3. Уақыттымыздың жаулары ( враги нашего времени):
түсініксіз мақсаттар;
тыңдай білмеу;
«жоқ» деп айта алмау;
телефонмен ұзақ сөйлесу;
асығыс шешімдер;
ұмытшақтық;
жұмыс уақытында кофе, шай ішуге кететін үзілістер;
жоспарлай білмеу.
Жазылым.
4. Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
Уақытты басқару ...
А)білім;
Ә) өнер;
Б) мамандық.
Кеңес одағы кезінде адамдарға уақытты меңгеруге деген еш.... болмады.
А) мүмкіндік; Ә) қажеттілік; б) ой.
Қазір олай емес, әркім ... жұмыс істейді.
А) біреу үшін;
Ә) туысқан үшін;
Б) өзі үшін.
Кейбіреулер тәуліктің тең жартысын ... арнап жүр.
А) ойынға;
Ә) қыдыруға;
Б) жұмысқа.
Қымбат минуттарыңызды ... аласыз ба ?
А) құметтей;
Ә) ардақтай;
5. Тапсырма:
А) мәтіннен бұйрық райда (2 жақ) берілген сөздерді теріп жазыңыз;
Ә) у-жұрнақты қимыл есімді сөздерді теріп жазыңыз;
Б) сұраулы сөйлемдерді теріп жазыңыз.
Оқылым.
6. Тапсырма:
Мәтінді оқып, аударыңыз.
Сіз уақытыңызды қалай пайдаланасыз туралы шағын мәтін жазып әкеліңіз.
(А ) Уақытыңызды қалай пайланасыз?
Мен әр күнімді жоспарлаймын. Әр күні әр түрлі жоспар жасауға тура келеді. Өйткені күндер бір-біріне ұқсамайды ғой, өз міндеті бар.
Күннің алғашқы жартысында менің жоспарым өзгермейді. Бұл уақытта мен нөмірге жіберілетін барлық материалдарды оқимын. Түске дейін тәртіпті қатаң сақтаймын, тіпті телефон тұтқасын да көтермейтін кездерім болады. Олай отпесем жұмысым,демек, журналдың жұмысы тоқтап қалады. Күннің екінші жартысында авторлармен сөйлесем, келушілер бар, телефон соғушыларға жауап беремін. Жоспарланған жұмысымның бәрін орындауға мүмкіндік бола бермейді. Күтпеген жағдайлар кедергі келтіреді. Оларды ертеңгі жоспарға енгізуге тура келеді. Жұмыс барысында көп уақытымды алатын жағдайлар- келіп-кетішілер, телефон қоңфраулары, авторлармен сөйлесу. Негізінде көп уақытым нөмірге жіберілетін материалдарды оқуға кетеді. Сондықтан бұл жағынан жұмысымды ақсатпауға тырысамын.
Бұдан ұғып алғаным:
Тек жоспармен жүру ешқандай нәтиже бермейді;
Жағдайларға қарап икемделе білу қажет (уметь приспосабливаться);
Жоспарлау қажет, егер болмаса өзгерткен жөн.
(Р.Петров,«Простор»журналынан).
Достарыңызбен бөлісу: |