Лекция атауы: Туылу кезіндегі асфиксия хаж-10 коды бойынша


«С» блогы- Circulation, қанайналымды жүрекке тура емес массаж жасау көмегімен қалыпта ұстап тұру



бет10/12
Дата11.12.2023
өлшемі41.84 Kb.
#486152
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Асфиксия казакша

 «С» блогы- Circulation, қанайналымды жүрекке тура емес массаж жасау көмегімен қалыпта ұстап тұру. 
Тікелей емес массаж жасауға көрсеткішке ЖЖЖ 60 жиыр/мин аз болуы, 30 секунд аралығында оң қысыммен өкпенің мәжбүрлі тиімді желдетуіне қарамастан
Тікелей емес массажды кеуденің төменгі үштен бір бөлігін басумен орындалады. Ол емшек ұштарын қосатын шартты сызықтар астында орналасқан. Бауырдың жарылуының алдын-алу үшін семсер тәрізді өсіндіге баспау керек. Массаждың екі түрлі техникасы бар, сәйкесінше солармен кеуде компрессияна байланысты:
1) екі үлкен саусақтың жастықшаларымен – осылай бола тұра екі қолы да арқасын ұстап тұрады (үлкен саусақтар әдісі);
2) бір қолдың екі саусағының ұшымен (екінші және үшінші немесе үшінші және төртінші) – осылай бола тұра екінші қолы арқасын ұстап тұрады (үлкен саусақтар әдісі);
Компресия тереңдігі кеуде қуысының алдыңғы үштен бір бөлігінің диаметрін құрайды, ал жиілігі – 1 мин 90.
Кеудесіне әрбәр үш рет басып көруден соң желдету жүргізеді, басып көруді қайталау керек. 2 секунд бұрын кеуде қуысын басу 3 рет орындалу керек (1 мин 90) және бір желдету (1мин 30)

Жақсы тура емес жүрек массажын және мәжбүрлі өкпені желдетуді 45-60 секундтан аз жасау керек. Пульсоксиметр және жүрек ритмін көрсетуші монитор ЖЖЖ анықтауға көмек береді, бірақ НМС-ты тоқтатпай:
• ЖЖЖ 60жиыр/мин жеткенде НМС тоқтату керек, бірақ мәжбүрлі желдетуді оң қысымда жиілігі минутына 40-60 мәжбүрлі тыныс алуда жалғастыру керек.
• ЖЖЖ 100 жиыр/мин көп болса және нәресте өз еркімен тыныс ала бастаса, мәжбүрлі тыныс алулар жиілігі мен өкпелер желдетуін жай жылдамдықта тоқтата бастау керек, сонан соң нәрестені қарқынды терапия бөліміне жансақтаудан кейінгі шараларды өткізу үшін ауыстырылады.

С блогының тиімділігін бағалау.
Егер жүрек жиырылуының жиілігі 60 соғ/мин аз болса, тікелей жүрек массажына қарамастан, мәжбүрлі өкпенің желдетілуі оң қысымда 45-60 секундта, D блогына ауысады.

«D» блогы – адреналин енгізу, өкпенің желдетуін оң қысымда жалғастыра отырып тура емес жүрек массажы.
Ұсынылатын адреналин мөлшері тамырішінен нәрестелерге – 0,01-0,03 мг/кг. Тамырішілік енгізу мөлшерін жоғарылатпау керек, өйткені гипертензияға, миокардиалды дисфункция мен неврологиялық бұзылымдарға әкелуі мүмкін.
Эндотрахеалды енгізудің 1-ші адреналин мөлшері тамырды дайындап жатқанда, 0,05 - 0,1 мг/кг мөлшері аралығында әрқашан үлкен мөлшер пайдалануға кеңес береді. Дегенмен, бұл тәжірибенің тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Осындай шоғырлануын енгізу әдісіне байланыссыз адреналин мөлшері 1:10 000 (0,1 мг/мл) құрайды.
Адреналиннің эндотрахеальды енгізуінен кейін мәжбүрленген өкпе желдетілуін 100% оттегімен қамтамасыз етуді жалғастыру керек. Егер адреналин катетер арқылы тамыр ішіне енгізілсе, онда оның артынша 0,5-1,0 мл физиологиялық ерітіндіні қанайналымға барлық көлемі түсу үшін енгізу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет