ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені конфликтология пәні


-дәріс. Стресс. Стресс – шиеленіс туғызушы ретінде



бет2/4
Дата11.06.2016
өлшемі356.5 Kb.
#128681
1   2   3   4

5-дәріс. Стресс. Стресс – шиеленіс туғызушы ретінде

Күйзелісті (стрессті) кез келген организмнің сыртқы ортадағы қандай да бір жағымсыздыққа негізгі реакциясы ретінде анықтауға болады. «Стресс» термині біздің күнделікті тіл оралымымыздағы үйреншікті сөзге айналып кетті. Бұл қысқа да ауқымды сөзге күрделі жағдайларда немесе жоғары қауіпте пайда болатын өз мінез-құлқымыздағы өзгерістер мен сезімдердің және толғаныстардың тұтастай гаммасы туралы елестетуімізді жинақтаймыз.

Организміміздің күйзеліс туындаған кезеңдегі жұмысын қоршауға алынған бекініспен салыстыруға болады. Оны қорғауға барлық күш-жігер жұмсалған, алайда мұның да шегі бар. Әлде жау жеңіледі және қоршау алып тасталады, әлде бекініс құлайды, өйткені ешкім мәңгі бақи қорғана алмайды. Дәл осы жағдайда күйзеліс кеселдері пайда болады.

Бұл ең алдымен жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйесінің дерттері (жүректің ишемиялық кеселі, инфаркттар, гипертония, демікпе). Кеселдің келесі санатын көбіне-көп дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады. Бұл әрқашан дұрыс болып келе бермейді. Әңгіме әр түрлі өмір салтын ұстанатын адамдар жапа шегетін қарын мен ұлтабар, гастриттер жөнінде болып отыр. Стресс ауруларының үшінші санатына эндокриндік ауытқулар мен зат алмасу үдерісінің бұзылыстары жатқызылады.

Күйзелісті жеңудің әр қилы стратегиялары бар. Олардың бірі – эмоцияларды білдіру ептілігі. Екіншісі – жағдайды қайта бағалау, оқиғаның басқа суретін құрастыру және жағымсыз жағдайдың өзінен өзіңіз үшін көптеген пайдалы нәрсені таба білу машығы. Үшінші жол – қайта бағалауға келмейтін жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған әрекеттер.

Жағдай ықтималды қауіпті, күрделі немесе жаңа ретінде қабылдануын доғарғанда, стресс тиылады. Мұнда білуге тиіс жайт, негативтік (теріс) жай-күй тек біздің теріс ойларымызбен ұсталып тұрылады. Нақ солар барлық бәленің көзі болып табылады. Өз ойларыңызбен жұмыс істеуді үйреніп, сіз өз эмоционалдық жай-күйіңізді реттеуді үйренесіз.

Бірінші ереже - өз бойыңыздан теріс ойды қумау, керісінше оған оның басқа ойлар сяиқты өмір сүруге өз құқығының бар екеніне түсіністікпен қарау.

Екінші ереже – бұл ойға сыпайы түрде айналып өтуді ұсыныңыз, өйткені әр кезде өзіңізге қызықтырақ, маңыздырақ және пайдалырақ басқа ойлар мен тірліктер бар. Бұл кезде бірден бұл жаңа ойларды, тірліктерді ойлап іске кірісіңіз.

Өмірдегі теріс жағдайда жақсы және пайдалы нәрсені таба білуге үйрену әрқайсымызға маңызды. Себебі өмір қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінен құралған.

Әлеуметтік шиеленістердікұрделіәлеуметтік процесс ретінде түсіну керек. Бұл құбылыстың даму барысын мынандай сатыларға бөліп қарауға болады:

А) шиеленістің бастапқы кезеңә немесе оны өзара қақтығысуға дейінгікезең деп те атауға болады. бұл сатыда екі қарама-қарсы жақтың арасындағы қайшылық барынша өршиді. Субъектілер бұл уақытта нақты іс- әрекетке көшпес бұрын өз ресурстарын (яғни мүмкіндіктерін) шамалайды, ондай ресурстарға материалдық құндылықтар,ақпарат, билік, мәртебе, сыбайластар, жақтаушылар, т.б. жатады. Бұл кезеңде, сонымен қатар,әр жақ өздерінің мұмкіндіктерін бір араға шоғырландырып, топқа біріге бастайды, іс әрекетке көшудің стратегиясын айқындайды. Бұл – шиеленістің бейбіт кезеңі.

Шиеленістің қақтығысу кезеңі.

Қарама-қарсы жақтарының қимыл-әрекетке көшуінебелгілібір жағдай түрткі болады (инцидент). Кейдешиеленіс көп ұзамай аяқталуы да мүмкін. Оның себебі,бір жақтың күші басым түсіп, жеңіске жетеді деқақтығыс тоқтайды.

Екінші бір жағдайдасубъектілер сол бастапқықақтығысу кезінде-ақ өзара келісімгекелулері мүмкін.

Алайда, барлық шиеленістердің тез арада шешімі табылып, қысқамерзімде аяқтала бермейд.көп жағдайдашиеленіс ұзаққа созылады. Әсіресе, ұлтаралық, саяси сипаттағы шиеленістер ұзақ уақытқа созылады. Мұндай шиеленістердеөткір қақтығыс кезеңінен кейін уақытшатыныштық орнап, көп ұзамай бұл қақтығыс тағы қайталанады. Кейде екі жақтың арасындағы күрес барынша күшейіп, сатылай-өрлей түсуі мүмкін. Мұны шиеленістің эскалация кезеңі дейді (scala -саты). Осылайшаөрлей келе шиеленісөзінің шарықтау шегіне – кульминициясына жетелі. Нақ осы кезде екі жақтың адамдары да қалыптасқан жағадайдан шығудың басқа жолдарын ойластыра бастайды. Яғни, шиеленістің келесі үшінші кезеңі басталады.

Шиеленісті жағдаййдың шешімін табу кезеңі.

Субъектілердің арасындағы қақтығыстың тоқтауымен шиеленіс аяқталады. Алайд, бұл жағдай көпке созылмай, шиеленіс толық шешімін тапқанда ғана, оның толық аяқталуы қамтамасыз етіледі. Әрине,бұл қоғамдағы барлық шиеленістер толық шешіліп, келісім орнайды деген сөз емес. өмірде екі жақтың уақытша келісімге келуі немесежартылай шешімі табылытын шиеленістер жиікездеседі.

Сол сияқты шиеленісті күшпен басып тастау да жиі орын алатын жағдай. Мұны шиеленістіңшешіілуідептүсінбеу ерек.

Р.Дарендорф атап көрсеткенде,басып тасталған шиелініс қатерлі ісік тәрізді, оның асқынуы әбден мүмкін. әлеуметтік шиеленісті толық шешу оны туғызған себептерді жою керек.

Бұл жерде кететеін бір жағдай- субъективтік себептерден туындайтын шиеленістерді шешудің қиындығы. Эмоцияға байланысты шиеленістер толық шешілуі үшін екі жақтың адамдардың бір-бірлеріне деген көзқарастары толық өзгеруі керек. Ол үшін қарама-қарсы жақтың адамдары бір бірлерін “бітіпес жау” деп санамай, керісінше әріптес ретінде қабылдайтындай қарым-қатынас орнауы керек.

Шиеленістіңшешудің келесі бір жолы-субъектілердің өзара келісімге келіп, іс-әрекетті тоқтаулары арқылы жүзеге асады. Жағдай мына себептерге байланысты болды.

Екі жақтың ресурстарыныың азаюына байланысты;

Екі жақтың біреуі күресті әріқарайжүргізу нәтижебермейтіндігінтүсініп, өз іс-әрекетін тоқтады;

Қақтығыс сол сияқты қарсыласты толық жою арқылы да аяқталады.

Шиеленістердің толық шешімі табылып нәтижелі аяқталуы және дәл анықтау қажет.

Екіншіден, қайшылықты, алауыздықты жоюға қарсыласушы екі жақ та мүдделі болуы шарт.

Шиеленістің процесті басқаруы, дәлірегі оның барысына ықпал ету мүмкін екендігін білгеніміз жөн. Бұл проіесті басқарудағы басты міндет – шиеленістің асқынуына жол бермеу және оның кері кетіретін нәтижелерін кеміте түсуге ұмтылу.

Әлеуметтік шиеленістерді шешудің тиімді жолы-үшінші жақтың көмегін пайдалану. Әрине, бұл жерде үшінші жақтың ұстайтын позициясына көп нәрсе байланысты. Мәселен, кейде үшінші жақ қатығысушылардың бір жағын қолдап, солардың басымдылығына мүдделі болса, шиеленіс күштеу арқылы немесе әлеуметтік қысым жасау арқылы аяқталады.

Субъеектәлерге байланысты бейтарап позиция ұстайтын – сот, арбитраж және меднация сияқты келіссөз процестерінің ерекше түрлеріне жататын үшінші жақтың көмегімен шешу

6-дәріс. Тұлғааралық шиеленістер. Әлеуметтік жүйелердегі шиеленістер. Топтық шиеленістер.

Тұлғааралық шиеленіс–проблемді - қақтығысты ситуация, мұнда адамдар мақсаты, құндылық және нормалары сәйкес келмейтін бір-бірінен өзара қарым-қатынас жүргізуге тырысады немесе қатаң бәсекелесу нәтижесінде бір мақсатқа жетуге тырысады, бірақ қақтығысқа түсуші бір топ немесе жақ жетістікке жетеді. Еңбек ұжымының психологиялық климатына қақтығыстың әсер етуі деструктивтіге бөледі, мүнда өзара қарым–қатынас іштей бөлінеді және бұзушы қақтығысқа өтеді, дискомфорт және санасу.

Қақтығысты жағдайдың ішкі және сыртқы себептерінің сипаттамасына тоқталайық. Сыртқы себептер: іскерлік және өзара тұлғааралық келіспеулер, жұмыстағы қателіктер, жұмыс тәртібі мен келісім негізін бұзу. Ішкі себептер: жағымсыз эмоцианалды және өзара қатынастың арасындағы байланыс. Қақтығыста эмоцияны басқару. Қақтығыстан шығудың психологиялық ерекшеліктері.

Қақтығысты басқару - болжау, ескерту, жою, реттеу. Қақтығыстың өзара қарым-қатынасты бұзуы және зардаптарының себептері. Іс-әрекет процесінде қиындықтардың пайда болуы және оны саналы түсіну, обьектілендіру-проблемалық жағдайдың пайда болу шарттарының бірі екенін, С.Л. Рубинштейннің айтуынша, мұның өзі ойдың пайда болуы мен алға жүруінің алғышарты мен негізі болып табылытынын есепке ала отырып, ол педагогикалық психологияда адамның интеллектуалдық іс-әрекетін белсендіру факторы, қалыптасқан «қиын» жағдайдан шығудың жаңа тәсілдері мен құралдарын табуды ынталандыру факторы ретінде де қарастырылуы мүмкін. Осыған байланысты педагогикалық қарым-қатынас процесіндегі қиындықтардың позитивті және негативті функцияларын бөледі.

Әлеуметтік шиеленістер туралы түсінік. Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік орын алғандығын байқауға болады. Біздің тілімізде «шиеленіс» деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus – қақтығыс деген ұғымды білдіреді.

Шиеленісті, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды, тіпті одан іргелерін аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті өмірде адамдар кейде өздерінің еркінен тыс осындай жағдайларға душар болып жатады. Шиеленіс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды. Қазіргі кезді, әсіресе, біздің қоғамызда әлеуметтік шиеленістер жиі орын алып отыр. Еліміздің нарық қатынастарына көшу барысында қоғам өмірінің бар саласында қайшылықтар бұрын-соңды болып көрмеген шиеленісті жағдайда ұласуы жиі ұшырасып отырды. Міне, сол себептен әлеуметтік шиеленістерді оқып-үйренудің теориялық және қолданбалық маңызы бар. Болашақ мамандар шиеленіскен жағдайларға басшылық ете білуі, оны дұрыс шешу жолдарын табуы, сол сияқты шиеленістің алдын алу шаралары туралы біліммен қарулануы қажет. Шиеленістер барлық қоғамдық ғылымдарда қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымда қалыптасты. Әлеметтану ғылымындағы түрлі бағыттағы зерттеушілер өз кездерінде шиеленістің қоғам дамуындағы маңызы туралы ойларын білдіріп, бұл құүбылысты жан-жақты зерттеудің қажеттілігін мойындаған еді. XIX ғасырдың соңында жарық көрген Г.Спенсер, М.Вебер және Л.Гумпловичтің еңбектерінде шиеленістер әлеуметтік дамуға ықпал ететін құбылыс ретінде қарастырылады. Л.Гумплович К.Маркстен кейін көп ұзамай шиеленістердің шығу себептерін адамдардың материалдық қажеттерін өтеуге бағытталған қүрестен іздеу керектігін айтты. «Әлеуметтік шиеленіс» деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғылыми Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеленісті қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған. Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғылыми көзқарастарын XX ғ. 20 –жылдары Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бюрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар «әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын» негіздеді. Бұл теория бойынша шиеленіс еркін бәсеке, бейімделу ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған. Әлеуметтану шиеленісі әлеуметтану ғылымының құрамында өз алдына жеке бағыт ретінде XX ғ. 50-жылдарында қалыптасты.


7-дәріс. Педагогикалық конфликт

Психологтар, жетекшілер мен бағынушылар және адамдардың арасында кездесіп отыратын талас–тартысты мәселелердің мән жайына жете көңіл аударып, олады дер кезінде шешіп отыру еңбек ұжымдағы қалыпты психологиялық ахуал орнатудың басты шарты болып саналады.Педагогикалық қақтығыс ұғымынан біз педагогпен оқушы арасындағы біріккен іс-әрекеттегі өзара әсерлесудің әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін көреміз. Педагогикалық қарым-қатынас педагог және оқушылардың өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы:

- педагогтың коммуникативті мүмкіндігінің ерекшеліктері;

- педагогпен оқушының өзара қатынасынан туындаған мінез- құлық;

- педагогтың шығармашылық индивидуальдылығы;

- оқушылар ұжымының ерекшелігі.

Педагогтың оқушылармен қарым-қатынас стилі - әлеуметтік және адамгершілік жағынан байытылған сатысы. Педагог өзінің педагогикалық іс-әрекеті және үйренушілердің оқу іс-әрекеті негізінде қарым-қатынас қиындықтары пайда болады. Педагогикалық іс-әрекетте қиындықтар пәндік мазмұнның өзімен, педагогтың меңгерілуі оның іс-әрекетінің негізі болып табылатын білімдерге ие болу деңгейі және сипатынан да туындауы мүмкін, сондай-ақ кәсіби-педагогикалық іскерліктерден, дидактикалық құзырлылықтан да, үйренушілерге педагогикалық әсер ету тәсілдері және құралдарынан да туындауы мүмкін. Осыдан, педагикалық қиындықтардың негізгі бағыттары білім беру процесінің дамуы, мазмұны және формаларымен, мұнда оқыту мен тәрбиелеу іс-әрекетінің субьекті ретіндегі оқытушының ерекшеліктері және қарым-қатынас процесімен байланысты. Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын. Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы туралы өткен тарауларда айтқан болатынбыз. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап-тілектері, арман-аңсарлары, мұқтаж-қажеттіктері болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде шешілмесе, шиеленістерге, жанжалдарға айналады. Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.

Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуыңда қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.

Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген — марксизм. Маркс пен Энгельс "Коммунистік партияның манифесінде": "Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын" деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы және қозғаушы күші деп есептеді.Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған.60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф "қоғамның дау-дамайлық үлгісін" алға тартты. Ол "Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер" деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан К. Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол берілмейді делінген. Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг "шиеленістің жалпы теориясын" жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.

Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырық қатірейтін саяси шиеленістердің шығу зандылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр-түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: "Бұл қайшылық әрқашан болған және бола бермек, сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар болмайды деуі бекер сөз" дейді. Шиеленістің екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі жатады. Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады. Мысалы, Ресейдің кейбір халықтары, Солтүстік Ирландиядағы католиктер, Канададағы Квебек провинциясы, Испаниядағы баскілер және т. с. с.

Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші) себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т. т. с.

Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған дау-дамайлардьі уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді.Әлеуметтік шиеленістер сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі және т. с. с. арасында 22 кездеседі. Олар әр түрлі топтастырылады, жіктеледі. Мысалы, оларға қатынасатын субъектілерге байланысты мемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдер арасындағы; қатынасатын жақтарға байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтыған шеңберіне қарай халықаралық, аумақтық, жергілікті болып бөлінеді. Оларды антагонистік және антагонистік емес, негізгі және негізгі емес, шындыққа жататын және жатпайтын, ұзақ уақыттық және қыска мерзімді, т. т. етіп те бөліп жүр. Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туадьі. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, ерби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау,

адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезенде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адамдар қолдап, дау-дамайдың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетгі түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абхаз шиеленістері сияқты. Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Соңдықтан шиеленісті шешу керек. Бұрын одан екі жолмен құтылғысы келетін. Біріншісі, қоғамның "таза" даму қисынына сәйкес келмегенді өз арасынан аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді. Екіншісінде, керексіз жағдайды, ұрылымды тура басып-жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы келді. Екеуінде де қайшылық шешілген сияқты алдамшы түсінік туады. Ал, шын мәнінде, бұл ауруды ішке тыққанмен бірдей.Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар.

1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.

2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі — келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн.Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне занды оппозицияның бар жоғына да байланысты. Бұрынғы Кеңес заманында көппартиялық пен оппозицияға қалыпты жағдайдан тыс, ерсі нәрсе сияқты қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажетті шарт. Олар болмаса, билік органдарына сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап-тілектері, көзқарастары ескеріледі. Соңдықтан ағылшын фәлсафашысы Джон Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса, диктатура калады деп тегін айтпаған.

Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде де шығу керек. Ол азаматтық келісім негізінде шешілуге тиіс. Оның екі жолы бар. Біріншісі — араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын туғызу. Екіншісі — барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыру. Зорлық зорлықты тудырады. Сондықтан одан аулақ болып, өркениетті жол іздеген абзал. Америкалық саясатшы Г. Райфф әрбір есі дұрыс адам ортақ мүдделер тауып, шиеленістерді реттей, жөнге келтіре білуі керек деген. Батыстың тәжірибесі жеке адамның еркіндігіне, коғамның ашықтығына, заңның билігіне негізделеді. Біз үшін олардың бәрін толық орындай қою әлі қиын. Бірақ соған тырысқан жөн. Себебі, олар ел тағдыры үшін маңызды шарттар. Сонымен саяси шиеленістер қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың жекелеген түрі ғана қиратып, бүлдіруге әкеледі. Олай болмау үшін өсіп келе жатқан дау-дамай, кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім. Оған саяси және қоғамдық өмірдің демократиялық жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Сондықган америкалык саясатшы Сеймур Липсет (1922 жылы туған) тұрақтылық пен демократияны медальдің екі жағы деп өте дұрыс санайды.



8-дәріс. Этнос аралық шиеленістер. Ұйымдардағы шиеленістер.

Қазақстан – Еуропалық және Азиялық қасиеттері тоғысқан, әлемдегі әртүрлі мәдени және саяси үлгілерді біржерде қордалаған ерекше сипаты бар, Орталық Азиядағы бірегей мемлекет. Онда қазіргі кезеңде әртүрлі халық өкілдері бірге өмір сүруде, сондықтан елдегі ұлт саясаты «көп түрліліктің бірлігі» тұжырымдамасын ұстанады. Әрине, түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің үндесуі кездейсоқ болған жоқ, оның астарында көптеген тарихи себептер бар. Дегенмен біздерге қазіргі заманауи кезеңде еуразиялық және азиаттық мәдениеттің үздік жетістіктерін игеруге мүмкіндіктер ашылып отыр. Осылайша, Қазақстан өзінің этносаяси кеңістігінде «ұлтаралық бірлік» ұлттық идеясын өзара қарым-қатынастардың үндестігі деңгейінде тәжірибе жүзінде қалыптастыруға кіріскенін байқаймыз. Ол елдегі Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуынан, оның пәрменді іс-әрекетінен байқалады.

Еліміздегі қазіргі замандағы әртүрлі этнос қауымдастықтарының мәдени құндылықтарының синтезделуі, ықпалдасуы, кірігуінің болашағы қандай жағдайда мүмкін? деген сауал туындауы заңды. Құндылықтардың өзара жақындасуына іргетас болатын нәрсеге не жатады? Әрине, бұл қатынастар жүйесі көптеген жылдар бойы деформацияға ұшырап келгені белгілі. Бұрынғы Кеңестік кезең «социалистік принципті» бекіте түскен әлеуметтік ортаға Қазақстанның этномәдени кеңістігін жатқызамыз. Сондықтан еліміз «халықтар достығының лабораториясы» деген атаққа ілініп, кез келген Кеңестік Социалистік Республиканың азаматы үшін өмір сүруге, шығармашылықпен айналысуға, елдің азаматы болуға қолайлы мекенге айналды. Ондай азамат үшін барлығы жергілікті халықтың тілін, ділін, дәстүрін, салтын, дінін білу қажеттілігі болмады, оған тек орыс тіліндегі мағлұматтар мен ақпарлар жеткілікті еді. Ал, бұндай жағдай қазақ халқының мәдениетінің құндылықтық деңгейін біршама төмендетті, тек қазақтардың өздеріне керек дүние ретінде бағаланды. «Озық, өркениетті мәдениеттің» қайнарынан сусындаймын деген қазақтар өзінің ұлттық мәдениетіне кейбір үстірттілікпен қарай бастайды. Сөйтіп, тарихи үдерісте «ұлттық құндылықтардың жатсынуы» ерекше құбылыс ретінде этноорганизмнің бойына дендей бастайды.

Қазіргі Қазақстан жағдайында этносаралық қатынастарды үйлесімді мағынада өрбіту қажеттілігі бар екені даусыз. Тек оны басқа этникалық мәдениет үлгілерінен Қазақстанның негізгі ұлты – қазақтардың құндылықтар әлемін оқшаулау арқылы емес, қайта басқа этнос қауымдастықтарының мәдени кеңістігіне жақындату арқылы жүргізу керек екені байқалады. Қазақ халқының мәдени құндылықтары жалпыадамзаттық құндылықтар сипатына барынша сәйкес келген жағдайда ғана жалпы еліміздің мәдени кеңістігінде этносаралық мәдени синтезге, сиысушылыққа, өзара ықпалдасуға негіз болатынын кейбір зерттеулерде атап өтіледі. Жалпы Қазақстан халқының дініне, діліне, тіліне қарамай іштей біртұтас қоғамдық құрылым болуға топтасуы (консолидация) үрдісінің табысты болуы, оның болашағы – дүниетанымдағы құндылықтар векторының және оның бағдарының ұтымды таңдалуына, өрбуіне байланысты екені айтылады.

Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы жолын этноәлеуметтік кезеңдеудің бірнеше нұсқасын гуманитарлық салада кездесуге болады. Солардың ішінде қазақстандық зерттеуші Ә.Н.Нысанбаевтың авторлық позициясына тоқтала кетелік. Ол өзінің кейбір үзінділері «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына енген «Қазақстанның тәуелсіздігіне 15 жыл: жаңа қоғамдық сананың қалыптасуы. Алматы: Философия және саясаттану институты, 2006.-187б.» деген еңбегінде төмендегідей жәйттер жөнінде ойлар қозғалады. Автор «Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік жолдары кездесетін еуразиялық держава ретіндегі Қазақстанның ерекшелігін өркениеттік кеңістікте қалай сақтауға болады?» деген проблемалық мәселені алға тарта отырып, осындай күрделі сұрақтарға жауаптар этникалық мәселелерді шешу тәсілдерімен анықталып, астасып жататындығына тоқталады. Қоғамдық ғылымдарда мәселенің шешімін табудың бірнеше вариантары мен сценариялары болғаны және олардың барлығы қоғамдық сана деңгейінде ұсынылғаны тұжырымдалады. «Бірінші жауап қазақтың ұлттық санасының жоғары биіктеуімен байланыстырылды. Халықтың тарихын жадын құртуға немесе жоюға болмайтындығын растайтығын туған елдің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылық күшейе түсті. Бірақ бұл тарихи жағынан алғанда заңды және ақтауға тұрарлық көңіл-күй бірақтан этнократиялық бағыттағы үрдістерді өрбітті. 1993 жылдың Конституциясы өзінің алғашқы позицияларында этнократизм идеологиясын бекіткен еді. Оған жауап ретінде орыс тілді тұрғындардың жаппай миграциясы басталды. Этникалық орыстар – Ресейге, этникалық немістер – Германияға көше бастады. Қазақстаннан кеткен адамдар негізінен жоғары білімдері бар білікті мамандар болатын. Осының нәтижесінде республика тұрғындары 1 миллионға қысқарып, экономика еңбекке жарамды кадрлардан айрылды» деген ойды ғалым пайымдайды.

Жоғарыдағы айтылған пікірдің бірінші бөлігімен толық келісуге болады. Өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізген қауымдастықтардың барлығы өз тарихы мен мәдениетіне түбегейлі бетбұрыс жасап, барынша шынайы сипаттағы шындықты, мәселенің ақиқатын табуға талаптануы заңды құбылыс болатын. Ал, енді екінші бөлігін құрайтын «Қазақстан білікті мамандардан, кадрлардан айрылды» деген тұжырымға келетін болсақ, онымен біршама пікірталастыруға болады. Себебі, «кадрлар басқа жаққа кеткендіктен», қоныс аударғандықтан (тұрғындардың Қазақстаннан қоныс аударуына саяси немесе идеологиялық қыспақтар әсер еткен жоқ, басқаша айтқанда зорлық-зомбылық сияқты жасанды әрекеттер себепкер болмағанын айта кету керек) ел экономикасы орасан зор тоқырауға ұшыраған жоқ, оның шынайы дағдарысы негізінен кеңестік социалистік экономикалық ұстанымдардың жаңа жағдайда жұмыс істей алмауында және нарықтық қатынастардың әлеуметтік кеңістікте бірден күш алып кете алмай біршама тығырыққа тірелуінде болатын. Кадрларды дайындау қысқа мерзімде шешілетін мәселе деуге болады. Жалпы көші-қон мәселесі және басқа жақтан өздеріне қолайлы өмірдің негіздерін іздеушілердің көңіл-күйі еліміздегі аграрлық бағыттағы және шикізаттық негіздегі экономикамымыздың ұстынын, іргетасын шайқалта алмайтыны анық болатын. Сондықтан жоғарыдағы түсіндірмелердің осал жері - жергілікті халық үнемі өркениеттік жағынан алғанда кенжелеу қалған және еліміздегі еуропалық тектес мамандардың арқасында ғана мемлекет экономикасын жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келген тұжырымға жетелейді.

Ары қарай автор этникалық мәселелердің шешімдерін табудың екінші кезеңі 1995 жылғы жаңа редакциядағы еліміздің Конституциясының бекуінен басталатындығына тоқталады. «Оның бірінші статьясында шешімді түрде этнократизм идеологиясы жоққа шығарылады. Мемлекеттіліктің субъектісі ретінде енді “жалпы тарихи тағдырмен біріккен Қазақстан халқы” мойындалады. Қазақтың ежелгі жерінде тек сол өзінің мемлекеттілігін қалыптастырады. Бұл дегеніңіз Конституция бұрынғыдан басқа концептуальді схемаға сүйенеді деген сөз: казақ этносы басымдық танытушы ретінде өзінің төл тағдырына үлкен жауапкершілік алады және сонымен қатар басқа этностардың барлығын Қазақстан халқы деген біріккен біртұтастыққа топтастырып, олардың тағдырын да өзіне жүктейді. Осы позицияда ондаған жылдар жүріп өткен соң, келісім мен өзара түсіністік императивтері зерделенгеннен кейін Қазақстанның көпсанды этностарын біртұтас әлемге біріктіруге және ынтымақтастыруға мүмкіндік беретін сезімдер, ойлар мен түсініктердің күрделі жүйесін құрайтын жалпы ұлттық қазақстандық идеяны іздеу басталады. Ондаған жылдар өткеннен кейін Президент Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері мен бастамасының арқасында әлемдік кең бұқараның қолдауын тапқан этносаралық келісімнің қазақстандық моделі қалыптасады және жүзеге асады» деген тұжырымды бағамдайды. Әрине, этносаралық келісім кез келген қоғамдық ортада толеранттық, яғни төзімділік принципіне сүйенсе ғана өзінің орнықты және үйлесімді кейпін танытатыны белгілі. Дегенмен, кез келген әлеуметтік модель белгілі бір орнықты дәстүрге ғана сүйенбейді, ол сонымен қатар үнемі модернизациялану, яғни жаңғыру жолын таңдау керек, ал ол өзгерістер қоғамда әлеуметтік ортаны, қауымдастықтарды прогреске қарай бағыттағандағанда терең конструктивті мағынаға ие болады.

Автор жоғарыда бұрын басымдық танытқан «этнократизм идеясы жоққа шығарылатыны» жөнінде айта келіп, қазақ халқының ұлт ретінде өзін-өзі анықтауға, этникалық болмысын еркін рухани игеруге байланысты қадамдарын тым сыни тұрғыда бағалағанға ұқсайды. Ол қадамдардың барлығы ел тарихына байланысты жасалынған кейбір қажетті түзетпелер болып табылады, жетпіс жылдық социалистік ұлттық саясаттан кейінгі ақиқатты орнына келтірулер болатын және оларды «тарихта өшкенді қайта жандырулар, ұлттық қайта жаңғырулар» деп түсінген орынды іспетті. Ал, енді елімізде «Қазақстан халқы» деген құбылыстың ұғымдық деңгейде орнықты сақталып, дамып отыруы үшін қазақ халқының еліміздің болашағы үшін негізгі жауапкершілікті, міндетті мойынға алуға тиісті тарихи кезең туындағаны жөніндегі пікірді қолдауға болады. Шын мәнінде жетекші ұлт қызметін атқару бір жағынан абырой және екінші жағынан алғанда үлкен тарихи парыз, тарихи міндет. Әрине, жетекші этнос басты әлеуметтік субъект ретінде еліміздің қазіргі тарихында өзінің қамқорлығын басқаларға тигізуі тиіс және этникалық қауымдастық ретінде топтастырушы қызметті атқаратын үлгі боларлықтай тұтастықта өмір сүре алуы да керек. Міне, сондықтан қазақ халқының этникалық өзекті мүдделерінің әртүрлі қырлары бойынша мәселелерді уақытылы және оңтайлы шеше отырып жалпы қоғамның тұтастығын сақтай алатынымызды баса айтуға болады. Сырт көзге бұл қадамдар ұлтшылдық, бір ұлтқа артықшылық беру сипатында көрініс беруі мүмкін. Дегенмен, мәселені шешудің ең тиімді жолы ашықтық пен демократиялық ұстанымдарға арқа сүйеу болары анық. Сондықтан бұл жерде басқалардың (басқа этнос өкілдерінің) мүдделеріне соншама нұқсан келтірілмейтін нұсқалар негізінен ұсынылады, сонда ғана әлеуметтік модель қоғамда өңіршең сипатқа ие болатыны анық.

Содан соң елдегі ұлтаралық қатынастар тенденциясын талқылау барысын автор өз еңбегінде «Мемлекеттің ұлт саясатының бағытын өзгерткен Жаңа Конституция орыс тілді тұрғындардың миграциясын, яғни көші-қонын тоқтатты. Республикаға басқа елдерден өздеріне бақыт таппағандар кайтып орала бастады және Қазақстанды өздерінің негізгі Отаны екендігін мойындауға көшті. Өздерінің тарих Отанына орала бастаған қазақ оралмандарына мемлекеттік бағдарлама бойынша қабылдау мен орналастыру шаралары атқарыла бастады. Біртіндеп тұрғылықты халықтың пайыз саны өсе түсті, тіптен, бірнеше жылдардан кейін жалпы республика халқының олар 60% құрай бастады» деп жалғастырады. Әрине, жоғарыда көрсетілгендей Қазақстандық бірегейлену мәселесі күн тәртібіне көтерілгенде осындай сипаттағы көші-қон көріністерінің байқалғаны рас және осы саяси және мәдени үрдістер жалғасуда. Дегенмен, орыс тілді тұрғындардың негізгі бөлігі өзінің орнықты позициясын сақтап, еліміздің тұрақты азаматтары екенін де ескеруіміз керек. Қазақ оралмандарының елімізге квота бойынша келе бастауы да үлкен мәселені шешудің бір қыры болатын. Кезінде қазақ халқына тоталитарлық режимдер тарапынан жасалынған қиянаттардың орнын толтыру және жөндеу әрекеті екенін атап өтуге болады. Дегенмен, қазақ репатрианттарының елге сіңісуі мен жаңа жағдайларға бейімделуі де біршама күрделі кезеңдерден өткені белгілі, сонымен қатар бұл мәселе әлі де оңтайлы шешімін табуға тиісті өзектілігін және маңыздылығын жоғалтқан жоқ.

«...Бұл жаңа әлеуметтік-мәдени ауқымда қоғамдық санадағы этникалық белгі бойынша бөліну бірте-бірте азая түсті. Этникалық қайшылықтарды шешуге бағытталған тұрақты әрі оңды үрдіс байқала бастайды және сонымен қатар біріккен құндылықтар жүйесімен топтасқан қазақстан халқы деген тарихи қауымдастықтың қалыптасу белгілері көрініс береді. Кейбір саясаттанушылар “қазақстан халқы” деген терминді естігенде өзін теориялық жағынан банкротқа ұшыраған “кеңес халқы” деген ұғымды еске алады. Айта кететін нәрсе: “Қазақстан халқы” тіптен басқа теориялық концептіге сүйенеді. Егер “кеңес халқы” жалпының жеке-дараны басып, жаншуымен, ассимиляциялауымен қалыптасса, онда “Қазақстан халқы”, керісінше, жеке-дара мәдениеттердің, яғни ұлттық әлем бейнелерінің дамуы мен көркейінің негізіндегі біртұтастық пен бірлік деп қабылданады...» деген маманның сөздерінен еліміздегі қазіргі кезеңдегі әлеуметтік шындығында елдік бірліктің, ұлтаралық ынтымақтастықтың маңызды екені ойды аңғаруға болады. Дегенмен, осы жерде «Қазақстандық ұлт» емес Қазақстанда бір ғана ұлт – қазақ ұлты бар екенін баса айту керек. Ал қалғандары (аз санды болсын, көп санды болсын) этникалық топтар болып табылады, басқаша тілмен айтқанда этникалық диаспоралар. Ал олардың унитарлық мемлекетте толыққанды тарихи субъект болуға мүмкіндіктері шектеулі және тарихи қисынға арқа сүйейтін болсақ, онда оларда негізінен этникалық болмыс этникалық өзіндік сананың мәселерімен, этномәдени жәдігерлердің жүйесімен айналысуға қауқарлы болып келеді. Сондықтан қазақтардың қоғамдағы үдерістерді басқаруға, яғни билікке ұмтылысы соншама белсенді болып келуінің сыры осында жатыр деуге болады.

Қазақстандық гуманитарлық саланың зерттеушісі В.Д.Курганская өзінің жүргізген нақты социологиялық зерттеулеріне сүйене отырып Қазақстандағы ұлтаралық қатынастарды жетілдірудің жолы еліміздегі әртүрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік билікте көбірек тартылуымен байланыстырады. Елімізде көші-қон мәселесіне, әсіресе орыс тілді азаматтардың өздерінің тарихи Отандарына оралуларына қазақтардың билік құрылымдарында басымдық танытуы және қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде өзінің функциясын кеңейтуі тікелей әсер ететінін тұжырымдайды. Бұл жерде айта кеттін жәйт: орыс тілді азаматтардың құқықтары елімізде ешқандай шектелмейтіндігіне көптеген дәйектемелер келтіруге болар еді. Бұқаралық ақпарат құралдары бойынша, барлық деңгейдегі оқу орындары мен қызмет көрсету салаларында орыс тілінде тұлғалық паш етілуге ешқандай шектеулер қойылмаған, керісінше, барынша жағдайлар жасалынғаны белгілі. Өкінішке орай, жиырма жылдық тәуелсіздік тарихымызда мемлекеттік тілді игеруге деген ұмтылыстың төмен деңгейде болуы орыс тілді азаматтар арасында сирек айтылады. Сөйтіп, мүдделердің түйіскен жерінде ұлтаралық қатынастардың барлық проблемалық өткір қырлары айқындалады және оны айналып өту мүмкін емес, есесіне төзімділікпен, өзара сыйластықпен шешімін іздеу керек. Халықтардың өркениеттілік деңгейі, мәдени қауқары қайшылықтарды келісіммен шеше білуінде аңғарылады.

Тәуелсіздік орныққан тарихи кезең көптеген халықтардың жасырын жатқан әлеуетін аша түсті. Қазіргі замандағы өркениеттер, мәдениеттер, діни және халықтар арасындағы диалог идеясын қазақстан қоғамы қолдамауы мүмкін емес еді. Өйткені, ол әлеуметтік өмірдің өзінің логикасынан туындайтын қадамдар болуға тиіс. Әрбір өркениет, дін және халықтар өздерінің миссиясын орындайды. Ұлттық тұтастық, ұлттық өркендеу өзінің мағыналық құрылымы бойынша өркениеттілікке және халықтар арасындағы диалогқа қарама- қайшы емес, керісінше, солардың арқасында өзінің бойына зор қуат алады, келбетін жаңа сипатта анықтай түседі.

Қазақ халқының ұлттық келбеті кезінде Абайдың «Қара сөздерінде» айтылған сипаттамалармен салыстырғанда «қазіргі жаһандану заманында біршама өзгерістерге түсе алды ма, әлде өткен дәстүрлі мәдениеттегі шамасынан аспай отыр ма?» деген сауал да туындайды. Әрине, ұлттық мінездің түбегейлі өзгерістерге ұшырауы қиын. Сондықтан қазіргі заманның пәрменді инновациялық, жаңғыру, жаңару үрдістеріне қарамастан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мінез, ұлттық келбеттің іргелі тұстары сақталып отырғаны байқалады. Неміс халқының бойындағы ұқыптылық пен тәртіпке бейімділік, Шығыс халықтары – корей, қытай, жапон және т.б. халықтарға тән еңбекқорлық қазаққа жетіңкіремей жатады. Дегенмен, қазақ жастарының білім құмарлығы, басқа тілдерді игеруге бейімділігі, әртүрлі пәндер бойынша байқауларда жүлдегерлер арасында болуы, алыс шетелдерде оқушы студенттеріміз бен докторанттарымыздың көбейіп келе жатқандығы қуантады. Қазіргі заманда «Мен жастарға сенемін» деген Шәкәрім мен Мағжандардың арманы орындалғандай заман туды, тек осы мүмкіндіктерді шындыққа айналдыруда тұтынушылық психологиясының құрбанына айналып жатқан жастардың дүниетанымына гуманистік рухани құндылықтар жүйесін орнықтырудың міндеті зиялылар алдында тұр.

Мәдениеттер диалогы адами және әлеуметтік тұрмыстың талаптарына негізделген. Библер В.С. өзінің «мәдениттер диалогы» атты концепциясында мәдениеттің ішінде ерекше айналымын насихаттайды. Ол былай деп жазады: «Әрбір мәдениет – бейнебір «екіжүзді Янус». Ол да өзге әлемдегі өз тұрмысына, басқа мәдениетке, өз ішіне, өз тұрмысын өзгертуге және толықтыруға барынша қарайды». Шын мәнінде екітүрліліктің ауқымынан шығып кететін кездері де болады. Дегенмен, әрбір мәдениет өзінің төлтумалығын сақтай отырып қана басқалардың құндылықтарын қабылдағаны абзал. Онсыз еліктеудің арты механикалық көшірмелер жасауға, өзіндік келбетті жоғалтуға алып келуі де мүмкін. Философия тілімен айтқанда этникалық өзіндік жатсыну осыдан туындайды. Кейбір азаматтардың Қазақстан жағдайында өкінішке орай өзінің туған тіліне, діліне, яғни менталитетіне, салт-дәстүріне немқұрайлы қарай бастауы да осындай үрдістің белең ала бастағанын білдіреді.

Жалпы қазақтың тілінің әлеуметтік және мәдени әлеуеті мен ұлтаралық қатынастарды үйлесімдендіру үшін зор екендігін көптеген зиялылар қазіргі уақытта да өткен ғасырларда да айтып кеткені белгілі. Қазақ тілінің өзіндік ерекше қасиеттері бар екендігін қазақ ақыны М. Жұмабаев ХХ ғасырдың басында төмендегідей кейіпте жеткізеді: «... Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлеймін деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші. Қазақ тілін қолданбақшы. Осы күнде-ақ айналып келе жатыр. Татардың әдебиет тілі жыл-жыл сайын қазақ тіліне жақындап келеді. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихында қазақ ұлты төрден орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік» [5]. Қазақ тілінің мемлекеттік тілдік функциясын толық атқаратынына күмәнмен қарайтын респонденттерге жоғарыдағы тұжырымдар біршама қарсы дәйектемелер, аргументтер болары анық. Жалпы елдегі этносаралық қатынастарды үйлесімдендірудегі қазақ тілінің оңды имиджі әзірге толық қалыптаса қойған жоқ. Оны қалыптастыруға әзірге жеткілікті деңгейде күш салынбауда деуге болады. Себебі, осы мағынадағы посткеңестік кеңістіктегі саяси және мәдени тәжірибе, белгілі қадамдар сипаты елімізде қолданылмай келгені байқалады.

Қазіргі заманда Қазақстанда және Еуразиялық кеңістікте саяси процестер сипаты біршама өзгергені белгілі. Әрбір кеңестік республикалар өзінің егеменді мемлекеттілігін құрып үлгерді. Тәуелсіздікке қол жеткізген түркі халықтары қазақ тілінің басымдық танытқанына көне қоймайды. Жалпы түркітанудан кейбір халықаралық жиындар өткізгенмен «түркі халықтарының өзара мәдени және рухани кірігуі мен байланыстары пәрменді жүріп жатыр» деп кесімді айтудың өзі қиын. Ал енді, әлеуметтік және экономикалық байланыстардың тереңдігі жеткілікті биік деңгейде деп айта алмаймыз. Одан гөрі белгілі бір қашықтықта болу және өзара бәсекелестік үрдістері белең алған. Ал «тілдердің өзара байланысы үйлесімді түрде да жүзеге асып жатыр» деп айтудың өзі де қиындау. Жаһандану заманында тілді әлемді танудағы, оны рухани игерудегі әмбебап құрал ретінде қарастырудан оның қоғамдағы әлеуметтік және саяси реттеуші деңгейіне дейін түсіну орын алады. Қазіргі кезеңде барлық елдерде тіл негізінен экономиканы, ғылымды, техниканы дамытуға қызмет ете бастады және белсенді ақпарат алмасу құралына айналуда. Әрине, ол ұлтаралық қатынастар әлемінде маңызды рөл атқаратыны да белгілі, тек оны бейімдеудің үйлесімді жолын таңдау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет