Сұхбаттасу әдісі. Танымның кеңінен таралған құралдарының түріне психологияда сұхбаттасу әдісі жатады. Сұхбаттың мақсаты – жауап берушінің сөзінен объективтік және субъективтік деректер туралы ақпарат алу. Психологияда қолданылатын сұхбаттасу әдісін екі түрге бөлуге болады: 1. “Бетпе-бет” – сұхбаттасу, арнайы жоспармен зерттеушінің жүргізетін сұхбаты;
2. Сырттай сұхбат – анкета. Ол өз бетінше толтырылады. Ауызша сұхбат психологиялық зерттеулер үшін дәстүрлі әдіс болып табылады. оны әртүрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың психологтары ертеден бері пайдаланып келеді. Бірақ сұхбаттасуға алғашқы ақпаратты жинау әдісі ретінде біршама шектеулік тән. Психологиялық зерттеулерде сұхбаттасуды қолданудың аясы жан-жақты:
-
зерттеулердің алғашқы кезеңдерінде бақылау жоспарымен жұмыс істеу үрдісінде тек қана сұхбаттасу пайдаланылады. Сұхбаттасу мәліметтерінің көмегімен зерттеу мәселесі бойынша өзгерістер анықталады, жұмыс гипотезасы ұсынылады;
-
сұхбаттасу басқа әдістердің көмегімен алынған мәліметтерді анықтау, кеңейту және бақылау үшін қызмет етеді. Сұхбаттасудың екі түрі кездеседі: қалыпты және қалыптан тыс.
Қалыпты сұхбаттасуда қойылатын сұрақтар және олардың бірізділігі алдын ала анықталып, барлық жауап берушілерге мазмұны бірдей болады. Зерттеушіге кейбір сұрақтардың мазмұнын өзгертуге немесе жаңа сұрақтар енгізуге, сұрақ беру тәртібін өзгертуге болмайды.
Қалыптан тыс сұхбаттың әдістемесі керісінше, толық икемді, кейбір өзгерістерді енгізуге болатындығымен сипатталады. Зертеуші сұхбаттың жалпы жоспарын басшылыққа алады, нақты жағдайларға сәйкес сұрақтың атын, сұрақтың қойылу тәртібін өзгертуге құқы бар.
Әңгімелесу – сауалнаманың бір нұсқасы. Сауалнамаға қарағанда әңгімелесу әдісі процедураны жүргізудің еркіндігімен ерекшеленеді. Әдетте, әңгімелесу жайлы жағдайда өтеді, ал сұрақтар сыналушының жағдайы мен ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Басқа әдіске құжаттарды зерттеу әдісі немесе адамның қызметін талдау әдісі жатады. Психикалық құбылыстарды зерттеу барысында әр түрлі әдістерді кешенді түрде қоданғаннан зертеу тиімді болатынын ескерген жөн.
Анкета әдісі – арнайы жасалынған сұрақтардың көмегімен жаппай материал жинау әдісі. Соңғы кезде психологияда бұл әдіске ерекше мән беріліп, тез арада респонденттерді жаппай сұрауға мүмкіншілік туды, әдістемесі тиімді және жиналған материалды автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік береді.
Анкета-мәселені шешу үшін арнайы сұрақтар дайындалатын эмпирикалық әлеуметтік психологиялық әдіс. Анкетаны дайындау үлкен жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті қажет етеді. Мұнда 30 - 40 минуттан артық уақыт берілмейді. Ол жазбаша, ауызша, жеке және топтық түрде жүргізіледі.
Анкета әдісінің (сырттай сауал жүргізу) өзінің ерекшеліктері бар. Сырттай сауал жүргізу кейде адамдардың өткір пікірталастарын туғызатын мәселелерге олардың қатынасын анықтау немесе қысқа мерзімнің ішінде көп адамға жаппай сұрау жүргізу қажет болғанда ғана анкета әдісі қолданылады. Анкета қалыпты сұхбаттасуға қарағанда көп жағдайда құпиялылығына толоықтай кепілдік береді, сондықтан да сұралғандар шын көңілден ешқандай бүкпесіз жауап береді. Бірақ анкетаны белгілі бір жұмыс гипотезасынсыз жүргізуге болмайды.
Сауалнама – зерттелгендерден сұрақ-жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Сауалнама жүргізудің бірнеше нұсқасы бар. Олардың әрқайсысының артықшылығы мен кемшіліктері де бар. Сауалнаманың үш түрі бар, олар: ауызша, жазбаша және еркін.
Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады. Сауалдың бұл түрі жазбашаға қарағанда адам психологиясына терең бойлатады, себебі зерттеушінің қоятын сұрақтары зерттелушінің мінезіне қарай түзетіле алады. Мұндай нұсқа көп уақытты, арнайы дайындықты қажет етеді, өйткені жауаптардың объективтілігі зерттеушінің мінезі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты.
Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады. Мұның ең көп тараған түрі – анкета. Оның кемшілігі мынада, қойылған сұрақтарға зерттелушілердің реакциясын біле алмайсың және зерттеу барысында оның мазмұнын өзгерте алмайсың.
Еркін сауал – жазбаша және ауызша сауалнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Мұндай сауалнамада зерттеудің тактикасы мен мазмұнын оңай өзгертуге болады, онда зерттелуші жайлы әр түрлі ақпарат алуға болады. Сонымен қатар стандартты сауалнама уақытты аз алады, ең бастысы нақты зерттелуші жайлы алынған ақпарат басқа адамның ақпаратымен салыстырылады, өйткені мұнда сұрақтар өзөгеріп отырады.
Сауалнама әдісін қарастыра келе, біз алынатын ақпараттың дәл екендігі жайлы және психологиядағы сандық және сапалық сипаттама мәселелеріне тірелдік. Бр жағынан, бұл проблема зерттеудің объективтілігімен байланысты. Психологтар өзіне көптен бері мынадай сұрақ қойып жүр: “Бақыланып жүрген құбылыстың кездейсоқ екенін немесе оның объективті бар екенін немен дәлелдеуге болады?” Психологияның қалыптасуы және дамуы барысында эксперимент нәтижесінің шынайылығын дәлелдейтін әдіснамасы анықталады. Бұған дәлел сондай жағдайдағы басқа зерттелушілерді зерттеудегі нәтижені қайталау. Ұқсастықтар көп болған сайын, табылған құбылыстың бар екендігі жоғары. Бұл нәтижелерді салыстыруға болатындығы проблемасына да байланысты. Әр түрлі адамдардың белгілі бір психологиялық мінездерін қалай салыстыру қажет?
Американдық ғылыми әдебиеттерде “Архивтік әдіс” термині қолданылады. Онда сыналушының іс-әрекетін бақыламай, оның күнделік жазбаларына, еңбек нәтижелеріне, оқу және шығармашылық іс-әрекетінің жазбаларына көңіл бөледі. Ал Отандық психологияда ол іс-әрекет нәтижесін талдау немесе праксиометриялық әдіс деген терминмен қолданылады. Бұл әдіс әр түрлі мақсатпен қолданылады. Мұнда биографиялық әдіс кеңінен таралған. Адамның өмір жолы зерттеледі. (оның жазбалары бойынша). Сондай-ақ контент – анализ әдісі де кеңінен таралған бұл әдісті талдауда көп кездесетін тақырып, сөз, термин, пікір немесе аяқталған кейбір, басқада көп кездесетін мәліметтерге көңіл бөлінуі сондай-ақ жобалау әдістері де осы топқа кіреді.
Іс-нәтижелерін талдау әдісі - оқушының іс-әрекет нәтижелерін шығармаларын, конспект, сурет т.б. талдау негізінде алынады.
-
БӨЛІМ. Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері
11 –лекция
Тақырыбы: Экспериментте психолог пен зерттелушінің қарым-қатынасы
Жоспары:
1. Экспериментатор тұлғасы.
2.Экспериментатордың іс әрекеті.
3.Экспериментатор қателіктерінің типтері.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.
2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.
-
Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.
-
Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.
-
Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.
-
Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.
Қосымша:
-
Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.
-
Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.
Лекция мәтіні:
Психологияда эксперимен жүргізуде эксперименталды жағдайда автоматты құралдарын ауыстыратын болсақ, ол идеалды экспериментке айналған болар еді. Бірақ психологияда барлық жағдайда автоматтандыруға келмейді. Сондықтан экспериментатор субъективті тұлға болғандықтан онда қателіктер, нәтиженің өзгеріске ұшырауы кездесуі мүмкін. Бірақ та ол қателікті дұрыстауға түзетуге болады . Мұндай еске алатын нәрсе экспирименталды ситуацияда экспериментатор жүріс-тұрысының тенденциясы бейсаналы түрде сыналушының жүріс –тұрысының өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Сонықтан экспериментатордың жүрі-тұрысы мен іс-әрекеті максималды түрде объективтік болуы керек . Сыртқы жағдайлардың әсерінен қарамастан нәтиже объективті көрсетілуі керек .
Іс-әрекет тұрғысынан алғанда эксперимент сыналушының психикасын зерттеп анықтау мақсатында жүргізілетін іс-әрекет . Эксперимент жүргізуде экспериментатор белсенді болуы керек, мұнда ол сыналушыға зерттеуді ұйымдастырып оған тапсырма береді, сыналушының жүріс-тұрысын жазып, нәтижесін бағалайды және қортынды шығарады .
Әлуметтік-психологиялық тұрғыдан алғанда экспериментатор жетекшінің мұғалімнің,ойында басқарушының ролін атқарады, ал сыналушы болса орындалушының, оқушының, ойынға қатысушының және бағынушының ролін атқарады.
Экспериментті экспериментатордың іс-әрекеті ретінде қарастыратын болсақ необихевиоризм моделіне сәйкес келеді . Стиумул – аралық уақыттан кейін - реакция , яғни экспериментатор оған сыналушыға тапсырма береді, ол сыналушы тапсырманы орындайды. Егер экспериментатор өзінің болжамына қызығушылығы жоғары болса, онда ол экспериментке бейсаналы түрде субъективті пікірін қосып нәтижесіне өзгеріс енгізуі мүмкін, яғни сыналушының болжам бойынша жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Бұл экспериментатордың іс-әрекетін американ психологы Р. Розенталь “Пигмалион” эффектісі деп атаған .Бұл атау грек мифінің негізінде туған .Пигмалион деген мүсінші керемет сұлу Галатея деген қыздың мүсінін жасайды, ол өте әдемі шыққандықтан Пигмалион оған ғашық болып қалады. Содан кейін құдайдан мүсіннің тірілуін тілейді. Құдайлар оның тілегін қабыл етіп, қыз тіріледі .
Сол сияқты зерттеуші өз болжамының расталуын қалайтын болса, онда ырықсыз түрде оның орындалуына жағдай жасайды . Мұндай жағдайды бақылауға алуға болады, ол үшін зерттеу жүргізуге экспериментатор ассистенттер қатыстырылады ,ол зерттеудің мақсаты мен болжамын білмеуі керек. Н. Фридман экспериментаторлар барлығы бірдей біліктілігі жоғары және объективті емес, мұнда басты мәселе – экспериментаторлар мотивациясының айырмашылықтары. Олар жаңаны тануға тырысқанымен де, олардың танымы, мақсаты, құралдары мен жолдары әр түрлі.
Сондай –ақ экспериментаторлар “идеалды сыналушы” мынадай сапаларды шешуі керек . Олар : тіл алғыш , саналы тез түсінетін, еңбексүйгіш агрессивті емес болуы керек. Ақылды экспериментатор бұл тек арман екенін біледі. Кейде сыналушының жүріс –тұрысы экспериментатор күткендей болып шықпаса, ол оның ашу-ызасын келтіруі мүмкін. Сондықтан экспериментатор объективті нәтиже алуы үшін мұндай жағдайларын көңіл бөлмеуі керек .
Сондай –ақ эксперимент жағдайына бейсаналы бағыттар, мимика, интонация эмоционалды т.б. әсер етеді және экспериментатордың сыналушыға берген алғашқы бағыты экспериментке әсер етеді. “Алғашқы әсер” эффектісі зерттеуде әрі қарайғы бағытында өз әсерін тигізіп отырады.
Эксперименттің нәтижесіне бірнеше факторлар әсер етеді :
-
экспериенттің нәтижесіне экспериментатордың биоәлеуметтік сапалары (жасы, жынысы, нәсілі , мәдени- діни , этникалық ерекшеліктері). Психоәлеуметтік сапалары (алаңдаушылық деңгейі , әлуметтік қолдауға қажеттілігі , агрессивтілік , жаулық , авторитарлық , әлуметтік статус ) . көңіл күй т.б. экспериентті бақылаудың мынадай түрлері бар :
-
зерттеуді автоматтандыру .
-
зерттеудің мақсатын білмейтін экспериментаторларды қатыстыру .
-
Бірнеше экспериментаторды әсерін толық жоя алмаймыз , бірақ та бақылауға алуға болады. Сондай - ақ экспериментатордың обьективті көзқарасын жетілдіру керек.
Экспериментатордың жеке басы немесе іс - әрекетіндегі негізгі екі мәселені қараған жөн.
-
қателіктер, яғни эксперимент кезіндегі нормадан еріксіз шығып кету. Мұндай қателіктерді жөндеуге болады.
-
Эксперимент ситуациясы барысында әсер ететін және санасыз психикалық әрекет бағытына әсер болып табылатын экспериментатордың тұрақты мінез – құлық тенденциясы.
Эксперимент нормасы оны өткізу құрылымы жоғары деңгейде объективті болуы керек. Яғни эксперимент нәтижесі экспериментатордың кәсіби шеберлігіне сыртқы ортаға әсер етпеу қажет.
Экспериментатордың іс - әрекеттік позициясы бұл сыналушының іс - әрекетін өзгерте отырып, оның психикалық ерекшелігін көрсетуге бағытталған, сыналушыға әсер етуші экспериментатордың іс - әрекеті болып табылады. Яғни экспериментатордың сыналушының жұмысын ұйымдастырады, сыналушыға тапсырма береді. Эксперимент нәтижесін бағалайды, эксперименталды жағдайға жетекшілік етеді. Сыналушының іс - әрекетін хаттамаға енгізеді, тіркеуге алады. Әлеуметтік психологиялық көзқарас бойнша экспериментатор жетекші, мұғалім, ойын, инциаторы рөлін, сыналушы, бағынушы, орындаушы, оқушы, ойынға қатысушы рөлін атқарады.
ХХ-ғасырдың 60-шы Американ психологтары эксперимент процедурасы барлық жерде бірдей болғанымен экспериментатордың жеке басына байланысты оның өтуі әртүрлі болады деген көзқарасты айтады.
Ал Фридман осы көзқарасты талқылай келе экспериментатор әртүрлі бақылауды, әртүрлі тіркеуге алады, әртүрлі баға береді деп нақтылай түседі.
Эксперименттің процедурасы бір болғанымен оның өтуінің әртүрлілігі әрбір экспериментатордың өзіндік мотивациясы өзгешеліктеріне байланысты болады. Олардың барлығы сыналушыдағы жаңа нәрсені танып, білуге тырысқанымен олардың сыналушыны тану мақсаттары әртүрлі болады.
Эксперименттің зерттеу объектісі - адам, ал эксперименттің зерттеу пәні – адам психикасы. Эксперимент кезінде экспериментатор мен сыналушының бірлескен іс - әрекетін өзгешелеуге болмайды. Сыналушы тек зерттеу мақсаты мен міндеттерін біліп қана қоймау қажет. Сонымен қатар эксперимент барысында не істеу керек, не үшін істеу керек екенін түсіне білуі керек.
Сыналушының көзқарасы бойынша эксперимент дегеніміз - өзінің жеке проблемаларын шешу үшін экспериментатормен қарым – қатынас жүргізудегі жеке өмірінің бір бөлігі болып табылады. Сыналушы кез келген қарым – қатынаста белсенді болуы мүмкін. Айталық, еңбек, оқу, ойын әрекеттеріндегі адамның белсенділігі, шығармашылық немесе эмоционалдық болуы мүмкін.
Журавлев экспериментті сыналушының іс - әрекеті ретінде қарастыра отырып, оны сипаттау үшін төмендегідей бірқатар жоспарларды көрсетеді:
1.Эксперименттің пәндік сипаттамасы яғни зерттеуге қатысушы адам зерттеуде қолданылатын құрал, сыналушының манипуляциялайтын объектісі, экспериментті жүргізетін жағдайлар зерттеуде пайдаланылатын аспаптар т.б.
2.Функционалдық құрылымы, яғни эксперимент кезіндегі сыналушыға тән әрекет тәсілдері, зерттеудің міндетті түрде компоненттік деңгейі, сыналушының іс -әрекетінің сапасына қойылатын баға талаптары сыналушының іс - әрекетіне немесе эксперимент жүргізудің уақытша сипаты.
3.Белгілі таңбалық эксперимент құрылымы:
а) сыналушының іс - әрекет мақсатымен зерттеу мақсаты жатады;
б) зерттеу әрекеті, ережелері мен тәсілдері жатады;
в) экспериментатормен қарым – қатынасы жатады;
г) зерттеудің мотивациялық құрылымымен танысу жатады.
12 –лекция
Тақырыбы: Эксприментатор мен зерттелушінің тұлғасы мен іс-әрекеті;
Жоспар:
-
Эксперименттің психологиялық заңдылықтары.
-
Сыналушы тұлғасы:
-
Сыналушы іс - әрекеті:
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.
2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.
3.Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.
-
Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.
-
Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.
-
Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.
Қосымша:
-
Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.
-
Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.
Лекция мәтіні:
Психологиялық эксперимент – бұл сыналушының экспериментатормен кездесуі мұнда адамның қатысуымен өткізілетін эксперимент туралы айтылады. Эксперимент зерттеу объектісі адам ал зеттеу пәні адам психикасы болып табылатып зерттеу. Ол зерттеуге сыналушының қатысуынсыз өтпейтіндігімен ерекшеленеді сыналушы зерттеудің мақсатымен міндеттерін (шынай болмасада) біліп қана қоймай эксперимен барсында не істеу керектігін түсінуі керек және осы іс әрекетті қабылдауы керек.
Сыналушының көз қарасы бойынша эксперимент - өзінің жеке мәселелерін шешу үшін экспериментатармен бірге өткізілеті бір белігі. сыналушы оқуда, ойында, қарым қатнаста белсенді болуы мүкін, ол эмоцалды немесе шығармашылық сипатта көрінеді. Кез-келген жағдайда ол зерттеу барысында осы қасиеттің көрсете білуі керек, осыған байланысты жүріс – тұрыстық міндеттерді орындағанда экспериментатор осы ерекшеліктерді ескере отырып, зерттеуді ұйымдастыруы керек.
Эксперимент сынаушының көзқарасымен реалды іс - әрекет болып саналады. Сондай - ақ кез - келген экспериментте ойының элементтері бар. Зерттеу процесі мен нәтижесі оның қандайда бір мәселесін шешуге көмек теседі. Сынаушы мен экспериментатордың қарым қатынасы олардың біріккен іс әрекетін тиімді ұйымдастыру мен сынаушының іс - әрекетін реттеуге тиімді жағдайы болып табылады.
Адам экспериментке толық тұлға ретінде қатыстырылады. Г. Е. Журавлиев эксперименті сыналушының іс - әрекеті ретінде қарап, оны сипаттаудың мынандай жоспарлары көрсетеді.
-
Физикалық эксперименке қатыстырушы адамдар, объектілер, жағдайлар құралдар эксперимент өткізілетін ретінде қарастырылады.
-
Функционалды сыналушының әрекет тәсілдері, сыналушының компонеттерін деңдейі эксперинттің өткізілуімен сыналушының сипаттамасы.
-
Белгілі симвоменалдық: 1 сыналушы іс әрекетінің мақсатымен зертеу мақсаты, 2 әрекет тәсілдері мен ережелері.
3. Экспериментарормен қарым – қатынас,
-
Мотиватциялық бағытпен танысу.
Психологиялық эксперимент басқа ғылыми зерттеулермен салыстырғанда инстукциясымен ерекшеленеді. Сыналушы онымен таласқанна кейін, барлық талаптарды өз еркімен орындауға кіріседі истукцияны алғаннан кейін сыналушы тапсырманы түсінуі және орындауы керек. Егер ол тапсырманы түсінбесе ол операцияны дұрыс орындамайды сондықтан инструкцияны дұрыс түсінуін мұқият бақылап, сұрақ қойып оның дұрыс түсінгендігіне көз жеткізу керек. Зерттеу аяқталғаннан кейін сыналушымен инструкцияны талаптарында, оны орындауда қандай қиындықтар болуы, сол туралы интервью өткізеді.
Сыналушы эксперименталды тапсырманы қабылдамауға немесе оны орындауда бас тартуға құқылы.
Сыналушы экспериментаторды жене тапсырманы орындаса, экспериментатор нәтижеге жетумен көмектеседі.
Сыналушылар зерттеуге өз еркімен және мәжбүрлі түрде қатыстыруы мүмкін. Ырықты қатысуға негізгі себеп бұлардың мотивициясына байланысты. Көбінесе олар өз - өздерін танып, айналасындағылармен қарым қатынасты жақсарту үшін қатысады.
Егерде сыналушы мәжбүрлі түрде қатысатын болса, эспериментке сонымен, экспериментаторға қастықпен қарайды және өздерін объективті көрсетпей, нәтижені өзгерту мүмкін.
Р. Розенталь ырықты сыналушылық мәжбүрлі сынылушыдан мынадай айырашылықтары бар деп көрсетеді.
-
Білім деңгейінің жоғары болуы.
-
Әлеументтік статусыны біршама жорғарлығы.
-
Интелект деңгейінің жоғары болуы.
-
Әлеуенттік мақұлдануға қажеттілігінің жоғарылығы
М. М. Этмен сыналушыларды позитивті даярланған, негативті даярланған және енгіш сыналушылар деп бөледі.
13 – лекция
Тақырыбы: Сыналушының тұлғасы және психологиялық эксперимент жағдайы.
Жоспар:
-
Эксперименталды қарым – қатынас.
-
Сыналушының эксперимент кезіндегі іс - әрекет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента. М., 1978.
2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование Спб.: Питер., 2001.
3.Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь – справочник по психодиагностике. Спб.: Питер. Ком., 1999.
4.Годфруа Дж. Что такое психология, в 2-х томах. М., 2001.
-
Дружинин В.Н. Экспериментальная психология. Учебное пособие. Спб.: Питер, 2007.
-
Налимов В.В. Теория эксперимента. М., 2002.
Қосымша:
-
Бурлачук Л.Ф., Савченко Е.П.Психодиагностика Киев, 1995.
-
Норакидзе В.Г. Методы исследования характера личности. Тбил. 1975.
Лекция мәтіні:
Эксперименталды психологияда сыналушының психикалық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған экспериментатордың ұйымдастыруындағы сыналушымен бірге өзара бірлескен іс-әрекеті. Психологиялық эксперимент экспериментатор мен сыналушының өзара қарым-қатынасы болып табылапды. Яғни экспериментатор мен сыналушының бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру және оны іске асыру процесі эксперименталды қарым-қатынас болып есептелінеді.
Сыналушы – психолог – экспериментаторға өзінің өмірлік жоспарымен, мотивтермен экпериментке қатысу мақсатымен келеді.
Зерттеу нәтижесінде экспериментатормен қарым-қатынаста пайда болатын сыналушының жеке басының мұндай мәселелерін шешумен психологияның эксперименталды әлеуметтік психологиясы айналысады.
Психологиялық экперимент біртұтастық интуиция ретінде қарастырылады. Балалардың ақыл-ойына тест жүргізу кезінде баланың ішкі жан дүниесіндегі жағдайы әсер ететіндігі туралы өткен ғасырдың 20-30 ж.ж сөз болған.
Тестік жағдайларда әр түрлі қоғамдық топтардағы балалармен эксперименталды қарым-қатынас жүргізуге әр түрлі жағдай қолдану қажет. Сонымен қатар балаларға күнделікті қолданбалы жеңіл үйреншікті тілмен қолдану қажет. Осындай талаптардан кейін балалардың ақыл-ойында айырмашылықтар болмауы мүмкін.
Көптеген психологтар эксперимент ситуациялары эксперимент нәтижесі әсерінің маңызын мойындайды.
Эксперимент процедуралары ерексектерге қарағанда балаларға көп әсер ететіндігі анықталған. Мұндай жағдайлар баланың психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты.
1.Балалар ерсектерге қарағанда эмоционалды болып келеді. Ересек бала үнемі психикалық мәні бар объект болып табылады. Ол не пайдалы, не қауіпті, не жағымды, не ажырата алмағандықтан бұл түсінік арасы алшақ болуы мүмкін. Балалар ересек таныс адамдарға ұнағысы келмейді. Олармен контакт жасаудан қашады. Ересектің экспериментаторға қатынасы экспериментке қатынасын да өзгертеді.
2.Баланың жеке басының ерекшеліктерінің көрінуі ересектерге қарағанда көп жағдайда ситуацияға байланысты. Ситуациялық қарым- қатынас жасау барысында балалар экспериментатормен нәтижелі қарым-қатынас құруы қажет, оның сұрақтары мен талаптарын түсіне білу қажет. Сондықтан экспериментатор балаға эксперимент ситуацияларын әдеби тілде емес, қарапайым тілде түсіндіреді, балаға эмоционалдық ерекшеліктермен жеткізеді. Ал, ересек адамға әдеби ғылыми тілде сөйлей отырып, балаға эмоционалды қатынас құрмайды. Экспериментатордың балаға зерттеуге енуі үшін дауыс ырғағын, интонациясын, екпінін, мәнерін, мимикасын, жесттерін өзгертіп отырады.
3.Бала ересекке қарағанда көбіне шындық, тірі қимылды игереді. Психологиялық эксперименттің әлеуметтік психологиялық аспектісін ашқан, алғаш негізін салушы С. Розенцвейг болды. Оның 1933 ж. баспадан шыққан еңбектерінің бірінде эксперименттің нәтижесін өзгертуіне әсер ететін қарым-қатынастың негізгі факторларын ашып берді.
1. “Бақылаушыға қателіктер” қатерлі. Олар реакцияны таңдау кезінде зерттелушінің шешімді қабылдауының талаптарына байланысты.
2. Сыналушының мотивациясына байланысты қателер. Мұнда сыналушы эксперименттің мақсатына емес және мәніне өз түсінігі бойынша сәйкес әрекет жасауы мүмкін не болмаса сыналушының өзіндік жеке басының көрсе қызарлық, көкіректік, мақтан құмарлық мотивтері әсер етуі мүмкін. Зерттеуші экспериментке өз сенімімен немесе өз еркімен қатысудың өзі қателер себептері болып табылатын сыналушыдағы түрлі мінез-құлықтарды көрсетеді.
-
БӨЛІМ. Экспериментті жоспарлау
Достарыңызбен бөлісу: |