Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Сол күні отрядқа Спижевой келді. Сөйтіп, ертеңіне отрядты Спижевойға тапсырдым да, жігіттермен қош- тасып, Юзик деген поляк жігітін ертіп, штабқа келдім



бет165/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   395
Jau tilinda 2

Сол күні отрядқа Спижевой келді. Сөйтіп, ертеңіне отрядты Спижевойға тапсырдым да, жігіттермен қош- тасып, Юзик деген поляк жігітін ертіп, штабқа келдім.
Штабта Ңұрама басшыларының төрт көзі түгел отыр екен. Ңұрама командирі стол басында, әдеттегісін- дей картаға үңіле қарап отыр да, оның қарсы алдында Ңұрама комиссары Леонид Страх блокнотына көк сия қарындашының ұшын жалап қойып бірдемелерді жа-


зып жатыр. Штаб бастығы Леонид Мариненко Ңұрама командирінің иығынан асылып картаға ңадала қарап тұр. Мен комиссардың жанындағы орындыңқа келіп, «Маған қандай тапсырма берер екен?» деген сұраулы ойдың шырмауында отыра бердім.
Ал жігіттер, мына Васяны аттандыралық,— деп, командир маңайындағы серіктерін көзімен бір шо- лып шықты.— Вася, шығыс майдандарда басқыншы- лар армиясының күн сайын сәтсіздікке ұшырап, шегі- ніп келе жатқаны мәлім. Біздің айбынды Ңызыл Армиямыз қай майданда болмасын инициативаны өз қолына алып, жау армиясын орасан зор шығынға ұшыратып, өкшелеп тықсырып келеді. Гитлер Герма- ниясының одақтастары ыдырай бастады. Қазір осы Карпат сілеміндегі халықтар фашистердің армиясына қарсы қолына қару алуға әзір. Жергілікті астыртын ұйымдардың хабарлауы бойынша біздерді — айбынды совет партизан отрядтарын іздеп жүрген топтар әр жерден көп дейді. Әсіресе мына күнделікті майданнан астыртын хабар тыңдап отырған шығыс — Мукачево қаласы жақтағы аймақтарда босқындар көп. Бірақ, олар әр жерде, орман ішінде босып жүргенімен өз бет- терімен ұйымдасыи басқыншыларға тылдан соққы бе- ретін күш бола алмайды. Олар қазір не істерін, істі неден бастарын да білмейді. Өздері қару-жарақтан да құралақан емес шығар, бірақ немістер бір жазалаушы отряд жіберсе, оларды қырып салады. Сондықтан За- карпатье украиндықтары мен осы Закарпатьеде тұра- тын басңа да халықтарды апаттан аман алып қалу үшін оларды өз қатарьімызға тартып, солардың өздері- нен жеке отрядтар ұйымдастыруымыз керек. Фашист армиясы шегініп, осы Закарпатьеге ілінгенде, Украи- надағы сияңты бұл жерде де тұрақтай алмайтындай жағдай жасап, олардың ту сыртынан соққы беріп, осы арадан шегінгенде халықты қырып, елді тонауларына мұршаларын келтірмеуміз керек. Село-селолардағы астыртын ұйымдар өз міндеттерін нашар орындап отырған жоқ. Азық-түлік, үй-іші, киім-кешектерін ты- ғып та үлгірген сияқты. Малдарының бәрі осы тауда. Бізден хабар болған күні село адамдары да тауда, орман ішінде болады. Ал, жергілікті осынша күшті ұйымдастырып, жауға қарсы қоюдың болашақ жеңіс үшін орасан зор маңызы болып та отыр. Сондықтан






Мукачево бағытында жергілікті халықтан жаңа отряд ұйымдастыруды саған тапсырамын. Бұл тапсырманы сен ойдағыдай орындай аласың, оған біз сенеміз,— деп, Александр Васильевич сөзін аяқтады. Сөздің шы- нын айтканда: «Неге мені ғана жібереді, бұл тапсыр- маға? Менен басқа командирлер жоқ па екен? Осын- дағы бес отрядтың ішінен менен басқа адам табылмады ма? Демек, мені шеттеткені ғой» деп іштей наразы бо- лып, командирге деген өкпелі өксігімді тия алмай отырмын. Әрі ойлап. бері ойлап, ақыры: «Бұйрықтың аты бұйрық. Оны орындауга міндеттімін. Менен бара- сың ба, бармайсың ба деп сұрап, ақылдасып отырған жоқ, бұйрық беріп отыр ғой» деген қорытындағы кел- дім де:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет