1.6 Биоәртүрліліктің азаюының адам денсаулығы мен әл-ауқатына әсері
Демографиялық үрдістер қазіргі әлемдегі әлеуметтік дамудың негізгі және жүйелі көрсеткіші болып табылады. Ағза мен табиғи мекен ортасының өзара әрекетінің тұрақтылығы мен орнықтылығын көрсететін маңызды сипаттамалар тіршілікке қабілеттілік, ұрықтылық, тіршілік ету ұзақтығы секілді көрсеткіштер болып табылады. Демографиялық сипаттамалар адам ағзасына қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты, сонымен қатар демографиялық құрылым бейімделудің жалпы популяциялық көрсеткіштеріне ықпал етеді.
Мысалы, Арал дағдарысы қоршаған ортаның жай-күйін күрт нашарлатып, Арал маңы экожүйелері мен оның жеке бөлшектерінің айтарлықтай деградациясына себепші болды. Осы қарқында халық шаруашылығының тиімділігі төмендеп, әлеуметтік шиеленістер өрбіді, эпидемиялық жағдай артып, халықтың денсаулығы нашарлады (18 Сур., 19 Сур.).
18 Сур. - Арал маңының эпидемиялық жай-күйі 19 Сур. - Арал маңын ландшафтық-экологиялық аудандастыру
Себебі Экологиялық жағдайдың тұрақтылығы, аумақтың экономикалық дамуы, халықтың әлеуметтік құрылымы ескерілетіндіктен белгілі көрсеткіштер әр аймақтарда түрлі өзгерген. Мысалы, Арал маңындағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының ауыр болуы, жеткіліксіз және сапасыз тамақтану, әсіресе, әйелдер мен балалардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Арал және Қазалы аудандарында шамамен 40% әйелдер-аналардың жеткіліксіз дене массасының болуы байқалған. Екінің бірінде «С» гиповитаминоз, емізу жасындағы 77-85% балаларда «В» және «Е» дәрумендерінің жетіспеушілігі (дефициті) тіркелген. Белоктық және дәрумендік ашығу, көкөністер мен жемістердің (темір) тапшылығы себебінен тіпті барлық жүкті әйелдерде темір жеткіліксіздігінің қаназдық ауруы орын алған. Мұнда мешел ауруымен ауыратын балалардың таралуы басқа аймақтарға қарағанда 2,0-2,5 есе көп.
Сонымен қатар, халықтың психологиялық денсаулығының нашарлауы байқалып, психологиялық аурулар біршама табылған (психологиялық ауытқу және жүріс-тұрысы бұзылғандар: 2008 жылы 100 мың халықтың ішінде 2773,2 ауру түрі). Мұндай тенденция психологиялық-психиатриялық көмек қызметтерінің қажеттілігін, психологиялық ауытқудың статистикалық есебін жақсарту қажеттілігін арттырады.
Арал маңы аймағында өмір сүретін тұрғындардың денсаулық сапасын анықтайтын қоршаған ортаның жетекші факторлары: құрғақ, шұғыл континентті, минералдылығы жоғары, ластануы мен су тапшылығы жоғары, территорияның шөлдену үрдісі қарқынды. Осы бейнеде онкологиялық аурулардың, туберкулез, қант диабеті ауруларының өсу қаупі артқан (20 Сур., 21 Сур.).
20 Сур. – Арал маңында туберкулездің таралуы 21 Сур. – Арал маңында қант диабетінің таралуы
Қазіргі таңда орын алған медициналық және экологиялық жағдай бойынша Арал маңы аумағын халықтың инфекциялық, паразитті, табиғи-ошақтық және соматикалық аурулардың көрсеткіштері растайтын апат аймағы деп есептеген жөн. Туылған әрбір 100 адамның – 70 қаназдықпен ауыратындар, әрбір тоғызыншы сәби бір жасқа дейін өмір сүре алмайды, төрт-бес әскерге шақырту алғандардың біреуі дене бітімдері бойынша саптық қызметке жарамсыз келеді. 20 жыл бойы Қызылорда облысы қолайсыз жер болып, медициналық-биологиялық көрсеткіштер бойынша іш сүзек ауруымен – 29 есе, сары аурумен – 7 есе, паратиф ауруымен – есе, қан ауруларымен -1,57 есе, қатты ішек инфекцияларымен – 2 есе және т.б. сипатталады. Соңғы жылдары қан тамырлар және несеп-жыныстық жүйе, ас қорыту, қан айналымы патологиясының, қатерлі ісік және туберкулез аураларының көрсеткіші күннен-күнге артуда.
Арал маңындағы негізгі экологиялық факторлары су ресурстарының азаюы және шөлдену қарқынының үнемі артуы мен биоалуантүрліліктің қысқаруының жоғары дәрежесі болып табылады. Мұндай шарттар өсімдік жамылғысының жұтаңдығымен анықталатын аймақтағы ауыл шаруашылығының дамуына кері әсер тудырады. Соған байланысты ауыл шаруашылығы жерлерін суландыру мәселелері, сапалы ауыз суға қол жетімділік,
таза тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері тұр. Мұндағы халықтың иммундық статусы әлсіз, сонымен қатар сапалы тамақ өнімдерінің жеткілікті көлемін қажет ететін емізудегі балалары бар аналардың иммуны төмен, нәтижесінде сәбилер ауруға көп шалдығады және жасөспірімдердің дамуында ауытқулар – мешел ауруы, темір тапшылық анемиясы байқалады. Ауыз су және тамақ сапасы ішек инфекциялары мен гепатит А дамуымен кері әсерін көрсетеді. Жалпы қолайсыз қоршаған орта, ауыз су сапасының төмендігі, судың жоғары минералдығы, және де тамақтану мөлшерінің жеткіліксіздігі – Арал маңы халқының ауруға шалдығу құрылымын түзетін факторлар болып есептеледі.
Арал маңының экологиялық жай-күйінің нашар болуымен байланысты аурулардың ішінде ішек инфекциялары, туберкулез, ас қорыту аурулары, темір тапшылығы анемиясы, вирустық сары ауру, қанқа-бұлшық ет жүйесінің ауруы және дәнекер болып тұратын ткань аурулары республика бойынша орташа көрсеткіштерден асып түседі (22 Сур., 23 Сур.).
22 Сур. – Арал маңында вирустық сары аурудың таралуы 23 Сур. – Тірек-қозғаушы жүйелердің ауруы
Қолайсыз экологиялық жағдайлар салдарынан шаруашылық әрекеттер қысқартылды. Арал маңы аймағындағы жұмыссыздық деңгейі республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Өндіруші саланың және өндірістің дамуы халықтың экономикалық статусын біршама жақсартты. Дегенмен, мұнайгаз өнеркәсібінің дамуынан ластағыштар үлесінің артуы салдарынан территорияның эпидемиялық жай-күйі нашарлады.
Соңғы жылдары халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын оңтайландыру, индустрия және кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар қабылдануда.
Жалпы, қоршаған ортаның жай-күйі мен халықтың денсаулығының өзара байланысын талқылай отырып, олардың арасындағы тікелей арақатынас болмаған жағдайда адамдардың ауруға шалдығуының арту қатерінің басты факторлары атмосфералық ауаның, топырақ, судың токсинді заттармен ластануы және антропогендік қысым болады. Мұның барлығы ресурстық әлеуетті төмендетіп, экожүйелерді өзгертіп, тиісінше территорияның шаруашылық әрекеттерінің бағытын өзгертеді.
1.7 Биоәртүрліліктің азаю тенденциялары мен оның салдары
Табиғи ландшафттардағы экожүйелердің функционалды маңыздылығын бағалаудың негізгі критерилері: аумақтың геоморфологиялық ерекшеліктері; жер бедерінің сипаты мен типі; топырақтың механикалық құрамы мен сортаңдану дәрежесі; доминаттардың, субдоминаттадың орнықтылық дәрежесі және флора мен фаунаның шаруашылық бағасы, мұның ішінде өсімдік жамылғысы табиғи жүйелер жағдайының индикаторы болып табылады. Таулы аумақтарда өсімдіктер жамылғысы жер бедерін тұрақты етіп, ресурстық-шикізаттық рөл (пішен шабу, дәрілік жайылымдар) атқарады. Табиғи ауытқулар жағдайында ағаш-бұталы өсімдіктер селге тосқауыл ретінде бола алады. Шөл зонасындағы экожүйенің өсімдік жамылғысының негізгі қызметтері: ландшафттық-қорғаныс, жайылымдық, орман шаруашылық (сексеуіл болғанда), шыбындық, галомелиоративті, және де топырақ түзуші. Өзендердің аңғары бойынша өсімдіктер қосымша су реттегіш рөлін де атқарады. Экожүйелердің фондық жағдайы флоралық және фауналық биоәртүрлілік үшін негіз болады.
Дегенмен, қазіргі уақыттағы ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынды жүргізілуіне және техникалық ықпалдың артуына (әсіресе, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру) байланысты, және де климаттың айтарлықтай өзгеруімен байланысты шөлдену дәрежесі мен қарқынын анықтай отырып, табиғи экожүйелердің біршама өзгеруі байқалады (24 Сур.).
Техногенездің антропогендік үрдістері алуан түрлі және ұзақтығы, аумақты қамтуы бойынша жіктеледі (№6 Кесте).
Белгілі бір шарттарда олар қауіпті құбылыстар мен төтенше жағдайлардың себебі болуы мүмкін. Су экожүйелерінің деградациясы су ағзаларының жойылуын, су нысандарына биогендік заттардың түсуі, эфтрофикацияның артуы, оттек концентрациясының төмендеуін тудыратын токсинді ластану нәтижесінде болады.
Су экожүйелерінің өзіндік тазалану қабілеті нашарлаған. Ластанудың ең ірі ошақтары алдын-ала тазалаусыз (тау-кен өндіретін кәсіпорындар, жеке өндірістік кәсіпорындар, қалалық агломерация), өндірістік және тұрмыстық ағындарды тазалаудың тиімсіз жүйелері салдарынан жер бетіне немесе су желісіне тасталатын өндірістік қалдықтар және су ағындар өнеркәсіп маңындағы аумақтарда байқалады.
№6 Кесте – Антропогендік үрдістердің жіктелуі
Антропогендік әсер түрі
|
Антропогендік рельефтүзудің негізгі типтері
|
Антропогендік (техногендік) үрдіс
|
Жер бедерінің жаңа формалары мен элементтерінің түзілуімен жүретін тікелей әсері
|
Жанама әсер (экзогенді, эндогенді үрдістердің белсенді болуы)
|
Халықтың қоныстануы
|
Селитебті
|
Жер бедерін жоспарлау, жол салу
|
Дефляция, жазықтық су шаю, топырақтың шөгуі, суффозия
|
Тарихи-ар-хеологиялық
|
Бекет қабырғаларының белесі, қорғандар, жарлар
|
Жазықтықтық су шаю, дефляция
|
Өнеркәсіптік
|
Гидротехникалық
|
Биік формалар: төбелер, бөгеттер, тоғандар; ойыс формалар: суқоймалар, каналдар
|
Абразия, сызықты эрозия, батпақ түзілу,су басу, аллювиалды және көлдік аккумуляция, карст
|
Тау-кен өндіруші
|
Ашық (карьеров, үйінді) және жер асты (шахталар, террикондар) тау жұмыстары
|
Гравитациялық қатардағы үрдістер, сызықты эрозия, дефляция, көлдік аккумуляция, сортаңдану, карст, суффозия
|
Ауыл шаруашылық
|
Агрогенді
|
Жер бедерін жоспарлау, топырақтың бұзылуы
|
Дефляция, жазықтықтық су шаю, сызықты эрозия
|
Мелиоративті
|
Биік және ойыс формалардың түзілуі – каналдар, арықтар, қазаншұңқырлар, белестер, үйінділер
|
Сызықты эрозия, батпақ түзілу, сортаңдану, аккумуляция, дефляция, карст
|
Транспортный
|
Сызықты-транс-порттық (жолдар, құбырлар)
|
Үйінділер, арықтар, қазындылар
|
Сызықты эрозия, жазықтықтық су шаю, дефляция
|
24 Сур. – Жерлердің деградациясы және шөлге айналу картасы
Техногендік ластанған жерлер барлық табиғат белдеулерінде кездеседі және олар жерлерді ұзақ уақыт пайдалану барысындағы жайылымдардың дегумификациясымен, сор және сортаңдануымен, жел және су эрозиясының дамуымен, топырақтың ластануы мен техногендік бұзылуымен, шамадан тыс жайылымға қолданылғандығымен байланысты. Жер бедерінің түзілу үрдістері – эрозия және дефляция үрдістерінің әсерінен жерлердің деградациясы жүреді. Халықтың тығыздығы да қоршаған ортаға және шөлденуге әсерін тигізеді.
Республиканың табиғи және антропогендік экожүйелерінің бұзылуын интегралды бағалау әсер ету факторлары мен деградация дәрежесімен, типімен сипатталады (25 Сур.). Биологиялық табиғи өзін-өзі реттеу түрлі дәрежеде бұзылған барлық экожүйелерге тән. Бірақ табиғи белдеулік жүйелердің толық қалпына келу үрдісі өте сирек кездеседі. Қалпына келу үрдісі жылдам (10 жылға дейін) немесе ұзақ (50-100 дейін және одан көп жыл) мерзімді болуы мүмкін. Олардың ұзақтығы олардың бұзылу дәрежесі мен сипатына, пайдалану нұсқасына, бірлестік мелиорациясын қолдану нұсқаларына тәуелді. Биоалуантүрліліктің жойылу қаупі әлсіз шөлдену дәрежесі кезінде мүмкін. Орташа дәрежеде – қауіп өте жоғары. Экожүйелердің күшті және өте қатты деградация барысында қауіп те, тиісінше, өте жоғары болады.
25 Сур. – Қазақстан аудандарының шөлдену дәрежесі бойынша таралуы
Антропогендік факторлардың әсер ету салдары әр түрлі, мысалы, дала өсімдіктеріндегі өрт ормандағы өрт секілді шабындық шөпті бұзады. Бұл өрттер ағаш ярустылығының толық деградациясына алып келіп, өзін-өзі қалпына келтіру үрдісін өте баяулатады. Таулы аумақтардың ішкі шөлдену қаупі өздігінен жоғары, оған дәлел төтенше жағдайлардың қалыптасуы, ауыр болжалмаған зардаптарға алып келетін жарылымдар, көшкіндер, тасты селдер және т.б. болып табылады. Соңғы жылдары тау алды және аласа таулы аумақтарда құрылыстың қарқынды жүруі ормандар мен бұталардың жойылуымен іске асуы көшкіндер, топырақ эрозиясының қалыптасуына итермелейді.
Шөлдену бойынша материалдарға репроспективті талдау жасау қоршаған ортаның дестабилизациясына антропогендік әсер факторларының басымдылығын белгілейді. 5,4 млн. халқы бар Арал және Іле-Балқаш аймақтары ең көп дәрежеде бұзылған. Өзен ағынын реттеу су тасу жиілігін азайтып, грунт суларының деңгейін төмендетіп, сортаң жерлердің көбеюіне және мал басының қысқаруына алып келді. Су тапшылығы экономиканың дамуына және халықтың тұрмыс жағдайына кері әсер етті. Жабайы жануарлар мен балықтардың мекен ету ортасы нашарлады. Солтүстік және Орталық Қазақстанда су эрозиясынан 5,6 млн. га егіндік жер зиян тартты, астық дақылдардың өнімділігі 20-30 %-ға қысқарған. Каспий маңы аймағында теңіз құнарлы жағалық жайылымдар мен пішендердің 5,6 млн. га су басқан. Өнеркәсіп орталықтарының айналасындағы жерлер кәсіпорын ластағыштарымен ластанды. Шамамен 10 млн. га жайылымдар мен пішендер әскери-өнеркәсіптік кешен полигонынан айналымнан шығарылды.
Шөлдену зардабының соммасы Қазақстанда ондаған млн. АҚШ долларымен есептеледі. Су қорларының таусылуы өнеркәсіптің құлдырап, жұмыс орындарын қысқартып, халықтың тұрмыс жағдайын нашарлатты және экологиялық дағдарыс аудандарынан халықтардың көшуімен себептелді.
ҚР 14 облысы ішінен тек бес облыста ғана (Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай) кері белгілер (яғни шөлдену) жемдік жерлердің 30% құрайды. Басқа облыстарда деградация 30-50% және одан жоғары.
Жыртылған жерлерде топырақ эрозиясы мен дегумификация үрдісі күшейген. Қарашіріктің мөлшері 25-30% азайған. Осыған байланысты топырақтың құнарлығы нашарлап, астық дақылдардың өнімділігі төмендеген. 17 млн. га жыртылған жерлер тыңайған, жайылымға шығарылды. Бірақ ұзын шөпті арамшөптермен қаптаған тың жерлер егістердің зиянкестерінің санының артуына ықпал етеді. Топырақтың сортаңдануы, су және жел эрозиясы, қарашіріктің азаюы, суарудан қалған сулардың қайтадан жібергенде жерлердің сортаңдануы республикада топырақтық 90% астамын қамтиды.
Мал және жайылымдық шаруашылықты жүргізу барысында жерлерді ұтымсыз пайдалану мәселелері қазіргі кезде рентабельді пайдалану, техниканы алу, тыңайтқыштар қолдану, малдарды ветеринарлық тексеру, малдарды айдау, жем қорын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге қабілетті емес ұсақ агроөнеркәсіптік және мал шаруашылығын жүргізу кезінде көбейеді. Шаруашылыққа бағытталудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері туындайды. Бұл жағдайда толық табиғи жерлерді жүйесіз пайдалану, қорларды алу көлемін есепке алмастан жүргізу күшейді, яғни жерлердің деградациясы, шөлдену дәрежесі артты.
Қарағанды облысы Орталық Қазақстан аймағында орналасқан және 4220,9 мың га алып жатыр. Аймақ геоморфологиялық сипаттамалары – Қазақстан қалқаны – Сарыарқа мен түрлі экожүйелердің бөлінуімен ерекшеленеді. Орталық Қазақстан өз алдына үш дала және екі шөлейтті біріктіретін зоналдылығы бойынша ерекше аумақты көрсетеді. Аймақ климаттық жағдайлары, жер бедерінің зоналық-провинциялық ерекшеліктерімен белгіленетін топырақтың ірі типтері бойынша бірден-бір аумақ, сондықтан флора, фауна және экожүйесінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Орталық Қазақстанда 67 экожүйе бөлінеді. Бұзылған аумақтар ауданы мен экологиялық қауіп аудандары, өсімдіктер мен экожүйе түрлерінің мекен ету ортасын жоғалтуды қоса алғанда 50% астам ауданды құрайды. Орталық Қазақстандағы қауіптіліктің жоғары дәрежесі экологиялық аудандастыру мәліметтері бойынша 32 экожүйе үшін 22 457,2 мың га қамтиды (26 Сур.).
Мұндай өте қатты бұзылған экожүйелердің көптігі, олардың шөлденуі табиғи және антропогендік (жер жырту, мал жаю, ағаш-бұталарды кесу) әсерлермен, тасты-қиыршықтасты топырақтардағы шөлденудің ішкі қауіптіліктің жоғары дәрежесімен, ұзақ жылдар бойы мал жаю әсерінен, өнеркәсіптік ықпалдармен, радиоактивті ауытқулармен байланысты.
Шығыс Қазақстан облысы аумағы 283,2 мың.км2, жоғары Ертіс бассейнінде орналасып, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Алматы облысымен, солтүстік шығысында ресеймен, батысында Қарағанды және Павлодар облыстарымен шектеседі. Экожүйелердің және ландшафттардың алуантүрлілігімен, табиғи-климаттық зоналдылығымен сипатталады. Солтүстік шығысында Қазақстандық Алтай жоталары орналасқан, оңтүстік-шығысында Тарбағатай және Сауыр тауларымен қоршалып жатыр. Жайсан көлімен шектесіп жатқан облыстың орталық бөлігі Жайсан ойпатының аккумулятивті жазықтарымен көмкеріліп жатыр. Шығыс Қазақстан облысы аймағында 75 негізгі экожүйелер ажыратылады, оның ішінде құмды ақ селеу және бетегелі далалармен үйлесімін тапқан майқарайлы самырсынды ормандар, қарағай ормандары, көктеректі қайың ормандары; таулы-шалғынды альпі және субальпілік топырақтардағы шабындықтар; тау тундрасы; дала және шөл өсімдіктерінің бөліктері кездеседі.
26 Сур. – Орталық Қазақстан – Қарағанды облысының экологиялық қауіпті аймақтары
Экожүйелерге үлкен әсерін тигізетін – техногендік әсерлер болып табылады. Бұл әсер биологиялық қызметтің тоқтап, жойылуына алып келеді. Мысал ретінде, Риддер қаласындағы реликті Риддер-бора орманының кеуіп кетуін айтуға болады. Жойылу қаупіндегі экожүйелер категориясына бозды-бетегелі, шөлденген далалар, жапырақты ормандар жатады. Ертіс маңындағы жолақты ормандардың ауданы өрт, жыртқыштық браконьерлік орман кесу және орман жыныстарының зиянкестермен зақымдануы салдарынан азайған (27 Сур.).
Кенді Алтайдың қалың қылқанды ормандарын бақылаусыз өнеркәсіптік ағаш кесу де өзіндік ағаш кесу секілді табиғат жүйелеріне зиянын келтіреді.
Жалпы, Шығыс Қазақстан экожүйелерінің бірегей алуантүрлілігінің шамамен 10% олардың фондық жағдайына сәйкес келеді, ал 25 % орташа трансформациямен және территорияның 4 % дағдарыс жағдайына жақындығымен сипатталады. Облыстағы өте күшті техногендік әсер кен өндіру орындарына сай келеді. Жолдардың көптігі де экологиялық жай-күйді әлсіретеді. Атмосфералық ауаға шығатын улы заттар адамдарға, сонымен бірге қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.
27 Сур. – Шығыс Қазақстан облысының экологиялық қауіпті аймақтары
Республиканың экологиялық қауіпті аймақтарына (Солтүстік, Батыс, Оңтүстік, Орталық және Шығыс) талдау жасай отырып, түрлі дәрежедегі шөлденудің жалпы ауданы республика ауданының 91,6 % құрайды, тек 8,4 % ауданда ғана шөлдену үрдісі тіркелмеген. Күшті және өте қарқынды шөлдену үрдісіне (қауіп дәрежесі) 510,91 мың км2 немесе республика территориясының 19,1 % ұшыраған. Бұзылудың өте ауыр дәрежедегі қауіпті аймақтары дағдарыс (кризис) аймағы ретінде қарастырылады. Деградацияның күшті және критикалық дәрежелі ауданы бойынша аймақтардың ішінде Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарында сәйкесінше - 53,9 және 19,9 % ең үлкен көрсеткіші байқалған (28 Сур.).
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпті аймақтарының картасы қарқынды антропогенді әсер ету ықпалынан қауіп дәрежесі және түрлердің, экожүйелердің, ағаш-бұталы тоғайлардың жоғалу қатерінің көрсеткіштері бойынша, экожүйелердің және олардың топырақ жамылғысының ішкі шөлдену қаупі ойынша күрделі де алуантүрлі жағдайды бейнелейді. Жалпы Қазақстан үшін Экологиялық аудандастыру картасына талдау жасау бойынша шөлдену дәрежесіне – жерлердің, экожүйелердің және әсіресе топырақ-өсімдік жамылғысының деградацияға ұшырауына сай келетін бес Қауіптілік дәрежесі айқындалды.
Қазақстанның экологиялық аудандастыруы нәтижесінде экожүйелердің шөлдену жағдайы және қауіптілік дәрежесі қоршаған ортаның алдағы дестабилизациясы кезінде қауіптіліктің орташа дәрежесінің – республика ауданының 42,3% басым болуын белгілейді. Дегенмен, бұл да антропогендік әсердің шекті шекарасы және ресурстарды (әсіресе, топырақ-өсімдіктер қорын) ары қарай игеру экожүйелер қатарында шектеулі болуы керек. Пайдалану нормаларын 10-20%-ға дейін төмендету экожүйелердің өзін-өзі реттеуі және қорларды қайта өндіруді сақтау үшін қажет. Қауіптіліктің орташа дәрежесінің шарттары экожүйелердің антропогендік әсерлерге орнықты болу шегін көрсетеді. Мысалы, өсімдіктер биомассасынан айырылу. Құрғақ ауа райы жылдары құрғақшылық факторлары көбірек болғанда топырақ құрғап, экожүйелердің түрлік алуандығы азайып, өнімділігі нашарлап, экожүйелер ауысады.
Экологиялық аудандастыру нәтижелері. Қазақстанның ауқымды аймағын қолайсыз табиғи орта (19,05 %) алып жатыр. Салыстырмалы қолайсыз категориясына орташа шөлді экожүйелер – қауіптіліктің орташа деңгейі (57,82 %) жатады, себебі оларды пайдалану қоршаған орта жағдайын мезгілді мониторинг жүргізуді және нормалауды талап етеді.
Қоршаған ортаны сауықтыру үміттері, шөлдену үрдісімен күрес және орнықты даму шарттарын жетілдіру экожүйелерге: яғни олардың биоәртүрлілігімен, динамикасымен, пайдалануымен, сыртқы әсерлерге тұрақтылығы және өздігінен реттелу уақытымен тікелей байланысты. Қазақстан аумағының экологиялық аудандастыруын және олардың трансформация (фондық, әлсіз, орташа, жоғары, аса қатерлі) қауіптілік дәрежесін, оның ішінде негізгі экожүйелер тізімін, олардың ортақ жағдайын, салыстырмалы-бағалау сипаттарын және пайдалану бойынша мәліметтерді талдау нәтижелері жерді пайдалануды басқару үрдісін дамыту қажеттілігін растайды.
Басқаруда метеоқызмет бекеттерінің көбеюіне сай облыстардың нақты экожүйелері бойынша бірегей экологиялық мониторинг жүйесін құруды, экожүйелердің бұзылу дәрежесін бағалау үшін ГИС форматында ғарыштық суреттерді қолдану арқылы бірнеше экологиялық карталар құрастыруды міндеттейді. Зоналық экожүйелерді ескеріп, жерге орналастырудың облыстық карталарын әзірлеу; нақты экожүйелердің биоәртүрлілігінің, жағдайы мен өнімділігінің өзгеруі бойынша мәліметтер базасын дайындау; түрлі дәрежеде бұзылған экожүйелерді, сирек экожүйелер мен түрлер ошақтарын, нақты экожүйелерді пайдаланудың жыл және мезгіл сайынғы реттеу нормативтерін әзірлеу.
Флора мен фаунаның, экожүйелердің сирек, ғаламдық маңызды, құнды ресурстық нысандарын пайдалануына шек қою; орта деградациясының қаупі бойынша ескертетін ақпаратты халыққа және табиғатты пайдаланушы кәсіпорындарға хабарлау.
28 Сур. – Қазақстанның жоғары және өте ауыр қауіптілік дәрежедегі экологиялық қауіпті аймақтары
Сонымен қатар, бұзылған жерлерді қалпына келтіру және табиғи ортаның орнықтылық жағдайын қамтамасыз ету бойынша және аймақтардағы экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау бойынша іс-шаралар жүргізу.
Нақты табиғи экожүйелерді пайдалану шектері мен нормативтерін әзірлеудің биоәртүрлілікті сақтау бойынша шөлденумен күресудің ақпараттық базасы болуы керек. Ландшафт түрлері көп болғанда (мекен, территориялық бөлік, кешенді мезоэкожүйе) шектеулер негізінен пайдалану нормалары, шегі, қолдану маусымдылығы мен басқа көрсеткіштері бойынша ажыратылуы тиіс. Ол үшін казіргі кездегі биоәртүрлілікті сақтау шаралары мен ауытқушылықты болдырмау үшін Экологиялық кодекске ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық апат аймақтары мәселелері бойынша өзгертулер енгізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |