Патогенез. Жыныс жолдарының шырышты қабығы мен ауыз қуысы кіру қақпасы болып табылады.
Иммунитет. Табиғи иммунитет болмайды. Мерезбен ауырған кезде залалсыздандырылмаған инфекциялық иммунитет қалыптасады. Оны шанкерлік деп атайды. Қайта жұққан кезде қатты шанкр түзілмейді, басқа кезеңдерде қалыптасады.
Алдын алу. Санитарлық-ағарту жұмыстары, мерезбен ауыратын науқастарды ерте анықтау. Мерезге тән алдын алу шаралары жоқ.
Емдеу. Антибиотиктер.
Қайталама сүзектің қоздырғыштары Spirochaetaceae тұқымдасының Borrelia түріне жатады.
Қайталама сүзек тасымалдау сипатына байланысты биттер арқылы жұғатын-эпидемиялық және тасымалдаушысы кене болып табылатын- эндемиялық болып бөлінеді. Қайталама сүзектің боррелилері басқа спирохеттерден ірі, әртүрлі бұрамаларының болуымен,анилинді бояуларымен жақсы боялатындығымен,әсіресе Романовский-Гимзе әдісі бойынша күлгін түске боялатындығымен ерекшеленеді.
2.Микоплазмоз тобы адамдарда микоплазмалармен тудыратын ауру. Олар антропонозды бактериялық инфекция. Алғаш рет 1898 жылы микоплазмаларды Э.Нокар, Э.Ру, А.Боррель байқаған (1910ж). Ж.Борде мен А.Боррель қоздырғыштың толық морфологиялық сипаттамасын берген. 1929 ж К.Новак “микоплазмалар” деген атауды ұсынған.
Қоздырғыштың түріне байланысты олар тыныс ағзаларын немесе несеп жыныс жолдарын, өте сирек жағдайда басқа ағзаларды да зақымдайды
Тұқымдастығы: Mycoplasmataceae
Туыстығы:1) Mycoplasma
2) Ureaplasma
Түрі: M.pneymonial
M.hominis
M.genitalium
“Микоплазма” термині Mycoplasmataceae және Acholeplasmataceae тұқымдастарына жататын барлық микробтар үшін қолданылады.Микоплазмалардың негізгі таксономиялық белгісі мочевинаны гидролиздеу қабілеті болып табылады.
Микоплазмалар өте ұсақ бос күйінде тіршілік ететін бактериялар. Олардың екі ерекшілігі бар:
Микоплазмаларға ғана тән құрылымы
Өте жиі жасуша дақылдарын контаминациялайды, өсімдік, жануарлар және
адамдарда ауру тудырады. Бір қатар вирустардың (соның ішінде онкогенді, АИВ) көбеюіне әсер етеді және өздері де иммунитет тапшылық тудыруға қатысады. Микоплазмалар –ұсақ сфера пішінді және жіпше тәрізді жасушалар.Спора түзбейді. Оларда жасушалық қабырғасы жоқ , сондықтан үш қабатты жұқа липопротеинді мембранамен қоршалған.Осының арқасында микоплазма пішіндері тұрақты емес, бактериалық сүзгіштерден өтіп кетеді, Грамша- боялмайды, ал Романовский Гимзе әдісімен жақсы боялады.
Дақылдануы.Бірқатар ферменттік жүйелерінің болмауына байланысты микоплазмаларды дақылдандыратын қоректік орталар міндетті түрде күрделі болуы керек. Колониялардың түрі “қуырылған жұмыртқаға” ұқсас келеді. Қозғалатын және қозғалмайтын түрлері кездеседі. Репродукцияланатын минимальды бірлігі элементарлық денешіктер.Пішіні сопақша немесе шар тәрізді. Кейін олар ұзарып жіпшелер құрастыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |