ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Стандарттау» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар


Техникалық регламенттерді жасағанда сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен сызбасы таңдау



бет4/10
Дата17.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#141654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Техникалық регламенттерді жасағанда сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен сызбасы таңдау.

Сәйкестікті растау сызбасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері. Сәйкестікті міндетті растау сызбасын таңдау мына критерийлерге сүйене отырып жүргізіледі:


  1. келтірілетін зиянның қауіп-қатер деңгейіне;

  2. өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің өндірістік факторлардың әсеріне сезімталдығына;

  3. өнімнің күрделілік деңгейіне.

Сәйкестікті міндетті растаудың түрі мен сызбасы тауардың еркін айналуына және ЕО пайдалы практикасын, әсіресе сәйкестікті растаудың модульдік принципін, қолдануға заңда көрсетілген нормаларға сәйкестендірілген жағдайларды туғызуы керек. Елімізде техникалық реттеу объектісінің техникалық регламенттерге сәйкестігін растауда қалыптасқан ерекшеліктерді мына екі негізгі жағдайлардан көруге болады:

  • ЕО міндетті растаудың жалғыз түрі - декларациялау ғана қолданылса, ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында оған қоса растаудың екінші түрі - міндетті сертификаттау енгізілген;

  • «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес декларациялау сызбаларында Еуропалық модульдерге тән типті сертификаттау, сәйкестік туралы декларация берілген өнімге инспекциялық тексеру жүргізу, жобаны сертификаттау сияқты элементтерді қолдануға мүмкіндік қарастырылмаған.Техникалық реттеу саласында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау стандарттау саласында сәйкестікті растауда, өнім сапасы мен қауіпсіздігінде, қызмет көрсетуде міндетті талаптардың орындалмауына жол бермеу, себептерін табу және жою мақсаттарында жүргізіледі. Бақылау мен қадағалау объектілері ретінде өнім, процестер, сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханалар болып табылады. Бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган, оның аумақтың органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүргізеді. Уәкілетті орган мен оның аумақтык бөлімшелері, олардың лауазымды адамдары бақылау мен қадағалауды өнімді өткізу сатысында жүзеге асырады. Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:


  1. Өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді еткізудің жолын кесуге және оған жол бермеуге ыңпал ету шараларын қолданады.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жататындар:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті органның басшысы.

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары — уәкілетті орган басшысыныңорынбасарлары.

  3. Облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - аумақтық органдардың басшылары.

  4. Облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары - аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары.

  5. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік, аумақтық органдардың басшылары, аумақтық органдардың басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар белгілеген тәртіппен аттестат алуға тиіс. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау кезінде тексеріледі:

  • өнімге міндетті талаптарға сәйкестігі расталғаны туралы құжаттардың болуы, олардың жалған болмауы, қолдану мерзімі, дайындалу мен тіркелуінің дұрыстығы немесе ілестірілетін құжаттарда сәйкестікті растайтын мағлұматтардың болуы;

  • тексерілетін өнімнің атауының ұсынылып отырған сәйкестік сертификатында (немесе көшірмесінде) немесе сәйкестік декларациясында көрсетілген атауы мен бірдейлігі;

  • сертификатталған өнімді сертификаттау органының инспекциялық тексеруден өткізгені және оның нәтижелері туралы құжаттардың болуы;

  • сәйкестік белгісімен дұрыс таңбаланғаны;

  • сертификатталған (декларацияланған) өнімнің техникалық құжаттарына немесе өндіріс үдерісіне енгізілген және басқа да өзгерістер жөнінде сертификаттау органын уақытылы хабардар ету.

Техникалық байқауды мемлекеттік инспектор мекеме мамандарын қатыстыра отырып жүргізеді. Техникалық байқаудың және экспертизаның нәтижелері бойынша өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігі бағаланады. Мемлекеттік бағалау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар мынадай жағдайларда нұсқама шығарады:

  • өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмеген; сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің сәйкестік сертификаттары (сәйкестік сертификаттарының көшірмелері), сәйкестік туралы декларациялары (сәйкестік туралы декларадияларының көшірмелері) болмаған;

  • өнімді оған құқығы болмай тұрып сәйкестік таңбасымен таңбалаған жағдайда.

Мемлекеттік қадағалау және бағалау жүргізу нәтижесінде анықталған қиғаштықтарды жою үшін және нұсқамалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тексерулер қайталанып отырады.
Ұсынылған әдебиеттер:

1 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.

2 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет