Нормативтік сілтемелер Анықтамалар



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата14.10.2022
өлшемі0.79 Mb.
#462726
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
2 - ДЖ Смагулова Т.М




 
 



 
 



 
МАЗМҰНЫ 
Нормативтік сілтемелер 
Анықтамалар 
Белгілеулер мен қысқартулар 



Мазмұны 
1 Білім беру жүйесінде қолданылатын инновациялық технологияларына 
жалпы сипаттама.
1.1 Иновациялық технология құралдарының оқушы құзіреттілігін 
арттырудағы маңызы. 
1.2 Мектептерде қолданылатын инновациялық технологиялар түрлері 
1.3 Инновациялық технологияны қолдану арқылы оқушыларды жан-
жақты дамыту жолдары.  
2 «Әсем» түскиізін әзірлеу технологиясы. 
2.1 Қазақ халқының жүннен бұйымдар жасау өнеріне шолу. 
2.2 «Әсем» түскиізін жасау технологиясын анықтау. 
2.3 «Әсем» түскиізін әзірлеуге технологиялық карта.
3 Сегізінші сыныпта «Сәндік-қолданбалы өнер» бөлімі бойынша 
«Көркем еңбек» сабақтарын ұйымдастыру 
3.1 Сегізінші сыныптағы «Сәндік-қолданбалы өнер» бөлімінің орта 
мерзімді жоспары 
3.2 «Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында 
қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану» сабағының қысқа мерзімді 
жоспары 
3.3 «Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау жұмысын 
ұйымдастыру» сабағының дидактикалық материалдары 
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі  
 
 



КІРІСПЕ 
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 
заңында білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына олардың 
пікірінше, педагогикалық процесті кез-келген модель, соның ішінде авторлық 
модель бойынша да құрастыруға мүмкіндік беретін оқытудың формаларының, 
әдістерінің және технологияларының оңтайлы нұсқаларын таңдауға мүмкіндік 
беретін қосымша қағидасы бекітілген. 
Жаңа білім беру парадигмасы алғашқы орынға білімді, икемді және 
дағдыларды емес, баланың тұлғасын, оны білім арқылы дамытуды шығарады. 
Заманауи педагогикалық ғылымның төл сипаты тұлғаны дамытуға 
бағытталған жаңа білім беру технологияларын жасауға ұмтылу болып 
табылады. 
Сондықтан да оқу-тәрбиелеу процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін іс-
әрекеттің нақты түрлерін табудың, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін құрудың 
амалдарын қолға алу қажеттілігі туындайды. 
Заманауи мектептің негізгі мақсаты әрбір оқушының білімге деген 
қажеттіліктерін 
оның 
икемділіктеріне, 
қызығушылықтарына 
және 
мүмкіндіктеріне сәйкес қамтамасыз ететін оқыту технологиясын табуға 
негізделеді. Мұндай қағидаларға инновациялық оқыту технологиясы жауап 
береді Инновациялық оқыту концепциясының пайда болуы оқытудың 
дидактикасы мен психологиясын дамытудағы жаңа кезең болды.
Аталған концепция оның алдындағы тәсілдерге қарама-қайшы ретінде 
танымдық қабілеттер мен ойлауды жандандырудың жекелеген әдістерін ғана 
емес, білімнің практикасы мен теориясына оқытуға деген шығармашылық 
көзқарасты қалыптастыру жөніндегі тәсілді ендірді. 
Оқытудың белсенді әдістерін кеңінен қолдану арқылы оқушыларға 
жаттанды емес, тиянақты білім беру керек Сонымен қатар оқушылардың дербес 
ойлау, өз бетінше жұмыс істей білу қабілеттерін барынша дамытып, оларды 
өздігінен білім алуға баулу қажет. 
Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім 
беру кеңістігіне енуге бағыт алуда Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі 
өзгерістерге байланысты болып отыр Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді 
білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда 
болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде 
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін 
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Олай болса барлық сабақтарды 
инновациялық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек 
күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет