|
«ОТХК» БК» ЖШС
|
Басылым: бірінші
|
«ОТХК» БК» ЖШС-ның Сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саясаты
|
Күні: 10.11.2021
|
«ОТХК» БК» ЖШС
БайқаушРы кеңесінің
шешімімен бекітілген
2021 жылғы 24 желтоқсандағы
хаттама
«ОТХК» БК» ЖШС-ның
Сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы
іс-қимыл саясаты
Мазмұны
Мақсаты
|
2
|
Қолдану саласы
|
2
|
Терминдер мен анықтамалар
|
2
|
Жалпы ережелер
|
4
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың субъектілері мен түрлері
|
4
|
Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары
|
6
|
Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жүйесін қалыптастырудың негізгі қағидаттары
|
7
|
Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл үрдісінің кезеңдері
|
7
|
Жауапкершілік және өкілеттіктер
|
10
|
1-қосымша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
|
11
|
2-қосымша. Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың мысалдары
|
14
|
1. Мақсаты
Осы «ОТХК» БК» ЖШС–ның Сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі саясаты (бұдан әрі - Саясат) «ОТХК» БК» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) қызметінің негізгі бағыттары мене сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Серіктестіктің лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің мінез-құлқының жалпы қағидаларын айқындайды.
2. Қолдану саласы
Осы саясаттың қағидаттары мен талаптары Серіктестіктің барлық құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
3. Терминдер мен анықтамалар
Бұл Саясатта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт - Серіктестік қызметі үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі. Серіктестіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты осы Саясаттың 1 қосымшасында ұсынылған;
Лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
Коммерциялық параға жығу – Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамға ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге мүлiкті заңсыз беру, сол сияқты оған өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ пара беруді жүзеге асыратын адамның мүдделерiне қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы қызметтерді заңсыз көрсету;
Бақылау ортасы – тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелері шеңберінде жұмыс істейтін ішкі бақылау рәсімдерінің кешені. Бақылау ортасы тиімді ішкі бақылау жүйесінің негізі болып табылады және оның басқа компоненттеріне әсер етеді;
Мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін;
Комплаенс корпоративтік жүйесі – заңнама, салалық нормалары мен Серіктестіктің нормативтік құжаттары талаптарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған іс-шаралар мен алдын алу әрекеттерінің кешені;
Алаяқтық– яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Корпоративтік алаяқтықтың мысалдары осы Саясаттың 2-қосымшасында келтірілген;
Достарыңызбен бөлісу: |