Пулемет, автоматтардың үлесіне ешнәрсе тимей қалды. Екі жүз басқыншы енді бейбіт халықты тона- майтын болды.
Бір сағаттан кейін екі этажды ағаш казарманын қалдығы бықсып жанып жатты.
Бұл жеңіс сағатын жақындату үшін Карпаттагы көп ұлтты патриоттардың тұңғыш әрекеті болды. Со- нан кейінгі күресті жергілікті, өзінің отанын сүйетін қарапайым адамдармен қол ұстасып жүргіздік.
Айбынды азат етуші Советтік Армиямыз Европа- ның квптеген елдерімен бірге, фашистік құлдықтан Карпат Украинасын да азат етті.
СОҒЫСТАН КЕИІНГІ КЕЗДЕСУЛЕР
ПАРТИЗАН АҚЫН
Киев. Декабрь айының суық күндерінің бірі еді. Жау тылынан шығып, Киев ңаласында — Украинаның орталық партизандар қозғалысы штабы ңасындағы де- малыс үйінде жатырмыз. Жау тылынан шыңқан ңұра- малар мен отрядтардың командирлері және комиссар- ларын орталың штаб бастығы генерал-майор Андреев жинап алып, әңгіме өткізген болатын. Олардың жас- тарына, денсаулыңтарына ңарай біреулерді ңайтадан жау тылына, енді біреулерді партия-совет жұмыстары- на жіберіп жатқан.
Мен де солардың бірі болып, кезекті бұйрың күтіп резервте жүр едім. Бір күні «генерал шақырады» де- ген соң, штабқа келдім.
— Осында, кадр бөлімінде сенің жерлесің, парти- зан отрядының комиссары, ңазақтың ақыны Жұмаға- ли Саин жолдас отыр. Сол кісі сені іздеп жүр екен. Барып жолың,— деді генерал Андреев.
Жұмекеңнің өзін бұрын көрмегенмен, аты-жөніне ңаның едім. Мектепте. өлеңдерін сүйіп оңып «Лагерь жыры» сияқты өлеңдерін тіпті жатңа да білетінмін.— «Жұмекең осында отыр» деген сәзге көңілім бірден сене ңоймай: «Ол кісі мұнда ңайдан жүр екен? Шы- нымен-ақ сол кісіні көрер ме екем? Ңой, олай болмас, ондай атаңты адамды көру оңай бола ңоймас!» — деп, ңуанғаннан жүрегім лүпілдей түсіп, полковник Спе- ранскийдің кабинетіне ңалай келіп қалғанымды тіпті өзім де сезбей қалдым.
Достарыңызбен бөлісу: |