182
183
күй және күйшілер туралы аңыздар
ра құлақ атты мініп, күйеу жолдастыққа Байтарақ, Жақсыбай
деген адамдарды ерте барған. осы тойда ат бәйгесі болып, құ-
далардың арнаулы баптап әкелген жүйрігі болмағандықтан,
күйеу жігіт оспан қара құлақ атты баптамай бәйгеге қосқан.
Бапсыз сәйгүлік қара құлақ ат бәйгеден келіп, Байтарақ ба-
луандықта жығып, Жақсыбай
Айжан деген қызбен айтысып
жеңіп, құдалар жақ өнердің әр түрінен жеңістік алған. Сол
замандағы Жақсыбай мен Айжанның айтысы, өзіндік айтыс
салтын сақтаған қалпымен ауыздан-ауызға тарап, ел арасында
қазірге дейін сақталуда. осы келін түсіру барысындағы қуаныш
Бежеңе шабыт қозғап, «Қара құлақ ат» күйін туғызған.
190. «Көк шыбар ат»
Бейсенбі билік басында болған
жылдардың бірінде қазақ
ортасында болған съезге өзінің тума жылқысы ішінен шық-
қан таңдаулы көк шыбар атын мініп барады. Бежеңе есесі кет-
кен бір адамдардың айдап салуында, аттың сыртқы тұлғасына
қызыққан екі жортуылшы ұры,
көк шыбар атты оңашада
бөгенайлап көреді. Сонда көк шыбар аттың тілінің астында
дөңгелек қара қалы, ауыздығының тыртығы барын байқайды.
Дәл осы белгілерді куә етіп, атқа таласу ойына келген жала-
қор шідерде тұрған аттың мойнына асылып жылайды: «Қайран
жануарым-ай, дөненінде асаудан үйреткен едім, сонда езуін
ауыздық қиған еді. Алты жасында жоғалған еді»,—деп зар-
лайды. Съездегілер: «Бұл Бейсенбінің аты еді,
мұнысы қалай
болды?»—деп тамсанады. Бежең өзінің тума малы екендігі
шындық деп айтса да, ана екі ұры белгіміз бар дейді. Екі жақтан
сұралып аттың ерекше белгісі сарапқа салынады. Бежең сырт-
қы тұлғасын, жасын айтқанымен
нәзік белгілерін нақты айта
алмай қалады. Ал екі жалақор көріп алған белгісін айтып, нақ
шындықтай етіп сөйлеп, құстай қондырып, оқтай төндіреді.
Ат тілінің астындағы қара қалы, езуінің жыртылуы сияқты
белгілер бойынша ат жалақорларға тәуелді болады. өз
басы ның
жалаға ұшырап, әділетті істің әділетсіз істің алдында жеңі-
ліс тапқанын әрі аттың нәзік белгілерін біле алмағандығына
Бежең қатты ызаланады. Атты ұрыларға жетектетіп жатып:
«Жанаттың шыбарын жегеннің жаны желінеді» деген ел ара-
сында тараған тәмсіл бар еді. Менің шыбар атым емес, елім
184
күй аңыздар
жанаттың шыбар аты еді,
жаның желінбесе болды, мен бір тай-
дан кедей болмаспын, сендерге бақ па, сор ма? оны болашақ
бел гілесін»,—деп қалады. Айтушылар аңызына қарағанда осы
съез ақырласпай-ақ, әлгі екі ұрының бірі ауырып, өлім халіне
келеді. Жан үзер алдында: «Керейдің киелі
биінің атын жала-
мен алған едім, жанаттың шыбарын жеймін деп жаным желін-
ді, ол дүниеге алып кетпейін, атты иесіне тапсырыңдар»,—деп
өсиет айтыпты. Атты қолына алған соң, Бежең осы оқиғаға бай-
ланысты «Көк шыбар ат» деген күй жаратқан екен.
Достарыңызбен бөлісу: