Сабаќ жоспары


Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық



бет41/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  • Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын арттыру.

    Сабақтың типі: аралас сабақ
    Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
    Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
    Сабақтың көрнекілігі:
    Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
    2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
    3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
    4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
    мақсаты туралы хабарлау
    ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
    1. Оқшау сөздер, түрлері Қаратпа сөздер туралы түсінік.
    2. Құрамында қаратпа сөздері бар өлеңдер жазу, жаттау, талдау.
    ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
    1. Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.
    1) Бәсе, осы сөз менің де құлағыма бір тиген еді. (сенімділікті білдіреді)
    2) Амал нешік, ол қайтпақшы. (өкінішті білдіреді)
    3) Оның айтуынша, әкесі Қаша да аңшы екен. (С.Мұқанов)
    (ойдың кімнен шыққанын білдіреді)
    4) Сөйтіп, ол кішкене Кентай атанып кетті. (М. Ғабдуллин)
    (ойды қорыту үшін айтылады)
    5) Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. (М.Әуезов) (ой тәртібін білдіреді)


    2. Оқушыларға лингвистикалық білім беру.
    Өзі қатысқан сөздерге қыстырмалар сөйлеушінің көзқарасын – күмәндылықты, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай ақ, ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіруші үшін қолданылады.
    Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер: Әрине, сөз жоқ, шынында, мүмкін, сірә, онымен, сөйтіп, біріншіден, т.б.
    Сөз тіркестері де, кейде жеке сөйлем де қыстырма болады.
    Қыстырма сөздер де сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келе береді. Олар басқа сөйлем мүшелерінен үтірмен ажыратылады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет