Психологиялық- педагогикалық практикум



бет27/32
Дата26.09.2023
өлшемі381.59 Kb.
#478617
түріПрактикум
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
семинарға қосымша материалдар

ОҚУ ӘРЕКЕТІ ПСИХОЛОГИСЫ.

  1. Оқушылардың оқуға деген түрткісін мен оқу қабілеттілігі.

Талқылау сұрақтары:
«Мотив», «мотивация», « түрткі», «қызығушылық» ұғымдары.
Студенттердің мотивациясын қалыптастыру жолдары


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ануфриев А.Ф., Костромина С.Н. Как преодолеть трудности в обучении детей. Психодиагностические таблицы. Психодиагностические методики. Коррекционные упражнения. -5-е изд., стер. - М.: Издательство «Ось-89», 2007. – 272с.

  2. Ж.Р. Баширова., Ұ.Б. Төлешова Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. (Оқу-әдістемелік құралы). әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің баспасы. Алматы, 2003. 56 б.

  3. Ұ.Б. Төлешова Тұлға қалыптастырудағы танымдық қызығушылықтың педагогикалық негізі Оқу-әдістемелік құралы Алматы, 2008- 89 б.




    1. «Мотив», «мотивация», « түрткі», «қызығушылық» ұғымдары.



Мотивтер немесе түрткілер - бұл әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты.
Түрткілер - қажетті қанағаттандыра алатын қабілеттің материалдық немесе идеалдық нысан және оның қанағаттану қабілетін әкелетін қимыл-қозғалыстар.
Мотивация - бұл түрткілердің біршама тұрақты және қайталанбайтын жүйесі.
Ал, қажет дегеніміз - адамның ойлану қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі. Олай болса адамдардың қажеттері іс-әрекеттерінің негізгі түрткілері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы. Қажеттілік -өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер табиғи қажеттілік өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Сонымен қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі. Педагогикалық әдебиеттерде «мотив» ұғымы әртүрлі мағынада түрткі, ниет, ынта, ықылас т.б. ұғымдар арқылы берілген. Біз сараптай келе зерттеу жұмысымызда “түрткі” деп қарастырып отырмыз.
Ал, түрткі бір әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты. Түрткі орындалу барысында адамда қызығушылық пайда болады. Өйткені, түрткі дегеніміз белгілі бір қажеттілікті өтеуге әсер ететін тұлғаның іштей құлшынысындағы белсенділігі. Мұның өзі іс-әрекетте, қарым-қатынаста, мінез-құлықта көрінеді. Ал, түрткінің сапасы мұратқа ұмтылу, қызығушылық, сенім, әлеуметтік тәртіп саласындағы құндылықтардан көрінеді. Ізденуге себеп болатын бағдар - таңдаған әрекетті мойындап, оны тауып, қажеттілікті өтеудегі ынта-ықылас. Мұның мән-мағынасы қажеттілікпен байланысты деп білсек, қажеттілікті өтеу - тұлғаны белсенділікке ұмтылдыратын қозғаушы күш деп түсінуге болады. Сонда түрткі адамды ынталандырады, ізденуге, оны табуға ықпал етеді. Былайша айтқанда түрткіні тұлғаның мінез-құлқы мен әрекетіндегі белсенділігін реттейтін жетекші фактор деп танимыз.
Түрткі жөнінде және оған анықтама беруге байланысты ұсынылған пікірлер баршылық. Мысалы:
- түрткі психологиялық құбылыс, іс-әрекетке деген ынта-ықыласты қозғаушы күш, қызығушылық;
- түрткі әрекеттенуші тұлғаның таңдауына лайықты болған себепке байланысты қарым-қатынас;
- түрткі өзінің қажеттілігін өтеудегі бағдары және іс-әрекет пен қарым-қатынастағы адамның санасындағы түрткінің көрінісі т.б.
Осындай анықтамаларды қорыта келгенде түрткі - қажеттіліктің өзі емес, оның құралы және тұлғаның бағдарлайтын жол екендігін мойындап, мынандай тұжырым жасауды орынды деп білеміз. Түрткі дегеніміз -қажеттілікті өтеудегі тұлғаның ізденуі, іс-әрекет, қарым-қатынастағы белсенділігі, ұмтылысы, үміт еткен қызығушылықтың нәтижесіне жетуге іс-әрекет жасауы. Қызығу - заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағыттылған адамның біршама тұрақты ерекшелігінің бір көрінісі. Сөйтіп, адамның қызығуы - асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойланудан туындайды. Түрткілер мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттің пәнге қызығушылығы, келешек мамандыққа байланысы жоқ (сурет, ән, әдебиет, спорт т.б.). Бұл әрекетте мұғалім оқушыны белгілі мақсатқа ынталандыру қажет.
Педагогикалық - психологиялық зерттеулерге сүйене отырып
біз түрткілердің (1 суретте) түрлерін анықтадық.




Түрткі түрлері




сыртқы түрткілер




ішкі түрткілер




Танымдық




әлеуметтік




Өз мақсатына ынталан-дыратын




ниет тудыратын

1 сурет- Түрткілердің даму жолдары

Сонымен қатар, педагогикалық-психологиялық зерттеулерді сараптай келе түрткілерді екі топқа бөлуге болады:



  1. Танымдық түрткі:

а) оқушылардың жаңа білімді игеруге және ұғыну тәсілдеріне бағыттау түрткілері:
ә) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу түрткілері:

  1. Әлеуметтік түрткілер:

а)кең мағынадағы әлеуметтік түрткілер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу);
ә) тар мағынадағы әлеуметтік түрткілер(отбасы, ұжым және жолдастарының, құрбы-құрдастарының арасындағы бедел т.б.);
б) ынтымақтастық әлеуметтік түрткі оқу-тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.
Ал,оқыту түрткілері - бұл оқушының әрекетіне әсер ететін әртүрлі бағыттарының жиынтығы. Мысалы: егер оқушының таланттылығы өзі оқитын обьектінің жұмысына бағытталған болса, онда танымдық түрткілер жоғарылай түседі. Егер оқушының таланттылығы, білімділігі оқуға басқа адамдармен қарым-қатынасында байқалса, онда танымдық түрткілермен қатар әлеуметтік түрткілер де пайда болады.
Аталған тұжырымдарға орай отандық психолог С.М.Жакуповтың «Танымдық іс-әрекет психологиясы» еңбегінде оқу-тәрбие процесінің тиімділік, дәстүрлік оқыту жүйесімен жаңаша оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекеттің жолын ұсынды. Ғылыми еңбектерді сараптай келе танымдық іс-әрекеттің жүргізілу жолдарын төмендегідей бағыттарда қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет