Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»


Көрсеткіш – Заңды тұлғаның басшысы



бет12/18
Дата30.05.2016
өлшемі1.28 Mb.
#102771
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

4.11. Көрсеткіш – Заңды тұлғаның басшысы

Заңды тұлғаның басшысы көрсеткішінде заңды тұлғаның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның тегі, аты, бар болса -әкесінің аты толық көрсетіледі.

Басшы – заңнамалық актілерге немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға болып табылатын қарыз алушыны (тең қарыз алушыны) басқаруды жүзеге асыратын, оның ішінде оның жеке-дара атқарушы органының функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес жеке тұлға.

«Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі)» жолында заңды тұлғаның басшысы бойынша «қарыз алушы» деген мәнді таңдау кезде «сәйкестендіру құжаттардың түрі» және «құжаттың нөмірі» деген жолдарды толтыру міндетті емес.



4.12. Анықтамалық – Дара кәсіпкерлік субъектісінің коды

4.12.1. Қолданылу саласы

Анықтамалықтың талаптары тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376, «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулыларында көзделген заңды тұлғаларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін тіркелген заңды және жеке тұлғалар болып табылатын барлық кредиттік тарих субъектілері үшін міндетті болады.

Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген кезден бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы.

4.12.2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер

Осы анықтамалықта мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:

- «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

- Жеке кәсiпкерлiк туралы заң.

4.12.3. Терминдер мен анықтамалар

Осы анықтамалықта тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады:

дара кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында оқшау мүлігі бар ұйым және осы мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болады және жүзеге асырады, сотта талапкер және жауапкер болады. Заңды тұлғаның құқықтық мәртебесі айқындалатын (ұйымдық-құқықтық нысанын, орналасқан жерін, қызметті басқару тәртібін, құқығы мен міндетін және басқаларын көрсететін) оның құрылтайшыларының құрылтай құжаттарын дайындауы заңды тұлғаның пайда болуы үшін қажетті алғышарт болып табылады;

дара кәсіпкерлік - жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелі үшін және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;

шаруа немесе фермер қожалығы - адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi өңдеумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi.

4.12.4. Жалпы ережелер

Шағын кәсiпкерлiк субъектілері заңды тұлға құрмаған, қызметкерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсiпкерлер және қызметкерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерiнiң орташа жылдық құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар болып табылады.

Мыналарды:

есiрткi заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi;

акцизделетiн өнiмдi өндiрудi және (немесе) көтерме сатуды;

астық қабылдау пункттерiнде астық сақтау жөнiндегi қызметтi;

лотереялар өткiзудi;

ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi;

мұнай, мұнай өнiмдерiн, газ, электр және жылу энергиясын өндiру, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi;

радиоактивтi материалдардың айналымымен байланысты қызметтi;

банк қызметiн (не банк операцияларының жекелеген түрлерiн) және сақтандыру нарығындағы қызметтi (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа);

аудиторлық қызметтi;

бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi;

кредиттiк бюролардың қызметін;

күзет қызметiн жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.

Орта кәсiпкерлiк субъектілері заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және Жеке кәсiпкерлiк туралы заңның 6-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.

Ірі кәсiпкерлiк субъектілері жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын және мынадай критерийлердің біреуіне немесе екеуіне сәйкес келетін: қызметкерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан астам немесе жыл бойғы активтерiнің жалпы құны республикалық бюджет туралы заңда белгiленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын заңды тұлғалар болып табылады.

Заңды тұлғалар үшін анықтамалықтан 01, 04, 07 кодтары; дара кәсіпкерлік, шаруа немесе фермер қожалығы үшін 02, 03, 05, 06 кодтары таңдау жасалады.

4.12.5. Анықтамалықтың құрылымы



Р/с №

Коды

Атауы

1

01

Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi – заңды тұлға

2

02

Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi - дара кәсіпкер

3

03

Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi - шаруа немесе фермер қожалығы

4

04

Орта кәсiпкерлiк субъектiсi - заңды тұлға

5

05

Орта кәсiпкерлiк субъектiсi - дара кәсіпкер

6

06

Орта кәсiпкерлiк субъектiсi - шаруа немесе фермер қожалығы

7

07

Ірі кәсiпкерлiк субъектiсi - заңды тұлға




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет