«Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ МҰРАСЫ ӘЛЕМДІК ТАРИХ КОНТЕКСТІНДЕ»
халықаралық ғылыми форум
МАТЕРИАЛДАРЫ
Ш.Ш. Уәлихановтың туғанына 175 жыл толуына арналған
МАТЕРИАЛЫ
Международного научного форума
«НАСЛЕДИЕ Ч.Ч. ВАЛИХАНОВА В КОНТЕКСТЕ МИРОВОЙ ИСТОРИИ»
Посвящается 175-летию Ч.Ч. Валиханова
СЕМЕЙ
24 қыркүйек 2010 ж.
УДК 94 (100)
ББК 63.3 (0)
У17
Бас редакторы: Сыдықов Е.Б.
Редакция алқасы: Ескендіров М.Ғ., Рскелдиев Б.Ә., Атантаева Б.Ж., Камалджанова Т.А., Әбдікәкімов М.Т.
«Ш.Ш. Уәлиханов мұрасы әлемдік тарих контекстінде» халықаралық ғылыми форумы материалдары. – Семей, 2010 – 101 б.
ISBN 9965 – 887 – 73 - X
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде Ш.Ш.Уәлихановтың 175 жылдық мерейтойына арнайы өткізілген - халықаралық ғылыми форумының жинағында Шоқанның өмірі мен асыл мұрасының өзекті мәселелері қарастырылған. Жинақта Шоқанның мұрасы кеңінен зерттеліп, көптеген тың пікірлер айтылған. Жинақ материалдарын жоғары оқу орындарының ұстаздарына және студенттерге пайдалануға ұсынылады.
Главный редактор: Сыдыков Е.Б.
Члены редакционной коллегии: Ескендиров М.Г., Рскелдиев Б.А., Атантаева Б.Ж., Камалджанова Т.А., Абдикакимов М.Т.
В сборнике материалов научного форума, посвященном 175-летию со дня рождения Ч.Ч. Валиханова, проведенного в Семипалатинском государственном университете им. Шакарима, представлены доклады по исследованиям различных аспектов наследия Чокана.
Сборник рекомендуется преподавателям и студентам высших учебных заведений.
УДК 94 (100)
ББК 63.3 (0)
ISBN 9965 – 887 – 73 - X
Сыдықов Е.Б. – т.ғ.д., профессор,
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры
ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАЛЫМЫ Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ЗОР МҰРАСЫНЫҢ БҮГІНГІ КҮНДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Шоқан Уалиханов – қазақ халқының тарихында өз елінің болашағын дұрыс болжап, сеніммен алға қараған, елізушілердің мүддесін қорғаған тұңғыш демократы болды.
Шоқан орыстың ХІХ ғасырдағы озат ойшылдары, революционер демократтары Белинский, Чернышевский, Добралюбовтардың идеяларынан рухани нәр алды. Сондай-ақ, шығыстану саласындағы аса көрнекті ғалым. Көшпенді халықтың арасынан шыққан, ғылым мен прогрестің шыңына көтеріліп, Россия ориенталистерінің қатарынан құрметті орынға ие болып, Қазақстанның шығыстану ғылымын ашып берді. Әйгілі ғалымның тарих, этнография, география, фольклор сияқты ғылымның салаларын сіңірген еңбегі қыруар. Жас ғалымның ғылыми зерттеу еңбектерінің тарихи маңызы зор. Орыс жолдастары мен достары Шоқан қайтыс болғаннан кейін оның жарияланбай қалған еңбектерін жинап бастырған болатын. Шоқанның шығармалары 1904 жылы Петербургте академик Н.И. Веселовскийдің редакциясымен басылып шықты. Осы кітаптың алғы сөзінде академик Н.И. Веселовскйй былай деп жазды: «...Шоқан Уалиханов Шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың шығысты зерттеуші ғалымдарының барлығы да оны ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызде жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». Бұл – Ғалым Шоқанға берілген әділ баға еді.
Шоқан- тарихшы, географ, этнограф, әрі ауыз әдебиетін жинап зерттеуші болды. Ол тек өз халқының ғана емес, Орта Азия және Шығыс халықтарының да тарихын, мәдениетін, әдебиетін зерттеді. Өзі билеуші таптың қатарынан шыққанымен, Шоқан қалың бұқараның аяусыз қаналып отырғандығын көре білді, халықтың ой-тілегін, арман-мүддесін қорғады, қазақ даласындағы басқарушылық тәртіптің өзгеруін қалады. Мұның барлығы Шоқанның демократтығын сипаттай түседі.
Шоқан Орта Азия елдерінің артта қалуына себепкер болған жағдай- монархиялық тәртіп пен ислам діні деп түсінді. Сондықтан да дамуға кесел жасап отырған ислам дінін Шоқан қатал сынға алды. Ол жалпы дін атаулының прогреска бөгет болатынын, ғылым мен мәдениеттің дамуына кесел жасайтынын, әсіресе ислам дінінің реакциялық сипатын анық айтты. Ол тоқырау мен құлдыраудың себебі болған, халықтың басын айналдырып, санасын улаған дінді орта ғасырлық идеология деп санады.
«Мұсылмандық туралы» деген еңбегінде Шоқан былай деп жазды: « дін фанатизмі атаулының бәрінің халықтардың әлеумет өмірінің дамуына келтіретін зияны туралы көп айтып жатуды артық деп санаймыз. Европада да теологияның етек алып кетуі халықтардың дамуына мүлдем кесел болғаны белгілі».
Орыс педагогикасының прогресшіл идеялары да Шоқанның ағартушылық көзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының ғылми негізде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға бағыттылуын, халықтың жаппай білім алуын халқымыздың алдыңғы қатарлы, мәдениетті елдерді қуып жетуді аңсады. Ол мұсылман мектептері орнына, «ой мен сезімнің өсуіне бөгет жасаудан басқа түк пайдасы жоқ, жансыз схоластика болмайтын мектептер» ашуды талап етті.
Ұлы ағартушы ең алдымен ұлы орыс халқынан үйрену керектігін, ол үшін орыс оқуына бой ұрып, қазақ даласына тарату халықтың орысқа деген достығын күшейтетіндігіні мұның өзі игілікті іс екендігін көргендікпен болжады. Шоқан қазақтарға орыс тілін білудің маңызын баса айтқан адам болды. «Орыс тілін білмеген қазақ,- деп жазды ол өзінің бір мақаласында,- оның заң-законын да білмейді».
Шоқан туған халқының әдет-ғұрпы мен психологиясының біраз жақтарын талдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді мейлінше сынады, бұларды қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп ашынды. Мысалы, осындай феодалдық өмірдің басты мерездерінің бірі - барымта екендігін, оның жұрттың көпшілігі баюдың, мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін дәлелдеді. Ол мұндай «кәсіппен» айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды, ал белгілі бір кәсіппен айналысу уақыт, зор ынта тілейді деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды да мұндай жағымсыз кәсіптен бойын аулақ салуға шақырды. Бұл жағымсыз жексұрын әдеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, ол қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына оның кедергі келтіретіні жөнінде дұрыс қорытынды жасады.
Шоқанның халықтық психология туралы пікірлерінде материалистік тенденция басым. Бұл оның көптеген еңбектерінен анық байқалады. Мысалы, «Записка №1» деген еңбегінде адам психикасы сыртқы ортаға, әсірісе географиялық, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасып отырады деген пікір айтады. Бірақ Шоқан адам психологиясының қалыптасуындағы тарихи-қоғамдық факторлардың шешуші рөлін дұрыс ұғына алмады. Оның ойынша, жұрттың сана-сезімін, әдет-ғұрпын географиялық орта билейді, халықтың прогреске жетуі материалдық өмір жағдайымен емес, идеологиялық факторлармен, ағартушылық әрекетпен жүзеге асатын болады. Осыған орай адамдардың мінез-құлқы мен әдет-ғұрыптарының қалыптасуында географиялық орта мен табиғаттың рөлін Шоқанның асыра бағалап жіберген кездері де болды.
Шоқан ғұмыры бар жоғы отыз жыл ғана болса да, оның бейнесі біздің жүрегімізден еш уақытта да өшпек емес. Ол жазып қалдырған толағай туындылар мен көкейкесті мәселелерге толы еңбектер, зерттеулер қазір де өз мән-мағынасын жоғалпай, жаңа өмірмен үндестік тапқан сайын ғұлама ғалым жөніндегі әсерлі естеліктер де біздің жадымыздан берік орын ала бермек.
Дерек көздері:
1.Ахметова А. Комментарии – В кн.; Чокан Валиханов в воспоминаниях современников. А.–А., 1964, с 192
2.Валиханов Ч.- Ч.Ч.Валиханов. Собр.соч..: т.4 – А-А, 1968 стр 589-592.
3. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении в пяти томах. Алма-Ата: Издательство АН Каз ССР. 1961-1978.
4. Марғұлан Ә. Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметінің очеркі шығ. жин. Алматы, 1961, 1-том,21 бет
5. Марғұлан Ә.Х. «Шоқан және Манас» Алматы 1971.
Әбдікәкімов М.Т. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «тарих және құқық» кафедрасының оқытушысы, тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
Байсарина Қ.Қ. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «тарих және құқық» кафедрасының оқытушысы, т.ғ. д. профессор
ШОҚАН ӨЗ ЕЛІНІҢ ЕЛМАНЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ ДЕМОКРАТ
ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ
«Халық кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін
ең алдымен азаттық пен білім қажет»
Ш. Ш. Уәлиханов
Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлихановтың 2005 жылы 170 жылдық мерейтойы атап өтілді. Бұл шара «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында болды. Бүгінгі күні біз әлі де Шоқан Уәлиханов туралы зерттеулер қажет екендігін көріп отырмыз. Шындығында, Шоқан-үлкен құбылыс. Сондықтан да орыс данышпаны Ф. М. Достоевский «Мен сізді өз інімнен де ерекше жақсы көремін»- дейді[1,1]. Шоқанның үлкен дарын иесі болуына Ресейдің шығыстанушы ғалымдары П.П. Семенов Тянь-Шанскиймен, В.П. Васьильевпен достық қатынаста болуы игі әсерін тигізді.
Бүгінгі күнгі Шоқантануға келсек, оның патша өкіметінен бастап орыс зиялыларымен қандай қатынаста болғандығы, оның Петербордағы өмірі және жазған зерттеу еңбектері, Шоқан жайлы шетелдік мәліметтер, сондай–ақ Парижге барғандығы туралы деректер жоқтың қасы.
Шоқиып отырып үлкендердің кеңесін тыңдауға әуес болғандықтан әжесі еркелетіп Шоқан атап кеткен-Мұхаммед-Қанафия Уәлиханов қазақ даласының Еуропаға ашылған терезесі, жасын-ғұмырлы тағдыр иесі, иісі қазақ ұлтының басын біріктіруде күш-жігерін аямаған Абылай ханның ұрпағы, бітім болмысынан бекзадалықтың бар белгісі анық көрінетін қазақтың ұлы.., деген сипатталуларға оның мамандығын, кәсібін, меңгерген білімін, зиялы қауым берген бағасын айта берсек, сөз жетпесі анық.
XIX ғасырдың ортасы төл тарихымыздың зерттелуіндегі елеулі кезең. Өйткені, 1845 жылы Ресейде Орыс геграфиялық қоғамы құрылды (ОГҚ). 1845-1861 жылдары бұл мекеменің қызметі Ресей тарихнамасындағы буржуазиялық бағыттың дамуымен және революциялық – демократиялық ағымның (В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов және т.б.) қалыптасуымен тығыз байланысты жүреді. Ал, Семей Географиялық Қоғам бөлімшесі Петр Петрович Семенов Тянь-Шанскийдің рұқсат беруімен 1902 жылы 13 сәуірде ашылған болатын[3,35].
Шоқан Қашқарға XIX ғасырдың екінші жартысында, 50 жылдардың ортасында барды. Бұл-орта Азияда Еуропалық мемлекеттердің Үлкен ойынының басталған тұсы. Әрі отарлауға жарайтын жерлерді іздеу, танысу жұмысы басталған уақыт. Қашқар сондай аймақтардың бірі еді. Алайда оған ешкім ене алмады. Батыс Еуропадан алғаш болып Үндістан, Кашмир арқылы А.Шлегенвейт экспедициясы Қашқарға енбек болып қырғынға ұшырады. Ал, Шоқан-Әлімбай Қашқарға еніп аман есен келіп, тіпті Петербордың өзіне жетіп Жағрапиялық қоғамның алдында баяндама жасап, Шығыс Түркістанды ғылыми жолмен зерттеудің бастамасын жасап, А. Шлегенвейттің қаза болу себептерін бірінші анықтаған орыстың тұңғыш барлаушысы атанған болатын[1,5]. Бұл жағдайлардың бәріне әлі де тарихи бағасы берілмей жатыр...
Құпия өлкеде өткізген алты ай ішінде Шоқан елге саясат үшін де, ғылым үшін де аса зор маңызы бар көптеген деректерді жинастырып әкелді. «Шыңғыс хан ұрпағын» қарт Петербург үлкен құрметпен қарсы алады. Оның атына Азиялық департамент пен Бас штабтан арнайы сыйақы тағайындалады. Жас ғалым Императорлық география қоғамының (алдында яғни,1857 жылы 27 ақпанда П.П. Семеновтың ұсынысымен 22 жасар Шоқан Уәлиханов Императорлық Орыс Геграфиялық Қоғамына мүшелікке сайланған болатын [4,55]) толық мүшесі болып сайланады. Осында біраз жұмыстардан кейін Шоқан Отанына оралады.
1864 жылдың көктемінде штабс-ротмистер Шоқан Уәлиханов Оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу мақсатында жасақталған генерал Черняевтің әскери экспедициясына шақырылады. Бірақ, генералдың істеген зұлымдық істері әшкереленгеннен кейін Чернявпен жұлдызы қарсы болған Шоқан Уәлиханов сол жылы шілде айында экспедицияны тастап шығады. Онымен бірге прогресшіл көзқарастағы бір топ орыс офицерлері де отставкаға кетеді.
Шоқан қазақ халқын орыс патшалығының бейбітсүйгіш халқы деп сипаттап, сонымен бірге қазақ халқының экономикалық және әлеуметтік артта қалушылығын, таптық әр тектілігін қатал сынады және царизмнің отаршылдық саясатын әшкереледі.
Сперанский кезінде жасаған «Сібір қырғыздары туралы Устав» туралы: «Мұндай реформалар біздің халқымыз үшін апатты және прогреске қарсы» деп ашық айтты. Бірақ, билік оны тыңдамады...
Шоқан Еуропалық өркениеттің қандай екенін түсіне алды және Азиялық өркениетті Еуропалық өркениетпен салыстыра білді.
Ғалым қазақ халқының ежелгі тарихын зерттеуде археологиялық және архитектуралық ескерткіштерді маңызды дерек деп есептейді. Мәселен, Шоқан еңбектерінде аса қызғылықты антропологиялық бақылаулар берілген. Бұл мәселені шешуде ол туған халқының тарихы мен этнографиясын зерттеу қызметінің негізгі міндеті деп есептеді. Оның «Жоңғар очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қырғыздар шежіресі» және тағы да басқа еңбектерінде қазақтардың физикалық кейпі туралы «түріктер мен маңғолдардың араласуы нәтижесінде қалыптасты, бірақ маңғол тамыры недәуір басым болған» дейді. Сонымен қатар оның дәлелдеуінше «бұл халық XIY ғасырдан бұрын қалыптасқан жоқ». Қазақтардың этникалық бірлігінің мұндай хронологиясы Қазақстанның ежелгі тарихы бойынша қазіргі кездегі ғалымдардың мәліметтерімен сәйкес келеді. Яғни, А. Левшин мен А.Вамберидің қазақ халқы моңғолдардан бұрын пайда болды деген болжамына үзілді-кесілді қарсы болды. Шоқан қазақтар мен қырғыздар арасындағы этникалық және антропологиялық айырмашылықтарды дәлелді фактілер келтірген төңкеріске дейінгі қазақ зерттеушілерінің бірі. Бұл негізінен XIX ғасырда аталған халықтар туралы теріс түсініктердің болуына байланысты айтылады: «Мен осынау мүлде өзгеше екі халықты шатастырмауды атап көрсетуді қажет деп есептеймін» деп жазады Ш. Уәлиханов өз шығармаларында. Шоқан өзінің көркем суреттерінде Омбының жекелеген қазақтарының және Ыстықкөл қырғыздарының бейнелерін қатар салып, арнайы антропологиялық салыстырулар жүргізіп, ерекшеліктерін көрсетеді.
Абай өз заманында өз тыңдарманын таппай асыл сөздерін қағаз бетінде қалдырса, Шоқанның тыңдарманы болмағаны белгілі. Ол жөнінде Г.Н. Потанин: «Егер туған халқының арасында өзін түсінетін оқырмандары болғанда бұл адам, сөз жоқ, көзі тірісінде-ақ сол елдің ұлы жазушысы атанар еді»,-деп тамсана жазды.
«Бір кезде менің,-деді Шоқан Ф. Достоевскийге жазған хатында,-өз отандастарыма көмектесейін деп сұлтан болсам ба деген ниетім де болған. Сондағы көбінесе ойлағаным-білімді де білікті, оқыған ел билеуші сұлтанның қандай пайдалы болатындығын жерлестеріме өз ісіммен үлгі етіп көрсету еді»[2,50].
Ал, Г.Н. Потанин Шоқанның өз халқына деген сүйіспеншілігі, оның салт-дәстүрі, тарихына деген ерекше ықыласын жеріне жеткізе баяндаған. Зерттеушінің жазуынша: «Әулиеатаны алу кезіндегі орыс әскерлерінің Шоқанның діндестеріне, тіпті оның руластарына, яғни, қырғыздарға көрсеткен айуандығы оны ренжітті. Сондықтан да ол өзінің бұл жорыққа одан ары қатыса алмайтындығын ұғынып, Черняевтан қол үзіп, Верныйға қайтты, одан ары...сұлтан Тентектің ауылына жетті.
... Оның өз халқын шексіз сүйгендігі даусыз...Ол әрқашан алдымен өзінің қазақ халқын, одан кейін Сібірді, одан ары Ресейді, тіпті бүкіл адамзатты жақсы көретіндігін айтатын.
...Егер де орыстар қырғыздарға қысым көрсетсе,-дейтін ол,-мен орыстарға қарсы тұрамын, егерде француздар орыстарға қарсы шықса, менің жүрегім орыстар жағында»[6,36].
Н.И. Василевский өзінің «Метеор» деген естелігінде Шоқанның қызметіне, алғашқы көзқарасының қалыптасуына кеңінен талдау жасаған. Ол Ш. Уәлихановтың өмірден ерте кеткендігіне налыған. «Қырғыз хандарының ұрпағы, сонымен бірге,-деп жазады Веселовский осы тұрғыда,-орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шоқ жұлдыз сияқты шығыстану әлемінен жарқ етті де жоқ болды»,-дейді.
Шоқан Уәлихановтың ғұмырын, мұрасын зерттей отырсақ, тұлғаның өзі бір ерекше феномен екенін, оның ержүрек саяхатшы, әйгілі ғалым, шығыстанушы, географ, тарихшы, этнограф, фольклорист, елман (патриот), қазақ халқының ардақты ұлы екендігі талассыз.
Шоқан ғұмыры бар жоғы отыз жыл ғана болса да, оның бейнесі біздің жүрегімізден еш уақытта да өшпек емес. Ол жазып қалдырған толағай туындылар мен көкейкесті мәселелерге толы еңбектер, зерттеулер қазір де өз мән-мағынасын жоғалтпай, жаңа өмірмен үндестік тапқан сайын ғұлама ғалым жөніндегі әсерлі естеліктер де біздің жадымыздан берік орын ала бермек.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Е. Уәлиханов. «Шоқан және қазақтың тұлғатану ғылымы». // Қазақ әдебиеті. №20. мамыр. 2010ж.
-
О. Сүлейменов. Шоқан. // Ақиқат. 96, 4
-
М. Белгібаев, Ж. Әділбекқызы. Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне-105 жыл. // География және табиғат. 3. 2007.
-
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении в пяти томах. Алма-Ата: Издательство АН Каз ССР. 1961-1978.
-
Қ. Сүтеева. Шоқан еңбектеріндегі төл тарихқа қатысты дерекер. // Қазақ тарихы. 2002-4
-
Ғ. Қарасаев. «Ресей зерттеушілері Шоқан Уәлиханов туралы». // Қазақ тарихы. 2009-1
Алдабергенов Қ., тарих ғылымдарының докторы, профессор.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кафедра менгерушісі
ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ПУБЛИЦТИСТИКАЛЫҚ
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ
XIX ғасырдың елуінші, алпысыншы жылдары Н. Г. Чернышевский бастаған революциялық демократтар крепостниктік тәртіпті және помещиктердің жер иелену хүқысын революциялық жолмен біржола жойып жіберуді көздеді. Герцен барлық халықтардың тең хұқылығын талап етіп, патша өкіметінің казақ халқына деген жендеттік саясатын бүкіл әлемге жария етті. Бұдан Шоқан екі Ресейдің барын: бір жағынан, революциялық идеялардың жаршылары - Герценнің «Колоколы» мен Чернышевскийдің «Современнигі», екінші жағынан, патша тағын төңіректеген ресми шенеуніктер, помещиктер мен капиталистер Ресейінің барын білді.
Шокан өзінің публицистикалык макалаларында, хаттарында еңбекші бұқараның мүддесін корғап. олардың хүкылары үшін күресті. Жалпы, оның еңбектерін хаттары мен мақалалары, ғылыми макалалары, жолсапар очерктері деп үшке бөліп қарастырған жөн сияқты.
Ауыл мектебінде қазақтың ескі аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдерін жазып алып, жинастырып, жаттап өскен, кадет корпусында орыс әдебиетінің классикалык шығармаларымен, орыс тілі арқылы батыстық мәдениетпен танысқан. Шокан хаттарында оның мінез ерекшеліктері, ой-өрісі, дүниетанымы, өмірге көзқарасы ғана танылып қоймай, үстаған бағыты да көрініп отырады. Мысалы, ол А. Н. Майковқа жазған хатында: «Жергілікті сүлтандармен және байлармен тату емеспін. Өйткені, олар бүрынғы күлдарын жаман ұстайды, ал енді бүл қүлдар қазір де бостандық алғанымен де, қалай кетерін білмей, сол бүрынғы қожаларының қолында жүр. Мен олардан талай рет бұларға еңбек ақы төлеңдер және өздерін адам санатында ұстаңдар деп талап етіп, қорқыттым. Бірақ олармен шығыспасам да, оның есесіне дала пролетариатымен қатты доспын және олармен тез-ақ үйлесе кеттім»,-деп шындығын айтты. Бұдан Шоқанның өмірлік күрескер позициясы, саяси көзқарасы айқын көрінеді.
Бұдан кейінгі оқиғалардан Шоқанның саяси көзқарасының тез есейіп, қалыптасқанын көреміз. Оның публицистикалық туындыларынан А.И.Герценнің, Н.Г. Чернышевскийдің, А.Н. Добролюбовтың идеялық әсері айқын танылады. Мәселен, үзбей хат жазысып, пікір алысып түрған Ф.И.Достоевскийдің 1861 жылғы реформадан кейін сарыуайымға салынып, самодержавиеге қарсы күрестен ауа жайылып кеткеніне Шоқан сын көзбен қарай білді. Бұрын ақыл-кеңес алған досына енді өзі «Сен енді түбірімен өзгерту жолына түс»-деп ақыл берді. Бүл Шоқанның саяси санасының қаншалықты өскенінің және оған революцияшыл-демократтардың қаншалықты әсер-ықпал еткенінің аса маңызды дәлелі.
Шоқан хаттарының стилі, түрі мен мазмұны қандай дегенге келсек, олар кәдімгі хат стилінде, хат түрінде жазылды. Бірақ, оларда жеке бас, күйкі тірлік мәселесі емес, халықтық, қоғамдық, саяси мәні бар мәселелер қозғалды. Н.Г.Чернышевский сияқты ол қоғамдық кекейкесті мәселелерді батыл көтеріп, туған халқының келешегі туралы терең ой толғады. Жалпы, Шоқанның хаттары халықтық, қоғамдық мазмүнға толы.
Бұл ерекшелік оның мақалаларына да тән. Ол «Русский инвалид» журналына жолдаған түңғыш мақаласында бүкіл халық басындағы ауыр жағдайды сөз етеді. Оның осы туындысының өзінен-ақ публицистикалық іргелі пікір түюге бой үра білгенін аңдау қиын емес. Атап айтсақ, Шоқан жекелеген әкімдерімен қоса (Кури, Айвашкевич, Безверхов) Омбы облысы әкімшілік басқармасын да сынап, сол кездегі мемлекеттік тэртіптің әділетсіздігін әшкереледі.
Оның публицистік осы жинақтау әдісі басқа мақалаларынан да кездесіп отырады. «Сот реформасы туралы» деген хат жобасын жасауға тек патша үкіметінің шенеуніктері мен қазақтың үстем тап өкілдерінің қатысқанын, олардын калың бүкара мүддесін емес, билер мен сүлтандардың мүддесін ғана көздегенін сынайды.
Шоқанның ғылыми мақалалары да терең зерттеуден, түрлі салыстырудан туған. «Қырғыздың ата-тегі» деген макаласында ол кырғыз халқының шығу тарихы туралы қытай, орыс, ағылшын зерттеушілерінің пікірі мен қырғыз халқының өз аңыздарын салыстыра қарастырады. Сөйтіп, кырғыздар алғашында оңтүстік Сібірді мекендеп, содан кейін XVII ғасырдың бүгінгі коныстарына жер ауып келді деген пікірдің жансақтығын дәлелдейді. Біздіңше бүл ғылыми зерттеудің тамаша үлгісі дерлік мақала.
Енді, Шоқанның мақалалары мен ғылыми мақалаларының стильдік, формалық ерекшеліктеріне көңіл бөлейік. Бұлар құрылымы, түрі жағынан қарапайым, тілі жатық, түсінікті. Автор ойын жеңіл жеткізеді. Кей тұстарда нәзік сезімталдық, байқағыштық, философиялық ой-қорытудың элементтері үштасып отырады.
Қай мақаласын алсаңыз да фактілерді салыстыра қараушылық, жинақылық, үқыптылық ізін көреміз. Бұлдыр, шұбалаңқы сөйлемдер кездеспейді, екі ұшты талас тудырарлық пікірлер жоқ. Мысалы, дін мәселесі туралы жазған мақалаларында («Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары», «Қазақ даласындағы мүсылмандық туралы») Шоқан материалистік көзқарасты ұстады. Ол айнала қоршап түрған дүние адам санасына тәуелді емес және ол мәңгілік деп түсінеді.
Ш. Уәлихановтың зерттеушілік таланты мен парасаттылығы, нәзік байқампаздығы мен суреткерлік қабілеттілігі 1856 - 1859 жылдардағы саяхаттарының негізінде жазылған жолсапар очерктерінен ерекше танылады. Бүған көз жеткізу үшін «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» деп аталатын түңғыш жолсапар очеркіне зер салалық. Оны авторе «1 тамыз 1856 жыл. Қытайдың Бараходжир атты шекаралық бекеті» [1], - деген жолдарымен бастап, екі ел шекарасында түрғанын, мүның жауапты да қатерлі екенін бірден алға жаяды. Сөйтіп, оқырман назарына өзіне алаңсыз аударып алады.
Шоқан табиғат көріністерін суреттеу арқылы Қытай еңбекшілерінің ауыр түрмысының естен кетпес типтік картинасын жасаған. Мәселен, «жаз келсе Қытай жүмаққа кіргендей болады; ол жалаңаяқ, жалаңбас жүріп, қалаған жеріне жатып үйықтап кетеді, бау-бақшаның көлеңкелі саясы түнде түнеп шығар жайлы төсек, бірақ оның есебіне қыста ол қатты азап шегеді. Мүнда орталық Қытайдағыдай емес, Қыс қақап, боран соғып тұрады жэне сондай қатты борандардан кейін әрқашанда бірталайының түлымды төбесі қар астынан қылтиып шыға келеді де жаз шыққанша сол күйінде, ашылып қалған мүрделерін Ілеге тастап, немесе, полиция сол жатқан жерлеріне көме салғанша жата береді. Қытай молаларының белгілі бір орны жоқтығы және кез-келген жерден үшырай беретіндігінің себебі де осыдан» [2],- деп жазады. Бүл Қытай халқы түрмысының өте ауыр екенін эйгілейтін көрініс. Батыс Қытай провинциясындағы аш-жалаңаш, панасыз, жүмыссыз қара халықтың түрмыс-тіршілігін дэл бүлай суреттеусіз көзге елестеу қиын. Шоқанның суреткерлік дарыны осындай негізгі мақсатқа шебер қызмет ете алған.
Енді, Батыс Кытай халкының мэдени өмірін суреттеген мына үзіндіге көңіл бөлелік: «Үйлердің алдыңғы жаппалардың астынан сәкі орнаткан, мыңдаған адам сол сәкілердің үстінде түскі асын ішіп отыр. Бірнеше аспазшы қазан маңында шыр айналып, ет қуырып, шай қайнатып, зыр қағып жүр. Не деген кіржімбаз халық десеңізші. Тегештегі суға әуелі бетін жуады, сонан қайтадан сол сумен ауызын шаяды да ішіне қайта төгеді. Сол суға келесі адам тағы да сөйтеді де, үшінші біреуіне жылжытады - сөйтіп, сол жерде отырғындардың бэрі жуынған су қара сырға айналып, Қытай табытын болса да боярлықтай халге жетеді». Автордың орта ғасырлық дәрежедегі артта қалған елдің әлеуметтік-мәдени дэрежесін көзге үрып түрған көрініс арқылы суреттеуі соншалық эсер л і де нанымды шыққан.
Егер Шоқан «Қытайлардың мәдениеті томен еді» деген секілді сөздермен баяндаған болса, онда оның танымдылығы нашарлау болар еді.
Очеркте адамдардың топтама портреттері де жиі кездеседі. Мысалы, Шоқан «Үстіне өрім-өрім шоқпыт киген тараншы, яғни қытай экімдеріне қызмет етіп, солардың жерін өңдеп, егінін егу үшін осы өлкеге жер аударылып келген диқаншы мүсылман да жаңа ғана сатып алған қарбызын сүйсіне сорып,рахаттанып отыр. Ол өзі негр сияқты қап-кара, ал енді тісі болса інжудей аппақ. Сызықтай түзу бітік көзі көп үйқыдан ісіп кеткендей боп көрінген манчжур, оңтүстік губерниядан жер аударылып келген қысық коз, қап-қара, тістері ырсиған, үстіне қүдды бір жылтыр клеенка тэрізді май-май шолтиған ақ көйлек киген батыр қытай, белін қынай буған, сілеусін бөрікті, қамыт аяқты қалмақ - осылардың бэрі де елестеп өтіп жатты», - дей келіп, «... жэне осылардың бэрі де шетінен шылым шегіп, қарқылдап күліп, бірімен-бірі амандасып, қүттықтап, гу-гу етеді»[3], - деп батыс өлке халқының бейнесін жасайды.
Сөйтіп, Шоқанның публицистикасынан біздің аңғарғанымыз ол -ғалым, тарихшы, этнограф, саяхатшы, тіл маманы, философ, ағартушы, социолог жэне суреткер. Бүл ерекшеліктерді оның публицистикалық шығармаларын оқыған адамның терең сезінері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |