Құнанбаева Д.Ə



бет46/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69
шб кытап ()

Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар:

  1. Бухгалтерлік есеп пен басқарушылық есепке сипаттама беріңіз. Олар- дың арасындағы негігізгі айырмашылықтар қандай?

  2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындар есебінің ерекшелігі неде?

  3. Өзіндік құнға шығындарды толық қосу жүйесі немесе қандай да бір белгі бойынша өзіндік құнға шығындарды шектеулі қосу жүйесі дегенді қалай түсінесіз?

  4. Кəсіпорынның қандай шығындары жанама шығындар болып табы- лады?

  5. Кəсіпорынның жанама шығындары белгілі өнім түрінің өзіндік құнына қалай бөлінеді? Жанама шығындарды бөлу базаларын атап кетіңіз.

  6. Тəжірибеде қолданылатын шығындарды жанама бөлу негізгі бағыт- тары.

  7. Жанама шығындарды бөлудің заманауи тəсілі ретінде біртекті секция əдісінің мəні.


  1. тарау


ШЫҒЫНДАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ


    1. Өнімнің өзіндік құнын қальқуляциялау мəні жəне əдістері


Калькуляциялау – өнімнің бөлек түрлерінің бірлігінің өзін- дік құнын экономикалық есептеу жүйесі. Калькуляциялау үдері- сінде өндіріс шығындары шығарылған өнімнің көлемімен са- лыстырылады жəне өнімнің өзіндік құны анықталады.


Өнімнің өзіндік құны оны өндірумен жəне өткізумен байла- нысты шығындардың ақшалай көрінісін құрайды. Өнімнің өзін- дік құнына қандай шығындар кіргеніне байланысты отандық экономикалық əдебиеттерде өзіндік құнның келесі түрлерін ажыратады: цехтық, өндірістік, толық.
Калькуляциялаудың соңғы нəтижесі калькуляция құру бо- лып табылады.
Калькуляциялау объектісі өнім, өнімнің бір бөлігі, біртекті өнімдер тобы (азық-түлік бағыты), бір атаулы өнімдер (серия), өнімдер жиынтығы (тапсырыс), мұнда жалпы өндірістік шығын- дар (өңдеуі аяқталған) жəне сондай-ақ жеке өндірістік операция- лар (қайта бөлініс, сатылар, фазалар) болуы мүмкін.
Өнімнің өзіндік құнын ғылыми негізделген калькуляциялау бағаны дұрыс белгілеу, өндірістің рентабельділігі мен тиімділі- гін анықтау үшін қажет. Калькуляциялау өзіндік құнды эконо- микалық талдау жəне оны төмендету резервтерін табу, шығын- дарды жоспарлау, құрылымдық бөлімшелердің (ЖО) қызметін бағалау үшін пайдаланады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау баға құру жəне өнді- рістің табыстылығы үшін базасын анықтауға, өзіндік құнды тө- мендетуге, өндіріс рентабельділігін арттыруға, кəсіпорынның бəсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға, шығындар, ресурстар, ең- бек жəне оның нəтижелерін салыстыру негізінде ішкі өндірістік
экономикалық қарым-қатынасты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Калькуляция жоспарлы есептердің жəне есептілік ақпарат- тың құрамдас бөлігі ретінде жасалады. Шығындарды оперативті бақылау жəне өнімнің рентабельділігін бақылау үшін жоспарлы нақты калькуляциялар, ереже бойынша, əр ай сайын немесе тұ- рақты өндірістік жағдайларда одан ұзағырақ кезеңге құрылады.
Калькуляциялау үдерісінде келесі мəселелер шешіледі:

  • өнім түрлері бойынша өндірістік шығындарды бөлу;

  • дайын өнімнің əр түріне өндірістік шығындардың жалпы сомасын жəне əр өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау.

Сонымен, калькуляциялау есептеу тəсілі ретінде өндірістік шығындарды басқару жəне есептеуде маңызды рөл атқарады.
Калькуляциялау міндеті – өнімнің бірлігіне келетін шығын- дарды анықтау.
Калькуляциялау үдерісі калькуляцияларды құрумен аяқта- лады, олар құру мақсатына байланысты келесідей ерекшеленеді:

  • алдын ала (сметалық) – жаңа өндірістерді жобалағанда жə- не жаңадан құрылатын өнімдерді шығындар нормасы болмаған жағдайда конструкциялау кезінде құрылады;

  • қорытынды (нақты) – өнімді өндіру жəне өткізумен байла- нысты барлық нақты шығындар жиынтығын көрсетеді;

  • нормативті – əр айдың басындағы бар еңбектің, материал- ды-техникалық ресурстардың нормалары мен нормативтері, есепке алынатын баға, өндіріске қызмет көрсету жəне басқару шығындар сметасы негізінде есептеледі;

  • жоспарлы – жоспарлы кезеңге осы кезең басындағы нор- малар мен сметалар негізінде құрылады.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау кəсіпорынды басқа- ру үдерісінде объективтілік қажеттілік болып табылады. Ертеде қызмет ететін калькуляциялық жүйелері бір мақсатты ғана көз- деген – дайын өнім мен жартылай фабрикаттар запастарын баға- лау мен пайданы анықтау жəне бұл ақпаратты басқару шешімде- рін қабылдауда қолдануға мүмкіндік бермеді. Калькуляциялау- дың заманауи жүйелерін қолдану дəстүрлі міндеттерді шешуге ғана емес, сонымен қатар өнімді ары қарай өндіру жəне бар тех- нологиялар мен құрал-жабдықтарды жаңарту мақсаттылығы,
өнімге оңтайлы баға белгілеу, ассортиментті оңтайландыру, басқару персоналдың жұмысының сапасын бағалау туралы ше- шім қабылдаудың экономикалық салдарын жоспарлауға да мүм- кіндік береді.
Шығындарды есепке алу əдістерін келесі белгілер бойынша жіктеуге болады:

  • объектілері бойынша шығындарды есепке алу – тапсырыс, үдеріс, қайта бөлу, қызмет бойынша;

  • толықтығы бойынша шығындарды есепке алу – толық жə- не толық емес өзіндік құнды калькуляциялау;

  • шығындарды есепке алу жəне бақылау оперативтілігі бо- йынша – нақты өзіндік құнды есепке алу мен нормативтік шы- ғындарды есепке алу.

Батыс тəжірибесінен бізге ұйымның əртүрлі мақсаттарын көздейтін жəне есепке алудың бөлек міндеттерін шешуге мүм- кіндік беретін шығындарды есепке алу жəне калькуляциялаудың басқа да əдістері келді. Олар келесілер:

  1. Таргет-костинг (ағылш. Tаrget Costing) – жоспарланған нарықтық баға мен сатудан күтілетін пайдалылығына негізделіп кəсіпорын үшін жаңа өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру.

  2. Кайзен-костинг (ағылш. Kаizen Costing) – кəсіпорынның арнайы бағдарламасының нəтижесі ретінде біртіндеп жəне үз- діксіз өзіндік құнды төмендету.

  3. Бенчмаркинг (ағылш. Benchmаrking) – кəсіпорын қызме- тін қандай да бір басқа аналогпен салыстыру арқылы бағалау жүйесі.

  4. Менеджментті басқару жүйесі (ағылш. Mаnаgement Con- trol System) – өз шығындары жəне қызметінің нəтижесіне қатыс- ты шешім қабылдау бойынша əр бөлімшеге кейбір өкілеттілік- тер берілетін ЖО бойынша басқару.

  5. Шығындарды стратегиялық басқару (ағылш. Strаtegic Cost Mаnаgement) – бизнестің əр жеке буыны бойынша шығын- дарды минималдау.

Осыған байланысты шығындарды есепке алу жəне өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау əдістері келесі əдістермен толық- тырылады:

  • шығындарды мақсатты төмендету – мақсатты өзіндік құн- ды анықтау əдісі (таргет-костинг), соңғы операция бойынша калькуляциялау əдісі (ағылш. Endpoint Costing – «дəл мерзімін- де»), шығындарды стратегиялық басқару;

  • шығындарды үздіксіз жетілдіру – кайзен-костинг жүйесі жəне бенчмаркинг (эталонды салыстыру).

Шығындарды есепке алу жəне өнімнің өзіндік құнын каль- куляциялау əдісін кəсіпорын өзі таңдайды, өйткені бірнеше жеке факторларға байланысты: салалық тиістілігі, мөлшері, қолдана- тын технологиялар, өнімнің ассортименті – басқаша сөзбен айт- қанда, кəсіпорынның жеке ерекшеліктеріне байланысты.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет