Өрт қауiпсiздiгi қағидалары Жалпы ережелер


Жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалану тәртiбi



бет15/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.05 Mb.
#2707
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалану тәртiбi


  1. Жылжымалы автожанармай құю станциялары арнайы бөлiнген алаңдарға орнатылады.

  2. Арнайы бөлiнген алаңдағы жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалануды бастамас бұрын:

1) бақылау-өлшеу аспаптары және шолып қарау арқылы станциялардың герметикалығы тексерiледi;

2) автожанармай құю станцияларының жерге қосатын өткiзгiшi алаңның жерге тұйықтау құрылғысына қосылады;

3) көлiк құралының отын багының астына қою үшiн тұғырлар дайындалады;

4) көлiк құралдарының автожанармай құю станцияларына өтуiн шектейтiн кемiнде 1 метр тосқауылдар орнатылады;



5) ескерту белгiлерi мен ақпарат қалқаны орнатылады.

Байланыс және өрт сөндiру құралдарымен жабдықтау тәртiбi


  1. Автожанармай құю станциялары өрт туындаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу шақыру үшiн телефонмен немесе радио байланысымен, сондай-ақ дауыс зорайтқыш байланыс жүйесiмен жарақталады.

  2. Автожанармай құю станциясының өндiрiстiк және қоғамдық үй-жайлары өрт сөндiргiш қабiлетiне, өрттiң ауданы мен сыныбына байланысты «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң 17-қосымшасының талаптарына сәйкес өрт сөндiргiштермен қамтамасыз етiледi.

  3. Резервуарлардың электр пульттерi мен жануын сөндiру үшiн көмiрқышқыл немесе ұнтақты қол өрт сөндiргiштерi көзделеді.

  4. Жылжымалы автожанармай құю станцияларын сыйымдылығы 10 литр бiр ауа-көбiктi өрт сөндiргiшпен және сыйымдылығы 5 литр бiр ұнтақты өрт сөндiргiшпен жарақталады.

  5. Өрт сөндiргiштердi орналастыру орындары тиiстi сiлтеме белгiлермен белгiленедi.



12. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi
Құрылыстың, ғимараттар мен үй-жайлардың аумақтарын ұстау тәртiбi


  1. Құрылыс алаңында құрылыс жұмыстары басталғанға дейiн өртке қарсы алаңдардағы барлық құрылымдар мен құрылыстар бұзып алынады.

  2. Жанатын жылытқышы бар металл табақтардан жасалған қорғалмаған көтергiш және қоршау құрылымдарымен ғимараттарды салу кезiнде жұмыс iстеу жобасында құрылыстың барлық кезеңiне өрт қауiпсiздiгi бойынша iс-шаралар көзделеді.

  3. Құрылыс аумағында өндiрiстiк, қойма және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар белгiленген тәртiппен бекiтiлген құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамында әзiрленген бас жоспарға сәйкес орналастырылады.

  4. Ауданы 5 гектар және одан астам құрылыс аумағында алаңның қарама-қарсы жағынан кiретiн кемiнде екi кiру жолы көзделеді. Жолдар жылдың кез келген мезгiлiнде өрт сөндiру автомашиналарының өтуi үшiн жарамды жабынмен қамтамасыз етiледi. Кiру жолына арналған қақпаның енi кемiнде 4 метр етiп көзделеді.

Құрылыс алаңына кiру жолының қасына салынып жатқан және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар, өту жолдары, кiреберiстер, су көздерi, өрт сөндiру және байланыс құралдары көрсетiлген жоспарлар қойылады (iлiнедi).

  1. Барлық салынып жатқан және пайдаланудағы (оның iшiнде уақытша) ғимараттарға, құрылыс материалдарын, құрылымдар мен жабдықты ашық сақтау орындарына еркiн қол жеткiзу қамтамасыз етiледi.

Салынып жатқан ғимараттарға кiреберiстер мен жолдар салу негiзгi құрылыс жұмыстары басталғанға дейiн аяқталады. Ғимараттардың бойымен енi 18 метрден астам өту жолдары екi жағынан бойлай, ал енi 100 метрден астам – ғимараттың барлық жағынан болады. Өту жолының шетiнен бастап ғимараттардың, құрылыстар мен алаңдардың қабырғаларына дейiнгi қашықтық 25 метрден аспайды.

  1. Ғимараттар мен өрт сөндiретiн су көздерiне өту жолдары мен кiреберiстер, сондай-ақ өрт құрал-сайманы мен жабдығына қол жеткiзу әрқашан бос ұсталады. Ғимараттар арасындағы өртке қарсы бөлiктердi материалдар, жабдық, буып-түю ыдыстарын жинауға және автомобиль тұрағы үшiн пайдалануға болмайды.

Темiржол арқылы өтетiн барлық жолдар, өткелдер мен кiреберiстер жарамды күйде ұсталады және өрт сөндiру автомобилдерiнiң кедергiсiз өтуi қамтамасыз етiледi.

Жолдар арқылы құбырлар немесе кәбілдердi төсеу кезiнде өткелдер, көпiрлер немесе уақытша айналма жолдар орнатылады. Жөндеу жұмыстарын жүргiзу немесе жолдардың, өткелдердiң уақытша жабылуы туралы бас мердiгер жақын маңдағы өрт сөндiру бөлiмiне дереу хабарлайды.



  1. Жанғыш материалдардың ашық алаңдары, сондай-ақ жанғыш материалдардан жасалған өндiрiстiк, қойма және қосалқы құрылымдар орналасқан алаң құрғақ шөптен, қурайдан, қабықтар мен жоңқалардан тазаланады.

  2. Ашық алаңдарда жанғыш құрылыс материалдары (ағаш кесу материалдары, толь, рубероид) жанғыш материалдардан жасалған бұйымдар мен құрылымдарды, сондай-ақ жанғыш орамда жабдық пен жүктердi сақтау кезiнде 100 м2 аспайын алаңда қатарлап немесе тобымен орналастырылады. Қатарлар (топтар) арасындағы және олардан бастап салынып жатқан немесе қосалқы ғимараттар мен құрылыстарға дейiнгi бөлiктер кемiнде 24 метр етiп қабылданады.

  3. Жеке блок контейнерлер мен тұрмыстық вагоншаларды топтағы саны 10-нан аспайтындай етiп тобымен орналастыруға болады. Осы құрылыстардың топтары арасындағы және олардан бастап басқа құрылымдарға дейiнгi қашықтық кемiнде 18 метр етiп қабылданады. Уақытша құрылыстарды салынып жатқан және өзге де ғимараттардан бастап кемiнде 18 метр қашықтықта немесе тұйық өртке қарсы қабырғалардың қасында орналастырылады.

  4. Салынып жатқан ғимараттарда осы бөлiмнiң талаптарын орындаған жағдайда уақытша шеберханалар мен қоймаларды (жанғыш заттар мен материалдардың қоймаларынан, қымбат тұратын және құнды жабдық, сондай-ақ жанғыш орамдағы жабдық қоймаларынан, өндiрiстiк үй-жайлар мен жанғыш материалдарды өңдеумен байланысты жабдықтан басқа) орналастыруға рұқсат берiледi.

Әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларды I типтi тұйық өртке қарсы қалқалармен және 3 типтi қалқалармен бөлiнген ғимараттардың бөлiктерiнде орналастыруға болады.

Қорғалмаған көтергiш металл құрылымдар мен жанғыш полимер жылытқыштары бар панельдерден жаңадан салынып жатқан ғимараттарда уақытша қоймаларды (зат қоятын бөлмелердi), шеберханалар мен әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларды орналастыруға болмайды.



  1. Құрылыс алаңында, жаңадан салынып жатқан және уақытша тұрмыстық ғимараттарда адамдардың тұруына болмайды.

  2. Ауданы 300 шаршы метр және одан астам асханалар дыбыстық және жарық сигналын құрылыстың қасбетiне немесе тiкелей қорғалатын үй-жайға (автономды өрт хабарлағыштары) шығару арқылы автоматты өрт дабылымен жабдықталады.

  3. Сөндiрiлмеген әк жабулы жеке тұрған қойма үй-жайларында сақталады. Бұл үй-жайлардың еденi жердiң деңгейiнен кемiнде 0,2 метр биiк етiп көтерiледi. Сөндiрiлмеген әктi сақтау кезiнде оған ылғалдың өтуiне жол берiлмейдi.

Әк сөндiруге арналған шұңқырлар оны сақтау қоймасынан кемiнде 5 метр және басқа да ғимараттардан, құрылыстардан және қоймалардан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады.

  1. Объектiлердi реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, күрделi жөндеу және кезекпен пайдалануға беру кезiнде  алынып жатқан бөлiгiн қолданыстағы бөлiгiнен 1-типтi уақытша өртке қарсы қалқалармен және 3-типтi қалқалармен бөледi. Бұл ретте адамдарды ғимараттар мен құрылыстардың бөлiктерiнен қауiпсiз эвакуациялау шарттарының бұзылуына жол берiлмейдi.

  2. Салынып жатқан ғимараттар, уақытша құрылыстар, сондай-ақ қосалқы үй-жайлар салынып және реконстукцияланып жатқан ғимараттар, құрылыстар мен қосалқы үй-жайлар үшiн осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес алғашқы өрт сөндiру құралдары нормасына сәйкес алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.

  3. Iшкi өртке қарсы су құбыры мен жобада көзделген автоматты өрт сөндiру жүйелерi объектiнi тұрғызумен қатар монтаждалады.

Өртке қарсы су құбыры өңдеу жұмыстарын бастағанда, ал автоматты өрт сөндiру жүйелерi мен дабылы жүйелерi iске қосу, реттеу жұмыстарын (кәбіл құрылыстарында – кәбіл төсегенге дейiн) жүргiзгенде қолданысқа енгiзiледi.

  1. Жобада көзделген өрт сөндiру депосы құрылыстың бiрiншi кезегiнде тұрғызылады. Депо ғимаратын мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді.

  2. Негiзгi құрылыстар мен құрылыс базасын салуды бастағанға дейiн өртке қарсы қызметтi немесе өртке қарсы ерiктi құралымдар мен өрт техникасын орналастыру үшiн арнайы жылытылған үй-жайлар көзделеді.



Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi


  1. Биiктiгi 3 қабат және одан астам ғимараттарды салу кезiнде сатылар саты торларын орнатумен қатар монтаждалады.

  2. Саты торларында ағаш басқыштар екi қабаттан аспайтын ғимараттарда ғана қолданылады.

  3. Құрылыс кезiнде зақымданудан қорғау үшiн жанбайтын сатылар жанғыш материалдармен жабылады.

  4. Жобада қарастырылған сыртқы өрт сатылары, тiреушелер, түтік жалғау құбырлары мен салынып жатқан ғимараттардың жабындарындағы қоршаулар көтергiш құрылымдарды монтаждағаннан кейiн бiрден орнатылады.

  5. Ғимараттарды үш қабат және одан астам етiп салу кезiнде құрал-саймандық металл ағаштар қолданылады.

Құрылыстың құрылыс ағаштары олардың периметрiнiң әрбiр 40 метріне бiр сатымен немесе басқышпен, бiрақ барлық ғимаратқа кемiнде екi сатымен (басқышпен) жабдықталады.

Ағаш құрылымдарын жанғыш материалдармен жабуға (жылытуға) болмайды.



  1. Адамдарды биiк ғимараттар мен құрылыстардан (түтiн құбырларынан, мұнара градирнялардан, бөгеттерден, сүрлем үй-жайлардан) эвакуациялау үшiн құрылыстың барлық кезеңiне жанбайтын материалдардан жасалған кемiнде екi саты салынады.

  2. Жанғыш материалдардан жасалған қалыпты бiр мезгiлде үш қабаттан аспайтындай етiп жасалады. Бетонның қажеттi төзiмдiлiгiне қол жеткiзгеннен кейiн ағаш қалыптар мен тақтайлар ғимараттан шығарылады.

  3. Ғимараттар мен құрылыстардың iшiнде жанғыш заттар мен материалдарды ашық отты пайдаланумен байланысты басқа да құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қатар орындауға болмайды.

  4. Металл құрылымдардың отқа төзiмдiлiк шегiн арттыру мақсатында оларды қорғау жұмыстары ғимаратты тұрғызумен қатар жүргiзiледi.

  5. Ғимараттарда жанғыш материалдар болған жағдайда ойықтар арқылы қабырғалар мен қалқаларға (iшкi және сыртқы қабырғалардың және қабатаралық қалқалардың жапсарларын герметизациялау, қажеттi отқа төзiмдiлiк шектерiн қамтамасыз ете отырып, инженерлiк коммуникациялар өтетiн орындарда тығыздау) өрттiң таралуын болдырмау шаралары қабылданады.

  6. Жанғыш жылытқыштары бар құрылымдарды монтаждаумен немесе жанғыш жылытқыштарды қолданумен байланысты жұмыстар жұмысты орындаушыларға берiлетiн және құрылыстың өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты тұлға қол қойған рұқсат бойынша жүргiзiледi.

Жұмыс жүргiзу орындарында «Отқа қауiптi – тез тұтанатын жылытқыш» деген аншлагтар iлiнедi.

  1. Жабынға жанатын жылытқышты төсеу және гидрооқшаулағыш кiлемдi орнату, тартқышты цемент-құм ерiтiндiсiнен жасау, қорғайтын қиыршық тас қабатын төсеу, қоршау құрылымдарын монтаждау ауданы
    500 м2 аспайтын учаскелерде жанғыш жылытқыштарды қолдана отырып және 1000 м2 аспайтын учаскелерде жануы қиын жылытқыштармен жүргiзiледi.

  2. Жанатын жылытқыштарды темiрбетон плиталардың бойымен пайдалану кезiнде кемiнде 30 миллиметр өндiрiстiк ғимараттардың жабындарын тегістеу цемент-құм ерiтiндiсiнен орындалады, темiрбетон плиталар арасындағы жапсарлар мұқият қаланады.

  3. Жұмыс жүргiзу орындарында жанғыш жылытқыштар мен жабынды рулон материалдары санының ауысым қажеттiлiгiнен артуына жол берiлмейдi.

  4. Ауданы үлкен ғимараттардың жабындарында жанатын жылытқыш ұзындығы бойымен 50 метр сайын (корпус 80 метр және одан артық созылып жатқанда) енi кемiнде 6 метр, керамзит қиыршық тасынан немесе басқа да жанбайтын материалдардан жасалған өртке қарсы белдеулермен бөлiнедi.

  5. Жанатын жылытқыш салынып жатқан ғимараттан тыс, бөлек тұрған құрылыста немесе арнайы алаңда салынып жатқан және уақытша ғимараттардан, құрылыстар мен қоймалардан кемiнде 18 метр қашықтықта сақталады.

Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейiн пайдаланылмаған жанатын жылытқышты, осындай жылытқыштары бар жөнделмеген панельдер мен жабынды рулон материалдарын ғимараттардың iшiнде немесе жабындарында, сондай-ақ өртке қарсы бөлiктерде қалдыруға болмайды.

  1. Тоңазытқыш ғимараттар мен осыған ұқсас құрылыстарда құрылыс-монтаждау жұмыстары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып, бөлiктер бойынша жүйелi түрде жүргiзiледi.

  2. Бөлiкте жылу оқшаулағыш орнатылғаннан кейiн оның қалдықтары жинап алынады және дереу оттан қорғайтын жабын қабаты жағылады. Жұмыс жүргізу процесінде жанатын жылу оқшаулағыштың қорғалмаған ауданы 500 м2 аспайтындай етіп және жануы қиын болғанда 1000 м2 етiп қабылданады.

  3. Өртке қарсы белдеулердi, тоңазытқыш камераларда аймақтарды орнату кезiнде жылытқыштың жанбайтын материалдардан жасалған қоршау құрылымдарына тығыз қабысуы қамтамасыз етiледi. Өртке қарсы белдеулерде, аймақтарда бекiтiлмеген тесiктер қалдыруға болмайды. Кезектi бөлiктiң жылу оқшаулағышын тек алдыңғы аймақтардың өртке қарсы белдеулерiн тексергеннен және қабылдағаннан кейiн ғана орнатуға кiрiсуге болады.

  4. Жанатын жылытқыштары бар панельдердiң металл қаптамалары зақымдалған жағдайда, механикалық (бұрандалы) қосқыштардың көмегiмен оларды жөндеу және қалпына келтiру бойынша шұғыл шаралар қабылданады.

  5. Полимерлi жылытқыштары бар панельдердi монтаждауды, жабынға полимерлiк жылытқыштарды төсеудi, жабындарды орнату  жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн жобада көзделген барлық қоршаулар мен ғимараттардың жабынына шығу жолдары (саты торларынан, сыртқы сатылар арқылы) салынады. Өрт туралы хабарлау үшiн жабынға шығу жолдарына телефондар немесе өзге де байланыс құралдары орнатылады.

  6. Өрт сөндiру мақсатында жабында жанатын жылытқышты қолдана отырып, ауданы 1000 шаршы метр және одан астам жабын төсеу бойынша жабын жұмыстарын жүргiзу кезiнде уақытша өртке қарсы су құбыры көзделеді. Өрт крандары арасындағы қашықтықты әрқайсысы секундына 5 литр шығынымен кемiнде екi ағыста су жабынның кез келген нүктесiне беру шартымен қабылданады.

  7. Жабында гидро және бу оқшаулауды орнатумен, жанғыш жылытқыштары бар панельдердi монтаждаумен байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiнде электрлiк дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын жүргiзуге болмайды.

Ашық отты қолданумен байланысты барлық жұмыстар жанғыш және жануы қиын материалдарды пайдалану басталғанға дейiн жүргiзiледi.

  1. Бу оқшаулау қабатын жабыстыру кезiнде кескiнделген төсем қабырғаларын битум шайырымен толтыруға және жобадан ауытқып, шайыр қабатын қалыңдатуға болмайды.

  2. Қабаты қалың рулон материалдарын балқыту үшiн жабындарды темiр бетон плиталарына және жанбайтын жылытқыштарды қолдана отырып, бүркемелерге орнатқанда ғана агрегаттар қолданылады.

  3. Жабындағы агрегаттарға отын құю екi өрт сөндiргiшпен және құмы бар жәшiкпен қамтамасыз етiлген арнайы орында жүргiзiледi. Жабында агрегаттарға құюға арналған отынды және отыннан босатылған бос ыдысты сақтауға жол берiлмейдi.



Мастикалармен, битуммен, полимер және басқа да жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс iстеу тәртiбi


  1. Жарылыс-өрт қауiптi бу бөлетiн жанғыш заттар мен (құрамды дайындау және оны бұйымға салу) жұмыс iстейтiн үй-жайлар мен жұмыс аймақтары ағынды-сорғы желдеткiшiмен қамтамасыз етiледi.

Жұмысты қауiпсiз жүргiзу үшiн ауа алмасу еселiгi есепке сәйкес жұмыс iстеу жобасымен анықталады.

  1. Жанғыш заттарды пайдалану кезiнде оның мөлшерiнiң ауысым қажеттiлiгiнен асуына жол берiлмейдi. Жанғыш заттары бар сыйымдылықтар тек пайдалану алдында ғана ашылады, ал жұмыс аяқталғаннан кейiн жабылып, қоймаға тапсырылады.

Жанғыш заттардан босаған ыдыс жаңа құрылыстың үй-жайларынан тыс арнайы бөлiнген орында сақталады.

  1. Жанғыш заттардың қалдықтары арнайы жабық сыйымдылыққа жиналып, үй-жайлардан арнайы бөлiнген орынға шығарылады.

  2. Жанғыш бояулар еденге тек табиғи жарық көзi бар кезде осы жұмыстарды жүргiзуге жауапты адамның бақылауымен 100 шаршы метрден аспайтын жердi қамти отыра жағылады. Жұмыстар үй-жайлардан шығу жолдарынан едәуiр қашық орындарда, ал дәлiздерде үй-жайлардағы жұмыс аяқталғаннан кейiн басталады.

  3. Эпоксид шайырларды, желiмдердi, мастикаларды, оның iшiнде синтетикалық шайырлар негiзiндегi лак, бояуларды жағуды және плита және рулонды полимер материалдарын жапсыру үй-жайларды түпкiлiктi сырламас бұрын барлық құрылыс-монтаждау және санитарлық-техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.

  4. Жанғыш заттарды пайдалана отырып жұмыс iстеу үшiн ұшқын шығармайтын материалдардан (алюминий, мыс, пластмасса, қола) жасалған аспап қолданылады. Жанғыш заттар мен жұмыс iстеу кезiнде қолданылған аспап пен жабдық ашық алаңда немесе желдеткiшi бар үй-жайда жуылады.

  5. Жанғыш заттармен және материалдармен (құрамында отқа қауiптi заттар бар рулонды, плиталы, эпоксид шайырлармен, мастикалармен) жұмысты өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқудан және жұмыс басталар алдында өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулықтан өткен адамдар жүргiзедi.

Жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс iстейтiн үй-жайлар 100 шаршы метр үй-жайға екi өрт сөндiргiш және киiз есебiнен алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.

  1. Жанғыш сұйықтар желдеткiшпен жабдықталған, жанбайтын материалдардан жасалған, бөлек тұрған құрылымдарда, сондай-ақ терезе ойықтары мен дербес эвакуациялық шығу жолы бар сыртқы қабырғаның қасында оқшауланған үй-жайларда сақталады.

  2. Өрт қауiптi заттармен және полимерлi материалдармен жұмыс тек құрылыстың өртке қарсы жай-күйiне жауапты адамның жазбаша рұқсатымен ғана жүргiзiледi.

  3. Оқшаулағыш және битум мастикаларын қайнату және қыздыру жанбайтын материалдардан жасалған қақпақтары тығыз жабылатын арнайы жарамды қазандықтарда жүзеге асырылады. Қазандықтар олардың сыйымдылығының төрттен үш бөлiгiнен аспайтындай етiп толтырылады.

Битум қайнату қондырғысын тiкелей жабында орналастыруға болмайды.

  1. Битум қазандығын ашық ауада орналастыру кезiнде олардың үстiне жанбайтын материалдардан жасалған шатыр орнатылады. Қайнату қазандығының айналасында өртке қарсы құралдардың жинағы (өрт сөндiргiштер, күректер мен құрғақ құм) көзделеді. Мастикалар мен битумдарды қайнатуға және қыздыруға арналған орын биiктiгi 0,3 метрден аспайтын бiлiкпен қоршалады. Қазандықтың от жағатын тесiгi жанбайтын материалдан жасалған қайырмалы күнқағарлармен жабдықталады. Битум құрамдары қыздырылатын қазандықтарды қараусыз қалдыруға болмайды.

  2. Қазандықтардың топтағы саны үшеуден аспаса және қазандықтардың топтары арасындағы қашықтық кемiнде 9 метр болғанда олар тобымен орналастырылады. Мастикалар мен битумдарды қайнату мен қыздыруға арналған орынды арнайы бөлiнген алаңдардан бөледi және мынадай:

1) отқа төзiмдiлiгi V, IV, IVа дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 30 метр;

2) отқа төзiмдiлiгi III, IIIа, IIIб дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 20 метр;

3) отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 10 метр қашықтықта орналастырады.


  1. Оттыққа мастиканың төгiлуiн және оның жануын болдырмау үшiн қазандықты оның оттықтың үстiнде орналасқан шетi қарсы жағынан 5-6 сантиметр жоғары болатындай етiп көлбеу орналастырылады.

  2. Жұмыс аяқталғаннан кейiн қазандықтардың оттықтары сөндiрiлiп, су себiледi.

  3. Сұйылтылған газда жылжымалы қазандықтар жұмыс iстеген кезде екеуден аспайтын мөлшердегi газ баллондары жұмыс iстеп тұрған қазандықтардан кемiнде 20 метр қашықтықта орнатылған, жанбайтын материалдардан жасалған желдетiлетiн шкафтарда орнатылады.

  4. Көрсетiлген шкафтар үнемi құлыппен жабылып ұсталады.

  5. Үй-жайлардың iшiнде битум құрамдары электр қыздырғыштары бар бөшкелерде қыздырылады. Қыздыру үшiн ашық отты пайдалануға болмайды.

  6. Битум мастикасымен жұмыс iстеу кезiнде:

1) жұмыс орындарына (қабаттарына) ыстық битум мастикасын қақпақтары тығыз жабылатын арнайы металл бөшкелерде механикаландырылған тәсiлмен жеткiзу жүзеге асырылады. Қақпақтар бак құлаған кезде ашылып кетуiн болдырмайтын ысырма құрылғыларымен қамтамасыз етiледi. Мастиканы ашық ыдыспен тасымалдауға болмайды;

2) құрылыс құрылымдарына тiгiнен орнатылған учаскелерге бекiтiлген сорғымен ағып кетуiне жол бермей болат құбыр арқылы қолданылады. Көлденең учаскелер мастиканы қызуға шыдамды шланг арқылы беруге болады.



  1. Шлангiнi болат құбырмен қосу орнында ұзындығы 40-50 сантиметр сақтандыру қапшығы (брезенттен және басқа да материалдардан жасалған) кигiзiледi.

  2. Мастика жағуға арналған қондырғының сыйымдылығын толтырғаннан кейiн мастика құбырдан ағызылады.

  3. Араластыру кезiнде қыздырылған битум ерiткiшке (бензин, скипидар) құйылады. Тек ағаш араластырғышпен ғана араластыруға болады.

  4. Битумды ерiткiштермен араластыру орнынан 50 метр радиуста ашық отты пайдалануға болмайды.



Дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу тәртiбi
Жалпы ережелер


  1. Дәнекерлеу және ашық отты қолданумен байланысты отпен жүргізілетін басқа да жұмыстар осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес орындалады.

  2. Дәнекерлеу және отпен жүргізілетін басқа да жұмыстар орындары:

1) осы мақсаттарда арнайы жабдықталған цехтарда, шеберханаларда немесе ашық алаңдарда ұйымдастырылатын тұрақты;

2) отты жұмыстар тiкелей салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан ғимараттарда, тұрғын үйлерде және басқа да құрылыстарда, кәсiпорын аумақтарында жабдықты жөндеу немесе құрылыс құрылымдарын монтаждау мақсатында уақытша етiп көзделеді.



  1. Отты жұмыстарды тұрақты жүргiзу орындарын 10 бекеттен (дәнекерлеу, кесетiн шеберханалар) артық ұйымдастыру кезiнде орталықтандырылған электрмен және газбен жабдықтау көзделеді.

  2. Дәнекерлеу шеберханасында 10-нан аспайтын дәнекерлеу бекеттері болған жағдайда әрбiр бекет үшiн оттегi және жанғыш газы бар бiр қосалқы баллоннан болуға болады. Қосалқы баллондар жанбайтын материалдардан жасалған қалқандармен қоршалады немесе шеберханаларға арнайы жапсарлас құрылыстарда сақталады.

  3. Тұрақты дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу ұйымдастырылған үй-жайлардағы едендер жанбайтын материалдардан жасалады. Бөлшектердi алдын ала қыздырмастан дәнекерлеу жүргiзiлетiн үй-жайларда жанбайтын негiзде ағаш бөренелi едендер орнатуға болады.

  4. Дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстарды белгiленген тәртiппен техникалық минимумнан өткен және өрт қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптарын бiлуi бойынша сынақ тапсырған адамдар жүргiзедi.

  5. Ашық алаңдар мен арнайы шеберханаларда отпен жүргізілетін жұмыстарды тұрақты жүргiзу орындары кәсiпорын (ұйым) басшысының бұйрығымен анықталады.

  6. Уақытша электрмен дәнекерлеу және отпен жүргізілетін басқа да жұмыстарды жүргiзу орындары тек объект басшысының немесе оның мiндеттерiн атқарушы адамның жазбаша рұқсатымен (осы Қағидаларға 5-қосымша) ғана анықталады.

  7. Құрылыс алаңдарында және өртке қауiпсiз орындарда жазбаша рұқсатты алмай-ақ отпен жүргізілетін жұмыстарды тек өрт-техникалық минимумы бағдарламасы мен осы Қағидалардың ережелерiн игерген тиiстi бiлiктiлiгі бар мамандар ғана жүргiзе алады. Жазбаша рұқсатты алмай-ақ отпен жүргізілетін жұмыстарды дербес жүргiзуге жiберiлген мамандардың тiзiмiн объектiнiң басшысы бекiтедi.

  8. Уақытша (бiр жолғы) отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге рұқсат тек жұмыс ауысымына ғана берiледi. Егер бiрдей жұмысты жүргiзу кезiнде олар бiрнеше ауысым немесе күн бойы жүргiзiлетiн болса, объектiнiң әкiмшiлiгiнен қайта рұқсат алу қажет емес.

Мұндай жағдайларда әрбiр келесi жұмыс ауысымына көрсетiлген жұмыс орындарын қайта тексергеннен кейiн әкiмшiлiк бұрын берiлген рұқсатты растайды, ол жөнiнде тиiстi жазба жазады. Отпен жүргізілетін жұмыстардың жүргiзiлуiн уақтылы бақылауды қамтамасыз ету мақсатында осы жұмыстарға рұқсат құрылыс әкiмшiлiгiнен объектiнiң салалық өртке қарсы қызметiне, ал ол жоқ жерлерде оларды жүргiзген күннiң қарсаңында ерiктi өртке қарсы құралымдарға келiп түсуi тиiс.

  1. Отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзілетін орындар алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (өрт сөндiргiш, құм салынған жәшiк және күрек, суы бар шелек) қамтамасыз етiледi. Объектiде iшкi өртке қарсы су құбыры болған жағдайда отпен жүргізілетін жұмыстар жүргiзілетін орынға өрт крандарынан оқпандары бар өрт сөндіру түтіктерi төселедi. Отпен жүргізілетін жұмыстармен айланысатын барлық жұмысшылар алғашқы өрт сөндiру құралдарын орынды пайдаланады.

  2. Отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге жауапты адам жұмыс орнында өрт сөндiру құралдарының болуын тексередi.

  3. Отпен жүргізілетін жұмыстарды тұрақты жүргiзуге арналған орындарды өрт қауiптi және жарылыс, өрт қауiптi үй-жайларда орналастыруға болмайды.

  4. Отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзу қарастырылатын технологиялық жабдық:

1) жарылыс, өрт қауiптi заттардан босату;

2) қолданыстағы коммуникациялардан (отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге дайындық үшiн қолданылатын коммуникациялардан басқа) ажырату;



3) алдын ала тазалау, жуу, булау, желдету, жұту және флегматизациялау арқылы жарылыс, өрт қауiпсiз жай-күйiне келтiрiледi.

  1. Технологиялық жабдықтың iшiн буландыру үшiн берiлетiн су буының температурасы жанғыш будың (газдың) өздiгiнен тұтану температурасының 80 %-ға тең етiп қабылданады.

  2. Технологиялық жабдықты жуу ондағы будың (газдың) шоғырлануы олардың тұтану шегiнен тыс немесе электр статикалық қауiпсiз режимде болғанда жүргiзiледi.

  3. Отпен жүргізілетін жұмыстар жүргiзiлетiн үй-жайларды, сондай-ақ жабдық пен коммуникацияларды тазалау жарылыс қауiптi бу және тозаң-ауа қоспаларының түзiлуiн және тұтану көздерiнiң түзiлуiн болдырмайтындай тәсiлдермен жүргiзiледi.

  4. Металдың қызған бөлiктерiнiң шектес үй-жайларға, көршiлес қабаттарға түсуiн болдырмау мақсатында барлық байқап тексеру, технологиялық және басқа да люктер (шағын люктер), желдеткiш, монтаждау және отпен жүргізілетін жұмыстар жүргiзiлетiн үй-жайлардың қалқаларындағы, қабырғалары мен қалқаларындағы басқа да ойықтар (тесiктер) жанбайтын материалдармен жабылады.

  5. Отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзу орны осы Қағидаларға 
    6-қосымшада көрсетiлген радиуста жанғыш заттар мен материалдардан тазартылаы.

  6. Көрсетiлген радиустар шегiндегi құрылыс констукциялары, еден төсемдерi, өңдеу және қаптау, сондай-ақ оқшаулағыш және жанғыш материалдардан жасалған жабдықтың бөлшектерi оларға ұшқынның түсуiнен металл экрандармен немесе басқа да жанбайтын материалдармен және қажет болған жағдайда су құйып қорғалады.

  7. Отпен жүргізілетін жұмыстар орындалатын үй-жайларда көрсетiлген үй-жайларды басқа үй-жайлармен қосатын барлық есiктер, оның iшiнде тамбур шлюздердiң есiктерi тығыз жабылады. Терезе жыл мезгiлiне, үй-жайдағы температураға, отты жұмыстардың ұзақтығына, көлемi мен қауiптiлiк дәрежесiне байланысты мүмкiндiгiнше ашық болады.

  8. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар буының, жанғыш газдардың жиналуы мүмкiн үй-жайлар отты жұмысты жүргiзбес бұрын желдетiледi.

  9. Жанғыш материалдар қолданылған ғимараттар мен үй-жайларда, құрылымдарда дәнекерлеу және кесу жұмыстарын жүргiзуге арналған орын жанбайтын материалдан жасалған тұтас қалқамен қоршалады. Бұл ретте қалқаның биiктiгi кемiнде 1,8 метр, ал қалқа мен еден арасындағы саңылау 0,5 метр етiп орындалады. Қыздырылған бөлшектердiң ұшуын болдырмау үшiн көрсетiлген саңылаудағы ұяшық 1,0х1,0 миллиметрден аспайтын, жанбайтын материалдан жасалған тормен қоршалады.

  10. Отпен жүргізілетін жұмыстарды бастамас бұрын және оларды жүргiзу барысында көрсетiлген жұмыстар жүргiзiлетiн технологиялық жабдықтағы және қауiптi аймақтағы бу, газ, ауа ортасының жай-күйiн бақылау жүзеге асырылады.

Егер қауiптi аймақта немесе технологиялық жабдықта жанғыш заттар құрамы жоғарылаған немесе флегматизатордың шоғырлануы будың (газдың) шектi рұқсат етiлген жарылыс қауiпсiз шоғырлану мәнiне дейiн төмендеген жағдайда отпен жүргізілетін жұмыстар дереу тоқтатылады.

  1. Отпен жүргізілетін жұмыстар жүргiзiлiп жатқан жерлерде газдану мен тозаңдану себебiнен өрттер мен жарылыстардың туындауына әкелуi мүмкiн технологиялық жабдықтың люктерi мен қақпақтарын ашуға, өнiмдердi түсiруге, асыра тиеуге және құюға, оларды ашық люктер арқылы тиеуге, сондай-ақ өзге де операцияларды жүргiзуге болмайды.

  2. Жұмыстағы үзiлiс кезiнде, сондай-ақ жұмыс ауысымының соңында дәнекерлеу аппараты электр желiсiнен ажыратылады, шлангiлер жанғыш сұйықтықтар мен газдардан ажыратылады және босатылады, ал дәнекерлеу лампаларындағы қысым толықтай шығарылады.

  3. Жұмыс аяқталғаннан кейiн барлық аппаратура мен жабдық арнайы бөлiнген үй-жайға (орынға) жиналады.

  4. Отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзу кезiнде:

1) аппаратура ақаулы болғанда жұмысқа кiрiсуге;

2) жанғыш бояулармен (лактармен) жаңадан сырланған констукциялар мен бұйымдарда отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге;

3) майлардың, бензиннiң, керосин мен өзге де жанғыш сұйықтықтардың iздерi бар киiм мен қолғапты пайдалануға;

4) дәнекерлеу кабиналарында киiмдi, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен өзге де жанғыш материалдарды сақтауға;

5) бiлiктiлiк куәлiгi мен өрт қауiпсiздiгi техникасы бойынша талоны жоқ оқушыларды, сондай-ақ жұмыскерлердi дербес жұмыс iстеуге жiберуге;

6) электр сымдарының сығылған, сұйытылған және ерiтiлген газдары бар баллондармен жанасуына жол беруге;

7) жанғыш және улы заттармен толтырылған, сондай-ақ қысымы мен электр кернеуi бар аппараттар мен коммуникацияларда жұмыс iстеуге;

8) жабынға гидрооқшаулағыш пен буоқшаулағышты орнатумен, жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар панельдердi монтаждаумен, едендердiң төсемдерiн жапсырумен және жанғыш лактарды, желiмдердi, мастикалар мен өзге де жанғыш материалдарды пайдалана отырып, үй-жайларды қаптаумен қатар отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге;

9) электр дәнекерлеушiмен және газ дәнекерлеушiмен (газ кескiшпен) бiр мезгiлде жабық сыйымдылықтар мен үй-жайлардың iшiнде жұмыс iстеуiне болмайды.


  1. Жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар жеңiл металл конструкцияларынан жасалған ғимараттардың элементтерiнде отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзуге болмайды.

  2. Салынып жатқан тоңазытқыштарда электрмен дәнекерлеу жұмыстары жанғыш материалдардан босатылған жамылғы қабаттары жағылған (сылақ, бетон немесе армобетон кергiштерi) және өртке қарсы белдiктерi бар камералар мен бөлiктерде ғана жүргiзiледi.

  3. Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарын күрделi жөндеу және реконстукциялау кезiнде отпен жүргізілетін жұмыстар жанатын конструкциялардың жануына қарсы және ұшқындардың ұшуына қарсы шаралар қабылданғаннан кейiн орындалады.

  4. Өндiрiстi тоқтатпай күрделi жөндеу және реконстукциялау кезiнде және отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргiзу кезiнде кәсiпорын әкiмшiлiгi осы кезеңге өрт қауiпсiздiгiн күшейту жоспарын әзiрлейдi.

  5. Өрт шығу қаупi неғұрлым жоғары орындарда, отпен жүргізілетін жұмыстардың көлемi көп болғанда, сондай-ақ биiкте жұмыс iстеу кезiнде өрт сөндiру бекеттері (қызмет көрсетушi персонал, өртке қарсы ерiктi құралым санынан) қойылады.

Биiкте жұмыс iстейтiн жұмысшылардың электрод тұқылдарын жинауға арналған металл қораптар көзделеді.

6 баллдан артық қатты жел тұрғанда биiкте отпен жүргізілетін жұмыстарды iстеуге болмайды.



  1. Объект басшысы немесе өрт қауiпсiздiгiне жауапты өзге лауазымды адам уақытша отпен жүргізілетін жұмыстар аяқталғаннан кейiн
    3-5 сағат iшiнде олар жүргiзілген орындарды тексерудi қамтамасыз етедi.

Электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу тәртiбi




  1. Оқшаулағышы жоқ немесе оқшаулағышы зақымданған дәнекерлеу сымдарын пайдалануға, сондай-ақ стандартты емес қорғау аппараттарын қолдануға болмайды.

  2. Дәнекерлеу сымдары сығымдау, дәнекерлеу, балқытып біріктіру немесе арнаулы қысқыштар арқылы жалғастырылады. Электр сымдары электр тұтқышқа, дәнекерленетiн бұйымға және дәнекерлеу аппаратына шайбалары бар бұрандамалармен бекiтiлген мыс кәбіл ұштықтарының көмегiмен қосылады.

  3. Дәнекерлеу аппаратына, бөлу қалқанына және өзге де жабдыққа, сондай-ақ дәнекерлеу жұмыстары орындарына қосылған сымдар сенiмдi түрде оқшауланады және қажеттi жерлерiнде жоғары температураның әсерiнен, механикалық зақымданудан немесе химиялық әсер етуден қорғалады.

  4. Электрмен дәнекерлеу машиналарының кәбілдерi (сымдары) оттегi құбырларынан кемiнде 0,5 метр, ацетилен және өзге жанғыш газдар құбырларынан кемiнде 1,5 метр қашықтықта орналастырылады.

Кейбiр жағдайларда газ құбыры қорғағыш металл құбырға жалғанған жағдайда көрсетiлген қашықтықтарды қысқартуға болады.

  1. Дәнекерленетiн бұйымды дәнекерлеу тогының көзiмен қосатын керi өткiзгiш ретiнде егер олардың қимасы қыздыру шарты бойынша дәнекерлеу тогының қауiпсiз ағуын қамтамасыз ететiн болса, кез келген пiшiндегi болат немесе алюминий шиналары, дәнекерлеу плиталары қолданылады.

  2. Керi өткiзгiш ретiнде пайдаланылатын кейбiр элементтер өзара қосу бұрандаларының, струбциналардың немесе қысқыштардың көмегiмен орындалады.

  3. Жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi үй-жайлар мен құрылыстарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде керi өткiзгiш дәнекерленетiн бұйымнан бастап ток көзiне дейiн тек оқшауланған сыммен орындалады, әрi ол оқшаулау сапасы бойынша электр тұтқышқа қосылатын тiкелей сымнан кем болмауы қажет.

  4. Керi өткiзгiш ретiнде iшкi темiржол жолдарын, жерге тұйықтау немесе нөл сымына қосу желiлерiн, сондай-ақ ғимараттардың металл конструкцияларын, коммуникациялар мен технологиялық жабдықты пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай жағдайларда екi сымды қолдану арқылы дәнекерленедi.

  5. Дәнекерлеу генераторлары мен трансформаторлар, сондай-ақ ашық ауада орнатылатын барлық қосалқы аспаптар мен аппараттар дымқыл тартуға қарсы оқшаулағышпен жабық күйде қолданылады және жанбайтын материалдардан жасалған шатырлардың астынан орнатылады.

  6. Қолмен дәнекерлеуге арналған электр тұтқышының құрылымы электродтарды берiк ұстауды және тез ауыстыруды қамтамасыз етедi, сондай-ақ жұмыста уақытша үзiлiс болғанда дәнекерленетiн бөлшекке оның корпусының немесе ол кенет металл заттарға құлағанда қысқа тұйықталу мүмкiндiгiн болдырмайды. Электр тұтқыштың тұтқасы жанбайтын диэлектрлiк және жылу оқшаулағыш материалдан көзделеді.

  7. Дәнекерлеу кезiнде зауытта шығарылған, дәнекерлеу тогының номиналды шамасына сәйкес келетiн электродтар қолданылады.

Электродтарды ауыстыру кезiнде олардың қалдықтары (тұқылдары) дәнекерлеу жұмыстары орындарында орнатылатын арнайы металл жәшiктерге орналастырылады.

  1. Электрмен дәнекерлеу қондырғысы жұмыс iстеу кезiнде жерге тұйықталады. Негiзгi электрмен дәнекерлеу жабдығын жерге тұйықтаудан басқа, дәнекерлеу қондырғыларында қысқыш тiкелей бұйымға өтетiн (керi өткiзгiш) өткiзгiш қосылатын дәнекерлеу трансформаторының екiншi орамына қосылады.

  2. Агрегат пен iске қосу тетiгiн тазалау күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Дәнекерлеу жабдығына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы алдын алу жөндеуi кестеге сәйкес жүргiзiледi.

  3. Атомды-сутектi дәнекерлеуге арналған қондырғыларда доғаны  қоректендiру бөлек трансформатордан жүргiзiледi. Доғаны тiкелей бөлу қорабынан кез келген түрдегi реттегiш арқылы қоректендiруге жол берiлмейдi.

  4. Атомды-сутектi дәнекерлеу кезiнде шiлтерде тiзбек үзiлген жағдайда кернеудi автоматты ажырату және су берудi тоқтату көзделеді.

  5. Iске қосылған шiлтерлердi қараусыз қалдыруға болмайды.

  6. Жарылыс, өрт қауiпi аймақтарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:

1) тұрақты ток көздерiн қоректендiру көздерi немесе құрылымында импульстi генераторлары бар, доғаның қайталана қозуы кезiнде электрод пен дәнекерленушi бұйым арасындағы кернеудi көтеретiн («разряд» түрiндегi ток көзi) ауыспалы токтың арнайы көздерi қолданылады;

2) П-II сыныпты өрт қауiптi аймақтарда тозаңнан тазарту үшiн қол жеткiзу қиын орындарды көбiк түзгiштiң екi пайыздық ерiтiндiсiмен 1 м2 алаңға 1 литр ерiтiндi есебiмен өңдеу ұсынылады;

3) тiгiнен және төбедегi жағдайдан дәнекерлеу диаметрi 4 миллиметрден аспайтын электродтармен орындалады. Бұл ретте дәнекерлеу тогының шамасын төменгi көлденең жағдайда дәнекерлеу кезiндегiден қарағанда 20 % төмен етiп көзделеді;

4) электрмен дәнекерлеу қондырғысын iске қосу алдында электрод тұтқышта электродтың болмауы тексерiледi.

Газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу тәртiбi


  1. Тұрақты дәнекерлеу жұмыстары конструкциялары жанбайтын материалдардан жасалған, ацетилен генераторлары, оттегi баллондары мен дәнекерлеу бекеттерi үшiн оқшауланған үй-жайлары бар, арнайы бөлiнген дәнекерлеу шеберханаларында жүргiзiледi. Ацетилен генераторларына арналған үй-жайлар желдеткiшпен және жеңiл алынып тасталатын конструкциялармен қамтамасыз етiледi. Генераторларды жертөле үй-жайларына орнатуға болмайды.

  2. Тасымалданатын ацетилен генераторларын пайдалануға рұқсатты қарамағында осы генераторлар болатын объектiнiң әкiмшiлiгi бередi.

  3. Тасымалданатын ацетилен генераторлары ашық алаңдарда орнатылады. Оларды жақсы желдетiлетiн үй-жайларда уақытша қолдануға жол берiледi.

Генераторларды жертөле үй-жайларында орнатуға жол берiлмейдi.

  1. Ацетилен генераторлары отпен жұмыс iстейтiн жерден, сондай-ақ компрессорлармен және желдеткiштермен ауа жинау орнынан кемiнде 10 метр қашықтықта қоршалады және орналастырылады.

  2. Ацетилен генераторлары орнатылған жерлерге «Бөгде адамдарға кiруге болмайды – от қауiптi», «Темекi шегуге болмайды», «Отпен өтуге болмайды» деген аншлагтар (плакаттар) iлiнедi.

  3. Жұмыс аяқталғаннан кейiн тасымалданатын генератордағы кальций карбидi шығарылады. Генератордан шығарылатын әк лайы осы мақсатқа лайықталған ыдысқа шығарылады және лай шұңқырына немесе арнайы бункерге ағызылады.

  4. Ашық лай шұңқырлары шарбақтармен қоршалады, ал жабықтары жанбайтын жабындармен, сорғы желдеткiшiмен және лайды шығаруға арналған люктермен жабдықталады.

  5. Лай сақтау орындарынан 10 метр кем радиуста темекi шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды, ол жөнiнде тиiстi тыйым салу белгiлерi iлiнедi.

  6. Газ өткiзу шлангiлерi аппаратураның, жанарғылардың, кескiштер мен редукторлардың қосқыш ниппельдерiне қамыттардың немесе ниппельдiң ұзындығы бойымен кемiнде екi жерiнен жұмсақ күйдiрiлген (тоқылған) сымның көмегiмен сенiмдi бекiтiледi.

Су ысырмалары ниппельдерiне шлангiлер тығыз кигiзiледi, бiрақ бекiтiлмейдi.

  1. Кальций карбидi құрғақ, желдетiлетiн үй-жайларда сақталады.

Кальций карбидiн сақтауға арналған қоймаларды жертөле үй-жайлары мен су басатын төменгі жерлерде орналастыруға болмайды.

Механикаландырылған қоймаларда кальций карбидiнің барабандары тiгiнен үш қабат етiп, ал механизация болмаған жағдайда көлденеңiнен үш қатардан аспайтындай етiп және тiгiнен екi қатардан аспайтындай етiп сақталады. Барабандар қатарларының арасына қалыңдығы 40-50 миллиметр тақтай төселедi. Қатарлап төселген кальций карбидi барабандары арасындағы өту жолдарының енi кемiнде 1,5 метр етiп көзделеді.



  1. Кальций карбидiнiң аралық қоймасы жоқ ацетилен қондырғыларының үй-жайларында бiр мезгiлде 200 килограммнан аспайтын кальций карбидiн сақтауға болады, бұл жағдайда осы мөлшердің ішінен тек бiр барабан ғана ашық күйде болуы тиіс.

  2. Кальций карбидi бар ашылған барабандар су өткiзбейтiн қақпақтармен қорғалады.

  3. Кальций карбидi бар барабандарды сақтау және ашу орындарында темекi шегуге, ашық отты пайдалануға және ұшқын шығаратын құралдарды қолдануға болмайды.

  4. Газы бар баллондарды сақтау мен тасымалдау олардың мойындарына сақтандыру қалпақтары бұралғанда ғана жүзеге асырылады. Баллондарды тасымалдау кезiнде жұлқылау мен соғуға жол бермеу қажет. Баллондар дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу орындарына арнайы арбалармен, зембiлдермен, шанамен жеткiзiледi.

  5. Газы бар баллондар оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезiнде күн сәулесi мен басқа да жылу көздерiнiң әсерiнен қорғалады.

  6. Үй-жайларда орнатылатын баллондар жылу беру аспаптары мен пештерден кемiнде 1,5 метр, ал ашық отты жылу көздерiнен кемiнде 10 метр қашықтықта орналастырылады.

Жанарғылардан бастап (көлденеңiнен) қайта iске қосатын рампалы (топтық) қондырғыларға дейiнгi қашықтық кемiнде 10 метр, ал оттегi немесе жанғыш газы жекелеген баллондарға дейiн кемiнде 5 метр етiп көзделеді.

Бiр үй-жайда оттегi баллондары және жанғыш газдары бар баллондарды, сондай-ақ кальций карбидiн, сырларды, бояулар мен майларды сақтауға жол берiлмейдi.



  1. Дәнекерлеу шеберханасында бесеуден аспайтын оттегi және бес қосалқы ацетилен баллондары орналастырылады.

Жұмыс орнында екеуден аспайтын жұмыс және қосалқы баллон ұстауға болады.

  1. Оттегiден немесе жанғыш газдардан босаған баллондармен жұмыс iстеу кезiнде толық баллондармен жұмыс iстейтiндей қауiпсiздiк шаралары сақталады.

  2. Газбен дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:

1) қатып қалған ацетилен генераторларын, құбырларды, бұрамаларды, редукторларды және дәнекерлеу қондырғыларының өзге де бөлшектерiн ашық отпен немесе қызған заттармен жылытуға;

2) оттегi баллондарының, редукторлардың және өзге де дәнекерлеу жабдығының әртүрлi майлармен, сондай-ақ май тиген киiммен және май сiңген шүберекпен жанасуына;

3) бiр су ысырмасынан екi дәнекерлеушiнiң жұмыс iстеуiне;

4) өте iрi түйiршiктi кальций карбидiн салуға немесе оны аппараттың шүмегiне темiр шыбықтың және сымның көмегiмен итеруге, сондай-ақ карбид тозаңымен жұмыс iстеуге;

5) кальций карбидiн тиейтiн дымқыл себеттерге немесе газ жинағышта су болған кезде тиеуге, сондай-ақ «карбидке су» генераторлары жұмыс iстеген кезде көлемiнiң жартысынан артық карбид тиеуге;

6) жанғыш газдарға арналған шлангiнi оттегiмен және жанғыш газдардың оттегi шлангiсiн үрлеуге, сондай-ақ жұмыс кезiнде шлангiлердi өзара ауыстыруға;

7) ұзындығы 30 метрден, ал монтаждау жұмыстарын жүргізу кезiнде
40 метрден асатын, белгіленген тәртіппен жазбаша рұқсат ресімделгеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат берілетін шлангiлердi қолдануға;

8) газ өткiзу шлангiлерiн бұрауға, сындыруға немесе қысуға;

9) газ жинағышта ацетилен болған жағдайда генераторды тасымалдауға;

10) ацетилен генераторындағы газ қысымын әдейi жоғарылату немесе кальций карбидiнiң бiр жолғы мөлшерiн арттыру арқылы оның жұмысын жылдамдатуға;

11) кальций карбидi бар барабандарды ашу үшiн мыс аспапты, сондай-ақ ацетилен аппаратурасын дәнекерлеу үшiн және ацетиленмен жанасуы мүмкiн басқа да орындарда дәнекерлеу үшiн мысты пайдалануға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет