Арнольд Джозеф Тойнби (1889–1975) ағылшынның көрнекті тарихшыларының бірі. Оның 1934–1961 жылдары жазған 12 томнан тұратын «Постижениеистории» деп аталатын іргелі еңбегі Англия тарихнамасына қосылған сүбелі үлес болды.
Ғылымда қалыптасқан тарихи процестің бір түзудің бойымен дамуы концепциясына қарсы өзінің өркениеттердің ауысуы теориясын ұсынды. Адамзат тарихы өз дамуында 21 өркениетті басынан өткізді. Өркениет ұғымын ол зерттеу объктісі деп есептейді. Әр өркениеттің өмір сүру шкаласы бар. Олар сыртқы ортаның тосын жағдайына (вызов) жауап ретінде пайда болады. Өркениет даму барысында екі топқа бөлінеді, бірі – басқарушы, екіншісі – пролетариат. Пролетариатты ол тағы екіге бөлді: ішкі (отчуждённые социальные группы) және сыртқы (окружающие варварские народы).
Қоғамның гүлденуінен кейін «творчестволық азшылықтың» басқарушы элитаға айналуына байланысты оның «3,5 тактыдан» тұратын құлдырау кезеңі басталады. Басқарушы элита «универсалды мемлекет» құрады. Мұның өзі әрбір нақтылы өркениеттің құлдырауының бірінші кезеңін өткендігін көрсетеді. «Универсалды мемлекеттің» құлауы ішкі пролетариат арасында жаңа әлемдік діннің тарау көрінісімен қатар жүреді. Жаңа діни сенім жаңа өркениеттің негізіне айналады. Мысалы, эллиндер ортасында пайда болған христиан діні қазір Еуропа, Америка және Азияның кейбір елдерінде үстемдік етіп отыр. Бірақ Тойнби, өзіне дейінгі ғалымдарға қарағанда, тарихтағы адамзат прогресін мойындайды. Оның ойынша келешекте бүкіл адамзатты біріктіретін синкреттік дін (бахаизм) қалыптасатындығын жасырмайды.
Карр Эдвард Харлет ( 1892–1982) – ағылшын тарихшысы. Кембридж колледжін бітірген. 1916–1936 жылдары дипломатиялық қызметте болған. Алдымен либерал идеясымен әуестенеді, халықаралық қатынастарды зерттеуде саяси реализм концепциясын ұстанған. Марксизмге қарсы. Бірақ большевиктерді жек көрмеген, Лев Троцкийдің кейбір идеяларын жақтаған. 1936 жылы оқытушылық қызметке ауысады. 1940–1946 жылдары «Тайме» газетінің редактор орынбасары болды. Кеңес үкіметінің тарихымен айналысып, 14 томнан тұратын – «История Советской России» атты кітап жазды. Тарихнамадағы эмпиризм теориясын мойындамады. Аталмыш шығармада Ресейде 1917–1929 жылдар арасындағы оқиғаларға толық тоқталады.
1961 жылы «Что такое история?» атты кітабын жарыққа шығарды. 1978 жылы «The New Left Review» газетіне берген сұбхатында капиталистік қатнастарға теріс баға беріп, оның келешегіне күмән келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |