- Қалыпты жағдайдағы эритроциттер мөлшері:
- еркектерде – 4,5-5,5х1012 литрде;
- әйелдерде – 3,7- 4,7х1012 литрде.
- Эритроциттердің сандық өзгерістерінің екі түрін ажыратады:
- 1. қанда эритроциттер мөлшерінің артуы – эритроцитоз;
- 2. мөлшерінің азаюы – анемия н/е эритроцитопения.
- Эритроциттердің сандық өзгерістерінің себептері:
- 1. Олардың сүйек кемігінде өндірілуі мен мүшелерде ыдырауының арақатынасының бұзылуы;
- 2. Қан кетуден азаюы;
- 3. Эритроциттердің мүшелер арасында әркелкі бөлінуі.
Эритроцитоз түрлері | | - Эритроциттердің жалпы көлемінің жоғарлауынсыз, тек қанның бірлік көлеміндегі эритроциттердің артуы байқалады:
- 1. Организмнің сусыздануы;
- 2. Эритроциттердің қор жинайтын мүшелерден шығуы.
| - Эритропоэздің жоғарлауы салдарынан қандағы эритроциттердің шыңайы мөлшерінің артуы байқалады:
- 1. Эритропоэтин өндірілуі артқанда (бүйрек гипоксиясы, ишемиясы, бүйректің ісіктік өсулері кездерінде);
- 2. Вакез ауруы – эритремия (шыңайы полицитемия).
| - Себептері:
- эритроциттердің сүйек кемігінде жетілуінің бұзылуы;
- тосқауылдардың бұзылуынан гемоглобинге қанықпаған және жетілмеген түрлерінің (нормобластар, полихроматофилдер) сүйек кемігінен шеткері қанға шығып кетуі;
- қан өндірілудің эритробластық түрінің мегалобластық түрге ауысып кетуі;
- қанда эритроциттер мен гемоглобиндердің тұқым қуатын немесе жүре пайда болған зақымданулардан, өзгерген түрлерінің пайда болуы.
Сапалық өзгерістерге ұшыраған эритроциттер түрлері | - Патологиялық өзгерістердің сипаттамасы
| - Анизоцитоз – эритроциттердің көлемінің өзгеруі
| - Нормоциттер – диаметрі 7,2-8 мкм болатын эритроциттер
| | | | - Макроциттер – диаметрі 8-ден 10 мкм болатын эритроциттер
| | - Мегалоциттер – диаметрі 10 мкм асатын эритроциттер
| - Пойкилоцитоз- эритроциттердің пішінінің өзгеруі
| - Акантоциттер – эритроцит беткейіндегі мүйізді бүртпелердің біркелкі таралмау түрлері.
| | | | - Нысана тәрізді пішіндегі эритроциттер
| | - Дегмациттер – тістелген тәрізді пішіндегі эритроциттер
| | - Овалоциттер (эллиптоцит) – сопақша пішіндегі эритроциттер
| | | | - Стоматоциттер – ашылған ауыз тәрізді пішіндегі эритроцит
| | - Сфероциттер – шар тәрізді эритроциттер
| | - Шизоциттер - өзгерген, диаметрі 2-3 мкм болатын жарылған эритроциттердің қалдық бөліктері
| | - Шлем тәрізді эритроциттер
| | - Эхиноциттер – беткейлерінде біркелкі тікенекті бүртпелері бар түрі.
| - Анизохромия – эритроциттердің боялуының, яғни түстік көрсеткішінің өзгеруі
| - Нормохромды – қылыпты боялған (ТК – 0,85-1,05)
| | - Гипохромды – әлсіз боялған (ТК – 0,85 төмен)
| | - Гиперхромды – күшті боялған (ТК – 1,05 жоғары)
| | - Полихроматофилді – сұр-күлгін түсті, аралас боялған түрі
| | - Базофильдік нүктелер (пунктация) – рибосом, митохондрия агрегаттары цитоплазмада таралып қалып қойған түрлері
| | - Кабо сақинасы – ядро мембранасының сақина немесе сегіздік түрінде қалып қоюы
| | - Жолли денешіктері – ядролық хроматиннің қалдықтары
| | - Гейнц денешіктері – эритроциттердің суправитальдық боялуы кезінде анықталатын гемоглобиннің дөңгелек пішіндегі преципитаттары.
| | - Цитопалзмасы вакуолизацияланған – цитоплазмасында қуыстардың пайда болуы.
| | - Эрлихтің гемоглобиндік дегенерациясы – гемоглобиндердің коагуляциясы салдарынан түзілетін қызғылт тығызданған бөлшектер.
|
Достарыңызбен бөлісу: |