54
күй аңыздар
39. «Тепеңкөк»
(ІІІ нұсқа)
—өткен заманда, бір кедейдің
жалғыз көк тұлпары болып-
ты. өзі жуас, бірақ жүйрік болса керек. Кедей онымен аңға
шығып, күнелтіс етеді екен. Аңда жүргенде қасқыр, түлкілерді
тұлпармен қуып, соғып ала береді. Тұлпардың бір қасиеті—тері
шықпаса, шаба алмайтын болған. «Аттың сыры иесіне мәлім»
дегендей, аңға шығардың алдында екі қанжығасына екі дор-
ба құмды өңгеріп алып, әрлі-берлі аяңдатып, желдіртіп, көк
тұлпардың терін шығарып алады екен.
Бір күні елде үлкен той болып,
соған жер-жерден әнші-
күйшілер, ақындар, палуандар, бай-билер сәйгүлік жүйрік ат-
тарымен келеді. Той басталып, ойындар өтіп,
кезек аттардың
жарысына қалады. Бәйгіге дайындалған сәйгүліктер көп екен.
Бәрі де бірінші жүлдеден үміткер. осы жарысқа көк тұлпарды
да қосайыншы деп, тұлпардың иесі, ат
айдаушы келгенше көк
тұлпардың терін шығару үшін, қанжығасына құм өңгеріп,
тұлпардың тепеңдетіп жортып жүреді.
Көп кешікпей ат шабыс басталады. Бірінші болып көк тұл-
пар келеді. Бәйгі алғаннан кейін тұлпардың иесі,
атына разы
болып, жарыс алдында тепеңдетіп, жортқанын есіне түсіріп,
«Тепеңкөк» деп күй тартыпты.
Достарыңызбен бөлісу: