ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет77/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   102
Хикаялар

Ырыс-дәулеттің көбеюі 
Аллаһ тағала ағалы-iнiлi екi бауырға мал-дүниенi молынан берiп, көп 
бала-шаға және жақсылықтар нәсіп етті. Аллаһ тағаланың нығметiн 
бiлмейтiн екiншi ұл көптеген бау-бақша сатып алды. Тынбастан еңбек еткен 


98 
ол сатып алған жерлеріне егiн егуге ерекше мән берді. Еңбектенумен оның 
байлығы, мал-дүниесi арта түсті. Аллаһ оған өте әдемi екi бау-бақшаны 
нәсiп еттi. Бау-бақшада өте көп жүзiм ағашы болатын және айналасын 
құрма ағаштары орап тұрды. Сондай-ақ сарқырап аққан бұлақтар, өзендер, 
әр алуан тәттi жемiс-жидектер көз жауын алды. Бұл бау-бақшаларды көрген 
адамдар олардың әдемiлігін, алуан түрлi ағаштарын, бұлбұл құстардың 
сайрап тұрғанын көрiп, «бұл – жаннат бақтарының бірі» деп ойлап қалатын 
едi. Екiншi ұлға берiлген нығмет мұнымен бiтпей, бұған қоса Аллаһ тағала 
оған көп бала-шағаны да бердi. Балалары да мал-дүние жинауда әкелерiне 
көмектесiп, ол теңдесi жоқ байға айналды. Оның байлығы, мал-дүниесi 
ағасынікiне қарағанда бiрнеше есе артып кеттi. Шындығында да, мұншалық 
байлық, дүние-мүлік азғана мал-дүниеге қанағат етiп, Аллаһ тағала жолында 
мiскiн-кедейлерге берушi үлкен ұлда жоқ едi. Ол қолындағы аз мал-
дүниесiне көңiлi толып, Аллаһ тағалаға шүкiр айтатын. Және бұл мал-
дүниенiң көбейген сайын мұқтаждарға тиесiлi ақысы бар екенiн бiлiп, 
сараңдық етпей, қайыр-садақа беріп тұратын. 
Мазақтау және насихат 
Бiрде iнiсi өзінің қасына келген ағасын көрiп, оның кедейлігін келеке 
етiп: «Түрiңе қарашы. Не болып кеткенсің? Не мал-дүниең жоқ, не бала-
шағаң жоқ. Ал менiң саған қарағанда байлығым да, бала-шағам да 
баршылық. Берi кел, менiмен бiрге жүрiп, менiң екi бау-бақшама кiрiп, 
ондағы жемiс-жидектердiң, өзендердiң қандай әдемi, керемет екенiн көр. 
Бұл екi бау-бақшам менiң байлығымды күннен-күнге асыруда. Бұл 
жақсылықтар мен нығметтердiң менде мәңгілік болатыны даусыз. Мен – бұл 
байлыққа сай адаммын. Бұл ризық-несiбенi Аллаһ тағала менен ешқашан 
ала алмайды», – деп бiраз тұрды да, қайта сөзiн жалғастырып: «Ал ендi сен 
айтып жатқан Қиямет күнiне келетiн болсақ, мен ондай күннің бар 
екендігіне сенбеймін. Егер сен сияқты есеп күнiнiң бар екенiне сенер 
болсам, ол жерде де Аллаһ тағала маған бұл жердегiден артық етiп бередi. 
Оның маған бұл дүниеде осынша байлықты берiп тұрғанын көрiп тұрсың. 
Егер сен айтқандай Ақырет бола қалса, маған бұдан да артық несібе берерi 
сөзсiз. Өйткенi мен бұған лайықпын. Солай емес пе?» – деп күлiп, мазағын 
жалғастырды. Мүмін ағасы пенделікке беріліп, кәпiр болып кеткен iнiсiне 
қарап, оның халiне күйініп жылады. Оның сенiмiн дұрыстап, иманға 
жолдауды қалады. Ағасы iнiсiне: «Ей, iнiм! Сен өзіңдi жаратқан, саған бау-
бақшаларыңды, бала-шағаңды ризық етiп берген Аллаһ тағалаға тіл тигізіп, 
кәпiр болдың ба? Сен өзіңді ана құрсағында жаратып, жас нәресте етiп 
дүниеге келтiрiп, кейiн қуатты ер-азамат еткен Жаратушыға күпірлік еттің 
бе? Сенiң ойыңша, Аллаһ тағаланың өлгеннен кейiн қайта тiрiлтуге шамасы 
келмейдi ме? Ей, iнiм! Екiншi рет жарату бiрiншiге қарағанда жеңiлiрек. 


99 
Оның бәрi Аллаһ тағаланың білімінде аса жеңiл. Ақылыңнан, жүрегiңнен 
бұл күпiрлiктi шығарып тастауға тырыс! Ей, бауырым! Сен менi кемсiтiп, 
Аллаһ тағала маған қарағанда саған көп мал-дүние, бала-шаға бергенiмен 
мақтанып тұрсың. Бiрақ мен сен секiлдi мал-дүниеге, бала-шағаға ие 
болмаған кедей болсам да, менiң нәпсiм бай мүмінмін. Мен дүние және 
оның сәндерiне байланып қалған емеспін. Ей, iнiм! Менiң ойым және менiң 
сенiмiмде: Бұл дүние өткiншi. Мал-дүние мәңгiлiк емес. Бала-шағаң да бiз 
сияқты өтiп кетедi. Бұл бау-бақшаларыңды жоққа шығарып, өзендерiңдi 
кептiрiп, ағаштарыңды солдырып тастауға Аллаһ тағаланың шамасы жетедi. 
Оның Аллаһ тағалаға еш қиындығы жоқ. Ей, iнiм! Бау-бақшаға кiрген 
кездерiңде: «Бұлар Аллаһ тағаланың қалауымен болды. Күш-қуат тек Аллаһ 
тағаладан ғана келеді», – деп айт. Сенiң бұл күпiрлiгiң саған еш пайда 
бермес. Сондықтан тура жолға бет бұрып, Аллаһ тағаланың нығметi мен 
құдiретiне сен. Күпiрлiк етпе! Аллаһ тағаланың сенi бұл дүниеде көз 
алдыңда-ақ жазалап қоюына құдіреті жетедi», – деп насихат айтты. Бiрақ 
амал қанша?! Кәпiр iнiсі ағаның сөзiне құлақ аспады. Керiсiнше, күпiрлiгi, 
бірбеткейлігі, өркөкіректігі арта түстi. Расында, ағасы оған насихат айтып
тура жолды көрсеттi. Бiрақ ол түсiнбеді. Аллаһ тағалаға иман да келтірмеді, 
шүкiрлiк те айтпады. 
Мүмін аға кәпiр iнiсiне насихатын айтқаннан кейiн үйiне қайтты. Ол 
күпiрлiктiң ақыры жамандыққа ұрындыратынын, күпiрлiк ұзаққа 
созылғанымен де, мәңгi еместігін бiлетiн. Өйткенi Аллаһ тағала адамзаттың 
иманға берік, дінге адал болуына ғана риза болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет