Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет195/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Ҧстама тәрізді - ҥдемелі (тонтәрізді) шизофрения 
 
Бҧл форма ҥзіліссіз ағымдағы ҥрдіс фонында қайталамалы ҧстамамен 
сипатталады, продуктивті және ҥдемелі негативті симптоматикамен кӛрінеді. 
Шизофренияның бҧл тҥрінде ҧстамалар әртҥрлі, олар аса 
полиморфизмімен және біркелкі емес ҧзақтықпен (минуттарға созылатын 
«транзиторлы» тҥрінен кӛп жылдарға созылатын ҧстамаларға дейін) 
ерекшеленеді. Бірақ рекуррентті шизофрения ҧстамаларына қарағанда жедел 
емес, баяулау ағымда ӛтеді, оның қҧрылымында параноидты және 
галлюцинаторлы кӛріністер басым кӛрініс береді. Кейде ҧстама тәрізді 


~ 298 ~ 
ҥдемелі шизофренияның продуктивті симптоматикасы ҧстама кезінде ғана 
емес, ҧстама аралық кезеңде де байқалады, тҧлғаның ҥдемелі дефицитарлы 
ӛзгерістері, ҧстаманың қалдық (резидуальды) симптоматикасы байқалады. 
Ӛздерінің әртектілігіне қарамастан ҧстама тәрізді ҥдемелі шизофрения 
кезіндегі ҧстамалардың ортақ ерекшеліктері болады. Оларға психоз 
кӛріністерінің массивтілігі арасындағы диссоциация және науқас жҥріс-
тҧрысының азды-кӛпті дҧрыстығы аса тән. Шизофренияның бҧл тҥрінде 
ҧстамалар полиморфтылығымен ерекшеленеді. Мысалы, маниакальды ҧстама 
кезінде науқаста жиі ӛзін - ӛзі кінәлау идеяларымен және жасаурағыштықпен 
депрессия кҥйі кӛрініс беріп тҧрады. Басынан ӛткізген жағдайға, тіпті ҧстама 
айқын және массивті симптоматикамен ӛтсе де, сын кӛзқарас толық 
болмайды. 
Ҧстама тәрізді ҥдемелі шизофренияның басталатын жас кезеңі әртҥрлі. 
Ол балалық шақта, жетілген және егде жас кезеңінде де басталуы мҥмкін. 
Қандай жас кезеңінде басталуына байланысты клиникалық кӛрінісінде де 
жасқа байланысты ерекшеліктер айқын кӛрінеді. Мысалы, науқаста 
инфантилизм анықталса, дерттің балалық кезінде басталғаны жӛнінде айтуға 
болады. Ҧстама тәрізді ҥдемелі шизофрения кезіндегі болжам әртҥрлі және 
ең алдымен аурудың басталған жас кезеңіне, ҥрдіс ағымының жеделдігіне 
және тҧлға ӛзгерісінің дәрежесіне тәуелді. 
Науқас П.А., 23 жаста. Психикалық аурулармен тҧқымқуалау ауырлығы жоқ. Ерте 
дамуы қалыпты, мінезі ашушаң, тітіркенгіш. Қҧрбыларымен жиі қақтығыстарға тҥскен. 
Жақын достары болған емес. Орташа оқыды, 8 сыныпты бітірген соң кешкі мектепте 
оқығысы келді, бірақ оны тез тастап кетті. Троллейбус паркінде электрик болып қызмет 
етті. 20 жасында науқастың жағдайында ӛзгерістер байқалды. Тҧйықтығы артып, іс-
әрекетсіз болды, жҧмысқа барудан бас тартты. Ата – анасының ескертулерін елеген жоқ. 
Кейінірек ӛзін «бӛтен кҥш» басқаратындай сезім пайда болды. Ӛзін біреу аңдып 
жҥргендей сезінді, ҥйінің қасынан «ӛтетін» ерекше машиналарды байқады. Сонымен 
қатар «тӛніп келе жатқан қасіретті» алдын – ала сезініп, ҥрей пайда болды. Осы жағдайда 
психиатриялық ауруханаға жатқызылды.
Ауруханада соматикалық және неврологиялық жағдайы жағынан қандай-да 
патология байқалмайды. Психикалық жағдайы: уақыт бойынша бағдарлануы дҧрыс, 
қоршаған орта бойынша бағдары толық емес. Бӛлімшедегі науқастардың ішінде ӛзін 
аңдуға арнайы жіберілген адамдар бар деп санайды. Ӛзіне «ерекше кҥштің» әсерін сезеді. 
Ол әсердің сипатын анықтап айта алмайды. Дертті жағдайына сын кӛзқарас жоқ. 
Әңгіменің басында сҧрақтарға дҧрыс жауап беріп отырды, ары қарай ҥрей артып, 
қорқыныш сезінетінін айтып, сӛздерінің реті ӛзгеріп, ҥзілу элементтері пайда болды. 
Нейролептиктермен емдеу нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарды. Басынан 
ӛткізген дертті кҥйзеліске сын кӛзқарас пайда болды. Ҥйіне шығарылды. Ҥйінде тәртібі 
дҧрыс болды, бірақ тҧйықтық, белсенділік пен қызығушылықтарының тӛмендеуі 
бақыланды. Жҧмысты қиындықпен орындады. Кейде ҥрейшіл, мазасыз, кҥдікшіл 
жағдайларға тҥсті. Жарты жылдай сҥйемелдеуші терапия қабылдады, ал кейін дәріден бас 
тартты. Ауруханадан шыққанына бір жыл ӛткен соң жағдайы айтарлықтай нашарлады: ата 
– анасына дҧшпандық қатынас қалыптасып, оларды пәтерден қуды, әсер ету және соңына 
тҥсу сандырақ идеяларын айта бастады. Психиатриялық ауруханаға қайта жатқызылды. 
Ауруханаға тҥскенде науқастың соматикалық және неврологиялық жағдайы жағынан 
патология байқалған жоқ. Психикалық жағдайы: уақыт және орын бойынша бағдары 
дҧрыс, ӛзін аурумын деп санамайд,. ҥйге жіберуін сҧранды. Бҧрын ауырғандығымен 


~ 299 ~ 
келіседі, ал қазір ауру емеспін деп мәлімдейді. Кӛп сӛйлейді, ата – анасы жӛнінде 
жақтырмай сӛйлейді. Дәрігерге ӛзінің қазіргі уақытта маңызды мәселелермен 
шҧғылданатынын, сонымен байланысты ӛзін тҧрақты тексеретіндігі жӛнінде әңгімелейді. 
Ӛзін тексерумен шҧғылданатындар ішінде ӛзінің әкесі де бар деп есептейді. Бӛлімшеде 
ӛзін айрықша ҧстайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет