Жағдайлық есептер:
1.Зерттеуге арналған сұйықтыққа сапалық реакция жүргізетін кезде байқалған:
Биурет реакциясы – оң
Нингидрин реакциясы – оң
Шульце-Распайль реакциясы –теріс
Адамкевич реакциясы –теріс
Қандай қорытынды шығаруға болады?
2. Екі ерітіндіде түсті реакцияны жүргізгенде:
Бірінші ерітіндіде:
Биурет реакциясы – оң
Нингидрин реакциясы – оң
Фоль реакциясы – оң
Екінші ерітіндіде:
Биурет реакциясы – теріс
Нингидрин реакциясы – оң
Фоль реакциясы – оқ болғаны байқалды
Қандай қорытынды шығаруға болады?
3. Белок құрамында изолейциннің жоқтығы анықталды. Бұл белокты құнды деп санауға бола ма?
4. Белоктың біріншілік құрылымында белоктың атқаратын қызметі туралы ақпарат бар деп айтуға бола ма?
5. Белок ерітіндісіне тең көлемде (NH4)2SO4-ң қаныққан ерітіндісін қосқан кезде тұнба пайда болды. Қандай белок тұнбаға түседі?
6. Белоктың қышқылдық гидролизінің дәрежесін анықтаңыз, егер:
а) биурет реакциясы әлсіз күлгін түс берсе, ал тұздалу реакциясы кезінде (NH4)2SO4 қосқанда тұнба пайда болса;
б) биурет реакциясы әлсіз күлгін түс берсе, ал тұздалу реакция кезінде тұнба пайда болмаса.
7. Биохимиялық зерттеулер жүргізген кезде биологиялық материалдардағы төмен молекулалы қосылыстарды анықтау алдында ерітіндіден белоктарды бөліп алып тастайды. Бұл мақсатта үш хлорлы сірке қышқылын жиі қолданады, ол қандай әсер көрсетеді?
8. Мышьякты ангидридті стоматологияда ұлпаны некротизациялау үшін қолданады. Оның әсері неге негізделген?
9. Рибонуклеаза ферментін мочевинамен өңдеген. Фермент активтілігін жоғалтып, денатурацияға ұшырайды ма? Неге?
10. Науқаста тромб түзілуге бейімділік бар. Гликозамингликанның қандай өкілін тромбты емдеу және оның профилактикасы үшін қолдануға болады?
11. Сүтті қайнатқан кезде бетіне жұқа қабат пайда болады. Жұқа қабаттың құрамына қандай белоктар кіреді, қандай ерітіндіде қалады, неге Егер сүттің рН-ы қышқылдық болса, жағдай қалай өзгереді?
12. Науқастан алынған қанды центрифугадан өткізгеннен кейін плазма сүт түстес екені анықталды. Мұндай түс неге пайда болады? Осы түстен қалай айырылуға болады?
13.Дезоксирибонуклеопротеидтің жекелей қышқылдық гидролизі жүргізілген. Бұл гидролизатта ТМФ, ГМФ, цАМФ барын анықтауға бола ма?
14. Рибонуклеопротеидтің қышқылдық гидролизі жүргізілген. Бұл гидролизатта ТМФ, ГМФ, цАМФ анықтауға бола ма? Себебін түсіндіріңіз.
15. Гидролизатта гистон типті белоктар ашылды. Қандай жануарлардың ДНП-да осындай белоктар кездеседі?
16. Белгісіз ерітіндісі бар екі пробиркаға сахараза ерітіндісі қосылды. Содан кейін бірінші пробиркаға Селивановтың түсті реакциясы, ал екінші пробиркаға Фелинг реакциясы жасалды. Екі реакцияда – оң нәтиже көрсетті. Олардың қайсысы сахаразаның абсолюттік арнайылығын көрсетеді? Пробиркаларда қандай субстрат болды? Абсолюттік арнайылық дегеніміз не?
17. Фермент әсерін тоқтату үшін ерітіндіге қандай реактив қосу керек? Ингибирленуін қалай түсіндіруге болады?
18. Пепсиногеннің пепсинге айналуы бұзылған. Бұл қандай жағдайларда болуы мүмкін?
19. α – аланин және α –кетоглутар қышқылының қоспасы бар пробиркаларға: біріншісіне-бауыр гомогенаты, екіншісіне – алдын ала қайнатылған бауыр гомогенаты қосылады. Пробиркалар оптималды температура жағдайына 30 минутқа қойылады. Қай пробиркада қандай реакция жүреді? Қандай өнім пайда болады? Реакция теңдеуін жазыңыз. Неліктен екінші пробиркада реакция жүрген жоқ? Түсіндіріңіз.
20. Пирожүзім қышқылының декарбоксилденуі кезінде бір жағдайда сірке альдегиді (ацетальдегид), басқа кезде ацетилКоА түзіледі. Аталған декарбоксилдену реакцияларында қандай айырмашылық бар? Катализдейтін ферменттерді атаңыз.
21. Жасушада анаэробты жағдай қалыптасты. ҮКЦ-ның реакцияларында не байқалады? Неліктен?
22. Жасуша құрамында АТФ саны көп те, ал АДФ саны аз. Осы жағдайда БТ жылдамдығы қандай? Неліктен?
а) Р/О коэффициенті 2-ге тең, мұны қалай түсінуге болады?
б) Р/О коэффициенті 1-ге тең, мұны қалай түсінуге болады?
23. α-кетоглутар қышқылы тотыгудан декарбоксилденгенде сукцинил-КоА түзіледі. Осы реакцияны қандай ферменттер катализдейді? Тағы да қандай кетоқышқыл осы жолмен тотығады?
24. ҮКЦ-де НАД-тың 3 молекуласы тотықсызданатыны белгілі. ҮКЦ-ң қай сатысында осы реакциялар болатынын көрсетіңіз.
25. Ішегіндегі гельминттер бар балалар әлсіз, түрі боз, өйткені гемоглобин мөлшері төмендеген. Бұл немен түсіндіріледі?
26. Қан сары суында пируваттың мөлшері жоғарылады. Осы қышқыл зәрдің құрамында пайда болады. Қай витаминнің авитаминозы кезінде бұл жағдай байқалады?
27. Науқаста амин қышқылының алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі де зақымданған, РР витаминімен емдеуге келмейтін дерматит ауруы байқалды. Қай витаминмен емдеу қажет?
28. Науқаста пернициозды анемия. Бұл жағдай қай витаминдердің жетіспеушілігінен болады?
29. Науқастың кешке қарай көру қабілеті төмендеген. Көз жанары құрғаған, терісі құрғап түлей бастаған. Қандай витамин жетіспегенде мұндай құбылыстар дамиды? Оның биологиялық рөлі қандай? Тәуліктік қажеттілігі және табиғатта тарауы.
30. Науқас баланың басы үлкен, еңбегі бітпеген, іші үлкен, тістерінің өсуі кешеуілдеген. Диагнозы қандай? Қандай витаминмен емдеуге болады? Сол витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
31. Науқас әйел бұлшық еттерінің әлсіздігіне шағымданады, бірнеше рет түсік тастағаны белгілі болды. Науқасты қай витаминмен емдеуге болады? Сол витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта тарауы.
32. Науқастың мұрнынан және асқазанынан жиі қан кетеді. Хирургиялық операция кезінде де қан көп кетеді. Бұл қай витаминнің жетіспеушілігінен болады? Сол витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
33. Науқаста психикасының өзгергені, есте сақтау қабілетінің нашарлағаны, галлюцинация, тәбетінің нашарлауы, жүрек-қан тамырлар жүйесі, жүйке жүйесінің ауруы байқалады. Балтыр бұлшық еттері ауырады. Науқастың диагнозын атаңыз. Қандай витаминмен емдеуге болады? Сол витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
34. Науқастың ауыз қуысында (тіл, ерін, жұтқыншақ) кілегей қабаты қабынады., глосситтілдің түсі алқызыл болады, шырышты қабығы құрғайды. Көздің қасаң қабаты қылтамырланып (васкуляризация), катаракта пайда болады. Сол витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
35. Науқастың терісі қабынады (дерматит). Фоль қышқылымен емделмейді, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
36. Науқаста фоль қышқылымен емделмейтін анемия, асқазан сөлінің қышқылдығы төмендеген. Науқасты қандай витаминмен емдеуге болады? Сол витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта тарауы туралы түсінік бер.
37. Науқастың басы айналып, іші өтіп, іш аймағы ауырып, тез ашуланғыштығы байқалады. Бет, мойын, қол терілерінің симметриялы түрде зақымданған. Қандай витаминмен емдеуге болады? Сол витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық қызметі, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
38. Науқаста көп мөлшерде сульфаниламидтер мен антибиотиктерді қабылданғаннан дерматит пайда болған. Ол шаштың түсуіне, дене терісі қызарып түлеуіне, тырнақтың зақымдануына әкеп соқтырды. Қай витаминмен науқасты емдеу керек? Сол витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы туралы түсінік беріңіз.
39. Қан құрамындағы глюкозаның мөлшері 1) 2,0 және 2) 8,5 ммоль/л тең. Осы жағдай қалай аталады? Глюкозаның осы аталған мөлшерінде бауырда қандай үрдіс күшейеді - гликогеногенез бе немесе гликогенолиз бе?
40. Тамақтанғаннан кейін 1 сағат өтті. Қақпа венасының қанында және шеткі қан тамырларында қандай көмірсулар қанша мөлшерде болады?
41. Неліктен лактазаның жетіспеушілігі сүт ішкен адамдардың іші өтеді, ал айран ішсе-өтпейді?
42. Науқас балада осмостық диарея байқалады. Бұл жағдайды қандай өзгерістермен түсіндіруге болады?
43. Науқастың бұлшық етіндегі гликогенфосфорилазаның ақауы бар. Бұл адам ұзақ уақыт бойы жаттығуларды шаршамай жасай ала ма? Себебін түсіндіріңіз.
44. Науқаста В1 витаминінің айқын гиповитаминозы байқалады. Көмірсулар алмасуында қандай өзгерістер болады?
45. Науқас ауыр жұмыс жасағандықтан, бұлшық еттері ауырады. Неліктен? Ауырсыну сезімін жеңілдету үшін не істеу керек?
46. Шамадан тыс күшейген гликолиз кезінде бауырда глюконеогенез жылдамдығы қалай өзгереді?
47. Гликолитикалық ферменттер мен Кребс циклінің ферменттерінің активтілігі төмендегенде организмде қандай биохимиялық өзгерістер байқалады?
48. Науқастың есте сақтау қабілеті нашар, тағамға тәбеті тартпайды, жүрген кезде балтырдың бұлшық еті ауырады. Қандай витаминмен емдеу қажет? Оның биологиялық ролі.
49. Науқастың тілінің кілегей қабаты қабынған, езулері тілінген, көздің қасаң қабығы васкуляризацияланған, А витаминінің сіңірілуі бұзылған. Осындай күй қандай витамин жетіспегенде байқалады? Оның биологиялық ролі.
50. Науқастың ұйқысы нашар, ашуланшақ, ішектің функциясы бұзылған (диарея), беттің және қолдың терілері симметриялы түрде зақымданған, галлюцинация байқалады. Бұл құбылысты қандай витаминнің жетіспеушілігімен түсіндіруге болады? Оның биологиялық ролі.
51. Баланың ОЖЖ-нің қозғыштығы жоғары, глутамин қышқылынан ГАМҚ-ның синтезінің жеткіліксіздігіне байланысты тырысып қалу байқалады. Бұл құбылысты қандай витаминнің жетіспеушілігімен түсіндіруге болады? Оның биологиялық ролі.
52. Науқас көп антибиотик қабылдағандықтан, шаштары түсіп қалған, май бездерінің функциясы күшейген, дерматит, тырнағы сынғыш. Қандай витаминмен емдеуге болады? Оның биологиялық ролі.
53. Науқас сульфаниламидті препараттарды көп қабылдағандықтан, гемоглобиннің және қанның формалы элементтерінің синтезі бұзылған, В12 витаминімен емдеу нәтиже бермеді, қандай витаминнің синтезі бұзылған? Оның биологиялық ролі.
54. Науқастың асқазанын алып тастағаннан кейін пернициозды анемия пайда болды, Вс витаминімен емдеу аурудың жағдайын жақсартпады. Қандай витаминмен емдеу керек? Оның биологиялық ролі.
55. Науқаста әлсіздік, тез шаршау, қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі артқан, петехиялар байқалады, қызыл иектері қанайды, тістері түседі, гемоглобин синтезі төмендеген. Бұл қандай витамин жетіспегенде байқалады? Оның биологиялық ролі.
56. Дәнекер тінінің түзілуінде маңызды роль атқаратын, ал полиавитаминоздары кезінде әлсіздік, қызыл иектің қанауы, тістерінің түсуі, капилляр қабырғасының жарылуы байқалады. Осы витаминдерді атаңыз. Олардың биологиялық ролі.
57. Липидтердің пероксидті тотығуының күшеюіне байланысты бұлшық ет дистрофиясы, бауырдың майлануы, гонадотропты гормондар синтезінің бұзылуы, ұрықтың ыдырауы, ұрық бездерінің атрофиясы, эритроциттер гемолизінің артуы байқалады. Бұл қандай витамин жетіспегенде байқалады? Оның биологиялық ролі.
58.Ақыл-есі кем науқас сүт ішкенде іші өтеді. Қандағы глюкоза концентрациясы төмен, ал мальтоза мен лактозаның концентрациясы қалыптыдан жоғары. Зәрден галактоза анықталған. Осы күйді қалай түсіндіруге болады?
59. Гексокиназа тек бұлшық ет тінінде кездеседі және глюкоза-6-фосфат арқылы ингибирленеді, ал бауырда болатын глюкокиназа бұл субстартпен ингибирленбейді. Мұның қандай маңызы бар?
60.Қаңқа бұлшық етінде лактатдегидрогеназа (ЛДГ) активсіз. Бұлшық ет анаэробты гликолиз жолымен АТФ түзе ала ма? Жауапты дәлелдеңіз.
61.Жүгіруден бұрын лактат концентрациясы төмен, жүгіру кезінде лактат концентрациясы артады, ал жүгіріп болғаннан кейін біртіндеп төмендейді. Бұл феноменді қалай түсіндіруге болады?
62. Бұлшық еттің қарқынды жұмысы нәтижесінде лактат мөлшері көбейеді. Неліктен? Қандай патологиялық жағдай осындай эффектіге әкеп соғады?
63. Триациглицериннің қай бөлігінде энергия көп? Май қышқылдарында ма, глицеринде ме? Жауапты түсіндіріңіз.
64. Биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорлануды ажырататын агенттерді қабылдағанда көп терлейді және дене температурасы көтеріледі. Осы феноменді молекулалық деңгейде түсіндіріңіз.
65.Дене температурасын бір қалыпты ұстау үшін дірілдеудің қандай маңызы бар? Қыста жылы киіну арқылы тағамды аз пайдалануға бола ма?
66.Аз қимылдайтын адамдардың липидтер мен көмірсулар алмасуында қандай өзгерістер болады?
67.Егер адам үш күн бойы тамақтанбаса, оның липидтер мен көмірсулар алмасуында қандай өзгерістер болады?
68.Энергетикалық материалдың қоры ретінде гликоген мен майлардың жиналуының ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңіз.
69.Белоктардың ыдырауы күшейгенде, зат алмасу үрдісінде қандай өзгерістер байқалады?
70. Майларды көп жегенде зат алмасуында қандай өзгерістер болады?
71. Кетон денесі тотыққанда АТФ-тің 27 молекуласы түзілді. Қандай кетон денесі тотықты?
72. және -липопротеиндердің ара қатынасы 3-тен көп. Бұл неге алып келу мүмкін?
-
Асқазанда және ішекте белоктарды қорытуға қаытсатын ферменттер бір-бірінен салыстырмалы субстраттық арнайылығымен ерекшеленеді. Мұның қандай маңызы бар? Осының негізінде оларды жетілмеген фермент деп санауға бола ма?
-
Асқазан сөліне анализ жасағанда сүт қышқылына реакция оң болды. Сіз қандай патологиялық жағдай деп болжайсыз?
-
Науқас асқазан тұсының ауыратына, іші өтетініне шағымданды. Асқазан сөліне талдама жасағанда одан күкіртсутек иісі және бос тұз қышқылының жоқ екені байқалды. Асқазан ауруының қай түрі деп болжауға болады?
-
Ауру асқазан маңының шаншып ауыратынын айтты. Асқазан сөлін зерттеу кезінде қанға сапалық реакция жоқ болды, жалпы қышқылдық 90-қа тең. Сіздің диагнозыңыз?
77. 5 мл асқазан сөлін титрлеген кезде бос НСl-ды бейтараптауға 2,5 мл 0,1 н NaOH жұмсалды, В көлемі 3 мл-ге тең, барлық қышқылдық заттарды бейтараптауға 4,5 мл NaOH жұмсалды. Жалпы қышқылдық, бос және байланысқан тұз қышқылының қышқылдығын есептеңіз. Алынған нәтижеге түсінік беріңіз.
78. Зерттелетін зәрде индикан мөлшері артқан. Бұл қандай жағдайда байқалады?
79. Науқас белок мөлшері аз диетада. қан сарысуын зерттеген кезде онда мочевина мөлшері 11,83 мМоль/л-ге тең болды. Қандай ауру деп болжам жасауға болады?
80. Қан сарысуында мочевина азоты 0,75 г/л-ге тең, ол барлық қалдық азоттың 80%-ын құрайды. Сіздің жорамал диагнозыңыз?
81. Зерттелетін қан сарысуында креатин мөлшері 1,2 мМоль/л-ге тең. Қандай органның қызметі бұзылғаны туралы ойлауға болады?
82. Глюкоза ми тіні үшін негізгі энергия көзі болып табылады. Осы тінде глюкоза тағы қандай қызмет атқарады? Ми тінін энергиямен жабдықтау үшін глюкозадан басқа қандай заттар қажет?
83. Неліктен жануарлардың бауырын алып тастағаннан кейін 3 сағаттан соң, гипогликемия дамып, өлімге ұшыратады? Ол үшін әр сағат сайын 0,25-0,1г/кг мөлшерде глюкоза енгізіп тұру керек, ал галактоза, лактат және пируватты енгізу неліктен тиімсіз?
84. Бауыр аурулары кезінде неліктен теріде ұсақ нүктелі қан құйылулар байқалады?
85. Өсімдік текті тағамның құрамында холестерин жоқ. Тек өсімдікпен ғана тамақтанатын адам мен ет, жұмыртқа, сүтпен тамақтанатын адамның холестерин алмасуында қандай айырмашылықтар болады?
86. Егер бауыр қалыпты қызмет атқарған жағдайда тағаммен бірге көп мөлшерде холестерин түссе, холестерин қалай жұмсалады?
87. Бауыр ауруларында холестерин алмасуы қалай өзгеруі мүмкін? Бұл неге әкеп соғуы мүмкін?
88.Кейбір хирургиялық операцияларда және көлемді жарақаттарда қан тамырының ішінде тромба түзілу қауіпі туады. Мұндай жағдайда неліктен гепарин қолданылады?
89.Науқастың асқазан сөлін зерттегенде, жалпы қышқылдық 3 моль/л екені, бос НСl-дың анақталмайтындығы байқалады. Сағаттың кернеуі мен бос НСl-дың дебит сағаты азайған. Пепсин, гастроксин жоқ. Бұндай симтромардың комплексі қалай аталады? Қанадй ауруларда байқалады?
90. Науқастың асқазан сөлін фракциялық әдіспен зерттегенде, стимуляцияланған секрецияның сағаттық кернеуі көбейгені анықталады, жалпы қышқылдығы 100ммоль/л, бос НСl-дың дебит сағаты 9ммоль/л. Бұл белгілер нені көрсетеді?
91. Асқазан сөлінде өт пайда болғанда әр түрлі түстердің (жасыл немесе сарғыш) болуын қалай түсіндіруге болады? Асқазан сөлінде өттің болу себептерін атаңыз.
92.Асқазан сөлінен шіріген иіс шығады. Осы асқазан сөлінің қышқылдығы қандай? Бұл асқазансөлінде қандай потологиялық құрамдас бөліктерді анықтауға болады?
93. Науқас адамның асқазан сөлін зерттегенде, базальдық және стимуляцияланған секрециялардың сағаттық кернеуі төмендкген «О»-порциясында кешегі тамақтардың қалдықтары бар. Асқазан сөлінің қышқылдығы мен иісі қалай өзгереді? Асқазан сөлінің қалдығын қалай түсіндіруге болады?
94.Бүйрегі ауыратын науқаста олигурия байқалады, зәрде белок бар, қанда азотты қалдық көбейген және артерия қысымы жоғарылаған. Бүйректік гипертензияның пайда болу механизмін немен түсіндіресіз?
95.Егер науқастың жүрек ауруы бар екенін байқааңыз, ауруды қандай биохимиялық анализдерді жасауға жібересіз?
96. Егер науқастың бауыры ауратынын байқасаңыз, науқасты қандай биохимиялық анализдерді жасауға жібересіз?
97. Егер сіз науқаста бүйрек ауруы бар екенін байқасаңыз, оны қандай биохимиялық анализдерді жасауға жібересіз?
98.Дәрігер “вирусты гепатит” деген диагноз қойды. Осы диагноздың дұрыстығын анықтау үшін қандай биохимиялық анализдер жүргізу қажет?
99.Стационарлық қабылдау бөліміне “Жедел жәрдем” машинасымен мүлдем есінен айрылған науқасты әкелді. Науқас ауыр дем алады., демінен жемістердің иісі шығады (ацетон иісі). Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз? Науқастың диагнозын анықтап, щған жедел жәрдем көрсету үшін сіз тез арада қандай биохимиялық анализ жасауыңыз қажет?
100.Науқастың қанына глюкоза 4,6 ммоль/л, зәрінде глюкоза анықталды. Бұл күй қалай аталады? Зәрде глюкозаның пайда болу механизмін түсіндіріп беріңіз.
101. Науқастың қанында қалдық азот мөлшері 45 ммоль/л болғанда операция жасалады. Операцияныдан соң науқастың күйі күрт нашарлады, азотты шлактармен улану белгілері байқалады. Бұл не себептен болды?
102. Науқас кең көлемде күйік алған. Осыған байланысты қанда және зәрде қандай өзгерістер болады?
103. Науқаста протенурия байқалады, тәуілігіне 15 г мочевина бөлінеді, қалдық азоттың мөлшері 43 ммоль/л. Бұл өзгеріс қай органның патологиясымен байланысты? Белокты анықтау әдістері.
104. Қандай мүше ауырғанда зәрдегі мочевинаның мөлшері азайып, қандағы қалдық азоттың мөлшерін көбейтеді? Қандай жағдайларда олар өзгермейді немесе біраз кемиді?
105.Ауруда операциядан кейін азотты қалдықтармен улану симптомдары пайда болды. Себебі неде? Бұндай жағдайды болдырмау үшін операцияның алдында науқастың қанына қандай анализдер жасау керек еді?
106. Науқастың терісі және көзінің склері сарғайған, зәрінің түсі қоңыр, нәжісі түссіз. Диагнозын анықтау үшін қандай биохимиялық анализ жасаймыз?
107. Науқастың зәрінің түсі қызыл-қоңыр (ет жуындысына ұқсас), зәрдің мөлшері азайған. Зәрдің түсі неден өзгерген? Сіз қойған диагнозды дәлелдеу үшін қандай биохимиялық анализдер жасау керек?
108. Қантты диабетпен ауырған науқастың қанында кетон денелерінің мөлшері көбейген, зәрде кетон денелері табылған. Қан мен зәрде кетон денелерінің пайда болу механизмін түсіндіріңіз.
109. Науқастың қанында глюкоза мөлшері 11ммоль/л, ал 5л шамасында зәр бөлінеді, зәрдің меншікті салмағы өте жоғары. Зәрде глюкоза мен кетон денелері бар. Осы паталогиядағы гипергликемияның механизмін түсіндіріңіз. Сіз қандай диагноз қоясыз?
110. Адреналин мен глюкагон әсерінен пайда болатын гипергликемияның пайда болу механизміндегі айырмашылықтарды көрсетіңіз.
111. Науқастың дене салмағы жоғары, әлсіз, тез шаршайды, дене температурасы төмен, тілі мен терісінде ісіну байқалады. Диурезі төмен. Бұл симптомдар қандай гормон жетіспеуінен болады? Ағзада су жиналуын қалай түсіндіруге болады?
112. Қалқанша безінің гипо- және гипер-функциясы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа әкеліп соғады. Себебі неде? Бұл жағдайдың молекулалық механизмін қалай түсіндіресіз?
113.Эритроциттердің ыдырауы артқанда және өт жолдары қабынғанда неліктен өт тас ауруының пайда болу мүмкіндіктері артады?
114.”Бери-бери” ауруының ең алғашқы белгілерінің бірі –зәрде ПЖҚ-ның пайда болуы. Бұл ауру қай витамин жетіспеуінен болады?Зәрде пируваттың пайда болу механизмі қандай?
115.Бүйрегі зақымданған науқас теңестірілген диета ұстағанына қарамастан, жиі бүйрек остеодистрофиясы – сүйектің қарқынды деминерализациясымен сипатталатын рахиттәрізді ауру дамиды. Бүйректің зақымдануы неге деминерализацияға әкеп соғады?
116. Тығыздығы төмен липопротеиннің тығыздығы жоғары липопротеинге қатынасы 3-тен көп. Бұл коэффициенттің өзгеруі қандай аурудың пайда болуына әкеп соғады?
117. Зәрде гиппур қышқылының мөлшері артқан. Бұл немен байланысты? Гиппур қышқылы қайда түзіледі, осы реакцияны жазыңыз.
118. Зәр түсі ақшыл, сүт тәрізді. Зәр түсінің бұлай өзгеруі қандай заттарға байланысты? Бұл қай кезде байқалады?
119.Жаңа туған нәресте зәрінің иісі тышқан иісіндей. Зәрдің химиялық құрамын зерттегенде фенилаланиннің артқаны анықталды. Зәр иісі мен құрамының бұлайша өзгеруі қандай ауру туралы айтады? Бұл ауру немен қауіпті? Осы ауруды диагностикалауда дәрігер нені қолдану керек?
120. Қан сарысуының белоктық фракцияларын зерттегенде: -1 глобулиндер-4,5%, -2-глобулиндер -6,1%, -глобулиндер-12,3%, -глобулиндер-9,5%, альбуминдер мөлшері қалыпты. Берілген анализде өзгерістер болады ма, егер болса, онда олар қандай патология туралы айтады (білдіреді)?
121.Қан сарысуының белоктық фракцияларын зерттегенде: -1 глобулиндер-5,0%, -2-глобулиндер -7,2%, -глобулиндер-11,5%, -глобулиндер-29,5%, альбуминдер мөлшері қалыпты. Берілген анализде өзгерістер болады ма, егер болса, онда олар қандай патология туралы айтады?
122.Қан сарысуындағы жалпы биллирубин мөлшері қалыпты мөлшерде. АЛТ (аланинаминотрансфераза)-0,6 мкМ/л. Ферменттер мөлшерінде ауытқулар болуы мүмкін бе? Қан анализінің мұндай өзеріс нені білдіруі мүмкін? Аталған ферменттер қандай үрдістерге қатысады? Олардың құрамына қандай витаминдер кіреді?
123.Стационардың қабылдау бөліміне тамырлары мен жүрек маңындағы жедел қабыну өзгерістері бар науқас түсті. Қан сарысуының белоктық фракцияларында қандай өзгерістерді күтуімізге болады?
124. Ревматизм диагнозы бар науқас стационарда емделуде. Ауруханада жатқаннан 15 күн өткен соң қан сарысуындағы белоктық фракцияларды зерттегенде -1 глобулиндер-5,0%, -2-глобулиндер -7%, -глобулиндер-18%, -глобулиндер-23%, альбуминдер мөлшері қалыпты. Берілген анализде өзгерістер болады ма, егер болса, онда олар қандай патология туралы білдіреді?
Емтихан сұрақтары:
-
Белоктардың жалпы қасиеттері (белоктардың элементтік құрамы, молекулалық массасы, пішін, мөлшерлері, ыдырау өнімдерінің ұқсастығы, түсті реакциялар).
-
Белоктардың амфотерлік және коллоидты қасиеттері, осы қасиеттерінің гомеостазды сақтаудағы ролі. Белоктарды тұнбаға түсіру реакциялары.
-
Белок молекуласының құрылымдары, осы құрылымдарды тұрақтандыратын байланыстар. Денатурация. Денатурациялаушы агенттер.
-
Алмастырылатын амин қышқылдары, өкілдері, химиялық табиғаты, түзілуі.
-
Алмастырылмайтын амин қышқылдары, өкілдері, химиялық табиғаты, құнды және құнсыз белоктар (мысал келтіру).
-
Белоктардың жіктелуі және адам организмі үшін маңызы.
-
Альбуминдер, қасиеттері, маңызы, амин қышқылдық құрамының ерекшеліктері, маңызы, организмде кездесуі.
-
Глобулиндер, қасиеттері, фракциялары, маңызы, амин қышқылдық құрамының ерекшеліктері, организмде кездесуі.
-
Альбуминдер мен глобулиндердің бір-бірімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары, оларды бөлу әдістері.
-
Протаминдер, гистондар, қасиеттері, құрылымдары, бір-бірімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Организмдегі маңызы, табиғатта таралуы.
-
Коллагендер, эластиндер, кертаиндер, құрылымдары, амин қышқылдық құрамының ерекшеліктері, қасиеттері, құрылымдары, табиғатта таралуы, организмдегі маңызы.
-
Фосфопротеиндер (казеиноген, фосвитин, вителин). Құрылысы туралы түсінік, қасиеттері, организм үшін маңызы.
-
Металлопротеиндер. Негізгі өкілдері, құрамында Fe бар – (трансферрин, ферритин, гемосидерин). Құрамында Zn бар (карбоксипептидазалар, карбоангидразалар), Cu-бар (церулоплазмин, купрум-фермент) ферменттер. Құрылысы туралы түсінік, қасиеттері, организм үшін маңызы.
-
Липопротеиндер, құрылысы туралы түсінік, негізгі өкілдері. Қанның липопротеиндері, түрлері, құрамы мен қызметіндегі ерекшеліктер, биологиялық маңызы, түзілетін орны, қан тамырішілік липолиз.
-
Хромопротеиндер, жіктелуі (гемопротеиндер, магнийпорфиндер, пигменттер), құрылысы, организм үшін маңызы.
-
Миоглобин, құрылысы, гемнің химиялық табиғаты, миоглобиннің ролі.
-
Гемоглобин, құрылысы, организм үшін маңызы, қасиеттері, гемоглобин синтезі туралы түсінік, оның газдарды тасымалдауға қатысуы.
-
Нағыз гликопротеиндер, құрылысы, өкілдері (муциндер, қан тобын анықтайтын белоктар, ферменттер, гормондар, рецепторлар), қасиеттері, табиғатта таралуы, адам организмі үшін маңызы.
-
Протеогликандар, өкілдері (гиалуропротеиндер, хондромукоидтар), қасиеттері, адам организмі үшін маңызы.
-
Нағыз гликопротеиндер мен протеогликандар, олардың құрылысы мен роліндегі айырмашылықтар және ұқсастықтар.
-
Гликозамингликандар, өкілдері (гиалурон қышқылы, хондроитин күкірт қышқылы, гепарин), химиялық табиғаты, организм үшін маңызы.
-
Нуклеопротеиндер, құрылысы, негізгі өкілдері, қасиеттері, ролі. Нуклеопротеиндер алмасуы, олардың алмасуының бұзылыстары: гипреурикемия және подагра.
-
Аденил жүйесі, химиялық табиғаты, жануар организміндегі түзілу және ыдырау жолдары, ролі.
-
Мононуклеотидтер, өкілдері, химиялық табиғаты, организмде пайдаланылуы.
-
Пуриндік негіздер, өкілдері, химиялық табиғаты, организмде пайдаланылуы, несеп қышқылының түзілуі.
-
Пиримидиндік негіздер, өкілдері, химиялық табиғаты, организмде пайдаланылуы.
-
Нуклеозидтрифосфаттар, химиялық табиғаты, нуклеотидтердің ролі.
-
ДНҚ, құрылысы туралы түсінік, ДНҚ құрылымдары (біріншілік құрылымын пиримидиндік нуклеотидтер мысалында көрсету), тірі организм үшін маңызы.
-
м-РНҚ, құрылысы, құрылымдары (біріншілік құрылымын пуриндік нуклеотидтер мысалында көрсету), ролі.
-
т-РНҚ, құрылысы, құрылымдары (біріншілік құрылымын пиримидиндік нуклеотидтер мысалында көрсету), белок биосинтезіндегі ролі.
-
р-РНҚ, құрылысы, құрылымдары (біріншілік құрылымын пиримидиндік нуклеотидтер мысалында көрсету), рибосоманың құрылысы туралы түсінік, белок биосинтезіндегі ролі.
-
Ферменттердің жалпы қасиеттері (күрделі құрылысы, арнайылығы, әсер ету қуатының күштілігі, жайлы жағдайда әсер етуі), әсер ету механизмі.
-
Ферментт активтілігіне әсер ететін факторлар (температура, рН, фермент пен субстрат концентрациясы, эффекторлар).
-
Бәсекелес және бәсекелес емес ингибирлену, аллостерикалық ингибирлену мен активтену.
-
Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы. Ферменттердің негізгі кластары мен топтарына жалпы сипаттама.
-
Гидролазалар: эстеразалар (ТАГ-ң, фосфолипидтердің, холестерин эфирінің гидролизін реакция арқылы көрсету).
-
Гидролазалар: гликозидазалар, өкілдері (-, -амилазалар, мальтаза, лактаза, сахараза), катализдік әсері, кездесетін жері.
-
Гидролазалар: пептидгидролазалар. Негізгі топтары: 1) эндопептидазалар (пепсин, трипсин, химотрипсин, катепсиндер); 2) экзопептидазалар (карбоксипептидазалар, аминопептидазалар, дипептидазалар, трипептидазалар). Катализдік әсері, кездесетін жері. Проферменттер, проферменттерді активтеу механизмдері.
-
Лиазалар, өкілдері: амино- және кетоқышқылдарының декарбоксилазалары, карбоангидразалар. Коферментінің химиялық табиғаты, катализдік әсері.
-
Трансферазалар: амино-, ацил-, фосфо-, метилтрансферазалар. Ферменттік реакцияларға қатысуы, трансаминазалардың активтілігін анықтаудың принципі мен диагностикалық маңызы.
-
Оксидоредуктазалар: жалпы сипаттама, өкілдері және тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
-
Пиридин ферменттері: құрылысы, коферменттерінің химиялық табиғаты, тотығу реакцияларындағы ролі. НАД және НАДФ тәуелді ферменттердің бір-бірінен айырмашылықтары
-
Флавинферменттері: коферменттерінің химиялық табиғаты, тотығу реакцияларындағы ролі. ФМН және ФАД тәуелді ферменттердің бір-бірінен айырмашылықтары. Оксидазалар.
-
Цитохром жүйесінің ферменттері: Цх b, с1, с, а, а3, құрылысы, коферменттерінің химиялық табиғаты, биологиялық үрдістердегі ролі, цитохромоксидаза.
-
Пероксидазалар мен каталазалар. Құрылысы туралы түсінік, пероксидаза мен каталазаның коферменттерінің химиялық табиғаты. Катализдік әсері.
-
Гидроксилазалар. Құрылысы туралы түсінік. Катализдік әсері.
-
Энергия алмасуы, сатылары. Жеке сатылары арасындағы байланысты көрсету.
-
Үшкарбон қышқылдарының циклі, мәні, реакциялар реті, ҮҚЦ ролі.
-
Биологиялық тотығудың заманауи теориясы.
-
Тыныс алу комплекстері және олардың биологиялық тотығудағы ролі. Убихинон мен цитохром С-ң құрылысы және олардың ферменттік ансамбльдер жұмысындағы ролі.
-
Тотығудан фосфорлану. Биологиялық тотығумен байланысы, Р/О коэффициенті. Тыныс алуды бақылау. БТ мен ТФ-ң ажырауы.
-
Организмдегі тотығу түрлері, жалпы сипаттама.
-
Оксидазды тотығу түрі, осы үрдіске қатысатын ферменттер, тотығудың соңғы өнімдері, маңызы.
-
Пероксидтік немесе бос радикалды тотығу, тотығудың соңғы өнімдері. Оттектің активті түрлерінің түзілуі. Антиоксидантты қорғаныш жүйесі, маңызы.
-
Пероксидазды тотығу, осы үрдіске қатысатын ферменттер, тотығудың соңғы өнімдері, маңызы.
-
Оксигеназды тотығу – монооксигеназды, диоксигеназды тотығу, осы үрдіске қатысатын ферменттер, тотығудың соңғы өнімдері, маңызы.
-
Маңызды витаминдерге жалпы сипаттама және олардың жіктелуі. Біріншілік және екіншілік гипо-, а-, гипервитаминоздар.
-
Тиамин: құрылысы, коферменттер түзуге қатысуы, биологиялық маңызы, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
-
Рибофлавин: құрылысы, коферменттер түзуге қатысуы, биологиялық маңызы, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы..
-
Никотинамид: құрылысы, коферменттер түзуге қатысуы, биологиялық маңызы, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
-
Пиридоксин: құрылысы, коферменттер түзуге қатысуы, биологиялық маңызы, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
-
Вс және В12 витаминдері: құрылысы, коферменттер түзуге қатысуы, биологиялық маңызы, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
-
С және Р витаминдері: құрылысы, физиологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
-
Н витамині: құрылысы туралы түсінік, биологиялық маңызы, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
-
Ретинол: құрылысы, физиологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
-
Кальциферолдар: құрылысы, осы витаминдердің активті-алмасу формалары, биологиялық маңызы, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
-
К витамині, Е витамині: құрылысы туралы түсінік, биологиялық маңызы, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
-
Тағам көмірсулары: гликоген, крахмал, мальтоза, лактоза, сахароза және олардың маңызы.
-
Ас қорыту жолдарында көмірсулардың қорытылуы.
-
Гидролиз өнімдерінің сіңірілгеннен кейінгі өзгерістері.
-
Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі.
-
Гликогеногенез, глкогенолиз, глюконеогенез; осы үрдістердің ролі.
-
Гликогенолиз, гликогенолиздің түрлері. Бауырда және басқа тіндерде жүретін гликогенолиздің ерекшеліктері, гликогенолиздің соңғы өнімдері.
-
Глюкозаның жасушалардағы өзгерістері, осы үрдістің реттелуі.
-
Гликогеннің биосинтезі мен ыдырауы және осы үрдістердің реттелуі.
-
Глюкозаның тіндерде ыдырау жолдары, жалпы түсінік, осы үрдістердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Глюкозаның жасушаларда пайдаланылуы.
-
Анаэробты гликолиз, реакциялар тізбегі, физиологиялық маңызы, соңғы өнімінің өзгерістері, энергиялық балансы.
-
Глюкозаның аэробты ыдырауы, сатылары, реакциялар реті, физиологиялық маңызы, энергиялық балансы.
-
Заттар алмасуындағы ҮКЦ, БТ, ТФ ролі.
-
Шөрнек механизмдері, олардың цитоплазмалық НАДН2-ң тотығуындағы ролі.
-
Глюкозаның тотығуының энергиялық балансы.
-
Глюконеогенез, алғы заттары, реакциялар реті.
-
Кори және глюкоза-аланин циклі: физиологиялық маңызы.
-
Пирожүзім қышқылының тіндердегі өзгерістері. Осы үрдіске қатысатын ферменттер.
-
Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы, мәні, маңызы.
-
Глюкозаның гликолитикалық және пентозофосфатты жолмен тотығуының ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
-
Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері. Олар түзілетін реакциялар, олардың бөлінуі.
-
Тағам липидтері:ТАГ, ФЛ, холестерин эфирі, биологиялық маңызы, ас қорыту жолдарында қорытылуы мен сіңірілуі. Мицелланың ролі мен құрамы.
-
Көп қанықпаған май қышқылдары (КҚМҚ), өкілдері, химиялық табиғаты, маңызы.
-
Жұп өт қышқылдарының және өт пигменттерінің құрылысы. Липидтердің қорытылуы мен сіңірілуіндегі өт қышқылдарының ролі, өт қышқылдарына сапалық реакциялар.
-
Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының, өкпе мен май тінінің ролі.
-
Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі, бауырдағы липидтер алмасуының бұзылыстарын зерттеу.
-
Липогенез, липолиз, липонеогенез, осы үрдістерге сипаттама, липидтер алмасуының реттелуі.
-
Липидтердің тасымалдану формалары (хиломикрондар, липопротеиндер), құрам ерекшеліктері, олардың өзгерістері.
-
Ішек қабырғасындағы, бауырдағы және май тініндегі липидтердің биосинтезінің ерекшеліктері.
-
БМҚ-ң пайдаланылуы (анаболикалық және катаболикалық реакцияларға). БМҚ-ң -тотығуы, энергиялық балансы.
-
Глицериннің тіндерде пайдаланылуы. Глицериннің тотығуының энергиялық балансы.
-
Ацетил-КоА-ның түзілу және пайдаланылу жолдары.
-
Кетон денелерінің биосинтезі, жеке өкілдерінің химиялық табиғаты, организм үшін маңызы, кетон денелеріне сапалық реакция.
-
Холестерин: химиялық табиғаты, холестерин туындылары, организмдегі холестериннің тасымалдануы.
-
Холестерин биосинтезі, мевалон қышқылының түзілуі, басқа сатылары туралы түсінік. Холестерин алмасуындағы липопротеиндердің ролі. Өттас ауруының биохимиясы.
-
Организмдегі БМҚ синтезі, реакциялар тізбегі, физиологиялық маңызы.
-
Липидтер алмасуының соңғы өнімдері, олар түзілетін үрдістер, бөлінуі.
-
Тағам белоктары, олардың маңызы, белок алмасуының ерекшеліктері, азотты баланс.
-
Белоктардың ас қорыту жолдарында қорытылуы. Асқазан сөлінің құрамдас бөліктерінің (НС1, ферменттердің) белоктардың қорытылуындағы ролі.
-
Амин қышқылдарының сіңірілуі.
-
Асқазан сөлінің химиялық құрамы, қасиеттері. Қышқылдық түрлері. Асқазан сөлінің құрамдас бөліктері мен қасиеттерінің өзгеру себептері.
-
Белоктардың ішекте шіруі. Шіру өнімдерінің химиялық табиғаты, шіру өнімдерін залалсыздандыру орны мен жолдары.
-
Белоктар алмасуындағы бауырдың ролі, бауырдың белоктүзуші функциясының бұзылыстарын зерттеу.
-
Амин қышқылдарының жасушада пайдаланылуы.
-
Креатин синтезі, организмдегі өзгерістері. Креатинфосфат. Химиялық табиғаты, физиологиялық маңызы. Креатинин. Қан сарысуындағы креатининді анықтау принципі мен диагностикалық маңызы.
-
Биогенді аминдер, өкілдері (серотонин, гистамин, -аминомай қышқылы, -аланин), түзілуі, химиялық табиғаты, физиологиялық маңызы. Ыдырауы.
-
Амин қышқылдарының дезаминдену түрлері (тотығудан, тотықсызданудан, гидролитикалық және молекулаішілік).
-
Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының тіндерде пайдаланылуы.
-
Организмдегі аммиактың түзілу және пайдаланылу жолдары.
-
Амидтену және дезамидтену, осы үрдістердің маңызы.
-
Аммонийгенез, осы үрдістің қышқыл-негіздік тепе-теңдікті сақтаудағы маңызы.
-
Организмдегі амииакты залалсыздандыру жолдары, мочевина синтезі, қан плазмасы мен зәрдегі мочевинаны анықтау. Диагностикалық маңызы.
-
Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олар түзілетін реакциялар, соңғы өнімдердің химиялық табиғаты, бөлінуі.
-
Тікелей емес және тікелей билирубиннің түзілуі және химиялық табиғаты. Қандағы билирубин мөлшерін анықтау және сарғыштану түрлеріне диагноз қоюда қан сарысуындағы билирубиннің мөлшерін анықтаудың маңызы.
-
Адам организміндегі гемоглобиннің катаболизмі.
-
Нуклеопротеиндердің алмасуы, түсінік. Несеп қышқылының түзілуі. Подагра.
-
Күрделі белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
-
Өт түзілу механизмдері. Бауырлық және өт қабы өтінің құрамы, қасиеттері және ролі.
-
Бауыр биохимиясы, атқаратын қызметтері. Бауырдың функционалды сынамалары.
-
Бауырдағы улы заттарды залалсыздандырудың маңызды механизмдері. Бауырдың антитоксикалық қызметін зерттеу.
-
Заттар алмасуының нейроэндокриндік реттелуі. Заттар алмасуы мен органдардың қызметін реттеудегі гормондардың алатын орны.
-
Гормондар, химиялық табиғаты, жалпы қасиеттері.
-
Гормондардың рецепторлары, нысана жасушалары.
-
Гормондардың әсер ету механизмдері (жалпы түсініктер).
-
Гормондардың жасушаішілік делдалдары (цАМФ, цГМФ, кальций-кальмодулин, ИТФ, ДАГ), түзілуі, маңызы
-
Протеинкиназалар, олардың түрлері (А, G, C), құрылысы, ролі.
-
Заттар алмасуының гуанилатциклазды жүйе арқылы реттелуі.
-
Заттар алмасуының аденилатциклазды жүйе арқылы реттелуі.
-
Заттар алмасуының кальций-кальмодулинді жүйе арқылы реттелуі.
-
Гормондардың екіншілік механизм бойынша әсер етуі.
-
Гормондардың үшіншілік механизм бойынша әсер етуі.
-
Паратгормон, құрылысы, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері, секрециясының реттелуі.
-
Қалқанша безінің гормондары (Т3, Т4, кальцитонин), құрылысы, түзілуі, әсер ету механизмі, заттар алмасуына әсері, секрециясының реттелуі.
-
Қалқанша безінің гипо-және гиперфункциясы кезіндегі биохимиялық өзгерістер.
-
Бүйрекүсті бездерінің милы қабатының гормондары (адреналин және норадреналин), түзілуі, химиялық табиғаты, әсер ету механизмдері, зат алмасуына әсері, секрециясының реттелуі.
-
Бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары (ГКС және МКС), өкілдері, химиялық табиғаты, әсер ету механизмдері, заттар алмасуына әсері, секрециясының реттелуі.
-
Ұйқы безінің гормондары, құрылысы туралы түсінік, әсер ету механизмі, нысана-жасушалары, заттар алмасуына әсері.
-
Инсулин, түзілуі, құрылысы туралы түсінік, әсер ету механизмі, заттар алмасуына әсері, секрециясының реттелуі.
-
Глюкагон, химиялық табиғаты туралы түсінік, нысана-жасушалары, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері, секрециясының реттелуі.
-
Қантты диабет кезіндегі заттар алмасуы бұзылыстарының биохимиялық механизмдері.
-
Гипоталамустың гормондары. Рилизинг-факторлар. Құрылысы туралы түсінік, әсер ету механизмдері, физиологиялық әсері.
-
Эпифиз гормоны - мелатонин, құрылысы, организмге әсері.
-
Гипофиздің тропты гормондары (АКТГ, СТГ, ТТГ, ФСГ, ЛГ, ЛТГ). Құрылысы туралы түсінік, әсер ету механизмдері, тірі организмге әсері.
-
Гипофиздің артқы бөлімінің гормондары: вазопрессин, окситоцин. Құрылысы туралы түсінік, әсер ету механизмдері, тірі организмге әсері.
-
Жыныс гормондары, жіктелуі, жалпы физиологиялық және арнайы әсері.
-
Ер адамдардың жыныс гормондары, химиялық табиғаты, әсер ету механизмі, заттар алмасуына әсері, ер адам мен әйел адам ағзасына арнайы әсері.
-
Әйел жыныс гормондары және гонадотропты гормондар, құрылысы, олардың менструальды циклді реттеуге қатысуы.
-
Қандағы глюкоза деңгейін реттейтін горомндар.
-
Кальций мен фосфор алмасуын реттеудегі гормондар мен витаминдердің ролі.
-
Қанның плазмасының химиялық құрамы, құрамдас бөліктерінің қалыпты мөлшері.
-
Қан плазмасының органикалық құрамдас бөліктері, өкілдері, қалыпты мөлшері.
-
Қан плазмасының белоктары, өкілдері, қасиеттері және қандағы қалыпты мөлшері. Нормадан ауытқу себептері маңызы. Қандағы белоктардың маңызы, қан сарысуындағы жалпы белок мөлшерін анықтау.
-
Қан плазмасының ферменттері, маңызы.
-
Қан плазмасының қалдық азоты. Осы топқа кіретін заттардың химиялық табиғаты. Гиперазотемияның пайда болу себептері, түрлері, қандағы қалдық азотты анықтау, қан сарысуындағы қалдық азотты анықтаудың диагностикалық маңызы.
-
Қан плазмасының азотсыз құрамдас бөліктері, өкілдері, химиялық табиғаты, азотсыз құрамдас бөліктерінің қалыпты мөлшері, нормадан ауытқу себептері.
-
Қан плазмасының бейорганикалық құрамдас бөліктері, маңызы, қалыпты мөлшері, нормадан ауытқу себептері.
-
Минералды заттар алмасуының сатылары және оның реттелуі.
-
Қан плазмасының макроэлементтері, олардың концентрациясы, иондар концентрациясы өзгеруінің минералды заттар алмасуын реттейтін гормондардың секрециясына әсері.
-
Организмдегі натрий мен калий алмасуы. Қорға жиналуы, организмдегі биохимиялық үрдістерге қатысуы. Алмасуының реттелуі.
-
Организмдегі кальций мен магний алмасуы. Қорға жиналуы, организмдегі биохимиялық үрдістерге қатысуы. Кальций алмасуының реттелуі.
-
Организмдегі фосфор, күкірт және хлор алмасуы. Қорға жиналуы, организмдегі биохимиялық үрдістерге қатысуы. Фосфор алмасуының реттелуі.
-
Организмдегі темір, мыс және мырыш алмасуы. Обмен железа, меди и цинка в организме. Қорға жиналуы, организмдегі биохимиялық үрдістерге қатысуы
-
Организмдегі йод, фтор, кобальт, селен және марганец алмасуы. Қорға жиналуы, организмдегі биохимиялық үрдістерге қатысуы
-
Қалыпты зәрдің физика-химиялық қасиеттері және химиялық құрамы.
-
Зәрдің патологиялық жағдайдағы физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруі, зәрдің патологиялық құрамдас бөліктері, олардың зәрде пайда болу себептері. Зәрдің қалыпты және патологиялық құрамдас бөліктеріне сапалық реакциялар.
-
Дәнекер тінінің атқаратын қызметтері және химиялық құрамы.
-
Дәнекер тініндегі заттар алмасуының ерекшеліктері.
-
Дәнекер тінінің химиялық құрамының жасқа байланысты өзгерістері.
-
Сүйек тінінің химиялық құрамы және атқаратын қызметтері.
-
Сүйек тінінің белоктары, қасиеттері, минералдану үрдісіндегі ролі.
-
Сүйек тінінің ферменттері және олардың ролі.
-
Сүйек тінінің минералдық құрамы. Апатиттердің түрлері, олардың қасиеттері.
-
Сүйек тінінің минерализациясының механизмі.
-
Тіс эмалінің химиялық құрамының ерекшеліктері. Тіс эмаліне заттардың түсу жолдары.
-
Гидроксиапатит кристалдары, апатиттердің басқа да түрлері, химиялық құрамы және ролі.
-
Тіс эмалінің белоктары, ролі және минерализациясы.
-
Тіс дентинінің минералдық және химиялық құрамы.
-
Ұлпаның химиялық құрамы және оның тіс тініндегі зат алмасуындағы ролі.
-
Тіс пен сүйектегі лимон қышқылының ролі.
-
Тіс пен сүйектің минерализациясындағы коллагендік белоктардың ролі.
-
Кальций байланыстырушы белоктардың сүйек пен тістің минерализациясындағы ролі.
-
Ауыз қуысы мен тіс тіндерінің күйіне және олардағы заттар алмасуына витаминдердің әсері.
-
Тамақтанудың тістің күйіне әсері. Көмірсулардың, белоктардың, микроэлементтер мен витаминдердің ролі.
-
Эмальдің деминерализациясындағы тазартылған тағам көмірсуларының ролі.
-
Сілекейдің химиялық құрамы.
-
Сілекейдің ферменттері, олардың ролі.
-
Сілекейдің бейорганикалық заттары, олардың тіс эмалінің минерализациясына қатысуы.
-
Қызыл иек сұйықтығы, оның құрамы және атқаратын қызметтері.
-
Тіс қағының құрамы, оның тіс тасының түзілуіне қатысуы.
-
Тағамның сілекей рН-на және тіс жегісінің дамуына әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |