Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)



Pdf көрінісі
бет71/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

Реалити-репортаждың 
табиғатына 
жара-
сатын 21 етістік процесс бойына қан жүгіртіп, 
оқиға дамуын белгілі бір арнаға салып
демдетіп, дамытып əкеткен. Екінші, төртінші, 
алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы 
жолдарда шендескен тайталастың, табиғи сұ-
рыптаудың, өмір мен өлім арасын желілер бұл-
қынған уақыт үзігі жатыр. Бұл өлеңнің репор-
таждық қасиетін, философиялық түйінін, шифр-
лық кодын, өзіндік ерекшеліктерін, архетиптік 
образын, сыры мен сымбатының сақ-талуын 
ақынның: 
Ұқпасаң, үстірт қарап бұлғақтасаң, 
Суретін көре алмассың, көп бақпасаң, 
Көлеңкесі түседі көкейіңе 
Əр сөзін бір ойланып, салмақтасаң,- 
деген жолдарынан бағамдай аламыз, тіпті 
бүгінгі технологияның жедел қадамын, телеайна 
құбылысының елесін аңдағандай боламыз. 
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» карти-
насының мотивін біз Абай елі аймағының ту-
масы, орыстың арынды ақыны Павел Васильев-
тің өлең жолдарынан да жолықтырып қаламыз. 
Мұнда ой мен ой ұшырасады, поэтикалық пуб-
лицистика элементтері репортаждық сарынға 
ұласады (аударма автордікі). 
Əнеки кетті, олжамыз қашты, ырғыды,
Жерменен-жексен зуылдай тартты, сырғыды. 
Сапырды түзді түлкінің оттай жарқылы, 
Бұлталақ қаққан қап-қара сызық арқылы.
Құлдилай құлар тұмақтай анау жас қыран, 
Аударыла түсіп көгілдір аспан астынан 
Мұзбалақ ойнар, қайқаңдап шығар бүтіндей, 
Үйіріле ұшқан бір шөкім ғана түтіндей. 
Көбейтіп қара, қырқадан қырқа асамыз, 
Қиқуға – қиқу, атқа да қамшы басамыз. 
Құсымыз құтты, желіміз тұрды оңынан, 
Келеміз жүйткіп қып-қызыл жалын соңынан
[6] 

Жаратылысты сезіну мен қабыл алу 
іліктестігі, жанр ракурсының бірлігі тілі басқа 
екі шығармашылық тұлғаның бір тақырыпқа 
егіз қозыдай ұқсас жолдар туғызуына жол ашып 
береді. Кейде П. Васильевтің осы «Охота с 
беркутом» өлеңі Абайдан еркін аударылмаған 
ба екен деген ой да ара-кідік қылаң беріп 
қалады. 
Тарихқа үңілсек, француздың ұлы жазу-
шысы В. Гюгоның Пфальцтің, Рейннің көз 
тұндырар көріністеріне тəнті болып, 1841 жылы 
еліге жазған «Көзбен көргендерім» атты 
репортажы бізге сонау жырақтан қол бұлғайды. 
В. Пави бұл шығарма турасында Давид д` 
Анжеге жазған хатында: «Рейнді бойлап сіз 
жоғары көтерілдіңіз бе, бұл жолы қайықпен де 
емес, пəуескімен де емес, Виктор Гюгоның 
кітабы арқасында? Аттап басқан сайын – сол, 
тек қана сол, – бейнесі өзен бетінде көлбеңдеген 
ақын, оның ағыны мен жағалауын бірде 
дабысына, бірде жарқылдаған жалынына ораған 
ақын», деп жазады [7]. Яғни репортаж автор мен 
тақырыптың, жаратылыс пен адам-ның, оқиға 
мен репортердің бір-бірімен түсінісуі, үн қосуы, 
көңіл сарындасуы. 
1. Жасыл шөп, бəйшешек жоқ бұрынғыдай, А 
2. Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. А 
3.Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Ə 
4. Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. А 
5.Біреу малма сапсиды салып иін, А 
6. Салбыраңқы тартады жыртық киім. А 
7. Енесіне иіртіп шуда жібін, Ə 
8. Жас қатындар жыртылған жамайды үйін. 
9. Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең, А 
10.Көңілсіз қара суық қырда жүрсең А 
11.Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң, Ə 
12. Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.А
Иін тіресіп, кезекке таласып тұрған рубаи 
түріндегі (шұбыртпалы) ұйқас, етіс-тіктер 
экспрессиясы, лықсыған ой ағымы тап қазір 
ақын ауылында болып жатқан харекетті оқыр-
ман көз алдына келтіреді, репортажға тəн 
«қатысу əсерін» көркейте түседі. Жалпы, репор-
таждың қаны мен жаны етістік, іс-қимылға, 
қозғалысқа, тіршілік тынысына өң кіргізетін де 
етістік табы, баяндауыш мүше. 
Хас суреткердің өнер үлгісі, əдеби өнегесі – 
шынайы өмірді, болмысты танудың күре жолы, 
сыналған өзіндік əдісі. Ақын көз алдынан көл-
беңдеп өтіп жатқан жанды суретті сығымдалған 
графикалық форматқа көшіреді, əріптер арқылы 
əрленген мəтінге айналдырады, сол арқылы 
тарихи мұра кірпіштерін қалайды. Жоғарыда 
келтірілген, қаны бетіне жүгіріп шыққан «Күз» 
мəтінінде сол болмыстың, өмір кеңістігінің бір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет