Пән Фармация экономикасы мен менеджмент және Маркетинг негіздер Дәріс №1



бет1/22
Дата02.05.2023
өлшемі164.26 Kb.
#473084
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
П н Фармация экономикасы мен менеджмент ж не Маркетинг негіздер


Пән «Фармация экономикасы мен менеджмент және Маркетинг негіздер
Дәріс №1 Тақырып: Фармацевтикалық нарық және оның мемлекеттік тарапынан реттелуі
МАҚСАТЫ:
Фармацевтикалық нарық субъектілерін ақпаратпен қамсыздандыру олардың ақпараттық қажеттіліктерін белсенді, жүйелі және мақсатты түрде зерттеу жүргізусіз мүмкін емес.
Дәріс жоспары
1.Фармацевтикалық нарық
2.Ұйымдастырушылық мәдениет
3.Маркетинг және нарық

Дәріс тезисі
Нарық көп қырлы категория, оның бір ғана анықтамасы жоқ. Экономикалық теория тұрғысынан қарағанда, нарық өндіру мен айырбастау аясындағы қарым – қатынастар жүйесі болып табылады. Ал, маркетинг тұрғысынан, нарық- тауарлар мен қызметтерді нақты және потенциалды тұтынушыларының жиынтығы. Тұтынушы бар жерде нарық та бар. Егер өндірілген немесе алып келінген тауарға сұраныс болмаса, онда бұл тауардың нарығы жоқ.
Әрбір қазақстан кәсіпорыны өзінің ішкі реформасын орындау барысында оны маркетингпен байланыстыру керек. Қалайша? Ұйымдастырушылық мәдениеттің қөмегімен.
Ұйымдастырушылық мәдениет – кәсіпорындағы, моральды құндықтар, этикалық нормалар, т. б жиынтығы, өндірістік– тәртіп заңдары, жұмыс істеудің формальды емес тәсілі. Ұйымдастырушылық мәдениет заңдары құжаттарда тіркелмеуі де мүмкін лауазымдық нұсқауларда да көрсетілмеуі мүмкін. Оны екі топқа жіктеуге болады: өндірістік және маркетингтік.
Маркетинг Қазақстан кәсіпорындарында екі нұсқада көрініс табуы мүмкін. Біріншіден, ол кәсіпорын өмірінің философиялық концепциясы болу керек. Ал екіншіден шаруашылықты жүргізудің нақты тиімді тәсілдерін көрсету керек
Маркетингті басқару маркетингтік қызметін ұйымдастыруға бағытталған қызметтер мен процедуралар жиынтығынан тұрады.
Маркетингті басқаруға маркетингтің жоспарларын құру, жобасын жасау, маркетингтің бөлімдердің дамыту, олардың қызметтерін регламенттейтін құжаттарды өңдеу, маркетингті зерттеулерді дайындау мен жоспарлау, маркетингтік есептерді шешу кезіндегі маркетингтік есептерді шешу кезіндегі маркетингтік емес іс – қимылдарды координациялау жатады. Маркетингті басқаруға кәсіпорының маркетингтік қызметін дамытуға байланысты барлық құжаттарды: бұйрықтар, жарлықтар, нұсқаулықтар және т.б. кіреді. Басқаша айтқанда, маркетингті басқару – бұл тұтынушылардың мәселелерін шкшу арқылы ұйымдастырушылық мақсаттарға жетуге байланысты. Екеуін бірлесіп алаеп жүрген кәсіпорын – нарықтың табысты қәсіпорындарының бірі болады. Байланыс жасауды қәсіпорын менеджерлері бірнеше әдістемелік тәсілдерді қолданып, оларды өңдеу арқылы жүзеге асады.

Менеджментте бір- бірімен өте тығыз байланысқан екі компонен ара ө қатынасқа түседі. Менеджердің ұйым қызметін тиімді және белсенді ете алу қабілеті мен ұжым мүшелерінің шыгармашылығы. Меннджменттің теориясы мен тәжірбиесінің екі бағыты бар.


  1. Менеджерлерді басқару саласындағы білімі мен біліктілігіне тәуелді таңдау керек


  2. Менеджер, бірінші кезекте, жоспарлауды, ұйымдастыруды, координациялауды және басқаруды білу керек, қалған арнайы білімдерді қоластындағы қызметкерлерге береді.



Басшының құндылығының жаңа критериі – басқарушылық компетентілік, яғни басқаларды жұмыс істете алу қабілеті.
Басқару көпқырлы үрдіс. Ол басқарушыдан шығармашылықты, жоғары профессионалды біліктілікті, интуицияны, ерекше сапалардың, т.б. болуын талап етеді.
Маркетингті басқаруға маркетингтің жоспарларын құру, жобасын жасау, маркетингтің бөлімдердің дамыту, олардың қызметтерін регламенттейтін құжаттарды өңдеу, маркетингті зерттеулерді дайындау мен жоспарлау, маркетингтік есептерді шешу кезіндегі маркетингтік есептерді шешу кезіндегі маркетингтік емес іс – қимылдарды координациялау жатады. Маркетингті басқаруға кәсіпорының маркетингтік қызметін дамытуға байланысты барлық құжаттарды: бұйрықтар, жарлықтар, нұсқаулықтар және т.б. кіреді. Басқаша айтқанда, маркетингті басқару – бұл тұтынушылардың мәселелерін шкшу арқылы ұйымдастырушылық мақсаттарға жетуге байланысты. Екеуін бірлесіп алаеп жүрген кәсіпорын – нарықтың табысты қәсіпорындарының бірі болады. Байланыс жасауды қәсіпорын менеджерлері бірнеше әдістемелік тәсілдерді қолданып, оларды өңдеу арқылы жүзеге асады.
Маркетинг – басқару функцияларының бірі. Басқакру қызметі бір – бірімен байланысты бірнеше есептерден тұрады. Осы секілді маркетингтің құрылымында да бір – бірімен байланысты бірнеше есептер бар. Осы есептерді шешуде маркетингтің атқаратын қызметі жөнінде де айту керек. Төменде көрсетілген суреттен маркетингтің қызметтерін аңғаруға болады, оларға зерттеу, өндірістік , табыс табу және басқару қызметтері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет