Методика информатизации взаимодействия субъектов управления системы образования



бет16/18
Дата23.04.2023
өлшемі0.69 Mb.
#472614
түріАвтореферат
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Саматокина автореферат4.12.11 (1)

Зерттеу нысанасы – қалалық білім беру жүйесін басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігін ақпараттандыру.
Зерттеу пәні – ББЖА-ң жаңа моделінің басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігін жетілдіруге ықпалы.
Зерттеу барысында «NETMEKTEP.KZ» қалалық білім беру жүйесін басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігінің ақпараттық-коммуникациялық жүйесі жасалды.
«NETMEKTEP.KZ» кешені порталдың электрондық WEB-сервисіне педагогтар, директорлар, аудандық білім беру бөлімі, білім беру департаменті мен басқа да білім беру мекемелері қызметкерлерінің дербес кіруі арқылы ақпаратты жеткізу, өңдеу мен талдауды жүзеге асыратын, әрбір білім беруді басқару субъектісінің жеке офисына, құжатайналма мекемелеріне, мониторинг және статистикалық мәліметтерді талдау мен жинауды автоматтандыруға кіруге рұқсатын қамтамасыз ететін өздігінше корпоративтік ақпараттық инфраструктура болып табылады.
ББЖА-ң құрылымы басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігінің қазіргі заманғы инфокоммуникациялық жүйесінде білім беруді басқарудың дәстүрлі тәжірибесі мен өзара әрекеттестіктің әдістері мен басқару функцияларының жиынтығымен жүргізілетін трансляциялауды қамтамасыз ететін «Жеке офис» моделіне негізделеді.
Зерттеудің болжамы – басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігі мынадай жағдайда тиімді болады, егер:

  • педагогикалық архитектурасы өзара әрекеттестіктің барлық бағыттарының көкейкесті мазмұнын көрсететін, білім беруді басқарудың инфокоммуникциялық инфраструктурасы жасалса;

  • «Жеке офис» моделінің негізінде басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігінің қазіргі заманғы инфокоммуникациялық жүйесіндегі білім беруді басқарудың дәстүрлі трансляциясы қамтамасыз етілсе;

  • инфокоммуникациялық жүйедегі субъектінің өзара әрекеттестік әдістемесі тұлғаның шығармашылық потенциалын дамытуда көрініс табатын, ашықтық, икемділік және ынтымақтастық қағидасымен басқару функциялары мен әдістері жиынтығымен жүргізілсе, онда білім беруді басқаруды ақпараттандырудың педагогикалық құндылығы жоғары болады, өйткені тұлғалық-іс-әрекеттік, жүйелік және аксиологиялық әдіснамалық амалдар іске асырылады.

Зерттеудің мақсаты мен болжамы негізгі міндеттерді анықтады:

  1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында қазіргі заманғы жетістіктер негізінде білім беру жүйесін басқаруды ақпараттандырудың теориялық негізін айқындау.

  2. Орта жалпы білім беру мекемелері мен қалалық білім беру департаментінің «NetMektep» ақпараттық-коммуникациялық инфраструктурасын құру.

  3. «NetMektep» жағдайында қалалық білім беру жүйесін басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігінің моделі мен әдістемесін дайындау.

  4. «NetMektep» ББЖА-ң қалалық білім беру жүйесін басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігін жетілдіруге ықпалын оқып-үйрену.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет