан айында Б.Ельцин Ресей Федерациясының халық депутаттарының сьезінде радикалдық экономикалық реформаның бағдарламасын жариялады. Реформаның мақсаты баға мен жалақыны либерализациялау (еркіндік беру), еркін сауда және жекешелнедіруді басты міндет етіп қойды. Елдегі экономиканың тоқырауын ескере отырып, бағдарламаны қолдап, президентке қосымша міндеттерді жүктеді. 1991 жылы 6-8 қарашада Б.Ельцин жаңа үкімет құрып, өзіне екі вице-премьерді белгіледі. Е.Гайдар экономикалық саласындағы бағыт беруші болып американдық либерал-экономист Д.Сакс тағайындалды.

1992 жылы 2 қаңтарда Ресей Федерациясында нарықтық экономикаға өту үшін алғашқы шараларды жүргізуге кірісті. Польшадағы Бальцеровичтің «шоковая терапия» әдісін қолданып, Е.Гайдар бағаны либерализациялады, бақылауды алып тастады, еркін баға принциптерін жүргізді. Мемлекеттік реттеуден бас тартып, саудагерліктің дамуына жол ашты.

1992 жылы қаңтарда баға 1000-1200 %-ға өсті. Жылдың аяғында 26 есеге өсті. Жалақы бар болғаны 12 есеге өсті.

1992 жылы сәуірде Ресей Федерациясының Халық депутатары кеңесінің ҮІ сьезінде үкіметтің реформа жүргізу саясаты қатты сынға алынды. Б.Ельцин үкіметінің құрамын өзгертуге мәжбүр болды. 1992 жылы маусымда Е.Гайдар мен парламент оппозиция арасына жекешелендіру саясатына жаңа пікірталас бастады. 1992 жылы 19 тамызда РФ президенті Б.Н.Ельцин «РФ – да жекешелендіру жүйесіне шек (чек) ваучер енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Қазан төңкерісінен кейін Б.Ельцин заң шығару орындарына сайлауды 12 желтоқсанға белгілейді. Мемлекеттік дума мен жаңа конституцияға сайлау уақытында өтті. Жаңа Ресей парламентінде саяси партиялар мен жеке блоктар қатысты.

Мемлекеттік думаға сайлаумен қатар Ресей Федерациясының жаңа конституциясына референдум өткізілді. Конституция жобасын қолдап 32,9 миллион адам дауыс берді. Референдумға қатысқан сайлаушылардың 58,4 %-ы қолдады. Жаңа конституция социалистік қоғамның жойылғандығын бекітті. Атқарушы билік президенттік болып бекітіді. Ресей Федерациясы президенттік республика болып қалыптасты.

1994 жылы желтоқсанда Солтүстік Кавказда соғыс қимылдары басталды. 9 желтоқсанда Б.Ельцин Ресей әскерін Шешенстанға, Ингушияға және Солтүстік Остияға кіргізуге бұйрық берілді.

Қару-жарақтың 80 %-ын және әскери техниканың 75 % -ын өз қолдарына алып, Ресей әскерінің Шешенстаннан әкетілуін талап етті. Шешенстанда соғыс қимылдары 1994-1996 жылдар аралығында жалғасты.

1995 жылы 14 маусымда Шамиль Басаев бастаған шешен партизандары Сатавраполь облысының Будденовск қаласында шабуыл жасап, ауруханада жатқан 1500 бейбіт адамдарды кепілдікке алды. 17 маусымда екі жақты келісімдердің барысында Ш.Басаев терроршыларға жіберілді. Ресей президенті Шешенстан мәселесін бейбіт келісімдер арқылы шешу жолын іздестірді.

1996 жылы 16 маусымда РФ президенттік сайлаудың бірінші кезеңі өтті. Б.Ельцин - 35,28 %, г.Зюганов – 32,04 %, А.Лебедь - 14,52 %, Г.Явлинский – 7,42 %, В.Жириновский – 5,7 % дауыс алды. Сайлау нәтижесінде Б.Ельцин жеңіп шықты.

1998 жылы 10 қыркүцекте мемлекеттік думаға премьер – министр Е.Примаковтың кандидатурасын ұсынды. Мемлекеттік дума депутатары Е.Примаковты қолдады. Сыртқы істер министірі болып И.Иванов тағайындалды. 1998-1999 жылдарында елде әлуметтік-экономикалық тұрқтылық орнады. 1999 жылы жаңа үкіметтің құрамына В.В.путин Федералдық қауіпсіздік кеңесінің директоры болып Н.Петрушев тағайындалды.

2000 жылы 26 наурызда Ресей Федерациясында кезекті президенттік сайлауы өтті. Сайлаудың бірінші кезеңінде 52 % дауыс жеңіп алған В.В.Путин президент болып сайланды.

В.В.Путин өзінің қызметін мемлекеттік конституциялық реформалаудан бастады. Федералдық жоғарғы билікті күшейту үшін Ресей әкімшілік бөлініп, әр аймаққа президент өзінің уәкілін қойды. 2000 жылы 1 қыркүйекте мемлекеттік Кеңес атқарушы мекемесін құрды. Мемлекеттік Кеңеске губернеторлар және Федералдық басшылар мүше болды. 2000 жылы 25 желтоқсанда губернаторларды сайлау арқылы емес, жергілікті депутаттар президентінің ұсынған үкіметтерін сайлап қоятын болды. Мемлекеттік дума және федералдық кеңестің мақұлдауымен «Мемлекеттік ту», «мемлекеттік әнұран», «Мемлекеттік елтаңбаларын» бекітті.

Баќылау с±раќтары:

1.Е.Гайдар үкіметінің саясаты

2.90жж Ресей қоғамындағы әлеуметтік-психологиялық шиеленістің өсуі

3.В.Черномырдин мен оның бағыты






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет