«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәні бойынша Мультимедиялық презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»



бет1/34
Дата25.11.2022
өлшемі1.4 Mb.
#465773
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Шетел тілі факультеті
Шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы
Кагазбаев Жанбырбай
«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы»
пәні бойынша
Мультимедиялық презентациялар (дәріс)
мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»
Қарағанды 2022
Курстың мазмұны
Тақырып 1. Білім беру мазмұнын жаңартудағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Тақырып 2. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі.
Тақырып 3. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында инклюзивті және қосымша білім берудің ерекшеліктері.
Тақырып 4. Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқыту. Үштілдік (көптілді) білім беру ерекшеліктері.
Тақырып 5. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында «Шетел тілі» пәні бойынша оқу үдерісін жоспарлау.
Тақырып 6. Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының мұғалімдерінің кәсіби дамуы және біліктілігін арттыру.
Білім беру мазмұнын жаңартудағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Тақырып 1
Жоспар
1.Орта білім беру мазмұнын жаңартудағы негізгі үрдістері
2.Жаңартылған білім беру мазмұны аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
3. Жалпыеуропалық құзырет аясында мектепте ағылшын тілін оқытудың және сабақты жоспарлаудың ерекшеліктері
Жоспар
1.Орта білім беру мазмұнын жаңартудағы негізгі үрдістері
2.Жаңартылған білім беру мазмұны аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
2. Жалпыеуропалық құзырет аясында мектепте ағылшын тілін оқытудың және сабақты жоспарлаудың ерекшеліктері
Қолданылатын әдебиет:
  • Әдістемелік нұсқау хат «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы». – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. – 441 б.
  • Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Бiлiм жане ғылым министрi міндетін атқарушысының 25 қазандағы №545 бұйрығы. – Астана, 2018.
  • Кагазбаев Ж., Култанова Ж.М., Оспанова В.А., Ибраева А.С. Білім беру бағытындағы ғылыми-әдістемелік терминдер сөздігі. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2018. – 316 с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ (ағыл. updated contents of education in the Republic of Kazakhstan; нем. aktualisierter Bildungsinhalt in der Republik Kasachstan). Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш мектепте энциклопедиялық сипаттағы фактологиялық материалды беруге бағытталған оқытудан ақпарат алу тәсілдерін үйретуге ауысу; ынтымақтастыққа және дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметтендіру, ақпаратты өздігінен алу, талдау және тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру, оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұны анықталатын және білім салалары бойынша айқындалатын қызмет аспектілері бойынша күтілетін нәтижелерге байланысты оқу үдерісін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тарту көзделеді, яғни, нақты нәтиже оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды» атты ұғымдармен сипатталады.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері пән мазмұнын жобалаудың спиральдық қағидаты, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру), таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерархиясын құру, білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнаралық байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру, бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ор-тақ тақырыптардың» болуы, бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару, оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландыру сипатымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет