Лекциялық сабақтар тезистері тақырып: №1 Ғылыми іс-әрекет



бет7/17
Дата02.02.2024
өлшемі437 Kb.
#490565
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
abildina Караганда

Диагносика мен мақсат коюдык кызметі алдыңғы кезеңде не істелгендігін, оқушылар мен тәриеленушілердің кандай деңгейге жеткендігін, мүғалімдердің нені меңгергендерін, қандай жағдай тудыра алғандарын, қандай зерттеу міндеттері шешілгендігін саналы түсінуде.
Процедура мен логиканы анъщтау алдыңғы кезең нәтижелерімен байланысты. Осы кезеңде болжанбаған жағдайды ескеру керек, сонымен қатар күжаттарды, зерттеу процедураларын детальді өңдеу керек, олардың координацилары мен синхронизациялары.
Нәтижені болжау. Объектіні ойша өзгерту процедурасы. Бүл кезеңде ойдың констуктивті әлементтері, мысалы, қандай-да бір оригиналды бағыттың
конструктивті әлементтері көрініс береді, әлі кол жетпеген, бірақ нәтижесі мүмкін болатын құбылыс елестетіледі. Болжау қызметі жеке шығармашылықта немесе үжымдық іс-әрекетте «мозговой штурм», ойындар, ситуацияларды талдау түрінде жүзеге асады.
Практикалың өзгерістер қандай да бір жаңалык үшін орындалған барлық дайындық жүмыстарын көрсетеді: жаңа пәндер, жаңарған бағдарламалар, оқулықтар, технологиялар және оқыту мен тәрбие қүралдары.
Кадрларды.іздеу мен оқытуды ынталандыру педагог-зерттеушілерге шығармашылық ұрқіндік беру, өз күштеріне деген сенімсіздікті жоюға, психологиялық «кедергілерді» төмендетуге, ізденіс мотивациясын жоғарлатуға қызмет етеді. Зерттеу жұмыстары моральдік және материалдық ынталандырылады, жас зерттеушілер жеке психологиялық қолдаумен және кадрларды жүйелі оқытумен қамтамасыз етіледі.
Нәтижелерді талдау, жалпылау, апробациялау. Осы қызметті орындаудағы басты міндет жетістікке жетудің шешуші факторларын анықтау, дамудың сыртқы жәңе ішкі жағжайларын салыстыру, ой, мазмүн, қүралдар мен нәтиженің өзара байланыстарын салыстыру.
Алдагы жұмысты түзету алынған мәліметтерді талдау және зерттеудің аппараттары мен процедураларының тиімділігін бағалаудан барып шығады. Практикалық жұмысқа, зерттеудің әдістері мен логикасына өзгерістер ендіріледі.
Зетттеу әдістерінің жиынтығы зерттеудің кешендік әдістемесін құрайды және зерттеушінің болжамды тексеруіне мүмкіндік береді. Тәжірибені, бақылауды, сүрақнаманы зерттеу мен жалпылау педагогикалық қүбылыстар туралы шынайы мәлімет алуға және педагогикалық үрдіске жаңалық ендіруге мүмкіндік береді.
2. Педагогикалық зерттеу нәтижелерін өңдеу.
Педагогикалық зерттеудік барлық кезеңдерінде фактілік материалдарды талдау ғылыми ізденістің ең маңыздысы болып табылады. Педагогикалық зерттеудің тақырыбына. көлеміне, жағдайына, мақсатына және өзге де ерекшеліктеріне байланысты олардың техникалары. тәсілдері, бағыттары әр түрлі болады.
1. Тақырыпты таңдау мея негіздеу кезеңіндегі мәліметтерді өңдеу үшін оның өңдеуге деген қажеттілігін, теориялык және практикалық маңыздылығын,
педагогикалық прогресс үшін оның маңыздылығын, мектептер мен білім беру органдарының сұраныстарын зерттеуші білу керек.
2.Мәселені қою кезеңінде фактілерді өңдеудің ерекшелігі педагогикалық фактілерді, жағдайлар мен идеяларды екі критерии бойынша орналастыруында: педагогикалық ғылым мен практикадағы қайшылықтар мен тәрбие теориясы мен практикасына деген сүраныстар туралы мәліметтердің болмауы.
3.Тақырыптың ғылыми өңделгендігін констатациялау кезеңіндегі мәліметтерді өңдеуде зерттеуші ғылымк мәліметтердің әр түрлі көздерінен алынған көптеген мәліметтермен жұмыс жасайды. өңдеуге тек қана педагогиканың ғана емес аралас пәндердің де мәліметтері алынады.

  1. Педагогикалың тәжірибені констатациялап зерттеу кезеңінде нақты мәліметтерді өндеу жүзеге асады. Педагогикалық тәжірибенің барлық негзгі түрлерін зерттеуші объектілер қатарына қосады: озат, новаторлық, жағымды, жағымсыз, бұқаралық, типтік, ұжымдық, жеке.

5 Тақырып бойынша тәжірибелік-әксперименталъдік жүмыс кезеңінде фактілерді, мәліметтер мен көрсеткіштерді өңдеу міндеті күрделі. Оның негізгі ерекшелігі операцияларының көп деңгейлігінде.
6.Ғылыми жұмыстың нәтижелерін хаттау кезеңіндегі алынғанматериалдарды барлық кешенін өңдеу үлкен шеберлікті талап етеді. Зерттеуавтордың қорытындыны нақты, дәлелді қалыптастыруға мүмкіндік беретін фактілер, жағдайлар, идеяларды тавдауына тура келеді.
Өңдеудің негізгі мақсаты -танымдық операцияларды орындауға ыңғайлы болу үшін әр түрлі мәліметтерді белгілі бір ретпен келтіру. Белгілі бір ретке келтіру принципі материалдардың және шешімін табуды қажет ететін зерттеу міндетінің сипатына байланысты болады.
Мәліметтерді өңдеудің жалғыз ғана жолы құрылатын негіздердің кешені пайдаланылатын жол тиімді болып табылады.
Зерттеушінің әр түрлі бақылаулар түрімен, жарияланған мәліметтер және әкспериментальді материалдармен жұмыс істеуіне тура келеді. Келесі педагогикалық абстракциялар өңдеудің типтік пәндеріне жатады: педагогика категориялары: термин-үғымдар; педагогикалық идеялар, концепциялар; бағыттар, көзқарастар, трактовкалар.. өңдеу пәнінің үлкен тобы: ойлар, бағалар, көзқарастар, пікірлер, сыналушылардың ой қорытындылары.
Көбінесе зерттеушілерді зерттелге құбылыстардың статкстикасы мен динамикасын бейнелейтін сандық мәліметтер, мен сипаттар қызықтырады. Педагогикалық мәліметтерді статистикалық өңдеу маңызды болып табылады, олар фактілерді ұқсастықтарына байланысты топтастыруға, оларды индекстеп, кодтауға мүмкіндік береді. Есептеулер жүргізіледі, қорытындысы табиғи көлем және пайызбен беріледі. Содан кейін зерттелген қүбылыстардың статистикалық картинасын хаттау мен тіркеуге көшеді.
3. Зерттеу нәтижелерін интерпретациялау мен апробациялау.
Интерпретация. Зерттеудің соңғы кезеңі нәтижелерді жүйелеумен, олардың интерпретациясымен байланысты. Жүйелі көрсетілген мәліметтер корректілі түрде интерпретациялануы керек. Ғылымдағы интерпретация -талқылау, мәнін ашу, түсіндіру; өнерде - көркем өнерді шығармашылықпен орындау, автордың мәтінді не сценариді түсіндіруі. Интерпретация мәні бойынша, шындыққа, зерттелетін үрдіс не объектінің мәнін ашуға жақын болу керек.
Интерпретацияның негізінде зерттеуде кабылданған концепциялар бойынша алынған мәліметтерді түсіндіру процедурасы жатыр. Интерпретацияның міндеті - оқыту мен тәрбиенің теориясы мен тәжірибесі үшін алынған мәліметтердің объективті мәнін, олардың жаңалық деңгейін, мағынасын ашу. Қабыланған концепцияның қорытындысына сәйкес келмейтін нәтижелерді интерпретациялау қиындык тудырады. Осыдан барып оларды қайта қарай қажеттігі туындайды.
Апробация. Зерттеудің сенімді апробациясы - оңың даралығының, нәтижелерінің шынайы болуының негізгі шарты, үлкен қателерді болдырмаудың бірден бір жолы. Апробация сөзбе сөз аударғанда «мақұлдау, мойындау, сапасын анықтау» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі таңда шынайылықты орнату, жу_мыс нәтижелерін компетентті бағалау мен констуктивті сынау деген мағына береді.
Апробация баяндама, талқылау, дискуссия, сонымен қатар алынган жұмыстарға рецензия жасау түрінде де өтуі мүмкін. Орындалаған жұмыстарды ресми түрде апробациялау оларды публика алдында қорғаумен байланысты. Ресми емес апробацияларда бар және оларда маңызды роль ойнайды: мамандар және ұжыммен әңгімелесу және талас. Әрине апробация пайда болған мәселелерді, жағымды, жағымсыз бағаларды, айшылықтар менкеңестерді саналы түсіну мен оларды ескеруден түрады. Барлық бағаларды, кеңестерді, ү-сыныстарды, оның ішіне сындарды өте мүқият қабылдау үсынылады. Дегенменде қабылданағка концепцияларға қайшы келмейтіндерді, оның ішікде зерттеуді тереңдетуге, оның корректілігш, сеншділігш жоғарлатуға мүмкшдік беретіндерін жүзеге асыру керек.
Зерттеу нәтижелерін хаттау.
Сонымен зерттеу өзінің негізгі бөлігін аяктап, апробация өтті. Енді олардың нәтижелері мен жүру барысы белгілі бір мөлшермен халыққа жету керек, онсыз оларды кеңінен меңгеріп, ғылым мен тәжірибеде қолдану мүмкін болмайды. Халыққа жеткізудің әр түрлі формалары бар: адамдар алдында қоргау, көрмелер, көріністер, дискуссиялар, видео таспаларға жазу, және т.б., сонымен қатар дәстүрлі түрлері де әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ: зерттеу нәтижелерін әдеби хаттау және мақалалар дайындау. Орындалған ізденіс жүмыстарының нәтижелерін әдеби хаттау зерттеу үрдісінің соңғы кезеңі болып табылады. Жұмысты хаттау логиканы, оның негізін анықтаумен, түсініксіздік пен ақ дақты табумен байланысты, ол зерттеудің барлық жағдайларын өңдеуді, анықтауды, сенімділігін ашуды ынталандырады. Осы кезеңде пайда болатын мәселенің барлығы мазмұнды мен әдістемелік болып бөлінеді.
Баяндалатын мәселенің мазмұныиа қойылатын талаптар. Концепциялык багыттылъщ шындықты түсіну мен өзгертудің негізі болып табылатын бастапқы жағдайлар мен жетекші идеялардың жүйесімен анықталады. Бу_л тәрбие мақсатын түлғаны қалыптастыру ретінде түсіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет