Қ.Мырзалиевтың «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру», «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты жырларының өзекті идеялары мен көркемдік ерекшеліктері
Бұл жыр. Қазіргі таңда біраз әншілер де сахнада ән етіп шырқап жүрген өлмеген жыр. Бұл өлең "қазақ осы" деген атпен де белгілі.
«Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты өлеңінің поэтикалық қуатын күшейтіп тұратын ерекшелігі – ондағы ұлттық сипатты танытатын ұлттық мазмұн мен пішіннің бірлігінде, ұлттық дәстүр мен образды ойлаудың жаңашылдығында.
Ақын қазақтың қонақжайлығын, салт-дәстүрін жырлай отырып, ұлттық мінезін дәл басып, суреттейді.
Қазақ поэзиясының көркемдік дәстүрінен мол сусындаған ақын өлеңінде тың ой, жаңа ізденіс, рухани кеңдік, көркем суреттер мен шынайы образдар көптеп кездеседі. Ақын поэзиясындағы дала, домбыра, бесік, тау, тұлпар, киіз үй сияқты ұғымдар символдық мәнге айналған ұлттық көркем дәстүріміз.
Қазақ осы
Құда бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Қазақ осы
Дүние мен малыңды,
Онды солды шашу үшін жинайтын
- деген өлең жолдары қонақжайлық, меймандостық жайында.
Айбатты Алатау, қасиетті Атамекен, «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра», нағыз қазақ, міне, осы деп танып қой» деп ұлтын Абайша сүйген, ұлты үшін Абайша күйген қазақ поэзиясының парасатты ақындарының бірі де бірегейі, дүниеге ұлтымыздың рухын көтеретін туындылар әкелген сергек те сезімтал ақын.
Қазақ халқының жарқын образы бар.
Алайда бір ескеретін жайт: бұл өлеңде қазақтардың адамгершілігі, меймандостығы, өнегелі, биік қалпы жыр өнегіне түскен.
«Бабамыздың шоқ басқан табанымен»
Ғажайып өлшемдер! Сырттай қарап тұрсаңыз, - бір бірімен ғұмырда бастары тоғыспайтын қарама-қайшы параллельдер. Сол параллельдер бойында, қақ жарылып, бөлек-бөлек көгенделген жақсылы-жаманды екі түрлі қазақы мінез-құлықтар. Әрине, сөз жоқ, мінез-құлықтың жаманы жиренішті болмақ. Демек, одан жерінуің керек. Ал, жерінейін десең, алқам-салқам жаратыла салған қайран қазекемнің әлгі мінез-құлқының төркінінде баладай ашық «аңғалдық», «ақ көңілділік», «сенгіштік», «шарасыздық» секілді, иманнан әрі ұзап кете қоймайтын игілік ұшқындары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |