Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты



бет118/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты. Қазақ КСР Минис­трлер Каби­нетінің 1991 жылы 28 тамыздағы № 496 «Ә.Х.Мар­ғұ­лан атындағы Археология институтының құрылуы туралы» қаулысы бо­йын­ша Тарих, археология және этнография институтынан бөлініп шық­ты. Еліміздегі археол­о­гия ғылымының басты үй­лестіруші әрі ұйым­дас­тырушысы ретінде институт өз жұмысын абыроймен орындап ке­леді.
Кемел Ақышев – (1924) – археолог, тарих ғылымдарының докто­ры, қазақ архе­ология ғылымының негізін қалаушылардың бірі. 1950 жы­лы Қазақ университетінің тарих факультетін бітір­е­ді. КСРО ҒА Архео­логия инсти­туты­на аспиран­тураға түсіп, 1953 жылы кандидаттық диссер­­тация­сын қорғайды. 1955 жылы Қазақ КСРО ҒА Тарих, археоло­гия, этнография инсти­тутының археоло­гия бөлімінің меңгерушісі, содан кейін ҚР ҰҒА Археол­огия институты­ның бас (негізгі) ғылыми қызмет­кері болады. 2000 жылы, Еураз­ия Ұлттық универ­си­тетінде археология­лық рекон­струкцияның лабораториясын ұйымдас­тырды.
1950 жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табыл­ған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмір­баянынан ерек­ше орын алады. Кө­не жә­не орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлем­дік маңызы зор Есік обасы­нан табылған «Алтын адам» (б.з.б. V–IV ғасырлар), Бесшатыр (б.з.б. VІ–V ғасырлар), Отырар жәді­­герлерін ашып зерт­теді. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәде­ниет­терін кезеңдеу және мерзімдеу мә­се­лелерін анықта­ды. Қазақстан тари­хы­ның негізгі тұжырымдарын жа­сау­а белсене қатысты. Орта­лық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын ай­қындауға елеу­лі үлес қосты. 1998 жылдың күзінде Кемел Ақышев басқарған археоло­гия­­лық экспедиц­ия Астана қаласынан 5 шақырым жер­дегі Бұзықты кө­лінің жаға­ла­уы­нан байырғы мекен – Бозоқ қаласының жұртын тапты.
Смағұлов Оразақ (1930) – белгілі қазақ ғалымы. Алғашқы антро­полог, тарих ғылым­дарының докторы (1984), ҰҒА толық мүшесі (1994). Қазақ мем­лекеттік университетінің тарих факуль­тетін бітірген (1955). 1957 жылдан бас­тап ҚР ҰҒА тарих және этнология институтында лабо­рант, кіші ғылыми қыз­мет­кер, аға ғылыми қызметкер, бөлім басшысы, лаборотория басшысы қызмет­терін атқарды. 1956–1957 жыл­дары Алма­ты мемлекеттік медицина инс­ти­­тутын­да, 1958 жылы Москва универ­сите­тінің биология факультеті жан­ын­дағы антро­по­логия ғылы­ми-зерттеу институтында стажерлық іс-тәжрибеден өтті. 1958–1961 жыл­дары КСРО ҒА этнология және антропология институт­ында аспи­рантурада оқыды.
Адамның антропологиялық ерекшеліктерін тарихи дерек ретінде қарас­тырып қазақ халқының шығу тегін анықтауда ғылымға үлкен үлес қосты. Тари­хи зерттеулерде жара­тылыстану ғылымдарың материал­да­рын пайдалана отыр­ып ол қазақ халқының автотондығын,қазақтың био­ло­гиялық тұрғыдан жүз, руға қатысты еш айырмашылығы жоқ екенді­гін, антропологиялық тұрғыдан 4 мың жыл жасап келе жатқан біртұтас бөлуге кел­­мейтін антропогиялық ұжым, гомогендік популяция, яғни қазақ этносының био­логиялық, генетикалық ұлттық бірлігін дәлел­деді.
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап республика өңірлеріне экс­пе­диция ұйым­дастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Үнді-Кеңес (1974–1975), Қазақ-Моңғол (1991–1993), Қазақ-Италия (1993–1994) бірлескен антропологиялық экспедиция жұмыстарына қаты­насты. 1993–1994 жылдарда таулы аймақтардағы тұрып жатқан қазақ, қырғыз халық­тарын зерттеп, әлемдік деңгейдегі конгрес­терде 20-дан артық баяндама жаса­ды. Бұл Орталық Азиядағы тау өңіріндегі халықтардың морфо­фи­зио­логиялық қалыптасуы туралы алғашқы жүргізілген экспедициялық зерттеулер еді. Бұл зерттеулер Италиядағы Болон универ­си­тетінің ан­тро­­пология институтымен бірігіп өткізілді.
100 ден артық ғылыми еңбектердің авторы. Оның ішінде 9 шы­ғар­ма шет ел тілдер­інде жариияланған. Ғалымның негізгі жетістігі Қазақ­стан жерінің көне замандағы және осы күнгі тұрғындарының гене­ти­калық сабақтастығы,тарихи процестің тұтастығы, қазақ генеқорының бірлігі, халқымыздың тарихи кезең­дерінің реті, жергілікті және кірме популя­ция­лардың қазақ этносының қалып­тасуына әсері жөнінде ғылыми негізделген, антропологиялық материалдармен дәләлденген қорытынды жасауы.
О.Смағұловтың ғылымдағы жолы оңай болған жоқ. Академия және инсти­тут бас­­шылары оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін кейде түс­іне бермеді. Әрбір экс­педицияны ұйымдастыру оңайға түспеді. Оның үстіне кейбір әріп­тестері оның жұмысына кедергі жасауға тырысты. 1977 жылы «Этни­ческая геногеография Казахстана» (серо­ло­ги­­ческие исследовании) деген 10 баспа табақ еңбегі жарық көрді. Адам­ның қан жүйелерін зерттейтін ғылымды серология деп атайды. Сол еңбекте қазақтың айтып жүр­ген үш жүзінің антро­пологиялық, гене­тикалық, популяциялық тұрғыдан айырма­шылығы анықталды. Деген­мен Қазақстан Орталық партия комитетіне «дома­лақ» арыз түсіп, еш дәлел­сіз кітап өртелді. Оған қан жүйелеріне қарап қазақ­тарды руға, жүзге бөліп жатыр деген айып тағылды
Қазақ археология ғылымына елеулі үлес қосқан тұлғалардың бірі Карл Мол­дахметұлы Байпақов (1940) – тарих ғылымдарының докторы (1991), про­фес­­сор (1995), ­Қазақстан Ұлттық Ғылым Акаде­мия­сының ака­де­мигі (2003) Қаз­­ақ­станның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998). Ленин­гр­ад (1964, қазіргі Санкт-Петербург) мемле­кет­тік университетін бітірген. Қазақстан ҒА Тарих, археологиялық және этнологиялық институтында кіші (1966–1971), аға ғылым қызметкер (1971–1973), бөлім мең­герушісі (1973–1988), археологиялық ортаның жетекшісі (1988–1991), инс­титут дирек­торының орынбасары (1991) қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Архео­логия инстит­ут­ының дирек­торы. «Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ортағасырлық қала м­ә­де­­ниеті (VІ–ХVІІІ ғасыр­лар)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақ­станның ортағасырлық қала­лары тарихын, қала мен дала арасындағы өзара байла­нысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамыт­ты. ЮНЕСКО ұйымдас­тырған «Жіб­ек жолы»халықаралық экспедиция­сы­на Қазақстан тарапынан жет­ек­шілік етті (1991). ЮНЕСКО-ның Орт. Азия тарихымен айна­лыса­тын Халықаралық ғылыми комитетті мен «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан ұлттық ко­ми­тетінің мүшесі. К.Байпақов 22 монография, 200-ден астам ғылыми мақала­ның авто­ры. Ш.Ш.Уә­лихановатындағы сыйлық лауреаты (1986).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет