Салық есептілігі
Осы қызмет түрі бойынша 4398 сұхбаткерден жауап алынды. Қызметпен толық қанағаттун 10 мүмкін болатын балдың 7,7 балын құрады3. Осы қызмет бойынша анағұрлым көп қанағаттанған тұтынушылар Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында (9,9 балл), ал төмен қанағаттану ШҚО (6,2 балл) орын алған.
23-диаграмма. Тұтынушылардың қызметпен қанағаттанушылығы, өңірлерге шаққанда, 10 балдық шкала бойынша
Салық есептілігін тапсырудың кең тараған тәсіліне электрондық ресурстарды қолдану жатады. Сұрақтарға жауап алынған кәсіпорынның жартысы салық есептілігін офистегі немесе үйдегі өз компьютерінен салық төлеушінің кабинеті арқылы тапсырады (50%), мемлекеттік кіріс органы офисінде салық төлеушінің кабинетін қолдану арқылы тапсыратын сұхбаткерлердің үлесі екі есе аз (25%).
39-кесте. Бизнестің көлеміне байланысты салық есептілігін тапсыру тәсілдері, кәсіпорын %, N=4398.
|
Бизнестің көлемі
|
Барлығы
|
Шағын (1-50 адам)
|
Орта (51-250 адам)
|
Ірі (250-ден астам адам)
|
Офистегі, үйдегі компьютердегі «салық төлеуші кабинеті» арқылы
|
65,9
|
69,5
|
87,2
|
50,0
|
Салық органы офисіндегі «салық төлеуші кабинеті» арқылы
|
35,4
|
27,2
|
23,3
|
24,6
|
e-gov арқылы (электронды үкімет)
|
8,6
|
14,3
|
10,5
|
7,2
|
Қағаз түрінде өзім келіп тапсырамын
|
13
|
9,8
|
8,3
|
9,0
|
Поштамен ескертуі бар тапсырыс хаты арқылы
|
5,3
|
4,3
|
4,5
|
3,0
|
Магниттік тасығыштарда өзім келіп тапсырамын
|
4,5
|
4,3
|
3,8
|
3,2
|
Делдал арқылы
|
3
|
3
|
3
|
2,2
|
Қызметпен жоғары түрде қанағаттанушылықты кабинетті қолданатын салық төлеушілер көрсетті (8,8 балл). Басқа тәсілдерге жүгінетін, яғни салық органына жеке басының келуін талап ететін тәсілдерді қолданатын сұхбаткерлер осы қызмет түрімен аз қанағаттанған. Ең аз баға алған, аса танымал тәсілге делдал арқылы салық есептілігін тапсыру (5,8 балл) және магниттік тасығыштарда өзі келіп тапсыруы (6,4 балл) жатады. Өзі келіп есептілікті қағаз түрінде тапсыру жоғары бағаланған (7,5 балл). Мемлекеттік кіріс органы басқармасындағы программалардың, компьютерлік техникалардың сапасы, жағдайлары ықпал етіп, осыған байланысты салық есептілігін тапсыру ұзаққа созылуы мүмкін. Сондықтанда қағаз түрінде есептілікті тапсрыу процедурасы айтарлықтай оңай болады.
40-кесте. 10 балдық шкала бойынша қызметпен қанағаттанушылық, орташа балл
Есептілікті ұсыну тәсілдері
|
Барлығы
|
Үйдегі, офистегі компьютердегі салық төлеушінің кабинеті немесе СОНО арқылы
|
8,8
|
Салық органы офисіндегі салық төлеушінің кабинеті немесе СОНО арқылы
|
8,4
|
Қағаз түрінде өзі келіп тапсыруы
|
7,5
|
e-gov арқылы (электронды үкімет)
|
7,8
|
Поштамен ескертуі бар тапсырыс хаты арқылы
|
7,2
|
Магниттік тасығыштарда өзі келіп тапсыру
|
6,4
|
Делдал арқылы
|
5,8
|
Жалпы мемлекеттік кіріс органдарына бармай электронды есептілікті белсенді түрде енгізу дұрыс болғанын, мемлекеттік кіріс органдарының қызметтерін жоғары бағалауға мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн.
Жеке кәсіпкерлер есептілікті ұсынудың барлық бағаланатын тәсілдерімен жоғары дәрежеде қанағаттанған, оның себебі олар тапсыратын салық есептілігі күрделі болмағандықтан олар түрлі қиындықтарға аз ұшырайды.
Ірі және орта бизнес сыни тұрғыдан қарайды, есептілікті тапсырудың тәсілдеріне орташа қанағаттану балдары айтарлықтай төмен, ірі бизнес делдалдар арқылы есептілікті тапсыруға аз қанағаттанған (2,7 балл). Алайда беталыс бәріне ортақ болып отыр, кез-келген бизнес үшін есептілікті тапсырудың ең қолайлы тәсілі – салық төлеушінің кабинеті немесе СОНО.
24-диаграмма.Бизнестің көлеміне байланысты қызметпен қанағаттанушылық, орташа балл
Қызметпен қанағаттанушылық үшін қызметті алуға арналған уақыт айтарлықтай маңызды болып табылады. Салық есептілігінде көрсетілетін мәліметтерді дайындауға, нысандарды толтыруға және процедураны тапсыруға кететін орташа есеппен уақыт сараптамасы келесіні көрсетті. Сұхбаткерлердің пікірлері бойынша программалық жабдықтардың дұрыс істемеуіне байланысты есептілікті жіберу уақыты созылып, негізгі қиындықты тудырады.
2014 жылы салық есептілігін дайындауға және тапсыруға жұмсалған орташа уақыт жылына 100,6 сағатты құраған.
41-кесте. Салық есептілігін дайындауға және тапсыруға жұмсалған орташа уақыт, (сағатпен):
Салық түрі
|
СЕ көрсетілетін мәліметтерді дайындау
|
СЕ нысандарын толтыру
|
СЕ тапсыру процедурасы
|
ҚҚС, Нысан 300, тоқсан сайын
|
30
|
6
|
3
|
ҚҚС, Нысан 300, жылына бір рет
|
56
|
25
|
15
|
Әлеуметтік салық және ЖКС нысан 200,тоқсан сайын
|
16
|
5
|
2
|
Әлеуметтік салық және ЖКС, нысан 200, жылына бір рет
|
20
|
9
|
7
|
КТС, Нысан 100
|
74
|
10
|
4
|
Қысқартылған декларация, Нысан 910, тоқсан сайын
|
12
|
4
|
3
|
Қысқартылған декларация, Нысан 910, жылына бір рет
|
13
|
5
|
3
|
Салық төлеушілердің пікірлері
«Негізінде бәрі жақсы, электронды түрде жіберуге мүмкіндік бар, дегенмен программалардың жұмыс істеу жылдамдығын арттырған жөн».
«Бәрі көңілімнен шығады, алайда есептілікті тапсыру кезінде серверлер жиі тұралап қалады».
«Екі программаны параллель істеу керек. Жылдың басында қаңтар айында және ақпан айының бас кезінде кабинеттер дұрыс істемейді».
«Жібердік, хабарламаға жауап бердім, ал салық органына келмеген, істеліп бітпеген функциялар көп».
«Соңғы күндері қиын, программа дұрыс жұмыс істемейді. Біз есептілікті уақытында тапсырған жоқпыз, енді бізде айыппұлдар болады».
СЕН тапсырудың соңғы күндерінде программа жұмыс істемей қалады, көп уақыт жоғалтамыз.
Салық есептілігін тапсыру үшін қолданылатын программалық өнімдердің сапасы орташа есеппен 8,6 балмен бағаланады. Соңғы жылдары салық қызметтеріне тиісті программалық жабдықтардың айтарлықтай ілгері дамуын атап өтті, дегенмен қолданылатын программаларға қатысты әлі де болса жағымсыз пікірлер бар. Салық төлеушілердің жиі қақтығысатын мәселесі – программалардың тұралап қалуы, бұл есептіліктерді жіберу процесін тежей түседі.
25-диаграмма. Бизнестің көлеміне байланысты программалық өнімдердің сапасын бағалау, орташа балдар
Программалық жабдықтардың сапасы туралы қызмет алушылардың пікірлері:
«300, 200, 850 нысандары бойынша программалық өнім стандартқа сәйкес келмейді, қателер қашанда дұрыс көрсетілмеген».
«СОНО ұнайды, дегенмен үнемі өзіміз жаңартып отыру керек, ыңғайсыз, себебі оны жүйе беріп тұрады, сервер шамадан тыс жүктелген, жіберу қиын».
«Салық есептілігіне қатысты ақпаратты беру жөніндегі программаны түзеу керек. База жиі тұралап қалады, осыған байланысты көп уақыт шығындаймын».
«2007-2008 жылдармен салыстырғанда программа қанағаттанарлық деңгейде жұмыс істейді. Жеңілдей түсті, уақыт көп алмайды».
«Компьютерлер мен программаларға ақша үнемдеуді тоқтату керек! Өз базаларыңыздың жұмысын ретке келтіріңіздер!».
«База үнемі тұралап қалады, осыған байланысты уақытымыздың көп бөлігін салық органында өткізуге тура келеді».
«СОНО-да есептілікті қабылдағаны жөнінде хабарламаны күту ұзақ, ал салық төлеушілер кабинеті жиі жұмыс істеемй қалады, қолжазбаның алғаш сақталған, толтырылған нысандары көрінбейді».
«кодтарды алып тастау керек, ақпаратты көрмейміз, №300 СТН көрмейміз»
«Есептілік өтті, барлығын қабылдады, құптарлық жауап, сол екі арада есептілік қате деген хабарлама келеді, сонда бұл қалай?»
«Есептілік үнемі электронды түрде қабылдана бермейді, сондықтан салық органына баруға тура келеді, бұл мен үшін ыңғайсыз».
«Есептілікті тапсыру алдында жаңартулар жасалмаса екен және осы мерзімге қатысы жоқ салық нысандарын жүктемесе екен. Олар кабинеттің жұмысына бөгет келтіреді».
«Салық төлеушілер кабинеті Java жаңартуы болған кезде тұрып қалады. Осы программаны өшіріп, әр 3 ай сайын қайта орнатуға тура келеді. Программистердің қызметіне ақша төлеуге тура келеді».
Қызмет ұсынуды жақсарту үшін сұхбаткерлердің сөзінен алынған ұсыныстар:
Қызмет алушылар тарапынан айтылған ескертулер мен ұсыныстар программалық өнімдердің сапасына, программалық жабдықтардың жұмысына қатысты айтылуы салық есептілігін ұсыну үшін электронды ресурстардың көкейтестілігін тағы бір рет көрсетеді. Сұхбаткерлер мыналарға көп көңіл бөледі:
- есептілік кезеңі басталар алдында програмамларда жаңартулар жүргізіледі: «Есептілікті тапсыру алдында жаңартулар жасамасын және осы кезеңге жатпайтын саылқ нысандарын жүктеемсін. Олар кабинеттің жұмыс істеуіне кедергі келтіреді».
- «тұралап қалу», есептілік кезеңінде серверлердің баяу жұмыс істеуі әрі тұрып қалуы: «Салық есептілігіне қатысты ақпаратты беру жөніндегі программаны түзеу керек. База жиі тұралап қалады, осыған байланысты көп уақыт шығындаймын».
- техникалық қиындықтар туғызатын програмамлық жабдықтардағы істеліп бітпеген функциялар: «кодтарды алып тастау керек, ақпаратты көрмейміз, №300 СТН көрмейміз», «300, 200, 850 нысандары бойынша программалық өнім стандартқа сәйкес келмейді, қателер қашанда дұрыс көрсетілмеген».
Қорытынды мен ұсыныстар
Салық төлеушілердің басым көпшілігі есептілікті ұсынудың электрондық ресурстарын қолданатындығы белгілі болды, олар сауалнамаға жауап берген сұхбаткерлердің аса қанағаттанарлық тәсілі болып табылады. Салық есептілігін ұсыну кезінде салық төлеушілерде пайда болатын қиыншылықтар ең алдымен программалық жабдықтың жетілмегендігімен, серверлердің нашар жұмысымен, салық органдарының техникалық жабдықталуы нашар екендігімен түсіндіріледі.
Салық есептілігін тапсыру процедурасын жетілдіру келесі бағыттарда іске асуы мүмкін:
-
электронды түрде есептілікті тапсыру тұрғысында салық төлеушілердің сауатын көтеруге бағытталған ақпараттық-оқыту жұмысы – кеңес беру, семинарлар, тренингтер;
-
электрондық есептілікті жіберудің жоғары жылдамдығын қамтамасыз ету үшін программалық өнімдерді жетілдіру;
-
салық органдарының техникалық базасын жетілдіру және үлкейту – компьютерлерді, программалық жабдықтарды жаңарту, терминадардағы компьютерлер санын арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |