Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет87/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Парафренді синдром – фантастикалық сандырақ синдромы. Ол 
созылмалы және жедел тҥрде болады, қандай да болмасын сандырақ 
тҥзілуінің соңғы сатысы болып табылады және психикалық функцияның 
ауыр бҧзылысына сәйкес келеді. Созылмалы сандырақта парафренді синдром 
біртіндеп ақыл кемдігіне ауысады, жедел тҥрінде онейроидты типтегі сана 
кҥңгірттенуіне ауысады.
Парафренді 
сандырақ 
қҧрамына 
ҧлылық 
идеясы 
қатысады. 
Сандырақтық идеялар оғаштықпен, гротескілікпен ерекшеленеді, табанды 
тҧжырымдау ешқандай дәлелсіз келтіріледі. Кӛтеріңкі немесе кеңпейілді 
кӛңіл-кҥй 
фонында 
айқын 
конфобуляциялар 
(фантастикалық-
конфабуляторлы парафрения) болады.
Парафренді сандырақ бір тҥрі депрессиялық науқастарда дамитын 
ипохондриялық Котар сандырағы болып табылады. Дамудың әр сатысында 
Котар 
синдромы 
нигилистік-ипохондриялық 
сандырақпен 
ҥрейлі-
сандырақтық депрессия кӛрінісімен, немесе мәңгі ӛмір сҥру, мәңгі қорлық 
кӛру, немесе 
сыртқы 
әлемді 
жоққа 
шығарумен 
фантастикалық 
ипохондриялық сандырақ тҥрінде кӛрінеді.
Мнестикалық бҧзылыс синдромдары 
Корсаков 
синдромы – 
корсаков алкогольдық психозының 
психопатологиялық суретін кӛрсететін амнестикалық синдром. Синдром да, 
ауру да оларды алғаш сипаттаған автор - С.С. Корсаков есімімен аталады. 
Синдром психопатологиялық триададан тҧрады: фиксациялық амнезия, 
ретроградты (немесе ретроантероградты) амнезия, конфабуляциялар. Ауыр 
ес бҧзылуының салдары болып жатқан оқиғаларға, орынға, уақытқа, 
адамдарға қатысты бағдардың бҧзылуы болып табылады.
Корсаков психозында ес бҧзылуымен әрқашан полинейропатия қатар 
жҥреді, ол ҥлкен жарты шардан перифериялық жҥйкелерге дейін таралған 
дистрофиялық ӛзгерістерді кӛрсетеді. Корсаков синдромына тән ес 
бҧзылуының әртҥрлі белгілерінің қатарласуы, мидың басқа да органикалық 
бҧзылыстарында кездеседі: қантамыр ауруларында, бас-ми жарақатынан 
кейін, газбен уланғаннан кейін, кәсіби интоксикацияда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет