4.3 Абайсыздық және оның түрлері
ҚК-тің 21 бабының бірінші бөлігіне сәйкес, менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.
ҚК-тің 21 бабында абайсызда жасалған кінәнің екі түрі - менмендік және немқұрайдылық көзделген.
ҚК-тің 21 бабының екінші бөлігіне сөйкес, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Менмендіктің интеллектуалдық жағдайы сонда, адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін алдын ала біледі. Интеллектуалдық жағдай бойынша қылмыстық менмендіктің тікелей, әсіресе жанама ниеттің интеллектуалдық жағдайымен біршама ұқсастығы бар. Бұл екі жағдайда да айыпкер өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының болатынын алдын ала біледі. Бірақ ниеттегі алдын ала білудің сипаты қылмыстық менмендіктегі алдын ала білудің сипатынан елеулі өзгеше.
Ниеттегі алдын ала білу әрқашанда нақты сипат алған.
Айыпкер осы нақгы жағдайда сол өзі жасаған іс-әрекеттен (әрекетсіздіктен) болуы мүмкін немесе болмай қоймайтын қылмыстық нөтиже алынатындығын алдын ала біледі.
Қылмыстық менмендіктегі алдын ала білудің сипаты басқа. Менмендік болғанда қылмыстық зардаптар жалпы, абстракты нышанда көрінеді. Айыпкер өзі жасаған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жалпы қоғамға қауіпті зардаптар әкелуі мүмкін екендігін алдын ала біледі, бірақ нақты осы жағдайда бүл зардаптар болмайды деп сенеді.
Менмендіктегі еріктік жағдайда адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарын жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді.
Өз іс-өрекетінің зиянды зардаптарын болғызбаймын деп ойлағанда айыпкер ауыр зардаптарға тосқауыл болатын, өз ойынша, нақты мән-жайларға сенеді.
Субъект сенген мән-жайлар әртүрлі сипатта болады.
Айыпкер өзінің күшіне, тәжірибесіне, біліміне, т.б. сенуі мүмкін.
Айыпкер, сонымен қатар, басқа адамдардың іс-әрекетіне, табиғат күшіне, техникаға, т.б. сенуі мүмкін. Субъектінің сенімі бойынша зиянды зардаптарға тосқауыл бола алатын мән-жайларда сол зардаптарды шындығында тойтара алатындай қасиет болуға тиіс. Нақты, іс жүзінде бар мән-жайларға сенбей кездейсоқ мөн-жайларға сенгенде менмендік болмайды.
Айыпкердің ойынша зиянды зардаптарға тосқауыл бола алатындай мән-жайларға сену жеңілтектік, яғни үстіртін, дәлелсіз, асығыс болады, себебі субъекті бұл мән-жайларды дұрыс бағалай алмайды. Айыпкердің белгілі бір мән-жайларға сенімі оның жеңілтектігі нәтижесінде дұрыс болмай шығады, ол өз күшін, басқалардың мүмкіндігін және басқа да мән-жайларды дұрыс есептемейді, зардаптардың болуына жол береді.
Мысалы, Г.-нің іс-әрекетінде менмендік бар. Ол автома-шинаны қатты жылдамдықпен айдап келе жаткан. Жанында жолаушы К. бар. Шофер И. қарсы келе жатты, ал жолдың жиегінде, машиналардың айқасып өтуін қиындататын тас үйінді бар еді. Г. жылдамдығын бәсендетпей өте шығамын деп ойлап И.-дің автомашинасымен соғысып қалды.
Нәтижесінде жолаушы К. қаза тапты.
Менмендік пен жанама ниеттің бір-бірінен өзгешелігі, негізінен, еріктік жағдайға байланысты.
Жанама ниетте айыпкер, өзі тілемесе де, зиянды зардаптардың болуына саналы түрде жол береді не оған немқұрайды қарайды.
Менмендік кезінде тілек те, зиянды зардаптардың болуына саналы түрде жол беру не оған немқұрайды қарау да болмайды.
Менмендіктегі еріктік жағдайда адам зиянды зардаптарды болдырмауға сенеді.
Зиянды зардаптарды болдырмауды нақты мән-жайларға негіздеп, оған жеңілтектікпен сенуді нақгы мән-жайларға негізделмеген, «мүмкін бола қоймас» деген есептен ажырата білу керек. Мүмкін бола қоймас деп сену зиянды зардаптарға саналы түрде жол беру, яғни бұл жанама ниеттің еріктік жағдайы.
КК-тің 21 бабының үшінші бөлігіне сәйкес, егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс жөне болжап біле алатын бола түра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады.
Қылмыстық немқұрайдылықтың интеллектуалдық жағдайы адамның өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алмауымен сипатталады.
Кінәнің басқа нысандарынан — ниеттен және менмендіктен немқұрайдылықтың айырмашылығы сонда — адам өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынбайды, қоғамға қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала білмейді.
Немқұрайдылықта адам өз әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынбайды, зиянды зардаптардың| болуы мүмкін екендігін алдын ала білмейді, себебі сақтық ережесін ұстанбайды, жеке адамның мүддесін, мемлекет пен қоғам мүдделерін сақтауға қажетті ұқыптылық, сақтық және жете қамқорлық көрсетпейді. Егер айыпкер ұқыптырақ болып, сақгық ережесін сақтауға өз міндетіне жауаптырақ қараса, ол өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды екендігін ұғынған болар еді, зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала біліп, оларды тойтарған болар еді.
Немқұрайдылық болған кейбір жағдайларда адам жасалатын әрекетті сол мәнінде толық ұғына алмайды, сондықтан да ол қоғамға қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала білмейді.
Немқұрайдылықтың еріктік жағдайы екі нышанмен сипатталады. Біріншісі — адам өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптарын алдын ала білуге тиіс еді; екіншісі — адамның оларды алдын ала білуі мүмкін болған. Қоғамға қауіпті зардаптарды алдын ала білу міндеті, заң тілімен айтқанда «тиіс еді» деген сөз немқұрайдылықтың объективтік критерийі болып табылады.
Алдын ала білу мүмкіндігі, заң тілімен айтқанда «мүмкін болған» деген сөз, немқұрайдылықтың субъективтік критерий болып табылады.
Заң (ҚК-тің 21 бабының 3 бөлігі) немқұрайдылыққа екі критерийді — субъективтік және объективтік критерийлерді қосып анықтама береді.
Немқұрайдылықтың объективтік критерийі — өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін адамның алдын ала білуі керек екендігі. Бұл міндет заңның, басқа да нормативтік актілердің талаптарынан, қызметтік және кәсіби міндеттерден, тұрмыс ережелерінен, сақтықты талап ететін басқа да ережелерден туындайды. Бұл міңдеттің мәні сонда - адам өзіне жүктелген міндетті орындау барысында, әрекет жасалынатын накты жағдайда ұқыпты, сақ болуға, зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге және оларды болдырмау үшін шара қолдануға тиіс.
Объективтік критерий сақтықтың белгілі бір талаптарын ескеруді міндеттейді, ол талаптарды айыпкер айналысқан белгілі бір кәсіптің, мамандықтың немесе қызметтің адамдары сақтауға құқықтық, моральдық, тұрмыстық ережелердің нормалары әр адамға жүктеген сақгық шараларын орындауға тиісті.
Объективтік критерий тұрғысынан алғанда, осындай жағдайда қалған кез-келген адам зиянды зардаптарды алдын ала білуге тиіс болса ғана сол зардаптардың болатындығын алдын ала білу мүмкіндігі бар деп танылады.
Объективтік критерийде адамның өзіне тән зардаптардың болуы мүмкін екендігш алдын ала білуге тиіс болатын), онда зардаптардың болуының мүмкін екендігін адам алдын ала біле алатын жағдайда ғана немкұрайдылық болады.
Мысалы, М. мен К. өзара жанжалдасып бірін-бірі итере бастады. М.-нің қатты итеруінен К. шалқасынан құлап, басын тасқа соғып алды. Желке сүйегі мен бас терісінің жарақаттануы нәтижесінде ол көп кешікпей қайтыс болды.Сот М.-нің әрекетіңде қылмыстық немқұрайдылық нысанындағы абайсызда адам өлтіру бар екендігін мойындады. Тасты жерде тұрған К.-ны итергенде М. зиянды зардаптың болуы мүмін екендігін (К.-нің өлім) алдын ала білмесе де, оның кұлайтынын жөне ауыр зардаптың болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге тиіс еді және біле алатын еді.
Зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге тиіс емес жағдайда да жөне олардың болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алмаған жағдайда да немқұрайдылық орын алмайды.
Қылмыстық немқұрайдылықты кездейсоқ жағдайдан немесе казустен, яғни жазықсыз зиян келтіруден ажырату керек.
Кездейсоқ жағдайда зардаптың болғандығына адам жазықты емес, сондықтан қылмыстық жауаптылық та болмайды.
ҚК-тің 23 бабының бірінші бөлігіне сөйкес, егер әрекет жасаған адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) және одан кейін пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар оның ниетімен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай өрекет жасағаны және қоғамдық қауіпті зардаптар келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.
ҚК-тің 23 бабының екінші бөлігіне сәйкес, егер әрекет жасаған адам өзінің іс-өрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін ұғынбаған және істің мән-жайы бойынша ұғьша алмаған болса, не қоғамдық қауіпті зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе және істің мән-жайы бойынша оларды алдын ала білуге тиіс болмаса немесе білуі мүмкін болмаса, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.
ҚК-тің 23 бабының екінші бөлігі жазықсыз зиян келтірудің ерекше түрін қарастырады.
Егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауіпті зардаптардың пайда болуын алдын ала білген адам оны болғызбауға жеткілікті негізде сенген болса не өзінің психика-физиологиялық қасиеттерінің қысыл-таяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуіне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарга байланысты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмесе де, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.
4.4 Қылмыстың себебі және мақсаты
Қылмыстың субъективтік жағы қылмыс жасаған адамның айыптылығына байланысты мәселемен шектелмейді. Қылмыс жасағанға дейін, жасау кезінде және одан кейін айыпкердің психикасында күрделі ішкі процесс жүреді, ол кінәнің нысандарымен ғана шектелмейді.
Субъективтік критерий әрбір нақты жағдайда сол адамның тек өзіне тән ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптарын сол адамның алдын ала білуі мүмкін болды ма деген сұраққа жауап беру үшін оның жасын, білімін, кәсібін, өмір тәжірибесін, жұмыс стажын және т.б., сондай-ақ денсаулығын, эрекет жасалған кездегі жағдайды ескеру қажет. Тек сол субъективтік критерийлерге сүйене отырып ол адамның зиянды зардаптардың болатынын алдын ала білуге нақты мүмкіндігі болған-болмағандығын анықтауға болады.
Субъективтік критерий объективтік назардың болуын жокқа шығарды. Сондықтан да қылмыстық заң немқұрайдылықтың субъективтік критерийіне шешуші маңыз береді.
Субъективтік критерийдің бар-жоктығын анықтау үшін алдымен объективтік критерийдің бар-жоқтығын анықтау керек. Егер немқұрайдылықтың объективтік критерийі болмаса (адам өз әрекетінің болуы мүмкін зардаптарын алдын ала білуге тиісті емес болатын) немқұрайдылықтың субъективтік критерийі туралы мәселе де болмайды. Егер объективтік критерий анықталса (адам зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігш алдын ала білуге тиіс болатын), онда зардаптардың болуының мүмкін екендігін адам алдын ала біле алатын жағдайда ғана немкұрайдылық болады.
Мысалы, М. мен К. өзара жанжалдасып бірін-бірі итере бастады. М.-нің қатты итеруінен К. шалқасынан құлап, басын тасқа соғып алды. Желке сүйегі мен бас терісінің жарақаттануы нәтижесінде ол көп кешікпей қайтыс болды.Сот М.-нің әрекетіңде қылмыстық немқұрайдылық нысанындағы абайсызда адам өлтіру бар екендігін мойындады. Тасты жерде тұрған К.-ны итергенде М. зиянды зардаптың болуы мүмін екендігін (К.-нің өлім) алдын ала білмесе де, оның кұлайтынын жөне ауыр зардаптың болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге тиіс еді және біле алатын еді.
Зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге тиіс емес жағдайда да жөне олардың болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алмаған жағдайда да немқұрайдылық орын алмайды.
Қылмыстық немқұрайдылықты кездейсоқ жағдайдан немесе казустен, яғни жазықсыз зиян келтіруден ажырату керек.
Кездейсоқ жағдайда зардаптың болғандығына адам жазықты емес, сондықтан қылмыстық жауаптылық та болмайды.
ҚК-тің 23 бабының бірінші бөлігіне сөйкес, егер әрекет жасаған адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) және одан кейін пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар оның ниетімен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай әрекет жасағаны және осыған байланысты өзі жасаған қылмысқа субъектінің психикалық көзқарасының қалыптасу тетігін, сондай-ақ мазмұнын анықтап білу үшін оның қылмыс жасау себебінің және мақсатының сипаттарын анықтау қажет.
Адамның қылмыс жасаған кездегі психикалық күйін сипаттайтын екі негізгі жағдайдан — интеллектуалдық және еріктік жағдайлардан басқа, адамның қандай да бір қылмысты қай сезімі оянып (өшпенділік, күндеу, қызғаныш, бас пайда, сараңдық, үрей, қорқақтық, т.б.) жасағандығын көрсететін эмоционалдық жағдайда да бар. Сонымен, қылмыс жасауға ықпал жасайтын эмоционалдық жағдай адамның субъективтік қасиеттерімен және ол қылмыс жасаған кезде қалыптасқан мөн-жайлармен байланысты.
Қылмыстың себебі — субъекті қылмыс жасаған кезде басшылыққа алған ішкі талабы. Себеп әрқашанда ниеттен бұрын тұрады, бір немесе бірнеше себептен ниет туады, орнығады. Оны анықтау адамның қылмыс жасаған кездегі психикалық күйін бағалау үшін ғана емес, айыпкерге мінездеме жасау және оның жеке басын моральдық тұрғыдан бағалау үшін де маңызды.
Қылмыстың себебі жасалған әрекеттің заңдылық дәрежесін де сипаттайды. Ол, сонымен қатар, қылмыс құрамының қажетті нышаны болып табылатын, жаза тағайындағанда жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде сот ескеретін жағдайларда қылмысты саралау үшін де маңызды.
Қылмыстың себептері эртүрлі болуы мүмкін. Қылмыстық заңда және сот-тергеу практикасында неғұрлым жиі кездесетін себептерді мына топтарға бөлуге болады:
1) саяси сипаттағы себеп, ол біздің мемлекетімізге, оның егемендігіне немесе аумақтық тұтастығына қастандық көзқарастан туындайды. Шетелдік барлаудың агенттері, сондай-ақ біздің мемлекетке дұшпандық пиғылдағы адамдар осы себепті басшылыққа алады;
2) өзімшілдіктің әртүрлі нысаны болып келетін опасыз себептер. Мысалы, пайда, баюды көксеу, ашкөзділік, қызғаншақтық. Бұларға тағы да мансапқорлық, кек, ашу, өшпенділік, қорқақтық, жігерсіздік, жауапкершіліктен аулақ болу сиякты адамның опасыз қасиеттері де жатады;
3) саяси және опасыздық сипаты жоқ себептер. Оларға жеке басындағы және отбасындағы ауыр жағдайларға, материалдық, қызметтік және басқа тәуелділікке байланысты, қорқыту, мәжбүрлеу және жөбірленушінің жөнсіз әрекеттерінен қатты жан күйзелуі себепті, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғағанда қажетті қорғану шегін асырып жасаған қылмыстар жатады.
Себептердің бұл тобы заңда қылмыстардың нақты құрамдарының міңдетгі нышаңцары ретіңде көрсетіледі, сондай-ақ жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріледі.
Себеп қылмыстық заңның диспозициясында сол қылмыстың нышаны ретінде тікелей көрсетілген жағдайда ол қылмыс құрамының субъективтік жағының қажетті нышаны болып табылады.
Себеп қылмыстың нақты құрамының міндетті нышаны ретінде заңда көзделген болса, онда бұл көрсетілген әрекет қандай да бір басқа себептермен емес, тек занда көрсетілген себептермен жасалса ғана қылмыстық деп танылады деген мағына береді. Мысалы, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану тек оны пайда табу немесе басқа жеке мүдде үшін жасаған болса ғана занда қылмыс ретінде қаралады (ҚК-тің 307 бабы).
Сол әрекеттерді көрсетілген себептермен емес, басқа себептермен (мысалы, кәсіпорынның немесе мекеменің теріс түсінілген мүдделері себепті) жасаса, ол қылмыс болып табылмайды.
Егер себеп қылмыс құрамының міндетті нышаны болып табылмаса, ол қылмысты саралауға ықпал жасай алмайды. Мысалы, қорлау (ҚК-тің 130-бабы), жала жабу (ҚК-тің 129 бабы) айыпкердің қандай себептерді - кек алуды, қызғанышты, өшпенділікті, т.б. басшылыққа алғандығына қарамастан қылмыс деп танылады.
Қылмыстық кодекстің бірқатар баптарында (мысалы, ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің «б», «з», «к», «д» тармақтары) себеп қылмыс құрамының саралаушы нышаны ретінде қарастырылған.
Абайсызда жасалған қылмыс та белгілі бір себептер итермелеген еріктік акт болып табылады. Қасақана жасалған қылмысқа қарағанда абайсызда жасалған қылмыста себеп зардаптарға емес, іс-өрекетке немесе өрекетсіздікке жатады.
Абайсызда жасалған әрекетте себеп қылмыс құрамының қажетті немесе саралаушы нышаны болып табылмайды, сондықтан әрекетті саралауға ықпал жасамайды, бірақ жаза тағайындағанда сот ескереді.
Қылмыстың мақсаты — зиянды әрекет жасағанда субъектінің қол жеткізуге ұмтылатын нөрсесі.
Қылмыстың себебі сияқты қылмыстың мақсаты да адамның қылмыс жасауына байланысты оның санасында болатын субъективтік процесті сипаттайды. Яғни, мақсат қылмыстың қоғамға қауіптілік өлшемін көрсетеді, бұл жазаға міндетті түрде ықпал жасауға тиіс.
ҚК-тің кейбір баптарында мақсат қылмыс құрамының міндетті нышаны ретінде көзделген. Бұл дегеніміз — занда көрсетілген мақсатпен жасалған әрекеттер ғана қылмыстың осы құрамына жатады деген сөз. Мысалы, диверсия (ҚК-тің 171 бабы) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру мақсатында, қарақшылық (ҚК-тің 179 бабы) — бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында жасалынады. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың қайсысы болса да пайда көру үшін жасалынады.
Қылмыстың кейбір құрамдарында мақсат қылмыстың саралаушы нышаны ретінде қарастырылады. Мысалы, басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен, жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен қасақана адам өлтіру (ҚР ҚК-тің 96 бабының «к»,«м» тармақтары), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау (ҚК-тің 259 бабының 2 бөлігі).
Мақсат әрбір қылмыста емес, тек тікелей ниетпен жасалатын қылмыстарда ғана болуы мүмкін. Жанама ниетпен немесе абайсызда жасаған қылмыстың қылмыстық құрамының нышанында мақсат болмайды, себебі кінәнің бұл нысандарында қылмыскер зардаптардың болуын қаламайды.
Қылмыс жасаудағы мақсаттың дұрыстап басын ашу ниеттің мазмұнын жөне бағыттылығын анықтауға көмектеседі. Мысалы, төбелес кезінде пышақжарақатын салуды, көп жағдайларда, қасақана жасалған әрекет деп санайды.
Бірақ бұл әрекетті дұрыс саралау үшін ниетті факт ретінде көрсете салу жеткіліксіз, себебі пышакден жарақат салудағы мақсатқа байланысты бұл әрекет бұзақылық, дене жарақатын қасақана салу немесе өлтіруге оқталғандық ретінде саралануы мүмкін.
Ниеттің бағыттылығын өз әрекетін жасағанда айыпкер ұстанған мақсат анықтайды. Мақсатты анықтау сырттай ұқсас қылмыстарды бірінен-бірін ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, бөтеннің автомобилін жасырын ұрлау (ҚК-тің 175 бабы) жауаптылық ҚК-нің 185 бабында көзделген қылмыстан өзгеше, себебі бірінші жағдайда айыпкер бөтеннің автомобилін ұрлау мақсатында оны заңсыз иемденді. КҚ-тің 185 бабын қоддану үшін айыпкерде ондай мақсат болмауға тиіс.
Себеп және мақсат - өзара үйлесімдегі ұғымдар. Адамның өз мақсатын қалай қалыптастыратындығы себепке байланысты. Мақсат - қандай да бір әрекетті жасауда адамды алға жетелейтін күш. Мақсат бір немесе бірнеше себептерсіз туындамайды, ал, басқа жағынан алсақ, мақсат болса себепте мазмұн да болады.
Қылмыс жасаудың себебі мен мақсаты, олар бірімен-бірі қанша тығыз байланыста болғанмен, өзара тең ұғымдар емес. Олар еріктік процестің әртүрлі жағын сипаттайды. Қандай да бір әрекетті адам не үшін жасады деген сұраққа себеп жауап береді. Ал мақсат қызметтің бағытын анықтайды. Мысалы, жалдамалықтың себебі пайда көру болса, оның мақсаты — материалдық табысқа немесе басқадай жеке пайда көруге ұмтылу (ҚК-тің 162 бабы).
4.5 Кінәнің қосарланған (аралас) нысаны
Субъективтік жағынан алғанда қылмыстық занда көзделген бір қылмыстар тек касақана, екіншілер тек абайсызда, үшіншілер — бір жағынан касақана, бір жағынан абайсызда жасалуы мүмкін.
Сонымен қатар кейбір қылмыстар бар, олардың жасалуында бірден кінәнің екі нысаны (ниет және абайсыздык) орын алады. Бір қылмыстың өзінде кінә нысандарының осылай бірігуі әдебиетте кінөнің аралас, қосарланған не күрделі нысаны деп аталады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 22 бабы кінәнің қосарланған нысанын осы қылмыс нәтижесінде болған зардаптарға қатысты қасақана жасалған әрекетпен және абайсыздықпен сипаттап анықтайды.
Кінәнің қосарланған нысаны, атап айтқанда, қандайда бір арнаулы ережелері бұзылған жөне соның нәтижесінде зиянды зардаптар болған қылмыстарда орын алуы мүмкін (ҚК-тің 265 бабының 2 бөлігі, 267, 277, 280, 281, 282, 286, 289, 293, 295, 296 және т.б. баптары).
Арнаулы ережелерді бұзуға байланысты қылмыстарда кінәнің қосарланған нысаны сол ережені бүзу фактісіндегі ниетте жөне болған зардаптарға қатысты абайсыздықта көрініс табады. Зардаптарға қатысты ниет болмайды. Зардабының екеу болуы мүмкін қылмыстарда бірінші, онша ауыр емес зардапқа қатысты кінө ниетте, ал екінші, ауырырақ зардапқа қатысты кінә абайсыздықта көрініс табады. Бұл жағдайда ауырырақ зардапқа қатысты ниет болмайды.
Негізінен, денсаулыққа ауыр зиян келтіретіңдіктен жөбірленушінің қаза табуы кінәнің қосарланған нысанының бар екендігін көрсетеді (ҚК-тің 103 бабының 3 бөлігі), мұның қасақана адам өлтіруден айырмашылығы осында (ҚК-тің 96 бабы). Кандай да бір ереже бұзылған, кінөнің қосарланған нысаны бар қылмыс, жалпы алғанда, абайсызда жасалған қылмыстар санатына жатады, ал болуы мүмкін екі зардап көзделген және олардың біреуіне (ауырлауына) занда қатаңырақ жаза қарастырылған, кінөнің қосарланған нысаны бар қылмыс қасақана қылмыстар санатына жатады.
Егер адамның әрекетке жөне оның зардаптарына психикалық қатынас ниетте немесе абайсыздықта бірдей көрініс тапса, онда кінәнің қосарланған нысаны да жоқ. Бірінші жағдайда қылмыс қасақана деп, екінші жағдайда — абайсызда жасалған деп саналады.
4.6 Кателік және оның түрлері
Адамның қылмыс жасар алдындағы ойлану процесі көпқырлы және күрделі. Объективтік және субъективтік факторлардың әсерінен адам ойы әртүрлі қателіктер жіберуі мүмкін, олар кінәнің нысанына ықпал етеді.
Казақстан Республикасының қылмыстық заңында қателіктер туралы мәселелерді реттейтін арнайы нормалар жоқ.
Олар кінө және оның нысандары туралы ережелер негізінде теория жүзінде қаралып шешіледі. Қателік субъектінің өзі жасайтын әрекетке және оның зардаптарына психикалық қатынасының арнаулы нысаны болып табылады, сондықтан ол қылмыс құрамының субъективтік жағы жайында мәселе қозғалғанда қарастырылады.
Қателік — өзі жасаған іс-әрекеттің заңдық қасиетін немесе нақты мән-жайын адамның дұрыс түсінбеуі (қателесуі).
Дұрыс түсінбеу адамның субъективтік ерекшеліктерінің және сол қылмыс жасалған объективтік жағдайлардың нәтижесінде болуы мүмкін. Адамның субъективтік ерекшеліктеріне, атап айтқанда, қолданылып жүрген нормативтік актілерді білмеу, қажетті кәсіби немесе өмір төжірибесінің болмуы, қорқудың, мазасызданудың немесе толқудың нәтижесінде өрекет жасалатын жағдайды, басқа да мән-жайларды дұрыс бағалай алмауы жатады. Объективтік жағдайларға әрекет жасалған жағдай, орын, уақыт жөне басқа нақты мән-жайлар жатады.
Қылмыстық заң теориясында қателіктер заң жүзіндегі жөне іс жүзіндегі болып бөлінеді.
Заң жүзіндегі қателік — өзі жасаған әрекетінің заңдық қасиеті мен қүқықтық зардаптарын адамның дұрыс түсінбеуі. Ол өзі жасаған әрекеттің заңға қайшы екендігін қылмыстық заң түрғысынан дұрыс түсінбегендікте, әрекетті дұрыс сараламауда, ол үшін берілетін жазаның сипатын анық білмеуде.
Заң жүзіндегі қателіктердің бір түрі - адам жаза көзделмеген іс-әрекет жасап, оны өзі қылмыс деп санайды. Мұндай қателік сол жасалған әрекет үшін қолданылатын қылмыстық-заң нормасы болмағандықтан оны қылмыстық жауаптылықтан құтқарады. Мысалы, арзанға сатып алған тауарды қымбатқа сатқанын (спекуляция) адам қылмыс жасадым деп қате ойлайды.
Заң жүзіндегі қателіктің тағы бір түрі — адам өзінің жасаған әрекетін қылмыстық заңға қайшы емес деп қате ойлайды, ал қылмыстық заңда ол әрекет үшін жауаптылық қарастырылған.
Мысалы, адам тауып алған оқ-дәрісін өзінде сақтайды, ол үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылмаған деп қате ойлайды. Әрекеттің заңға қайшылығын ұғыну ниеттің қажетті нышаны болып табылмайтындықтан, бұл көрсетілген әрекеттер ҚК-тің 251 бабының бірінші бөлігі негізінде қылмыс деп танылады.
Адамның әрекеттің заң бойына саралануын, жазаның сипаты мен мөлшерін дұрыс түсіне алмауы да оның кінәсі мен жауаптылығына ықпал ете алмайды.
Іс жүзіндегі қателік — адамның өзі жасаған әрекеттің іс жүзіндегі мән-жайын дұрыс түсінбеуі. Іс жүзіндегі қателік адам жасаған қылмыстың құрамының жеке элементтеріне қатысты болады: объектіге, объективтік жағына не сол қылмысты саралаушы мән-жайларға.
Осыған байланысты іс жүзіндегі қателіктер мынадай түрлерге бөлінеді:
а) озбырлық жасау объектісі бойынша қателік; б) іс-әрекеттің сипаты бойынша қателік; в) субъекттің әрекеті мен болған нәтиже арасындағы себептік байланыстың дамуы бойынша қателік.
Объект бойынша қателікте, адам өзінің қателесуі салдарынан, ниет болган объектіге емес, басқа объектіге озбырлық жасайды. Мысалы, адам дәріханадан ұрланған дәрілерінің құрамында есірткі заттары бар деп ойлайды, ал іс жүзінде ұрлаған дәрілері ондай болып шыкдайды. Бұл жағдайда әрекет ниеттің неге бағытталғанына қарай — есірткі заттарды ұрлауға оқталғандық деп сараланады (ҚК-тің 15, 260 баптары).
Объект бойынша қателікті қылмыстың кінәсі мен саралануына ықпал етпейтін жәбірленушінің жеке басы бойынша қателіктен ажыратқан жөн. Мысалы, Н. қателесіп А.-ны өлтірудің орнына В.-ны өлтіреді.
Қасақана адам өлтірудің құрамы үшін А.-ның өмірі де, В.-ның өмірі де тең объект болып танылады.
Егер объект ойластырылған және іс жүзінде жасалған өрекеттерде заң бойынша өзара тең болып келмесе, бұл жағдайда, объект бойынша қателікте бірқатар ерекшеліктер болады. Мысалы, қылмыскер халықаралық қорғаудағы адамға шабуыл жасауды ойластырады, бірақ қателесіп басқа адамға шабуыл жасайды. Бұл жағдайда, жауаптылық ҚК-тің 163 бабында көзделген қылмысты жасауға оқталғандық орын алған.
Шындығында жоқ болса да өзінің әрекетінде қылмыстық құрамның объективтік жағының нышандары бар деп адамның қате түсінуі кінәға ықпал жасай алмайды. Мысалы, радиоактивтік материалға жатпайтын затты радиоактивтік екен деп қателесіп заңсыз сақтаса жарамсыз озбырлық ретінде жауаптылық жүктеледі, яғни әрекет КҚ-тің 24 жөне 247 баптары бойынша сараланады.
Сол қылмыстың объективтік жағын құрайтын нышандар өз әрекетінде бар деп қате түсіну басқа сипаттағы қателікке жатады, мұнда ниет болмайды, бұл әрекетте қьшмыстық құрам жоқ деп танылады. Мысалы, егер адам заттың радиоактивтік екенін білмей оны өзінде сақтаса, ол ҚК-тің 247 бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес, себебі ол қылмыс қасақана қылмыстар санатына жатады, сондықтан да айыпкер сақтауындағы материалдың радиоактивтік екенін білу тиіс.
Іс-әрекеттің сипатындағы қателіктің басқа бір түріне, сонымен қатар, қьшмыс жасау құралынан қателесу жатады, бұл жағдайда адам қылмыстық нәтижеге жету үшін қателесіп өзінің объективтік қасиеттері жағынан айыпкер көздеген нөтижені бере алмайтын құралдарды пайдалаңады. Бұл ретте жарамсыз құралдар пайдаланылады. Мысалы, өлтіру мақсатында бұзылған қарудан ату немесе удың орнына қателесіп уы жоқ затты қолдану.
Көрсетілген жағдайларда әрекет ниеттің бағыттылығы бойынша, қасақана өлтіруге оқталғандық ретінде сараланады, себебі айыпкер ойластырған зардап болған жоқ.
Құралды пайдаланудағы қателік басқа да сипатта болуы мүмкін, мысалы, адамның қылмыс жасауға ниеті болмаса да, ол қоғамдық қауіпті зардаптарға соқтыратын құралды қателесіп пайдалануы мүмкін.
Мысалы, медбике қателесіп дәрінің орнына ауруға улы зат береді, нәтижесінде ауру адам өледі, бұл жағдайда айыпкер, егер мұндай зардаптың болуы мүмкін екендігін алдын ала білетін және білуге тиіс болса, абайсызда жасалған қылмыс үшін ҚК-тің 114 бабының бірінші бөлігі бойынша жауапқа тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |