~ 136 ~
Психогенді
ступор
жедел
аффективті-шокты
реакциялардың
клиникалық кӛрінісінде бақыланады. Мҧндай реакциялар адамда кҥшті жан
тербелісін тудыратын психожарақаттаушы оқиғаларға жауап ретінде болады.
Мҧндай оқиғалар, апаттар, табиғат апаттары, жақын адамының кенеттен қаза
табуы және т.б. болуы мҥмкін. Психогенді
әсер кенеттен орын алғанда
индивидуальды, тҧлғалық реакция кӛрініс беріп ҥлгермейді, бҧл жағдай тек
адамдарға емес, жануарларға да ортақ - орнында тҧрып қалу немесе қозу
реакциясы, гиперкинетикалық реакция. Ступор толық немесе жартылай
болуы мҥмкін, оның ҧзақтығы - минут, сағат, кҥндер. Дертті жағдайдың
тереңдігі, ҧзақтығы, динамикасы психогениямен, оның сипатымен
анықталады. Толық психогенді ступор кезінде адамның мелшиген бет-әлпеті
психогения басталуына себеп болған аффективті кҥй – қорқыныш, шошу,
абдырау кҥйін бейнелейді. Вегетативті симптомдар кең кӛрініс береді: жҥрек
қағуы, тершеңдік,
вазомоторлар ойыны, асқазан-ішектік бҧзылыстар (қҧсу,
іш ӛту). Сана аффективті тарылған (аффективті қарауыту), ступордан шығар
кезде жартылай немесе толық амнезия бақыланады. Әсіресе аффективті-
шокты реакция балаларда жеңіл пайда болады. Оларда тежеу жағдайы
қоршаған ортада ступор тудырған психотравмалық ситуацияны еске
тҥсіретін жайт пайда болғанда қайталанады. Ересек адамдарда ступор
психогенияға жеке реакция тҥрінде болуы мҥмкін, немесе, жиі - реактивті
психоздың даму сатысы болуы мҥмкін.
Истериялық ступор классикалық вариантта мінездің белгілі бір
истериялық сипатымен жандарда дамитын психогенді реакция болып
табылады. Мҧндай жағдайларда сӛз жоғарғы жҥйке қызметінің әлсіздігі (туа
немесе жҥре пайда болған) жӛнінде, әсіресе екінші сигналды жҥйе реакциясы
жӛнінде болып отыр. Осының нәтижесінде
шартсыз рефлекторлы және
бірінші сигналды жауап беру басымдылық танытады, тҧлғаның негізгі
қасиеттері балалық, психикалық инфантильділік, аса эмоцианальды қозу,
кҥшейген қиял ойыны және ӛзін-ӛзі сендіру, жоғары жҥйкелік тежелгіштік.
Мҧндай тҧлғалар объективті мәні бар психожарақаттаушы оқилар орын
алғанда ғана емес, болмашы – кӛршісімен жанжалдасу,
жқмыс орнындағы
ескертулерге де тежелумен жауап беруі мҥмкін. Қолайсыз ситуацияда
науқастар талып барып, сҧраққа жауап бермейді, әлсіз, босаңсынған кҥйге
тҥседі, позасы дәрменсіздікті, мимикасы – қайғыруды бейнелейді. Сананың
терең бҧзылыстары болмайды, науқастар ситуацияны басқаруға қабілетті.
Қҧлап бара жатып науқастар ӛзіне зақым келтіруден сақтанады.
Соматикалық және вегативті симтомдар анық кӛрінеді: пульс және тыныс
жиілігі, бетінің қызаруы немесе кӛгеруі, тершеңдік кӛзқарашығы
реактивтілігінің кҥшеюі.
Истериялық ступорды кӛне авторлар жалған ӛлім деп атаған.
Басқа
истериялық жағдайлар сияқты бҧзылыстың ӛзі пайда болған қиындықтардан
«қҧтылудың» бір тҥрі ретінде қаралған. Бір жағдайда осы жолмен қол
жеткізілген артықшылықтар осы реакцияның мақсаттылығын кӛрсетеді, оны
шартты-қалаулы етеді. Сондықтан истериялық бҧзылыстар, соның ішінде
~ 137 ~
тежелу
қҧбылыстары
қайталанады.
Тежелу
қҧбылысы
мелшию
реакциясының генерализацияланған деңгейіне жетпеуі мҥмкін, тек жеке
қозғалу актілеріне қатысты болуы мҥмкін. Бҧған истериялық парездер және
салданулар, астазия-абазия, сӛйлеудің истериялық бҧзылысы және басқа да
функциональды ӛзгерістерді жатқызуға болады.
Истериялық парездер мен салданулардың органикалық негіздері жоқ,
ауру бҧл бҧзылыстарды ӛзіне қалай елестетсе, солай кӛрінеді. Ауру
бірденеден қорықса қолы не аяғы жҧмыс істемей қалатыны анықталды (аяғы
мақта сияқты, ӛзіне бағынбайды, бір кҥні тіптен қызмет жасамай қалады).
Дәрігерге бір аяғы не қолы зақымдалған немесе
екі аяғы мен қолдары да
зақымдалған, жиі бет нервісінің қатысуынсыз гемиплегиямен науқастар
келеді. Салданудан аяқтарда активті қозғалыс жоқ, бірақ қорғаныстық
қозғалыс, әсіресе аурудың назарын басқаға аударған кезде бақылануы
мҥмкін; моторика ҧйықтағанда немесе гипноздық жағдайда қалпына келеді.
Неврологиялық зерттеуде иннервация зонасына сәйкес келмейтін
сезімталдық бҧзылысы болады: шҧлық, қолғап тҥріндегі анестезия.
Рефлекстер ӛзгермеген, патологиялық белгілерді, тонус бҧзылысы,
тофикалық бҧзылыстарды анықтай алмаймыз. Бҧлшықет электрлі
қозғыштығының ӛзгерісі болмайды. Истериялық
парездер және салданулар
кейде ҧзақ және нәтижесіз емделеді, ал кейін кенеттен қандай-да бір сыртқы
әсердің әсерінен оңай жоғалады. Аяқтың истериялық салдануында астазия-
абазия байқалады, ауру тҧра алмайда, отыра алмайды, жҥре алмайды, бірақ
тынышталып, жатқан кезде аяғын еркін қозғалтады.
Истериялық сөйлеу бұзылысы толық мылқаулықпен, афониямен,
кекештенумен, сӛздерді дҧрыс айтудың ӛзгеруімен және т.б. кӛрінеді.
Мылқаулық кезінде жазу және басқа сӛздерді тҥсіну бҧзылмайды, ауру
мимикамен айналадағылармен қатыса алады.
Афония кезінде сӛз дыбыстығы
жоғалады, науқас дауысын жоғалтуына байланысты сыбырмен сӛйлейді. Ол
қатты жӛтеле алады, ол дауыс байламдарының ӛзгерісі жоқтығын кӛрсетеді.
Бір
науқаста мылқаулық афониямен, кейін кекештену немесе артикуляция
бҧзылысымен алмаса алады, бҧл бір патологияның әр тҥрлі деңгейі тәрізді
кӛрінеді. Осы қҧбылыстардың барлығы тек сырттай ҧқсас, ол ауру
тҥсінігінде ғана біріктіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: