Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет89/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Арнольд Джозеф Тойнби (1889–1975) ағылшынның көрнекті та­рих­­шы­ларының бірі. Оның 1934–1961 жылдары жазған 12 томнан тұратын «Пос­тижениеистории» деп аталатын іргелі еңбегі Англия тарихна­ма­сы­на қосылған сүбелі үлес болды.
Ғылымда қалыптасқан тарихи процестің бір түзудің бойы­мен да­муы кон­цеп­ц­иясына қарсы өзінің өркениеттердің ауысуы тео­рия­сын ұсынды. Адамзат тарихы өз дамуында 21 өркениетті басынан өткіз­ді. Өркениет ұғымын ол зерт­теу объктісі деп есептейді. Әр өркениеттің өмір сүру шкаласы бар. Олар сыртқы о­р­таның тосын жағдайына (вызов) жа­уап ретінде пайда болады. Өркениет даму барысында екі топқа бөлі­неді, бірі – басқарушы, екіншісі – пролетариат. Про­летариатты ол тағы екі­ге бөлді: ішкі (отчуждённые социальные группы) және сыртқы (окру­жающие варварские народы).
Қоғамның гүлденуінен кейін «творчестволық азшылықтың» басқар­у­шы элитаға айналуына байланысты оның «3,5 тактыдан» тұратын құл­ды­рау кезеңі басталады. Басқарушы элита «универсалды мемлекет» құрады. Мұның өзі әрбір нақтылы өркениеттің құлдыра­уы­ның бірінші кезеңін өткендігін көрсетеді. «Универсалды мемлекеттің» құлауы ішкі пролетариат арасында жаңа әлем­дік діннің тарау көріні­сі­мен қатар жүреді. Жаңа діни сенім жаңа өр­кениеттің негі­зіне айналады. Мысалы, эллиндер ортасында пайда болған хрис­тиан діні қазір Еуропа, Америка және Азияның кейбір елдерінде үс­тем­дік етіп отыр. Бірақ Той­н­би, өзіне дейінгі ғалымдарға қарағанда, та­рих­тағы адамзат прогресін мой­ын­дайды. Оның ойынша келешекте бүкіл адам­затты біріктіретін синкреттік дін (бахаизм) қалыптасатындығын жа­сырмайды.
Карр Эдвард Харлет ( 1892–1982) – ағылшын тарихшысы. Кем­бридж колледжін бітірген. 1916–1936 жылдары дипломатиялық қызмет­те болған. Ал­дымен либерал идеясымен әуестенеді, халықаралық қаты­нас­тарды зерт­теуде саяси реализм концепциясын ұстанған. Марксизмге қарсы. Бірақ боль­­­­­шевиктер­ді жек көрмеген, Лев Троцкийдің кейбір идеяларын жақта­ған. 1936 жылы оқы­ту­шылық қызметке ауысады. 1940–1946 жылдары «Тай­­­­­ме» газетінің редактор орынбасары болды. Кеңес үкіметінің та­рихымен айналысып, 14 томнан тұратын – «История Советской России» ат­ты кітап жазды. Тарихна­мадағы эмпиризм тео­риясын мойындамады. Атал­мыш шығармада Ресейде 1917–1929 жыл­дар арасындағы оқиғаларға то­лық тоқталады.
1961 жылы «Что такое история?» атты кітабын жарыққа шығар­ды. 1978 жылы «The New Left Review» газетіне берген сұбхатында капи­талис­тік қатнас­тарға теріс баға беріп, оның келешегіне күмән келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет