Правила технической эксплуатации жилищного фонда


Мониторингке қойылатын жалпы талаптар



бет11/28
Дата09.06.2016
өлшемі1.83 Mb.
#124608
түріПравила
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28

10.10.3 Мониторингке қойылатын жалпы талаптар


10.10.3.1 Байқау жүйесін тандау кезінде процесстердің жүру жылдамдығының болжамды есептік өлшемдерін және олардың уақытта өзгеруін, өлшеулердің мерзімін, ауа райының өзгеруіне байланысты өлшем қателіктерін, сонымен бірге геофизикалық, температуралық, электрлік және басқа да ауытқушылықтарды ескеру қажет.

10.10.3.2 Байқау жүйесінің және бақылау әдістерінің нақтылығы алынған мәліметтердің шыңдығын, өлшемдердің нәтижелерінің болжам есептеулеріне сәйкестігін, сонымен бірге жеке байқау жүйелерінің кеңістікте және уақытта қойылған талаптарға сәйкес келуін қамтамассыз етуі керек.

10.10.3.3 Ұзақ мониторингті байқауларды жүргізу барысында сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне байланысты өлшеу құралдарының өлшемдерін тұрақтандыруды қамтамассыз етуі керек. Қажет болса өлшем құралдарын салып қоюға және температураның, ауа ылғалдылығ ымен басқа да факторлар өзгерістеріне байланысты өлшемдер нәтижелеріне жөндеулер кіргізуге болады.

10.10.3.4 Байқауға қолданылатын құралдар мен жабдықтар сертификатталған немесе қолданыстағы нормалар талаптарына сәйкес тексерілуі керек.

10.10.3.5 Өлшемдер нүктелерін тандауды МЕСТ 24846-81 ұсыныстарына сәйкес жүргізілуі керек. Көп өзгерістері бар аумақтарда байқалатын нүктелер саны да көп болуы керек. Осыған сәйкес байқаулар жиілігі байқалатын процесстердің жылдамдығына сәйкес болуы керек.

10.10.4 Мониторинг жүргізудің технологиясы


10.10.4.1 Жобалау сатыларында мыналар анықталған болуы тиіс:

- нысанға қатысты негізгі пайдалану талаптары;

- деформация мен күштің өлшемдерін есептік болжау ;

- байқаулар бағдарламасы мен байқаулар жүйелерін өндеу.

10.10.4.2 Құрылыс немесе қайта құру сатысында орындалады:

- байқау жүйелерін орнату;

- байқауларды өндеу.

Байқаулар өндірісі кезінде деформациялар мен күштердің есептік және байқау шамаларын салыстыру және салыстыру нәтижелері негізінде пайдалану талаптарының орындалуын бағалау жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайларда пайдалану талаптарының орындалуы, соған орай салынып немесе қайта салынып жатқан нысаналарына жақын орналасқан ғимараттар мен үймереттердің пайдалану беріктігін қамтамассыз ету бойынша қосымша шаралар өндеуге болады.

Қосымша шараларды орындағаннан кейін байқау мерзімінде пайдалану талаптардың орындалғаны туралы тексеріс жүргізіледі.

10.10.5 Қайта құруда немесе жаңадан салынып жатқан нысандарға жақын орналасқан үймереттер мен ғимараттардың іргетастары мен негіздерінің деформациясын есептік болжау


10.10.5.1 Топырақтық негізіне жүктің жоғарылауымен жаңадан, сонымен бірге бұрын салынған үймереттер мен ғимараттарды қайта құру үшін ақырғы және қарапайым пайдалану сақтығын қамтамассыз ететін шараларды орындау қажет.

10.10.5.2 Қорғаныс шаралардың құрамы мен көлемі деформация болжамын қолдану негізінде жаңадан немесе қайта салынатын нысаналарды жобалау стадиясында анықталады.

Бұрын салынған нысаналарға жақын орналасқан үймереттер мен ғимараттардың жобалары тәжірибеде аяқталмаған болып саналмайды, себебі осы нысаналарда болатын деформацияларды алдын алатын шаралар қарастырылмаған.

10.10.5.3 Деформацияны есептік болжау – бұл қолданыстағы үймереттер мен ғимараттардың және олардың жерүсті немесе жерасты нысана конструкцияларының (шөгулер, түсулер, жылжулар) салмағы кезінде топырақтың кернеулік деформациялық қасиеттернің өзгеруі кезінде пайда болатын негіздің қосымша деформациясының өлшемдерін есептеу болып табылады.

Деформацияның есептік және ақиқат өлшемдерінің әртүрлі болған жағдайда, оған қорғаныс шараларының құрамы мен көлеміне байланысты түзетулер еңгізген кезде ерекше маңызды ғимараттар мен үймереттер үшін деформацияның есептік болжамы байқауларды құралдармен орындау арқылы тексеріледі.

10.10.5.4 Деформациялардың есептік болжамы келесі жағдайларға сәйкес орындалуы керек:

- жаңадан немесе қайта салынатын құрылыс жақын орналасқан нысандар негіз қабатына түсетін кернеу шамасын жоғарылатса;

- жаңадан салынып жатқан нысананың әсерінен қолданыстағы нысанға қосымша жүк түссе (терең қазаңшұңқырлар қазу, тоннель өткізу, жағымсыз геологиялық процестердің дамуы: суффозия, көшкін және т.б.);

- жаңадан немесе қайта салынатын нысан жақын орналасқан нысан негізіне динамикалық әсер берсе (метрополитен трассасының болуы, көлік, құрылыс механизмдерінің және т.б. әсерлері).

Жаңадан салынған нысан негізі қолданыстағы жақын орналасқан нысан негізінің шөгуіне қатысты болмайды, егер арасындағы арақашықтық L³H болса, мұнда Н жаңа нысана астындағы топырақтардың сығылу қалыңдығының қуаттылығы. Егер арақашықтығы L³0,5H болса, тиетін әсер көп емес.

10.10.5.5 Қолданыстағы үймереттер мен ғимараттар іргетастарының жақын орналасқан нысаналардан түсетін жүктің әсерінен пайда болатын қосымша шөгуінің есептік болжамын келесі жолмен жүргізуге болады: сайыз орнатылған іргетастар үшін ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 бойынша, қадалы іргетастар үшін – ҚР ҚНжЕ 5.01-03-2002 бойынша.

Пайдаланудағы үймереттер мен ғимараттар іргетастарының жақын орналасқан нысандарынан түсетін жүктің әсерінен пайда болатын қосымша шөгуі, олардың меншік шөгуінің тұрақтануы негізінде анықталынады.

Қажет болған жағдайларда топырақтың көлденең деформациясының есептік болжамы, іргетастардың көлденең орын ауыстыруы және инженерлік-геологиялық жағдайларға, жаңа немесе қайта салынатын құрылыс кезінде қолданылатын жұмыстардың түрлеріне байланысты факторлар анықталынады.

10.10.5.6 Есептеу жолымен анықталған қосымша деформациялар шамалары ғимараттың түрі мен оның жағдайының категориясына байланысты мүмкін болатын шектік шамаларынан аспауы керек. Егер осы шарт орындалмаған жағдайда, қайта салынатын нысананың жақын орналасқан ғимараттарға әсерін төмендететін шаралар қолдану қажет.

10.10.5.7 Қолданыстағы ғимарат конструкцияларындағы қосымша қисықтарды бағалау үшін жаңадан салынатын ғимараттың екі нүктесінен қосымша шөгулер анықталады. Осыған сәйкес қисықтың шамасы осы шөгулердің айырмасына тең болады.

10.10.5.8 Қолданыстағы ғимарат конструкцияларының қосымша жантаюын бағалау үшін жаңадан салынатын ғимараттың шөгуін анықтау қажет: жаңа ғимараттың қолданыстағы ғимаратқа түйісу шекарасынан (жіңішке ғимараттар немесе блоктар үшін). Осыған сәйкес жантаюдың шамасы айтылған шөгулердің айырмасына тең болады, ғимараттың еңіне В сәйкес.

Ұзын ғимараттар үшін В ретінде түйісу нүктесінен шөгу әсер етпейтін нүктесіне дейінгі сызықтар қолданылады.

10.10.5.9 Пайдаланылатын ғимараттар үшін қосымша шөгулердің қауіпті дәрежесі олардың жағдайына байланысты екенін біле отырып, жаңадан немесе қайта салынатын нысаналардың қолданыстағы үймереттер мен ғимараттарға жантаю, қисаю шөгулерін анықтау кезінде олардың жағдайларына баға беру керек.

10.10.5.10 Үймереттер мен ғимараттарға жақын орналасқан жерасты ғимараттары, көлік, коллекторлы және коммуникациялы тоннельдер, жерасты өтімдер және басқа да нысаналар құрылысы кезінде шөгудің есептік болжамын топырақтар жүрісінің сызықсыз әдісін қолданумен соңғы элементтер әдісі арқылы (СЭӘ) табуға болады, онда беттің тік және көлденең орын ауыстырулары анықталынады.

10.10.5.11 Үймереттер мен ғимараттардың қосымша шөгуін болжау сұрақтары кезінде, карсты-суффозиялық процесстер дамыған аудандарды ұсынуға болады.

10.10.5.12 10.10.5.10 пунктте ұсынылған жер беті деформациясын болжайтын әдіс жобалау стадиясында қолданылады. Жерасты ғимаратының құрылысы кезеңдер бойынша жүргізілсе, беттің деформациясын есептеу әрбір кезеңде қабылданатын құрылыс технологиясына сәйкес жүргізіледі.

10.10.5.13 Есептеулерге қажетті берілген мәліметтер салынатын ғимарат орналасқан аумақтың инженерлік-геологиялық жағдайынан, қолданыстағы ғимарат іргетасына түсетін жүктердің шамасынан, топырақтардың сипаттамасынан, салынатын және қолданыстағы ғимараттардың жағымды әсері жөніндегі мәліметтерден тұрады.

Айтылған мәліметтерден басқа, құрылыс технологиясы бағаланады, қауіпті жұмыстар түрлері және де іргетастардың қосымша шөгуін түсіндіретін факторлар анықталынады.

10.10.5.14 Жақын орналасқан нысаналар топырақтар негізіне динамикалық әсерлер түссе (ғимараттар, жерасты ғимараттары, коммуникациялар және т.б.), деформацияларды болжау сынақтар нәтижелері бойынша жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет