123
болады.
Ал
пубертаттық
кезең
басталғанда
алғашқы
субдепрессиялық фаза пайда болады. Келесі фазада көңіл - күйі
көтерінкі және төмен болып үнемі өзгеріп отырады. Фазалар
алмасу басында кезеңдер өсуі ұзақ уақыт сақталады.
Гипоманикалды фазада өте белсенді, жеңіл, көңіл көтеруге бейім,
субдепрессиялық фазада көңіл күйі түсіп,
шаршау байқалады,
күші азайып, мазасыздану деңгейі өседі, интроверттік қасиет
басым болады.
Лабильді тип. Бұл типтегі
жасөспірімге тән негізгі
ерекшеліктер: көңіл күйі өзгермелі, өмірдегі кез - келген
оқиғалардың өзіне үлкен
мән береді, аз ғана қолайсыз
жағдайларға қайғырып, уайымдайды,
ұнамды оқиғаларға да
қуанып, көңіл күйі көтеріліп, өмірге деген сенімі артады.Осындай
әрбір кезеңдік жағдайлардың барлығы оның көңіл – күйіне, өзін
қалыпты
сезінуінде,
жұмысқа
қабілетіне,
болашақты
жоспарлауына, адамдарға қарым - қатынасына және т.б.
барлығына үлкен әсері бар.
Астено - невротикалық тип. Бұл типте ерте кезден бастап
невропатиялық белгілер:
аурушаңдық, қорқыныш, тілі күрмелу,
қыңырлық байқалады. Бұл типтегі жасөспірімдерге тән негізгі
сипаттар: астения, шаршау деңгейі жоғары.
Астено - невротикалық
тип мазмұны жағынан ипохондриялық типіне жақын.
Достарыңызбен бөлісу: