Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет147/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   205
Акмеология

286
287
4-модуль. Қазіргі жоғары білім берудегі 
акмебағдарланған технологиялар
4.1 Жоғары білім беру тəжірибесіндегі акмеологиялық 
технологиялар
Тақырыптың негізгі ұғымдары: акмебағдарланған техноло-
гиялар, технология, педагогикалық технологиялар, оқыту техно-
логиясы, креативті білім беру үдерісі, акме-креативті əлеует, əлеует, 
тұлғалық-кəсіби əлеует. 
Тұлғалық-бағдарлы оқытудың аясында əртүрлі технологияларды 
қолдануды талап ететін білім беру үдерісінің бірнеше түрлері 
қолданылуы мүмкін. Олардың үйлесімі жоғары оқу орнының 
оқытушысына кешенді технологияларды қолданып, студенттерді 
жүйелі-модельдеуші деңгейге сатылы түрде жетелеуге мүмкіндік 
береді. Мұндай технологиялар акме-бағдарланған технологиялар 
болып саналады. 
Акме-бағдарланған технологиялар тұлғаның өзін-өзі жүзеге 
асыруы 
ұйымдастырылатын, 
жүзеге 
асырылатын 
əдістер, 
тəсілдер мен техникалардың жиынтығы ретінде қарастырылады. 
Технологиялардың айрықша ерекшелігі ретінде, олардың гуманизм 
принциптеріне сүйенуі, адам дамуының жоғары деңгейлеріне, соның 
ішінде кəсіби іс-əрекет саласында жетістікке жетуге бағдарлануы 
алынады. 
«Технология» термині грек тілінен аударғанда (techne – «өнер», 
«шеберлік» + logos – «сөз», «ілім») – «өнер туралы ғылым» деген сөзді 
білдіреді. Қазіргі орыс тілінің сөздігінде, «технология» деп белгілі 
бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тəсілдердің жиынтығы 
аталады. Мұнда келесі сұрақ туындайды: «технология» терминін 
стереотиптік түрде болмайтын жəне іс-əрекет субъектілерінің 
мүмкіндіктерін есепке алатын педагогикалық іс-əрекетте қолдануға 
бола ма? Жауабы: егер аталған ұғымды педагогикалық үдеріс сияқты 
əртүрлі вариативті жағдаяттарда қолданатын болса, оқытушыда 
тұлғаның қажеттіліктері, мүмкіндіктері, резервтері бар тірі адам 
болады.
Педагогикалық əдебиетте осы ұғымды түсіндіруге қатысты 
негізгі төрт тұғыр бар, атап айтсақ: технология дидактикалық 
тұжырымдама, педагогика ғылымының бір бөлігі ретінде анық-
талады (Б.Т. Лихачев, П.И. Пидкасистый, М.А.Чошанов жəне т.б.); 
педагогикалық жүйе ретінде анықталады (В.П. Беспалько, В.В.Гузеев 
жəне т.б.); педагогикалық үдеріс ретінде анықталады (B.C. Безрукова, 
М.М. Левина жəне т.б.); оқытушы мен білімгерлердің іс-əрекет 
процедурасы ретінде анықталады (В.М. Монахов, В.В. Сериков, 
В.А. Сластенин жəне т.б.).
Қазіргі кезде көптеген авторлар əлеуметтік технологияларды қол-
данудың қажеттілігін (Ю.М. Резник), білім беру технологияларын 
(Г.К. Селевко), педагогикалық технологияларды (В.П. Беспалько, 
Б.Т. Лихачев, М.В. Кларин жəне т.б.), оқыту технологияларын (Б.С. 
Гершунский, П.И. Пидкасистый, М. Чошанов жəне т.б.), мамандар-
ды кəсіби даярлау технологиясының қажеттілігін құрастыруда
(Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, Б.Н. Кулюткин). 
Г.Е. Муравьеваның пікірі бойынша, олар категориялармен 
арақатынаста болады: педагогика, білім беру жəне оқыту. Ең 
ауқымды ұғым ретінде педагогикалық технология ұғымы алынады, 
ол білім беру, оқыту жəне тəрбие үдерістерін қамтиды, оқытушының 
кəсібилігін дамыту құралы, инструменті ретінде қарастырылады. 
Б.Т. Лихачев аталған ұғымға келесі анықтама береді: 
«Педагогикалық 
технология – оқытудың 
формаларының, 
əдістерінің, тəсілдерінің, тəрбие құралдарының арнайы жинағын 
анықтайтын педагогикалық-психологиялық бағдарлар жиынтығы; 
ол педагогикалық үдерістің ұйымдастырушылық-əдістемелік 
құралдары. 
Педагогикалық технология педагогикалық мақсаттарға жетуде 
қолданылатын барлық тұлғалық, инструменталды жəне əдіснамалық 
құралдардың жүйелі жиынтығы мен қызметінің ретін білдіреді
(М.В. Кларин). 
Оқытудың технологиялық тұғырының мақсаты ретінде
ұсынылған бастапқы бағдарларға сүйеніп, оқу үдерісін құрастыру 
(оқытудың білім беру бағдарлары, мақсаттары мен мазмұны), 
сонымен бірге оқу үдерісін оңтайландыру, оперативті кері байланыс 
алынады. 
Г.К. Селевко «педагогикалық технология» ұғымын үш аспекті-
де көрсетеді: 1) ғылыми: педагогикалық технологиялар – оқытудың 
мақсаттарын, мамзұнын, əдістерін зерттейтін, құрастыратын жəне 
педагогикалық үдерістерді жобалайтын педагогика ғылымының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет