Оқулық " Экология"мамандығы


Қазақстанның ихтиофаунасы



бет99/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   125
treatise95823

Қазақстанның ихтиофаунасы күшті трансформацияға ұшырап нәтижесінде көптеген басқа түрлердің акклиматизациясы байқалады. Бірнеше онжылдықта республиканың суқоймаларында 32 жаңа түрлер пайда болған, ол қазіргі ихтиофаунаның 25% құрайды, жергілікті балықтарға қарағанда олардың саны көбірек, мысалы, Талас өзенінде олардың саны 8 обариген түрге 13 болды.
Әртүрлі абориген ішкітүрлерінің өзгеруіне үш негізгі фактор -акклиматизация, антропогендік, суқоймаларының гидрологиялық режимнің бұзылуы әсер етеді. Барлық экологиялық формалардың ішінен Балқашта маринканың таулы өзендік түрі сақталған. Ілелік және Балқаштық көшпелі маринкалары, аралдық және түркістандық усачалардың көшпелі түрі жоғалып кетті. Қазір жоғалып кету алдында тұрған аралдық албырт, сырдариялық жалған тұмсықтылар, бекіре тәрізді алабұға, аралдық шипа және окунялар.
Қазақстанда жергілікті ихтиофаунада сақталған ең құнды Каспий бекірелері. Орал өзенінде бекіре тәрізіділердің 5 түрі көбеюге қатысады. Бірнеше жыл бұрын 20 мың тонна беретін, қазір он есе аз өнім береді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай себептерге байланыста биосфераның биологиялық алуантүрлілігі қысқаруда және осы құбылыстың қауіптілігі неде?

  2. Қазақстандағы биологиялық алуантүрліліктің жағдайы қандай?

  3. Қазақстанның флорасы мен фаунасының қандай өкілдері жойылып кету қауіпінде тұр?



9.4. Биоалуантүрліліктің күйін экологиялық бағалау Қазақстан территориясындағы жерлердің 60% астамы деградацияға (шөлейттену) ұшыраған, соның ішінде биоалуантүрлілік кедейленген. Басты себептері: ХХ ғасырдың екінші жартысында шаруашылықтың ұарқынды жүргізілуі және табиғатты пайдалану бойынша экологиялық саясат жөніндегі заңдардың әлсіздігі.
Биоалуантүрлілік деградациясының индикаторлары өсімдіктер жамылғысының жағдайы болып табылады – күн энергиясының аккумуляциясын, органикалық заттардың синтезін, газ алмасуды реттейтін, биосфераның су балансын, жер бедерінің тұрақтылығын және топырақ түзілуді қамтамасыз ететін, эрозияның алдын алатын биосфераның басты сатылары.
Биоалуантүрліліктің экологиялық жағдайы түрлік және экожүйе деңгейінде бағаланады, биологиялық жүйенің экологиялық сиымдылығының тоқырау (санының азаюы, ареалдарының қысқаруы), деградация және азаю деңгейі ретінде қарастырылады. Жағдайдың орташаландырылған кешендік бағасы аймақтық-белдеулік биомдары бойынша берілген. Ол экологиялық аудандандыру кезінде сандық нақтылауды қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет