1.2 Табиғи экожүйелердің ресурстық әлеуеті
Республиканың ресурстық әлеуетін бағалау үшін ГИС-технология негізінде құрылған және орман мен балық ресурстары, ерекше қорғалатын аймақтар және жануарлар әлемі бойынша мәліметтер базасы жиналған Табиғат ресурстарының мемлекеттік кадастры үнемі жаңартылып тұрады (есokadastr.kz).
Орман шаруашылығы. Қазақстанның ормандары солтүстік аудандардың қайындарына, солтүстік-батыстың ормандары, Қазақтың ұсақ шоқылы қарағайлы ормандары, Ертіс өзенінің оң жағалауындағы ормандар, Алтай және Сауыр, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тауларының ормандары, сексеуіл, тоғайлы, интрозналына бөлінеді (2 Сур.).
2 Сур. - Орман кадастры нысандары
3 Сур. - Қазақстан Республикасының орман-тоғайлылығы
Орманды өсімдік бірлестігі ағаштар (20 астам түр) және бұталардың (40 астам түр) кең болуымен ерекшеленеді. 01.01.2012 жыл бойынша орман қорын есепке алу мәліметтері бойынша Мемлекеттік орман қоры республика аумағының 28,8 млн га немесе 10,6 % құрайды. Орманды алқап орман қорының жалпы ауданының 12,5 млн. га немесе 43,3% құрайды, орман-тоғайлылығы 4,5 %. Берілген көрсеткіш бойынша Қазақстан орманы аз мемлекетке жатады, республиканың орман-тоғайлылық пайызы соңғы жылдары (2005-2011 жылдар) өзгермеген (3 Сур.).
Қазақстанда ормандар әркелкі таралған. Орман өсімдіктерінің типтері табиғат зоналарының әртүрлілігімен себептелген. Шөл зонасында сексеуіл ормандары өседі. Таулы ормандардың негізгі бөлігі Алтай, Жоңғар және Іле Алатауының қылқан жапырақты ормандары. Орман және орманды дала зонасының жазықтарында қайынды-көктеректі ормандар, қарағай ормандары, Ертіс жағалауындағы ормандар. Бұл Қазақстан облыстарының орман ресурстарының таралуынан көрінеді (4 Сур.).
4 Сур. - Республика облыстарындағы 1.01. 2012 жылғы орман қоры
Ормандардың ішінде сексеуілдер мол, олар 49,6% орманды алқапты және бұталы өсімдіктер шөл және дала зонасының 24,1 % алып жатыр. Ең қымбат қылқанды ормандар 13,1%, жұмсақ қылқанды 11,2 %. Негізгі орман түзетіндердің жалпы қорынан ағаш қоры бойынша сексеуілдердің үлесі 3,9% (14,93 млн. м3) құрайды. Бұл сексеуілдің биологиялық ерекшелігімен (биомассаның үлкен көлемі сексеуілдің аридті жағдайда өсуіне икемделген тамырлы жүйесінде қалыптасады) және сексеуіл ормандарының сиректігімен себептеледі, яғни (1га) ауданға есептегендегі ағаштың салыстырмалы аз қорын анықтайды.
Оның ішінде қылқан ағаштары 61,8% (235,35 млн. м3), мұндағы 27,5% (104,71 млн.м3) - жас қарағайлы орман, және де жұмсақ жапырақты – 34,8% (127,23 млн. м3), негізгі орман түзетіндердің барлық қорынан 21,9% (83,26 млн. м3) қайың орманы алып жатыр.
Орман қорының нысандары негізінен түрлі мақсаттағы мемлекеттік жеке меншікте болады. Орман шаруашылығы комитетіне (АШМ) қарайтын орман мекемелерінің ауданы 5 772,3 мың га. Мемлекеттік табиғат қорықтары – 5 (678,7 тыс.га); Мемлекеттік табиғи ұлттық саябақтар, Мемлекеттік резерваттар - 5 (678,7 тыс.га); Селекциялық орталықтар 1,6 мың га; «Жасыл Аймақ» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны - 66,2 мың га, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы -25,9 мың га (№1 кесте).
Бұдан басқа республикада әкімшіліктердің қарауындағы 123 мемлекеттік орман шаруашылығының мекемелері бар, олардың ауданы 22 800,6 мың га.
№1 Кесте - 1.01. 2012 ж. бойынша Республикадағы орман қоры жөніндегі мәліметтер
№
п/п
|
Орман қоры бар мемлекеттік органдар мен жеке орман иелері
|
Орман қорындағы жерлердің ауданы (алымы – мың га, бөлімі - %), барлығы
|
Орман жерлері
|
Орманы бар жерлер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы
|
15 777,28
20,1
|
1 870,85
|
1 318,16
|
2
|
Облыстық әкімшілік
|
22 800,60
79,2
|
2 16 910,44
|
11 000,78
|
3
|
ҚР Президентінің іс басқармасы
|
129,94
0,5
|
91,22
|
79,29
|
4
|
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
|
0,01
0,0
|
0,01
|
0,00
|
5
|
ҚР көлік және коммуникация министрлігі
|
5 83,75
0,3
|
72,37
|
53,74
|
6
|
Жеке орман қоры
|
0,16
0,12
|
0,00
|
0,0
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
28 786,74
100,0
|
18 945,01
65,8
|
12 451,98
43,3
|
Қазіргі таңда орманды егудің жəне отырғызу арқылы орман-тоғайлылықты арттыру жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар түрлі климаттық зоналарда (орман, дала, шөл) және таулы жүйелерде орманды қалпына келтіру үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар жүргізілуде.
Берілген жұмыс кестесіне сәйкес орманды қалпына келтіру және орман өсіру жұмыстары климаттың өзгеру салдарын жұмсарту үшін Қазақстанның көміртектік әлеуетін ұстануға және дамытуға жеткіліксіз (5 Сур.).
Жалпы, республика ормандары маңызды климат құрушы, орта түзуші, егіс және топырақ қорғайтын, су қорғайтын және санитарлық-гигиеналық қызметтерді атқарады және елдің биологиялық алуантүрлілігінің 86 % табиғи резерваты болып табылады, орман массивтерін қалпына келтіру және орман егінділерінің ауданын арттыру бойынша кең масштабты жұмыстарды жүргізу болып табылады.
5 Сур. - Орманды қалпына келтіру және орман отырғызу көлемінің динамикасы
Балық шаруашылғы. Республиканың балық шаруашылығының негізін халықаралық, республикалық және жергілікті маңыздағы суаттардың балық шаруашылық қоры құрайды, оның жалпы ауданы 3 млн. га. Балық шаруашылығы қорының құрамына Каспий мен Арал теңізінің көлемді акваториясы, Балхаш көлі, Алакөл көлдер жүйелері, Бұқтырма, Қапшағай, Шардара суқоймалары, және басқа да халықаралық, республикалық және жергілікті маңыздағы суаттар жатады. Республика өзендерінің аумағында 2 969 балық шаруашылығы учаскелері бар, оның 2 024 шаруашылығы балық ресурстарын пайдаланушылардың атында 1 134 иеліктер бар (6 Сур.).
Балық қорын талдау және бағалау үшін бірегей табиғат ресурстардың Мемлекеттік жүйесіне балық кадастры кіреді. Берілген жүйеге: әкімшілік мәліметтер; географиялық орналасуы; ихтиофауна, балық шаруашылығының түрлік құрамы; жануарлар әлемін тіркеу, шаруашылық іс-әрекет көрсеткіштері; шаруашылық сипаты кіреді.
6 Сур - 2012 жыл бойынша бассейндік инспекциядағы балық шаруашылығын тіркеу
Орал-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы. Инспекция Атырау, Маңғыстау және Батыс-Қазақстан облыстары аумағындағы балық шаруашылығы суаттары мен учаскелерін бақылайды. Орал-Каспий бассейнінің құрамына келесі балық кәсіптік маңызға ие суаттар жатады: Орал өзені; Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі; Шалқар көлі, Қамышсамара өзен тобы, Кушум каналының аймағындағы суқоймалар, Орал, Үлкен және Кіші Өзен өзендері, олардың құяр салалары мен Қиғаш өзенінің ескі арнасы.1
Орал-Каспий бассейнінің суаттарында бекіре (ақсерке, шоқыр, бекіре, шип); частиковые (көксерке, сазан, ақтабан, ақмарқа, торта шабақ, Каспий майшабағы, тікенді балық, шабақ балық), және де каспий итбалығы мекендейді. Орал-Каспий бассейні бойынша балық аулау шегі 37,5 мың тоннаны құрайды (2012 жылдың 16 қаңтарынан Үкіметтің № 67 Қаулысы).
Орал-Каспий бассейні территориясында 56 учаскелер бар: 10 учаске – Орал өзенінде, 16 учаске – Қиғаш өзенінде, 30 – Каспий теңізінде, 54 учаске 39 балық шаруашылығы ұйымдарының атына тіркелген. Орал-Каспий бассейні кәсіпорындарының ірі балық өндіретін кәсіпорындарына: «Восток» ЖШС, ПК «Амангелді», «Жемчужина» ЖШС, ПК «Каспий-балық» және басқалар.
Бассейн территориясында Атырау және Орал-Атырау 2 бекіре зауыты орналасқан, олар жыл сайын мемлекеттік тапсырыстан (038 «Биоресурстарды қалпына келтіру және қорғау» бағдарламасы) Каспий теңізіндегі бекіре балығының қорын Орал өзеніне олардың шабақтарын жіберу жолымен толтырады.
Балхаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы. Бассейн территориясында халықаралық, республикалық маңызы бар ірі балық шаруашылық суаттар орналасқан: Балхаш көлі, Алакөл көлдер жүйесі (Алакөл, Сасықкөл және Қошқаркөл), Қапшағай суқоймасы және Іле өзенінің атырау суаттары.
Балхаш-Алакөл суаттарында балықтардың келесі түрі тіршілік етеді: көксерке, сазан, ақтабан, ақмарқа, лақа. Балхаш-Алакөл бассейндері бойынша балық аулау шегі 11,1 мың тонна (2012 жылдың 16 қаңтарынан Үкіметтің № 67 Қаулысы).
216 учаскелерден: 81 балық шаруашылығы субъектілеріне 172 немесе 79,6 % тіркелген. Алматы облысы аумағында ірі кәсіпорындар: «Фирма Балхашбалық» ЖШС, «Алғазыбалық» ЖШС, «Қаратал-Балық» ЖШС, «Үлкен Балық» ЖШС, «Сом и Д» ЖШС, «Майтан» ЖШС және т.б.
Суаттарда балық ресурстарын арттыру мақсатында балықты өсірумен екі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын: «Қапшағай уылдырықтандыру шаруашылығы» РМҚК, және «Қазақстандық өндірістік-акклиматизация станциясы» РМҚК айналысады.
Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы. Шығыс Қазақстан облысы аумағында балық аулауға кәсіптенген келесі ірі суаттар бар: Зайсан көлі, Бұқтырма, Шүлбі және Өскемен суқоймалары, шығанақтарымен, салаларымен және кіші өзендерімен бірге Ертіс өзені, басқа да суаттар. Павлодар облысы аумағында келесі балық аулауға кәсіптенген келесі ірі суаттар орналасқан: Қ.Сатпаев атындағы канал; шығанақтарымен, салаларымен және кіші өзендерімен бірге Ертіс өзені; Екібастұз суқоймасы; ГРЭС – 1 және 2.
Зайсан-Ертіс бассейні суаттарында балықтың келесі түрлері мекендейді: көксерке, сазан, ақтабан, ақмарқа, майқан балық, торта, алабұға, шортан, аққайран, рипус, тұқы. Зайсан-Ертіс бассейнінде балық аулау шегі 8,0 мың тонна (2012 жылдың 16 қаңтарынан Үкіметтің № 67 Қаулысы).
Белгілі 49 учаскенің Зайсан-Ертіс бассейні бойынша 27 балық шаруашылық субъектісінің 44 суат (89,8 %) тіркелген. Оладың ішінде: «Зайсан Рыба Продукт» ЖШС, «Зайсан-Балык» ЖШС, «Рыбаки Зайсана» ЖШС, Аңшылар мен балық аулаушылардың қоғамдық бірлестігі, «Автотехснаб» ЖШС, «Мидас» ЖШС және т.б.
Суаттардағы балық ресурстарын арттыру мақсатында бұрындары 1 120,6 га ауданда орналасқан «Бұқтырма уылдырық зауыты» РМҚК кешені қызмет атқарған. Жыл сайын мемлекеттік тапсырысты орындау есебінен шамамен 1 млн. дана тұқы өсірілген. Павлодар облысының аумағында балық ресурстарын өсірумен «Качирский рыбопитомник» кәсіпорны айналысты, жылына қуаты 2 млн. дана тұқы. Қазіргі кезде осы кәсіпорынның мәліметтері «Ертіс» әлеуметтік-өндірістік кешеніне берілді.
Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы. Инспекция аумағында балық аулауға кәсіптенген келесі екі облыстың ірі суаттар бар: Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан.
Қызылорда облысының балық шаруашылығымен айналысатын жалпы акватория ауданы (Арал теңізі акваторясын есептемегенде) 35,384 мың га, түрлі шамадағы 85 өзендер. Жалғыз су артериясы – Сырдария өзені.
Балықты кәсіптік аулайтындар: Арал теңізі; Сырдария өзені; Шардара, Бүгін, Бадам суқоймалары; Сырдария өзені жайылымдық өзендермен бірге; Шошқакөл көлдер жүйесі.
Негізгі түрлік құрамы балықтардың келесі түрімен көрсетілген: шортан, арал тортасы, қызылқанат, ақтабан, қылышбалық, сазан, алабұға, көксерке, ақмарқа, мөңке балық, лақа, торта шабақ, жыланбас. Арал-Сырдария бассейнінде балық аулау шегі 8,4 мың тонна құрайды (2012 жылдың 16 қаңтарынан Үкіметтің № 67 Қаулысы).
Арал-Сырдария бассейнінде барлығы 47 учаске бар, оның ішінде 16 учаскелер немесе 41 %. «VITA» ЖШС, «Серманизов» ЖК, «Куаныш» ЖШС.
Балық майшабақтарын жасанды өсiру жолымен 60-шы жылдардың соңында жылына қуаты 7 млн. дана болатын РМҚК «Қамышлыбаш балық питомнигі» құрылды. Ол «Қосжар» және «Тастақ» екі ірі балық зауытын біріктіреді.
Суаттардағы балық ресурстарын арттыру мақсатында балық өсірумен «Шардара балықпитомнигі» РМҚК айналысқан, ол қазіргі кезде ЖШС өзгертіліп, «Оңтүстік «КК «ҰҚ» АҚ берілді (29.12.2007 жылдың № 1403 Үкімет Қаулысы).
Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы. Инспекция аумағында балық аулауға кәсіптенген келесі екі облыстың ірі суаттары бар: Ақмола және Солтүстік Қазақстан. Негiзгi түрлiлік құрам балықтардың келесi түрлерiмен көрсетілген: табан, сазан, табан, ақмарқа, сиг балығы, шортан, торта, алабұға. Ақмола және Солтүстiк Қазақстан облыстары бойынша балық аулау шегі (лимит) (2012 жылдың 16 қаңтарындағы № Үкiметтiң 67-шi қаулысы) сәйкесiнше 669, 4 және 979, 7 тонналарды құрайды.
Ақмола облысының балық аулауға кәсіптенген ең iрi суаттары: Вячеслав, Сiлетi суқоймалары; Бiртабан-Шалқар көл жүйесі, Майбалық, Үлкен Шортанды, Сарыоба, Жарлыкөл көлдері. Солтүстiк Қазақстан облысы аумақтарында: Сергеевка су қоймасы, Ұлыкөл, Үлкен Торанғұл, Кіші Таранғұл, Питное, Алва, Кендікті, Половинное көлдері, Есіл өзен және 100 астам кіші суаттар.
Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында жергiлiктi маңызы бар 361 балық шаруашылығы суаттары орналасқан, оның 131 балық шаруашылығы ұйымдарына (64, 3 %) 232 суаттар бекiтілген, ал 129 суаттар бекiтiлмелген болып қалды.
Ақмола облысы аумағында жергiлiктi маңызы бар 493 балық шаруашылығы суаттары орналасқан, оның ішінде 215 балық шаруашылығы ұйымдарына (68 %) 335 суаттар бекiтілген, ал 158 суаттар бекiтiлмеген болып қалды.
Бассейннің балық аулайтын кәсіпорындары: «Астана қаласы әкімшілігінің шаруашылық басқару» МКҚК, «Астана қаласының аңшылары мен балық аулаушыларының облыстық қоғамы», «Николаевское» ЖШС, «Ольгинское» ЖШС, «Дос-Астана S» ЖШС, «Астана-НСТ құрылыс компаниясы» ЖШС, «Агро-ЭД» ЖШС. Ақмола облысында балық қорларының орнын толтыруымен «Майбалық балықпитомнигі» РМҚК шұғылданады. Солтүстiк Қазақстан облысында балық қорларының орнын толтыруымен «Петропавл балық питомнигі» шұғылданады, оның қаржылық-шаруашылық қызметi 038 «Биоресурстардың орнын толтыру және сақтау» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы. Инспекция аумағында балық аулауға кәсіптенген Қарағанды облысының суаттары бар.
Облыс аумағында жергілікті маңызы бар суаттар орналасқан, мұнда табан, ақмарқа, шортан, торта, алабұға, көксерке, сазан, аққайран және т.б. ауланады. Қарағанды облысы бойынша балықтың аулану шегі (2012 жылдың 16 қаңтарындағы № Үкiметтiң 67-шi қаулысы) сәйкесiнше 431, 092 тонналарды құрайды. Қарағанды облысы аумағындағы балық шаруашылығы суаттардың жалпы саны - 155, оның 114 суаттары 51 (73,5%) пайдаланушыларға бекітілді, ал бекітілмеген балық шаруашылығы суаттары 41.
Облыстың iрi балық өндiрушi кәсiпорындары «Әлихан А» ЖШС, Теміртау облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы, «Асель» КШ, «Қарағанды балық питомнигі» ЖШС болып табылады.
РМҚК «Қарағанды балық питомнигі» РМҚК ЖШС-қа өзгерген және «Сарыарқа«КК «ҰҚ» АҚ (29.12.2007 жылғы Үкiметтiң № 1403 қаулысы) тапсырылды.
Тобол-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы. Инспекция аумағында балық аулауға кәсіптенген келесі екі облыстың ірі суаттар бар: Қостанай және Ақтөбе.
Тобыл-Торғай бассейні құрамына мұндай iрi балық шаруашылығы суаттар кiредi: Жоғарғы-Тобыл және Қаратомар суқоймалары; Ырғыз-Торғай көл-өзен жүйесi және мыңдаған орташа және майда өзендер кіреді.
Негiзгi түрлiк құрамы балықтардың келесi түрлерiмен берілген: табан, ақмарқа, шортан, торта, алабұға және т.б. Тобыл-Торғай бассейні бойынша балықтың аулану шегі лимит сиректеу - Торғай хауызына (№ 67-шi 2012 жылдың 16 қаңтарындағын үкiметтiң қаулысы) 768, 2 тонналарды құрайды.
Бассейн аумағында балық қорларының орнын толтырумен Жоғарғы-Тобыл балық питомнигі шұғылданады. Балық питомнигінің жобалық қуаты жыл сайын 2200,0 дана тұқы өндіреді.
Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы. Инспекция аумағында балық аулауға кәсіптенген Жамбыл облысының суаттары бар.
Жамбыл облысының аумақтарында кәсiпшiлiк балық ауланатын суаттар бар: Балқаш көлінiң бiр бөлiгi; Биликөл, Ақкөл көлдері; Тасаткөл суқоймасы; Үлкен Қамқалы көлі; Теріс-Ащыбұлақ суқоймасы.
Жоғарыда аталған суаттардың негiзгi түрлiк құрамы балықтардың келесi түрлерiмен көрсетілген: тұқы, табан, көксерке, сазан. Жамбыл облысы бойынша балықтың аулану шегі (2012 жылдың 16 қаңтарындағы Үкiметтiң № 67-шi қаулысы) сәйкес, 172, 9 тонналарды құрайды.
Облыстың аумағында 106 балық шаруашылық суаты орналасқан, оның 69 балық шаруашылығы ұйымдарына 82 бекiтілген. Ірі балық өндіруші кәсіпорындарға: КШ «Балама», ЖК «Мамедалиев», ЖШС «Жуалы және К!, КШ «Қойшыбай-ата», ЖШС «Нұрбалық-Тараз» және т.б. жатады.
Жалпы республика бойынша 2012 жылдың 9 айларына антропогендік әсер (өзен ағындарын реттеу және басқа шаруашылық әрекеттер) нәтижесіндегі келтірілген зиянды өтеу үшін құнды балық (балықтардың шоқыр, қарп, өсiмдiк көректi, сиг балығы) түрлерінің 156,0 млн тонна май шабақтары өсіріліп, табиғи суаттарға жіберілді. Осы мақсатта ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 554,5 миллион теңге бөлінді. Республика бойынша 2012 жылғы балық аулаудың бекiтiлген шегінің жалпы көлемі – 68, 2 мың тонна. 2012 жылдың 9 айларында 24,1 мың тонна (42, 2 %) игерілді. 2012 жылдың 9 айларында жануарлар әлемінің биоресурстарын пайдаланушылардың қолдануына 368,0 млн. тг астам сомма төлемі енгізілді.
Өлкелердiң проблемалық сұрақтары: аймақтық инспекциялардың әлсiз заттық-техникалық жабдықтауы; инспекторлық құрамның жеткiлiксiз штат саны; физикалық және өсiмге арналған кешеннiң кәсiпорындарының негiзгi құралдарының моральдiк тозуы.
Шешу жолдары: инспекциялардың жабдықтануын жинақтауға дейiн; инспекторлық құрамның штат санын көбейту; қалыптастыру кешені кәсіпорындарын қалпына келтiрудi және жаңартуға қажет қаржылық құралдарды бөлу; балық қорларын қолданғаны үшін шаруашылық субъекттердiң жауапкершілігін арттыру.
Осы жоспарда белгілі бір жұмыстар атқарылады. Мысалы, 2012 жылдың 8 айында 5 687 әкiмшiлiк құқық бұзушыларға 5 991 хаттама жазылып, 34,3 млн. тг. сомаға айыппұл салған, оның 20,1 млн. тг. төленді. балық қорларына келтiрiлген залалы үшін 12,2 млн. тг. соммаға даулар талап етілді. Құқық бұзушылардан 269 7 мың тг сомасында 44,0 тн балық тәркіленген, оның 251 кг – бекіре балығы. 8 175 бірлік аулау құралы, 226 жүзу және көлік құралдары ұсталды. Барлығы суаттардың 216 тексерілді, онда 22 құқық бұзушылық анықталды.
Аңшылық шаруашылықтары. Қазақстанда аң аулау нысандарының 93 жануарлардың түрi, оның 34 түрі сүтқоректiлер және 59 түрі құстар болып табылады. Оларды арасында: бұғы, марал, елiк, қабан, сiлеусiн, суыр, түлкi, қоян, борсық, қарсақ; үйрек, құр, қаз, қасқалдақ, бұлдырық бар.
Республикада аңшылық кәсіп 234, 6 млн. га жерді алып жатыр, оның 117,8 млн. га (49, 0%) аңшылық шаруашылыққа бекітілген.
«Жануарлар дүниесін қорғау, орнын толтыру және пайдалану туралы" заңын қабылдануымен жаңа редакцияда аңшылық жерлерді 10-нан 49 жылға дейін ұзақ мерзімге бекіту жүйесі өзгерді.
Аң аулау тек бекітілген аңшылық жерлерде және құқықтық нормаға сай жабайы жануарларды аулау шегі тек осы аумақа беріледі. Көрсетілген норма аңшыларға қаржылық құралдарды енгізіп, аңшылық шаруашылықты дамытуға, егерлердің жалақысы мен биотехникалық шараларға инвестиция тартуға, жануарлардың популяция санын арттыру жолымен аңшылық жерлердің өнімділігін көбейтуге қаражат бөлуге мүмкіндік береді.
Көрсетілген норма аңшыларға қаржыны енгізіп, аңшылық шаруашылықты дамытуға, яғни қорықшының айлығы мен биотехникалық шараларға кеткен шығындар, жануарлар популяциясының санын арттыру жолымен аңшылық ресурстарының өнімділігін арттыруға мүдделігі мен оларды қорғауды қамтамасыздандыру қоса алғанда, инвестицияны жұмылдыру.
2010-2011 жж. облыстардағы аңшылық шаруашылық санының өзгеруі 7 суретте көрсетілген. Сонымен қатар, аң аулау ресурстарын өсіруді тиімді ету, қорғау және пайдалану – қазіргі кездегі аң аулау шаруашылығының негізгі мәселелерінің бірі болып тұр.
Заңнамалық базаны жетілдіру аң аулауға қызығушылықтың артуы аңшылық ресурстары санының азаюына ықпал ететіндіктен өзекті мәселе. Аңшылық фаунаға антропогендік әсердің артуы аң аулау нысандары мүлдем жойылған аймақтардың түзілуіне ықпал етті.
7 Сур. - 2010-2011 жж. облыстардағы аңшылық шаруашылық санының өзгеруі
Республика аумағында 662 аң аулау шаруашылығы тіркелген (№2 кесте). Аңшылық түрлер санының азаюы аң аулау этикетінің жойылуына, браконьерлікке алып соғады.
Аң аулау шаруашылығы әрекетінің басты міндеті аңшылық ресурстарды қорғау, өсіру және ұтымды пайдалану, азаматтардың табиғатта мәдени, сауықтыру демалысын қамтамасыз ету, олардың эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
№ 2 Кесте – Облыстық аумақтық инспециялардың аңшылық шаруашылық тізілімі
№
п/п
|
Орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекцияларының атауы
|
Аңшылық саны
|
1
|
Ақмола
|
103
|
2
|
Алматы
|
31
|
3
|
Алматы
|
91
|
4
|
Атырау
|
7
|
5
|
Шығыс Қазақстан
|
35
|
6
|
Жамбыл
|
32
|
7
|
Батыс Қазақстан
|
33
|
8
|
Карағанды
|
108
|
9
|
Қостанай
|
85
|
10
|
Қызылорда
|
23
|
11
|
Маңғыстау
|
8
|
12
|
Павлодар
|
35
|
13
|
Солтүстік Қазақстан
|
35
|
14
|
Оңтүстік Қазақстан
|
36
|
Барлығы:
|
662
|
Достарыңызбен бөлісу: |