Microsoft Word Документ Microsoft Word doc


-Теоретикалық этика- этиканың негізгі ұғымдарын, оның зерттеу пəнін, ғылым ретінде даму барысын зерттейді. -



бет2/17
Дата19.09.2023
өлшемі50.18 Kb.
#477953
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
этика

-Теоретикалық этика- этиканың негізгі ұғымдарын, оның зерттеу пəнін, ғылым ретінде даму барысын зерттейді.
-Нормативті этика- негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік, ізгілік, ар- ождан, ұят, абырой, парыз жəне т.б. қарастырады.
-Эмпирикалық этика- белгілі бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының нақты адамгершілік келбеті жайында түсінік береді.

Лекция 2. Тақырыбы: Мораль


  1. Моральдің қоғам өміріндегі ролі

Мораль-адамдарды жаман қасиеттерден қорғайды. Мораль-сезімге қарсы шығады. Моральдің ең басты сипаты нəпсі тəрбиесі. Мораль мінез-құлық жиынтығы. Мінез-құлық қоғамдағы адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Мораль-қоғамда өмір сүру қабілетін жетілдіреді. Мораль екі қасиетке ие: 1-Ерік. 2-Жалпы.
Дін адамдардың адамдығының басты күші. Діни сезімдер адамдардың басын біріктіруде маңызды орынға ие. Мысалы дін, құқық, өнер т.б. қоғамдық сананың бір формасы.

  1. Жеке тұлғаның моральдық өлшемі

Мораль-дегеніміз адамның өз-өзін ұстай білуі жауапкершілігі. Плутархтың «Өмірді суреттеу» деген еңбегінде мынадай оқиға айтылған. Күрес кезінде күресші абайсызда адамды найзамен өлтіріп қояды. Сол кездегі Афинаның патшасы Перикл мен атақты философ Протагор күні бойы отырып кімгің кінəлі екендігін шеше алмаған. Жарысты ұйымдастырған адам ба? Əлде найзаны қолданған адам ба?
Бұл оқиғаға қарап сол дəуірдің өзінде жауапкершіліке көп мəн бергендігін көремеіз. Этика қандай проблема болса да кім кінəлі? немесе кім жауапты? деген тұрғыда зерттеу жүргізген.
Қаншалықты адам өзін ұстай алады деген кезде ең алдымен адамның өз нəпсісін тəрбиелеу деген мəселеге келіп тіреледі.
Мораль ең алдымен адамның мінез-құлқына қарайды. Егерде адам денесін тəн, жан жəне ақыл деп бөлетін болсақ, ол кезде мораль адамның жанын білдіреді. Ал адамды жаны бар адам екен десек, онда ол жақсы, мейрімді болғаны. Жансыз десек, ол кезде адам қатыгез, кекшіл болғаны. Аристотель мораль адам жанының айнасы деп айтады. Адам жаны деген кезде ақылды жəне ақылсыз əрекеттердің бірігіп іс-жасауы.
Ақылсыз əрекеттер бізге индивитті көрсетеді яғни өзін жалғыз санау, теңі жоқ сияқты.
Ақылмен жасалған əрекеттер адамды жақсы жəне тура жолға жетелейді. Адам ақылмен жұмыс істесе адамның жан дүниесі таза болғаны, егер де ақылсыз жұмыс істесе ол кезде адамның жан дүниесі күнə толы болғаны.

  1. Қоғамдағы моральдық өлшемдер

Мораль күрделі қоғамдық құбылыс болғандықтан ол өзінің мазмұны қоғамда адамның жəне моральдың мұраттар жақсылық пен жамандық əділеттік жəне əділетсіздіктер ұғымдары бейнелейтін морльдық сананы да қамтиды. Моральдық сананың бұл формалары моральдық іс-əрекеттерді тек белгілеп қоймай, сондай-ақ оларды белгілі бір тұрғыда негіздеуге жəне бағалауға мүмкіндік беретін мағыналық жағынан тəртіпке келтірілген жүйеге біріктірілген.
Адам өз өмірін құрайды жəне аяққа тұру үшін күреседі. Ол тұрған жағдайда қанағат етпей үнемі жоғарыға ұмтылады. Əуелгі кезде дүниені төменде жаман дүние, жоғарыда жақсы дүние, ортада адам деп таныған. Алайда жоғарыда да емес төменде де емес. Ол төменнен жоғарыға шығатын сатыда. Ол жолда яғни жермен көкті бірлестіруде. Қазіргі заманда адам ортада жəне ол дамудың басты себебі, əрі ол өткенмен болашақтың ортасында.

  1. Адам өміріндегі мораль

Мораль қоғамдық санамен қатар жеке адам санасында да елеулі роль атқарады. Қоғам қалыптастырған адамгершілік түсініктеріне қарап жəне тəрбие процесінде оларды игере отырып жеке адам өз мінез-құлқын айтарлықтай дəрежеде өздігінше реттей алады жəне айналасында болып жатқан барлық оқиғаларға моральдық баға бере алады. Осының арқасында ол моральды тек əлеуметтік бақылаудың объектісі ғана емес сондай-ақ оның саналы субъектісі. Яғни адамгершілігі бар жеке ретінде де көрінеді.
Адамгершілік мəселесі адамзат мəдениетінің руханиятының қалыптасуымен байланысты дүниелер. Адамгершілік құлық адамның өзінің əлеуметтік қалыптасу тарихымен, мəдениеттің бой көтеру процесімен бірге пайда болған.

  1. Дін жəне Мораль

Моральдың ең басты сипаты нəпсі тəрбиесі. Əрине нəпсі тыю дегеніміз лəззат сезімдерін мүлем жою деген сөз емес. Егерде нəпсіңді ақылмен тəрбиелесек өзіңе бағындыра аласың. Ең маңыздысы ақыл жəне сезім арасындағы мəселені шешу керек. Аристотель шығармаларында былай жақсы істің бастамасы ақыл емес, дұрыс бағытталған сезімдер. Егер сезім дұрыс бағытталса ақыл да сол сезімдерге ереді. Ал егер де жақсылықтың бастамасы ақыл болса онда көбінесе сезім қарсы шығады. Ең қолайлысы дұрыс бағытталған ақыл сезіммен бір болуы. Жоғарыда айтылғандар бізге моральдың тек қана адамға байланысты екенін көрсетеді.
Біреу үшін ол пайда, біреу үшін Аллаһқа деген ғашықтық, басқа үшін қуаныш т.б.
Бірақ мұның барлығына жету үшін күресу керек екендігі мəлім.

  1. Дін мен Моральдың қоғам өміріндегі ролі

Мораль дін құқық өнер жəне т.б. сияқты қоғамдық сананың бір формасы. Басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста бола тұра мораль олардан өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы мораль мен құқық нормаларының шығу төркіні бір. Өйткені олар адамдардың қарым-қатынасын реттеуші, керек жағдайда шектеуші болып табылады. Бірақ сол нормалардың орындалу орындалмауын қадағалау тұрғысынан мораль мен құқық өзгеше. Құқық нормаларының іс жүзіне асуын белгілі бір мемлекет құзырлы органдар, заң мекемелері қадағалайды. Жүзеге аспай немесе нормалар ұстанбаған жағдайда əркімге сол органдар тарапынан жазалану қаупі бар. Ал мораль нормалары сыртқы қалау емес ішкі бақылау адамның ішкі дауысы ұятына жəне қоршаған қауым көпшіліктің көзқарасына тəуелді.
Көптеген ерекшеліктерімен қатар мораль басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста дамиды. Əсіресе діннің адамгершілік құлықты қалыптастырудағы ролі орасан зор.
Дін-адамның адамдығының басты көрсеткіші. Діни сезімдер адамдардың басын біріктіруде маңызды орынға ие. Ғибадаттардың көпшілігі жамағатпен жасалуы. Қоғамға қаншалықты мəн берілетіндігін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет