4- тақырып.«Венерологиялық және урогениталдық жұқпа қоздырғыштары. Бактериалдық трансмиссивтік жұқпа қоздырғыштары»
Сабақтың мақсаттары
Білімділігі:Жыныс жолдары арқылы берілетін бактериялық инфекциялардың және трансмиссивті инфекциялардың морфологиялық, дақылдану,ферменттік белсенділігін, таралуын және тіршілік етуін түсіндіру.
Дамытушылығы: Білім алушылардың клиникалық ойлауды қалыптастыруға баулу.
Тәрбиелік: Білім алушылардың өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын игеруге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: құрама сабақ
Сабақтың әдісі (оқытудың):түсіндірмелі-безендірмелі, мәселелік, жартылай ізденіс.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету, көрнекі құралдар:
1.Мемлекеттік стандартты плакаттар
2.Мультимедия, проектор, презентациялар, бейнероликтер.
3.Әдебиеттер:
Б.А. Рамазанова «Жеке бактериология» Алматы, 2010 ж
А.Ә. Стамқұлова «Жалпы және жеке вирусология» Алматы, 2010 ж
Сабақтың құрылымы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырып бойынша тірек білімінің сай келуі.
3. Жаңа материалды мазмұндау (дәріс жоспары):
1.Лептоспиралар
2.Боррелиялар
3.Риккетсиялар
4.Спирохеталар
5. Микоплазмалар
6. Хламидиялар
7. Соз
4. Тақырып бойынша дағдылар мен білімін бекіту
5. Сабақтың қорытындылау кезеңі.
а) Үйге тапсырма.
б) Оқушыларды бағалау.
1.Патогенді лептоспиралар Spirochaetaceae тұқымдасының Leptospira түріне жатады. 1915 ж жапон зерттеушілері Инадо мен Идо ашқан.
Морфология. Лептоспиралар- ұзындығы 6-20 мкм,ені 0,1-0,25 мкм болатын спираль тәрізді жіпше. Ұсақ көптеген бұрамалары бәр-біріне тығыз орналасқанспиральдарының ұшы ілмек тәрізді болады. Өте қозғалғыш.Қозғалыстың барлық түріне қабілетті. Олар анилинді бояғыштарда нашар боялады, сондықтан оларды патологиялық материалдардан табу мақсатында өсінділерді қаранғы жерде микроскопия әдісін немесе күмістендіру әдісін қолданғанда олар қоңыр түске боялады.
Өсіру. Лептоспиралар қатал аэробты болып табылады. Сұйық және жартылай сұйық ортада құрамында қоян сарысуы болғанда көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |