Педагогтің кәсіби стандарты



бет4/110
Дата02.05.2023
өлшемі452.43 Kb.
#473122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
PS pedagog kz

Іскерлік пен дағдылар:

  • педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды;

  • білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды;

  • білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады;

  • жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді;

  • жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды;

  • дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілеті бар екенін көрсетеді;

  • ерекше білім қажет ететін тұлғаларға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеулі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді;

  • «Мәңгілік Ел» - жаңа жүйе құраушы құндылықтарына араластығын танытады.







Білім:

  • балаларды оқыту мен дамытудағы тәрбиелеудің басыңқы рөлін түсіну;

  • балаларды тәрбиелеудегі ересек адамдардың үлгі болуының жетекші рөлін түсіну;

  • «оқытып тәрбиелеу» жалпы дидактикалық қағидатты іске асыру әдістері мен тәсілдері;

  • бастауыш мектеп педагогикасының ерекшеліктері;

  • гуманистік педагогиканың қазіргі тұжырымдамалары;

  • мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудегі денсаулықты сақтау заманауи технологиялары.

3-еңбек қызметі Әдістемелік: білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді


жүзеге асырады

Іскерлік пен дағдылар:

  • тәлімгер жетекшілігімен заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес педагогикалық әрекетті ұйымдастырады ;

  • тәлімгер жетекшілігімен оқу бағдарлама талаптарына сәйкес оқу сабақтарын жоспарлайды;

  • тәлімгер жетекшілігімен өзінің кәсіби даму траекториясын анықтайды;

  • тәлімгер жетекшілігімен есеп құжаттарын ресімдейді;

  • тәлімгер жетекшілігімен АКТ-құзыреттілігінің жалпы пайдалану деңгейін игереді: мәтіндерді теруді және шығаруды іске асырады, интернет көздерінен ақпаратты таңдайды;

  • тәлімгер жетекшілігімен білім алушыларды оқыту үшін компьютерлік таныстыру рәсімдері мен ресурстарын дайындайды .

Білім:

  • отандық және шетелдік білім жүйесі дамуының заманауи үрдістері;

  • білім саласындағы ұлттық заңнамаларды (Бала құқығы туралы конвенция, «ҚР Білім туралы», ҚР бала құқықтары туралы, «Неке және отбасы туралы», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет

көрсету туралы», «ҚР тілдер туралы» заңдарын, ҚР еңбек кодексін;

  • МЖМБС, типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламалары ;

  • білім ұйымдарының әрекеті мәселелері бойынша басқа нормативтік құқықтық актілер;

  • ҚР білім жүйесінің ерекшеліктері.

4-еңбек қызметі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет