Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет2/10
Дата13.06.2016
өлшемі1.99 Mb.
#133982
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Пән: Клиникалық биохимия

Мамандық: 5В110100 «Мейірбике ісі»


Оқу сағатының көлемі (кредиттің): 90 сағат (2 кредит)
Курсы және оқу семестрі: 4-VIІІ

2013-2014 оқу жылы

Силлабус биохимия, биология және микробиология кафедрасында «Клиникалық биохимия» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Кафедра мәжілісінде талқыланды, хаттама № 9 30.11.2013ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к.: Есіркепов М.М.

7 Оқытушылар туралы мәлімет:



Аты-жөні

Дәрежесі

Ғылыми бағыты

Жетістіктері

1.

Кенжебеков П.К.

профессор

«Исследование химического состава летучих арома-образующих соединений в некоторых мясных продуктах», 42 ғылыми басылым, 1 оқу құрал

Денсаулық сақтау үздігі

2.

Аблаева З.Ю.

доцент

«Микроэлементоздар»

40 ғылыми басылым






3.

Мамбеткулова К.К.

доцент м.а.

«Биохимические особенности и маркирование ценных признаков различных популяций солодки уральской Юго-Востока Казахстана»

20 ғылыми басылым






4.

Асилбекова Г.К.

оқытушы

«Микроэлементоздар» 6 ғылыми басылым, 1 оқу-әдістемелік құрал





8. Байланыс ақпараты:

Кафедраның орналасқан жері: Әл Фараби алаңы 1, бас оқу ғимараты, 4-қабат, сымт. 408222 (132)

Биологиялық химия пәнінен зертханалық сабақтар арнайы зертханалық аспаптар және құрал-жабдықтармен, компьютерлік техникамен жабдықталған ОҚМФА-сының клиникалық зертханалық орталығының биохимиялық зертханасында өткізіледі. Тәжірибелік және СӨЖ сабақтары кафедра оқу бөлмелерінде өткізіледі. (424 , 421, 425, 432 ауд.)


  1. 9. Пәннің саясаты

  2. Студенттерге қойылатын талаптар:

    1. Кафедра аумағында көрсетілген талаптарды бұлжытпай орындау қатаң түрде талап етіледі;

    2. түзілген кестеге сәйкес, міндетті түрде дәріс, тәжірибелік-зертханалық сабақтарға қатысу;

    3. сабаққа кешікпеу;

    4. сабаққа арнайы киімді кию (халат, қалпақ);

    5. сабақты себепсіз жібермеу, ауырған жағдайда денсаулығын анықтайтын анықтаманы көрсету;

    6. жіберілген сабақтар оқытушының кестесі бойынша қабылданады;

    7. оқу процесіне белсенді араласу;

    8. академия ішкі тәртібіне бағыну және орындау;

    9. үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстарын кесте бойынша дер кезінде және нақты орындау;

    10. дәріске қатыспаған және берілген тапсырмаларды орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;

    11. оқытушымен және курстастармен байсалды, ашық және сабырлы ара қатынас сақтау;

    12. кафедра мүлкіне ұқыппен қарау;

    13. кафедрадағы ғылыми үйірмеге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болған жағдайда қорытынды балға кафедра шешімімен 5 балл қосылып беріледі;

    14. дәріс сабақтарын себепсіз жібергені үшін әр келмеген сабағынан 0,66%-дан кемітіледі.


2. Бағдарлама

1. Кіріспе

Мейірбике ісі мамандығы бойынша білім алатын студенттерге клиникалық биохимияны оқытудың мақсаты негізгі биохимиялық процесстерді үйрету болып табылады. Медициналық жоғары оқу орнында биохимияны оқыту сау адамның тіршілік ету негізіне жататын химиялық процесстер туралы білім беру, патологиялық жағдайлардың дамуына әкелетін кейбір молекулалық механизмдермен таныстыру, кейбір маңызды зертханалық зерттеулердің әдістерін, зат алмасу жағдайларын және зерттеу нәтижелерін талдай алуды үйрету болып табылады.

Клиникалық биохимия – зертханалық диагностиканың ең маңызды тарауы. Санитар-дәрігердің жұмысында адам ағзасының химиялық құрамы мен биохимиялық көрсеткіштерін анықтау, қалыпты және патологиялық жағдайлардың молекулалық метаболизмі жайлы мәліметтерді интерпретациялау болып табылады.

2. Пәннің мақсаты:

Ағзаның биологиялық сұйықтықтарындағы биохимиялық көрсеткіштерді сандық және сапалық анықтау, осы көрсеткіштердің патологиялық және физиологиялық күйіндегі өзгерістерін оқып үйрену, сонымен қатар оларды анықтау әдістерін өңдеу.



3. Оқытудың міндеттері:

- Адам ағзасындағы биохимиялық сұйықтықтардың (қан, зәр, ми, жұлын

сұйықтығы т.б.) биохимиялық тұрақты шамаларын (константалар) және

олардың өзгеруін біле отырып, патогенетикалық жағдайларды зерттеуге

қолданылатын биохимиялық әдістердің қажетті жинағын табу;

- клиникалық-биохимиялық ойлауды дамыту.



4. Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі тиіс:

- биологиялық сұйықтықтардың биохимиялық константаларын;

- биохимиялық диагностикалық әдістерін;

- аурулар патогенезінің молекулалық механизмін;

- аурулардың емдеу сапасын бақылауды.

Студент істей алуы тиіс:

- халықаралық стандарттармен сәйкес клиникалық-биологиялық зертханалық

мәліметтерді жүргізу және диагностикалық процесстерді дұрыс атқаруы;

- биохимиялық, иммунологиялық, иммунохимиялық, микробиологиялық

әдістерді қолданып, зерттеудің нәтижесін статистикалық түрде жинақтау.

Дағдыларды меңгеру:

- адам ағзасы биологиялық субстраттарындағы метаболиттерді биохимиялық

әдістерді қолданып анықтау (қанда, несепте).

5. Реквизитке дейінгі: патфизиология, патанатомия, микробиология,

медициналық биоэтика,



6. Шектес пәндер: ЕАМ инфекциялық қадағалау

Пәннің қысқаша мазмұны:

8. Тақырыптық жоспар:

Дәрістің тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

ұзақтылығы

(сағат түрінде)

Кредит №1

1.

Клиникалық биохимияға кіріспе. Ақуыздардың алмасуын зерттеулердің клиникалық-диагностикалық маңызы.

жалпы шолу

1

2.

Креатиннің, несеп қышқылының және билирубиннің зерттеулердің клиникалық-диагностикалық маңызы.

жалпы шолу

1

3.

Аминотрансферазаның, амилазаның, γ-глутамилтранспептидазаның белсенділігін анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы.

жалпы шолу

1

4.

Лактатдегидрогенезаның, креатинкиназаның, сілітілік фосфатазаның белсенділігін анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы.

жалпы шолу

1

5.

Көмірсулардың алмасуының көрсеткіштерін зерттеудің клиникалық-диагностикалық маңызы.

жалпы шолу

1

Кредит №2

6.

Липидтердің алмасуының көрсеткіштерін зерттеудің клиникалық-диагностикалық маңызы.

Жалпы шолу

1

7.

Гемостаз жүйесі.

Жалпы шолу

1

8.

Бауыр ауруларының клиникалық биохимиясы.

Жалпы шолу

1

9

Электролиттердің алмасуының бұзылуын зерттеулердің клиникалық-диагностикалық маңызы.

Жалпы шолу

1

10

Бүйрек ауруларының клиникалық биохимиясы.

Жалпы шолу

1

Барлығы 10 сағат.


Тәжірибелік және зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары




Тақырыбы__Өткізілу_түрі__Сабақтың_ұзақтылығы__(сағат_түрінде)'>Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

(сағат түрінде)

Кредит № 1

1

Клиникалық медицинадағы биохимиялық зерттеулер, негізгі қағидалары мен құрал-жабдықтары.

Семинар, алғашқы білімді бағалау


2

2

Қан плазмасының ақуыздарын анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы. Электрофорез әдісімен қан плазмасы ақуыздарын ажырату.

Семинар, шағын топпен жұмыс, есептер шығару

2

3

Клиникалық маңызды негізгі ферменттер (қышқылды фосфатаза, сілтілі фосфатаза, АСТ, АЛТ, амилаза, креатинкиназа, ЛДГ)

Семинар, тестілеу

2

4

Организмдегі көмірсу алмасуының бұзылуы. Қант диабетінің дифференциалды диагностикасы.

Семинар, шағын топпен жұмыс,

мәселелік есептер шығару



2

5

Липидтер және липопротеиндер: алмасуы және оның бұзылулары.

Семинар, тестілеу

2

Кредит №2

6

Гормондардың реттеуші қызметтері және эндокриндік бездер қызметтерінің бұзылулары (гипо-, гиперқызметтері).

Семинар, тестілеу


2

7

Бауырда көмірсулар, липидтер және ақуызды заттардың алмасуы ерекшеліктерінің клиникалық биохимиясы.

Семинар, шағын топпен жұмыс, есептер шығару

2


8

Гемостаздың бұзылуларының клиникалық биохимиясы. Гомеостазды және су-тұз алмасуды реттеудегі бүйректің маңызы.

Семинар, тестілеу


2

9

Фибринолиз жүйесі. Антикоагулянттық терапия.

Семинар, тестілеу


2

10

Патология кезінде зәрдің физиологиялық компоненттері деңгейінің өзгеруін зерттеудің клиникалық маңызы.

Семинар, мәселелік есептер шығару, тестілеу

2

Жалпы: 20 сағат

Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар*






Тақырыбы

Тапсыру түрі

Бақылау кестесі

Сағат саны




1 кредит










1

Биохимиялық талдаулардың интерпретациясы. Аминқышқылдары алмасуының тұқым қуалаушылық бұзылуларының лабораториялық-биохимиялық диагностикасы.

реферат;

презентация;

мәселелік есептер;

кроссвордтар;

тақырып бойынша эссе;

мылқау карталармен жұмыс;

тақырыптық альбом.



2-7 апта

4

2

Кининдік жүйе, міндеттері. Қанның ақуызсыз азотты заттары, қалдық азоттары. Қан плазмасының ферменттері. Иммуноглобулиндер.

2-7 апта

4

3

Ферменттер белсенділігін анықтаудың диагностикалық маңызы. Энзимодиагностика. Тұқым қуалаушылық энзимопатиялар.

2-7 апта

4

4

Дұрыс тағамданудың биохимиялық аспектілері. Қант диабетін болжау, емдеу және профилактика.

2-7 апта

4

5

Гиперхолестеринемия. Атеросклероз дамуындағы липопротеиндердің рөлі. Гиперлипопротеинемиялардың диагностикалық көрсеткіштері.

2-7 апта

4

6

Эндокриндік бездердің қызметтерін зерттеудің клиникалық-диагностикалық маңызы.

2-7 апта

4

7

Дәрумендердің антиоксиданттық әсері, клиникада қолданылуы. Иммундық жүйенің тұқым қуалаушы бұзылулары.

2-7 апта

4

8

Аралық бақылау.

Коллоквиум: ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу

8-апта

2

Барлығы: 30 сағат

Кредит №2

9

Организмде минералды заттардың алмасуының бұзылуларын анықтауда биохимиялық зерттеулер. Микроэлементоздардың клиникалық биохимиясы.

реферат;

презентация;

мәселелік есептер;

кроссвордтар;

тақырып бойынша эссе;

мылқау карталармен жұмыс;

тақырыптық альбом.


9-14 апта

4

10

Қан құрамын анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы. Қан аурулары, диагностикасы және емдеу. Анемиялар.

9-14 апта

6

11

Бауырда өт түзуші және экскреторлы қызметтерінің бұзылуының биохимиялық диагностикасы. Бауырдағы детоксикация механизмдері. Бөтен және дәрілік қосылыстардың метаболизмі.

9-14 апта

4

12

Химиялық канцерогенездің биохимиялық маркерлері. Жасушалық диффериенцировка онтогенездің механизмдері.

9-14 апта

4

13

Глутатион синтезі, түрлері, биомедициналық маңызы. Атеросклероз дамуындағы гипергомоцистеинемияның рөлі.

9-14 апта

6

14

Кейбір шұғыл жағдайлардағы клиникалық биохимия. Гипо-, изо-, гипергидратациялар. Қышқылды-сілтілі жағдайдың көрсеткіштерін қалыпты және патологиялық жағдайларда анықтаудың клиникалық маңызы.

9-14 апта

4

15

Аралық бақылау.

Коллоквиум: ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу




2







Барлығы: 30 сағат

Жиыны: 60 сағат


*Ескерту: Студенттерге СӨЖ тақырыбы оқытушының қалуымен беріледі.
9 Әдебиет: қазақ тілінде

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия: оқулық - Алматы, 2009

2. Сейтімбетов Т.С. Биологиялық химия оқулық-2010, Алматы

3. Дәріс тезистері



қосымша:

1. Ибадильдин А. С. Гепатология және клиникалық биохимия: оқу құралы.-А., 2008.



орыс тілінде:

негізгі:

1. Камышников В.С. Справочник по клинико-биохимическим исследованиям к лабораторной диагностике; справ. Изд-2-е изд М,-2004г.

2. Егорова М.О. Биохимическое обследование в клинической практике: монография-М.: Практическая медицина, 2008г.

Қосымша:

1. Баркаган З.С. Основные методы лабораторной диагностики нарушений системы гемостаза. — М., 1999.

2. Долгов В.В., Луговская С.А., Морозова В.Т., Почтарь В.Е. Лабораторная диагностика анемий. — Тверь: "Губернская медицина", 2001.

3. Медицинская лабораторная диагностика (программы и алгоритмы) / под ред. А.И. Карпищенко — СПб.: Интемедика, 2001.

4. Медицинские лабораторные технологии / под ред. А.И. Карпищенко— СПб.: Интемедика, 1999.

5. Обеспечение качества лабораторных исследований. Преаналитический этап / под ред. Меньшикова В.В. — М.: "Лабинформ", 1999.

6. Клиническая иммунология и аллергология / под ред. Г. Лолора–мл., Т. Фишера. — М.: Практика, 2000.

7. Луговская С.А., Морозова В.Т., Почтарь В.Е. Лабораторная диагностика лейкозов. Учебное пособие. — Тверь: "Губернская медицина", 1999.



8. Энциклопедия клинических лабораторных тестов / под ред. Н. Тица — М.: "Лабинформ", 1997

10. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Дәрістер: жалпы шолу және тақырыптық

Тәжірибелік сабақтар: семинар, сабақтың сұрақтарын оқытушымен бірге талдау, шағын топпен жұмыс, мәселелік есептер шығару, тест тапсырмаларын орындау.

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының (СӨЖ): барлық туындаған сұрақтарға кеңес беру, жоспарда берілген тақырыптарды өз бетінше меңгеру, презентациялар мен рефераттар дайындау, мәселелік есептерді шешу, кестелермен, оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей алу, тест тапсырмаларын орындау, интерактивті оқыту бағдарламаларымен жұмыс, шағын топтармен жұмыс, аралық бақылау.

11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

Ағымдық бақылау: жазбаша/ауызша сұрау, мәселеллік есептер шығару, орындалған тапсырманың қорытындысын жазуды бағалау және т.б., шағын топтарда жұмыс жасағанда топтық және өзін-өзі бағалау.

Аралық бақылау: коллоквиум – ауызша және жазбаша сұрау, тестілеу

Қорытынды бақылау: емтихан (КТБО тест түрінде)

Құрал-жабдықтар:

Құралдар: термостат, спектрофотометр, фотоэлектроколориметр, биохимиялық анализаторлар, гематологиялық анализатор, су моншасы, рН метрлер, таразылар, центрифугалар, дистиллятор, компьютерлер, мультимедиялық проекторлар.

Жабдықтар: зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған реактивтер жиыны, зәрдегі глюкозаның мөлшерін анықтауға арналған тест-жолақтар, зертханалық шынылар (пробиркалар, стакандар, колбалар, цилиндрлер), сүзгіш қағаздар
Әріп-балл-рейтинг жүйесі бойынша бағалау

Әріп жүйесімен бағалау

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық қатынасы

Бағалау

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағатта-нарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59







Д

1,0

50-54

Ғ

0

0-49

қанағатта-нарлықсыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет