Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті «Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология»



бет4/11
Дата19.06.2016
өлшемі1.23 Mb.
#148451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Табиғи және жасанды жарықтандыру. Тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимарттарды жобалауда оның табиғи және жасанды жарықтануының жақсы болуы маңызды орын алады. Табиғи және жасанды жарықтану жақсы болса, ол адамның көру қабілетіне жақсы әсер етеді, адамның өмірлік тонусын көтереді, жұмыс қабілетін жоғарылатады, бөлмелердің санитарлық жағдайын жақсы жағдайда ұстап тұруға әсерін тигізеді.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)

6- тақрып

1. Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды жылыту жүйесі, желдетілуі. Жарық және инсоляция.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды жылыту жүйесіне, желдетілуіне, жарықталу және инсоляциямен таныстыру.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі

7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3.Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимараттарды жылыландыру

Жылыландыру дегеніміз даладағы температураның өзгерісіне қарамастан бөлмені біркелкі температурамен қамтамасыз ету. Бөлмеде біркелкі температура болу белгілі бір жағдайлармен анықталады: жылыландыру жүйесі, отынның сапасы, жылыландырудың жеткіліктілігі және реттілігі.

Бөлме температурасы нормада қысқы уақытта 180-290С аралығында болу керек. Бөлмеде тәулік бойы температураның ауытқуы болмау керек. Адам өзін жақсы сезіну үшін, егер ауаның температурасының айырмашылығы бөлменің әр нүктесінде еденнен 10 см биіктікте және 1,5 м биіктікте 30С көп емес, ал сыртқы қабырғадан 25 см қашықтықта температура айырмашылығы 50С – ден көп болмау керек.

Мұндай жайлы жағдайды тек орталықтандырылған жылыландыру жүйесі ғана қамтамасыз ете алады, сондықтан тұрғын үйдің орталықтандырылған жылыландыру жүйесімен қамтамасыз етілгені дұрыс. Қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлерде орталықтандырылған жылыту жүйесінің сулы түрі кеңінен қолданылады.

Орталықтандырылған сулы жылыту жүйесі қазандықтан, құбырлардан және қыздырғыш құралдан тұрады. Оны іске қосар алдын жүйені суға толтырады. Қазандықта су қажет температураға дейін қыздырылады да трубалар арқылы қыздыру құралдарына жеткізіледі. Қызған су қыздырғыш құралдарында салқындап, кері қайтаратын құбырлармен айналымға түседі. Су қызған кезде оның көлемі ұлғаяды, сондықтан жүйеде кеңейткіш ыдыстар орнатылады, ол жерде судың артық мөлшері сақталады. Орталықтандырылған сулы жылыландыру жүйесінің жоғарғы және төменгі таралу түрлері болады. Жоғарғы таралу түрінде қыздырылған су жоғары жаққа беріледі, магистральді құбырлар бұл жағдайда үйдің төбесінде орналасады, магистральді құбырлардан төмен қарай су тіреулер арқылы түседі. Ал қайтарма құбырлар төменге шығады.

Төменгі тарату түрінде тіреулер, ыстық суды тарататын құбырлар жертөледе орналасады. Гигиеналық көзқарастан екі жүйе де бірдей.

Бөлмелерде қыздырғыш құралдар сыртқы қабырғаның төменгі жағында, терезенің астында орнатылады. Ол терезеден кірген суық ауаның ағынын жылытады. Ол оңай жуылып, оңай тазаланатын болу керек. Жылыту қондырғыларының температурасы 800С - ден көп болмау керек, температура одан жоғарыласа, адам күйіп қалу қаупі туады және жылыту қондырғысына қонған шаңның жануы мүмкін. Осы себептен тұрғын үйлерде булы жылыландыру қолданылмайды, өйткені қыздыру құралдарында булы жылыландыру кезінде температура 1000С және одан да жоғары болады.

Гигиеналық көзқарастан орталықтандырылған сулы жылыландырудың артықшылықтары көп: тәуліктің әр кезінде бөлмеде біркелкі температура сақталады, өрт шығу және түтінмен улану қаупі жоқ, адамның от жағуға, күл шығаруға уақыты кетпейді, үйді ластамайды. Жылыту қондырғыларынан жылу конвекция жолымен беріледі.

Қазіргі кезде тұрғын үйлерде жылыландырудың сәулелі түрі кеңінен қолданылып жүр. Жылыландырудың бұл түрінде қызған су қабырғалардың арасына орнатылған трубалар арқылы жүріп, бөлмені жылытады. Үйдің төбесінде орнатылған жылыландыру қондырғысының температурасы 28-300С, қабырғалардікі - 40-450С, жертөленікі – 25-270С. Сәулелі жылыландырудың орталықтандырылған сулы жылыландырудан артықшылықтары да бар: адам ағзасы өзінің бойынан жылу шығаруы төмендейді, бөлменің көлденең және тік бағыттарында температура біркелкі болады. Жылыту құралдары қабырға арасында орналасқандықтан, оларға шаң жиналмайды. Үлкен көп қабатты үйлерді жылумен қамтамсыз ету казандықтардан немесе жылу орталықтарынан жүргізіледі. Қазіргі кезде тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту да қарастырылған.

Сулы, булы жылыландырумен қатар қазіргі кезде ауамен жылыту кеңінен қолданылып жүр. Мұндай жүйеде сыртқы ауа жылу қабылдағыш арқылы жылыту камерасына, яғни жылыту құралы - калориферге түседі, ол жерде жылыған ауа каналдар арқылы бөлмелерге беріледі, ал бөлмедегі салқындатылған ауа сору каналдары және сору шахталары арқылы сыртқа шығарылады. Бұл жүйеде таза ауа бөлмелерге ұйымдастырылған күйде түседі, ол бөлмеде ауа алмасуға жақсы әсер етеді. Бұл жүйені қолданғанда бөлмеге түсетін ауа ластанған болмау керек, ол үшін ауа соратын шахтаны шаңның, газдардың түсуінен қорғау керек. Каналдың ішкі қабырғасы тегіс болу керек. Тұрғын үйлерде ауамен жылытуды қолдану тиімді емес, өйткені мұндай жүйеде бөлмеге қатты қыздырылған ауа беріледі, ол адам ағзасында болатын жылу алмасу процесіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Орталықтандырылған инженерлік жүйе жоқ жерлерде (орталықтандырылған жылыту жүйесі) құрылыс нормасы мен ережесіне сай бір және екі қабаттық тұрғын үйлер салып, жылыландырудың жергілікті түрін орнатуға болады. Жылыландырудың бұл түрі көбіне ауылды жерлерде қолданылады.

Жергілікті жылыландыру түріне – пеш жатады. Онымен бір немесе бірнеше бөлмені жылытуға болады. Пештің сыртқы қабырғасының температурасы 800С жоғары болмау керек. Сыртқы қабырғасы тегіс, шаң жиналмайтын болу керек.

Пештің кемшіліктеріне мыналар жатады: бөлменің күлмен ластануы, бөлмедегі тәуліктік температураның тәулік бойы ауытқуы, отынның толық жанбауынан бөлменің ішіне түтіннің шығуы, соның салдарынан адамдарда улану қаупінің болуы, өрт шығу қаупінің болуы, күл шығарғанда бөлменің ластануы, от жағуға адамдардың уақытының кетуі жатады.

Адам түтінмен уланған кезде мынадай белгілер байқалады: бас айналу, бастың ауыруы, жүрек айнып, адамның құсуы, қалтырау. Егер улану ауыр түрде болса, адам өліп кетуі де мүмкін.

Қазіргі кезде жеке тұрғын үйлерде жергілікті, пәтерлі жылыландыру кеңінен қолданылып жүр, бұл кезде орталықтандырылған сумен жылыту жүйесінің принциптері мен элементтері қолданылады. Бұл кезде қазандықтан қыздырылған су жылыту қондырғыларына жеткізіледі, ал пештің өзі көмекші бөлмеде жеке орналасады және оның кіретін есігі бөлек болады. Гигиеналық жағынан мұндай жүйе тиімді болып саналады.



Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың

ауа алмасуы, желдетілуі

Бөлмеде адамдар үнемі болатындықтан ол жердің ауасының физикалық қасиеттері өзгереді: ауа температурасы мен ылғалдылығы көтеріледі. Адам жай отырғанның өзінде жылу бөліп шығарады, ал жұмыс істесе, істеген жұмысының ауырлығына байланысты жылу бөлуі көбейеді.

Ауа құрамы адамның тыныс алуы кезінде де өзгереді. Адам тыныс алатын ауа құрамында оттегінің мөлшері 21%, ал ағзадан шығаратын ауа құрамында оттегінің мөлшері -16,4%; ауа құрамында көмірқышқыл газының мөлшері – 0,04%, ал ағзадан шығарылатын ауа құрамында оның мөлшері

4,4% - ға көтеріледі.

Бұлардан басқа ауада адамның терлеуінен, бөлменің қабырғасында зәк болса, бөлмеде жағымсыз иіс пайда болады, осындай ауаның құрамынан, қасиетінде болатын барлық өзгерістер адамның өзін нашар сезінуіне және денсаулығына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Осындай бөлмеде аз уақыт болғанның өзінде адамның басы айналып, жүрегі айнып, құсуы, есін жоғалтуы мүмкін.

Қазір көп жерлерде, көптеген елдімекендерде тұрмыстық мақсатта табиғи және жасанды газ қолданылып жүр. Егер газ құралдарында ақау болып, тұрғын бөлмеге газ шығатын болса, ол адамға теріс әсер етеді. Газбен жедел улану пайда болады; адам есін жоғалтады, қалтырайды, тынысы тарылады. Газ құрамынан бөлмеге көмір қышқылы, су буы, көміртек тотығы, формальдегид, азот тотығы, бензол түседі.

Көміртек тотығының аз мөлшерінің ұзақ әсері адамның қанының құрамын өзгертеді. Қанның құрамындағы оксигемоглобиннен оттегін ығыстырып шығарып, көміртек тотығы гемоглобинмен байланысқа түсіп, карбоксигемоглобин түзеді. Осыған байланысты қанның өкпеден ұлпаларға оттегін тасымалдауы төмендейді.

Тұрғын үйлерде көбіне ауа газбен (тамақ жасау кезінде) ластанады. Бөлме газбен ластанбас үшін газ плиталар дұрыс қолданылу керек, бөлме желдетіліп тұру керек.

Қазіргі кезде тұрмыста электроплиталар кеңінен қолданылып жүр.

Тұрмыстық процесс кезінде ауаны ластайтын заттардан басқа (газ, от жағу), бөлменің ауасын пластмастан жасалған құрылыс заттардан бөлінетін зиянды заттар да ластайды. Осыған байланысты құрылыста қолданылатын

кезкелген жаңа материал гигиеналық жағынан бағаланып, содан кейін ғана Денсаулық сақтау министрлігі оның қолданылуына рұқсат береді.

Құрылыс кезінде қолданылатын материалдардың бәрі гигиеналық жағынан бағаланып, Денсаулық сақтау министрлігінде қолдануға рұқсат етілгендері тізімге енгізіледі, құрылыс кезінде тек тізімде бар материалдар ғана қолданылуы керек.

Жабық бөлмеде егер ауру немесе бактериотасымалдаушы адамдар болса, ол жердің ауасында бактериялардың көп мөлшері, оның ішінде патогенділері де болуы мүмкін. Бактериялар ауаға ауру адам сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде түсуі мүмкін. Ол ауамен тыныс алған сау адамдар ауырып қалуы мүмкін. Бөлменің ауасы арқылы мына аурулар таралады: туберкулез, тұмау, қызамық, қызылша, коклюш (көкжөтел), дифтерия (күл), желшешек (ветреная оспа).

Жабық бөлменің ауасы жұқпалы ауру қоздырғыштарымен ластанса эпидемиологиялық жағынан қауіпті болады.

Бөлмелердің ауасы жақсы болу үшін, ол жердің ауа алмасуы жақсы болу керек, яғни лас ауа шығарылып, таза ауа әкелініп тұру керек, ол ауаны тазалау жолымен іске асады.

Ауаны алмастыру жиілігі дегеніміз сағатына неше рет бөлменің ауасы тазаланғанын көрсететін көрсеткіш.

Тұрғын бөлмелерде нормада 3м3/сағат ауа 1м2 ауданнан шығарылып тұру керек, ал газдалған үйдің асханасынан, егер асханада 4 камфорлы газ плита болса 90м3/сағат.

Жеткілікті табиғи ауа алмасу (бөлмені желдету) бөлменің ауасының тазалануын толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан терезелерге желкөз, фрамуга орнатылады, олар бөлмелерде ауа алмасуды жақсартады.

Желкөздердің ауданы кемінде 0,3м2 болу керек. Желкөздердің кемшілігіне оны ұзақ ашып қою керектігі және желкөзден кіретін суық ауа ағыны адамның денсаулығына теріс әсер ететіндігі жатады. Фрамугалар, қазіргі кезде шығып жатқан жаңа қондырғылар, олар 450 бұрышпен жоғары қарап орналасқан, яғни фрамугадан кірген таза ауа бөлменің жоғары жағына беріліп, жылы ауамен араласып, содан кейін төмен қарай түседі. Ондай фрамугаларды күні бойы ашып қоюға болады, ол адамның денсаулығына теріс әсерін тигізбейді.

Дала желді кезде бөлмелерде ауа алмасу күшейеді. Егер қарама-қарсы бөлмелердің терезелері ашық болса, өтпе жел тұрып бөлмелер лас ауадан тезірек толық тазаланады. Мұның гигиеналық жағынан маңызы бар.

Табиғи ауа алмасуды бөлмелердің ішкі қабырғаларына арнайы каналдар орнатып күшейтуге болады. Бөлменің қызған ауасы каналдар арқылы сыртқа шығарылады да, ал таза ауа бөлмелерге сол каналдар арқылы келеді. Ол каналдардың далаға шығатын жері қабырғаның жоғары жағында орналасуы керек, өйткені қызған ауа бөлменің жоғарғы жағында орналасады. Көбіне олар асбоцементті құбырлардан жасалады, олар қабырғалардың арасында орналастырылады. Кейде ол кірпіштен жасалады.

ҚНменЕ -ге сай соратын каналдар мына бөлмелерде міндетті түрде болу керек: асханаларда, ваннада және дәретханада. Соратын каналдар үйдің жоғары жағында жалпы коллекторға жиналып, сору шахтасына түседі, ол үйдің төбесінде орналасады. Асхана мен дәретханадан шығатын сору каналын біріктіруге болмайды. Сору каналдарының жұмысын күшейтуге болады, ол үшін сору шахтасының алдына ауаны жылытатын камера қою керек. Жылытылған ауа сору шахтасына бағытталады, сөйтіп коллектордан ауаның шығарылуына әсер етеді.

Ауаны жақсы сору үшін ауа соратын жерде күшейткіштер (желдеткіш) орналастыруға болады, ол ауа алмасу жиілігін арттырады. Ауаны арнайы қондырғылардың көмегімен соруды жасанды ауа алмасу дейді.

Жасанды ауа әкелу вентиляциясымен келетін ауа таза, адамның өзін жағымды сезінуге жақсы әсер етеді, оның температурасы және ылғалдылығы адамға жақсы әсер ету керек.

Қоғамдық ғимараттарда (аурухана, театрлар және т.б.) ауа алмасуды күшейту үшін ауа алмасудың жасанды ауа әкелетін түрін орнатқан дұрыс. Осыған байланысты ауа әкелетін вентиляция жүйесіне қосымша ауаны тазалайтын және қыздыратын қондырғылар орнатылу керек. Ауа соратын орын шаң шығатын жерден, автокөлік жүретін жақтан алшақ жерде, кемінде 2м биіктікте орналасу керек, атмосфералық ауаны ластайтын нысанның жел жағында орналасу керек.

Ауа соратын жер мен оны өңдейтін жердің арасы қысқа болу керек. Бөлмеге берілетін ауа шаң ұстайтын камерадан, сүзгілерден өтеді, кейде су себелейтін қондырғылар көмегімен жуылады, содан кейін қыздырғыш қондырғылардың үстінен өтіп, қыздырылады.

Тазаланған және қыздырылған ауа ауаны әкелетін каналдармен бөлмеге беріледі. Егер ғимаратта ауа әкелу және ауаны сорып әкету вентиляциясы орнатылса, онда ауа сору мөлшері және ауа әкелу мөлшері бірдей болуы да мүмкін, әр түрлі болуы да мүмкін. Ауа тазалығы маңызды орын алатын жерлерде (мысалы, операция жасайтын жерлерде) әкелу мөлшері ауа сорып әкету мөлшерінен көп болу керек.

«+» белгісімен ауа алмасу жиілігінің ауа әкелуінің көптігі, ал « - » ауа әкетудің көптігі белгіленеді. Егер қандай да бір бөлменің ауа алмасу жағдайына сипаттама берілген кезде, +10, -8 деп жазылатын болса, онда бөлменің ауданынан байланысты бұл бөлмеге 1 сағатта 10 еселік ауа әкелініп, 8 еселік ауа көлемі шығарылады. Соңғы кездері кондиционерлер кеңінен қолданылады, ол бөлмелерді сапасы жақсы ауамен қамтамсыз етеді. Кондиционерлерде ауа тазаланады, жылытылады (немесе салқындатылады), ылғалдандырылады, содан кейін микроклиматтың қажет мөлшері автоматты түрде реттеледі. Мұндай қондырғылардың емханалар мен қоғамдық ғимараттар үшін маңызы зор.



Бөлмелердің желдетілуі табиғи және механикалық болуы мүмкін. Желдету бір бөлмеден ауаның екінші бөлмеге ауысуының есебінен және желкөздер, есік және терезелердегі қуыстар арқылы жүреді.

Ауа алмасу егер пәтердің терезелері ғимараттың екі жағына шығатын болса жақсы жүреді. Сондай-ақ бір жақты ауа алмасуға қарағанда бұрыштық ауа алмасуы тиімді. Ыстық климаттық аудандарда тұрғын және қоғамдық ғимараттарда ауа температурасын төмендететін және бөлмелердегі ауа алмасуды қамтамасыз ететін кондиционерлер орналастырылады. Кейбір жағдайларда механикалық вентиляция ас бөлмесіндегі газ плитасының үстіне де орналастырылады.

Қажетті ауа алмасу жиілігі бөлменің ауданына, оның биіктігіне және ондағы адам санына байланысты есептеледі. Бөлме ауасының тазалығының көрсеткіші ретінде көмір қышқыл газы алынады. Ересек адам бір сағаттың ішінде 22,6 л көмір қышқыл газын бөледі, атмосфераның жер беті қабатында оның мөлшері 0,04 немесе 0,4л /м3 пайыз деңгейінде, ал бөлме ауасындағы шекті мөлшері 0,1 пайызға тең. Осы параметрлерді біле отырып бөлмедегі адам санына байланысты қажетті ауа көлемін есептеуге болады.

Көптеген қоғамдық ғимараттарда табиғи желдетуден басқа үрмелі- сормалы жасанды желдету ұйымдастырылады. Ол ең алдымен адамдар саны көп болатын мекемелерде, ауруханаларда, тамақтану нысандарында, кинотеатрларда, дүкендерде және т.б. орындарда ұйымдастырылады. Көбінесе ауаның келуі мен алып кетілуі бірдей болғанымен, кейде айырмашылықтар болуы мүмкін. Ластанған ауа сол бөлмеден басқа бөлмеге өтпеу үшін, ауаны сорып әкету, таза ауаны алып келуге қарағанда басым болу керек, мысалы ас үйде. Ал айрықша таза ауаны қажет ететін орындарда, мысалы операциялық бөлмелерде таза ауаны алып келу, сорып шығаруға қарағанда басым болады. Бөлме ауасының бір сағатта неше рет алмасуының көрсеткіші – ауа алмасуының жиілігі деп аталады. Мұндағы қосу белгісі ауаның неше рет келіп түскендігін көрсетсе, алу белгісі алып кетудің жиілігін көрсетеді. «Тұрғын ғимараттар» құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес тұрғын бөлмелердің бір шаршы метріне шаққанда сағатына ауа алмасу кемінде 3м куб. болуы керек.



Табиғи және жасанды жарықтандыру. Тұрғын үйлерді және қоғамдық ғимарттарды жобалауда оның табиғи және жасанды жарықтануының жақсы болуы маңызды орын алады. Табиғи және жасанды жарықтану жақсы болса, ол адамның көру қабілетіне жақсы әсер етеді, адамның өмірлік тонусын көтереді, жұмыс қабілетін жоғарылатады, бөлмелердің санитарлық жағдайын жақсы жағдайда ұстап тұруға әсерін тигізеді

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 минут (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 минут (10%)

13. Сабақты қорытындылау: 2 минут (2%)

- оқушылардың білім деңгейін бағалау

- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үйге тапсырма беру: 2 минут (2%)
7- тақрып

1. Сабақтың тақырыбы: Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың энергетикалық бағасы, дәрумендер мен минералды заттардың маңызы. Алиментарлық аурулар және оның алдын алу щаралары.

2. Сағат саны:2 сағат

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: оқушыларға тамақтану гигиенасы, дұрыс тамақтану, балансты тамақтану, ақуыз, майдың, көмірсулардың, дәрумендердің, минералдық заттардың маңызымен таныстыру және оыту.

- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау

- дамыту: білім берудің жаңа әдістерін қолдану және оқытудың тәжрибелік дағдыларын дамыту

5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

- техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы

- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары

- оқыту орыны: оқу бөлмесі
7. Әдебиеттер:

негізгі

1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009

3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.

3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер

гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.

4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы

государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-

Вашингтон, 2000 ж.

5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.

қосымша

1. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»

2. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.

3. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық

негіздері», Алматы, 2002 ж.

4. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.

5. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,

Алматы, 1999 ж.

6.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам

санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990



8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут (6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

Сұрау арқылы білімін тексеру. 14 минут (15%)



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 минут (30%)

Тамақтану – ағзаның маңызды физиологиялық сұранысы, ол негізгі функцияларды: өсу, жетілу және жұмыс қабілетінің белсенділігін арттыруды қолдауға және қамтамасыз етуге бағытталады. Тиімді тамақтану - деп ағзаның энергетикалық, пластикалық және басқа да сұранысын қанағаттандыратын, зат алмасудың қажет деңгейін қамтамасыз ететін тамақтануды айтамыз. Тиімді тамақтану ағзаның жағдайын нормада ұстап және жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуі қажет. Тиімді тамақтанудың негізгі элементтері болып мыналар саналады: үйлесімді тамақтану және тамақтану режимі. Тиімді тамақтану – тәуліктік тамақ тағамдарының калория мөлшерінің тәуліктік энергия жоғалту мөлшеріне қатынасы. Бұл қатынастың өзгеруі ағзада әр түрлі өзгерістер тудырады. Мысалы, тағамдық рационда үнемі калориясы аз тағамдарды қолданғанда адам азады, жұмыс қабілеті нашарлайды, әр түрлі жұқпалы ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді, ал керісінше тағамдық рационда үнемі калориясы көп тағамдарды қолданғанда адам семіреді, денесін май басады, соның салдарынан әр түрлі аурулар пайда болады. Әсіресе калориясы жоғары тағамдарды қолдану гиподинамия, бұлшық еттерге күш түспеген кезде, яғни адам аз қозғалатын жұмыс атқарса өте қауіпті болып саналады. Бұл кезде адам ағзасына тамақ арқылы көп энергия түседі, ал энергия жұмсауы аз болады, энергияның артық мөлшері ағзада майға айналады да, адам семіреді. Қорыта айтқанда, қолданылатын тамақ тағамдарының калориясы ағзаның физиологиялық сұранысына сай болу керек, ал рационның калориясы – ағзаның тәуліктік энергия жоғалтуына сай болу керек.



Үйлесімді тамақтану

Адам ағзасының тамақтық заттарға деген қажеттілігі және өзара ара қатынасы үйлесімді тамақтану ілімінде жинақталған. Осы ілім бойынша тағам дұрыс сіңуі үшін және адам ағзасы дұрыс өмір сүруі үшін, ағзада уақытылы барлық тамақтық заттармен қамтамасыз ету керек және тамақтық заттар өзара дұрыс арақатынаста болуы керек.

Сондықтан да үйлесімді тамақтану деп адамның тамағының құрамындағы барлық тамақтық, биологиялық белсенді заттардың ең тиімді арақатынаста болуы және олар адам ағзасына ең жоғарғы пайдалы әсерін тигізуін айтамыз.

Үйлесімді тамақтану тамақтық заттар мен биологиялық белсенді заттар саны мен сапа жағынан да тиімді байланыста болуы керек, олар ақуыз, май, көмірсу, витаминдер мен минералды элементтер.

Әсіресе ауыстырылмайтын эссенциалды заттар, олар адам ағзасында түзілмейді немесе аз түзілетін, немесе өте жай түзілетін заттар тепе- теңдігіне өте үлкен көңіл бөлінеді.

Адамның тағамдарының құрамындағы ауыстырылмайтын бөліктеріне 8-10 ауыстырылмайтын амин қышқылдары, 3-5 жартылай қанықпаған май қышқылдары (ЖҚМҚ), барлық витаминдер, көптеген минералды элементтер жатады. Сонымен қатар ауыстырылмайтын заттарға кейбір табиғи физиологиялық өте жоғары белсенді заттар жиынтығы: фосфолипидтер, ақуыз - лецетин жиынтығы, глюкопротеидтер, фосфопротеидтер және т.б. тағам құрамындағы кешенді қосылыстар және адамның мерзімдік тамақ мөлшеріндегі үлесі.

Ал алмастырылатын тағамдық заттарға майлар мен көмірсулар жатады. Тамақпен алмастырылмайтын тамақтық заттардың күнделікті түсіп отыруы аса қажет екені белгілі. Сонымен қатар алмастырылатын тамақтық заттардың ағзаға күнделікті түсіп отыруы өте қажет, өйткені бұл заттар жеткіліксіз болса, олардың түзілуіне басқа қоректік заттар жұмсалады да, зат алмасу процесі бұзылады. Ересек адамға қажетті алмастырылмайтын тағамдық заттар саны 50-ден аса.

Тамақтық заттарға және биологиялық белсенді заттарға деген қажеттілік № 1 кестеде берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет